Дала жұлдызы Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына арналады

 Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласы

"Үміт"  мектеп - интернаты

Кітапханашы  Жумабекова Жанаиым

Тақырыбы:    «Дала жүлдызы» Ы. Алтынсариннің 175 жылдығына арналады (презентациясымен)

Мақсаты: 1) Оқушыларға қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин туралы, оның еңбегі, шығармашьшық мүрасы, ағартушылық қызметІ жайында мағлүмат беру. Мэнерлеп, түсініп, жүргізіп оқу дағдыларын жетілдіру.

2) Ыбырай еңбектерін үлгі ете отырып, оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, іскерлікке, достыққа, ынтымаққа, Отан, болашақ алдындағы борышьга сезінуге, елін, жерін, жүртын сүюге, ¥лы тарихи түлғаны есте сақтауға, қүрмет түтуға, үлгі алуға тэрбиелеу.

3) Ыбырай еңбектері арқылы білімдерін одан эрі дамыту, танымдық көзқарастарын нығайту, шығармашылық ізденістерін жетілдіру.

Өткізу эдісі: Мэнерлеп оку байқауы, дөңгелек үстел, сайыс

Көрнекілік: Ы. Алтынсарин туралы бейнеролик, слайд, портреті, нақыл сөздері, кітаптары

Барысы

Жүргізуші: - Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар мен оқушылар! Бүгін мектебімізде қазақтың «Дала жұлдызы» атанып кеткен Ұлы педагог, ағартушы, ақын, жазушы Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдығына арналған «Дала жұлдызы» атты іс – шарамызға  қош келіпсіздер! «Ыбырай Алтынсарин - қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқьның ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты» деп жазды кезінде «Оренбурский листок» газеті.

Сауатты болса екен деп қазақ халқын,

Білімге бастап беріп, жолды салды.

ТәлІмді, тәрбиелі еңбегімен,

Ыбырайдан өшпестей мұра қалды.

Сәлем жолдап шәкіртке дүғай - дүғай,

Ұрандап өлеңімен келді былай.

Жас үрпаққа жар салып жанымен де

«Кел, балалар, оқылық»- деді Ыбырай.

Жалғассын бүгінгі күн дәстүр - салтың, Күндей күліп өмірің болсын жарқын.

Бас иіп ұлы Ыбырай рухына,

Көтерейік бірігіп атақ - даңқын!

Іс - шарамыз үш бөлімнен түрады:

  1. I. «Ыбырайтану» бейнеролик тамашалау
  2. II. Ыбырай өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы

I. «Ы. Алтынсарин 175 жыл» бейнеролик тамашалау

 

*

 

III.  «Зерек оқушы» мен «Суретші» байқауы (Үй тапсырмасы: Ыбырайдың
шығармаларына сурет салу)

  3- слайд Ол 1841 жылы 20 қазанда    қазіргі Қостанай облысының Торғай аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би Балқожаның қолында тэрбиеленді. Туып - өскен жері — Қостанай облысының Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бүйырған.

4- слайд Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында жэне үлттық мектебінің қалыптасуьшда терең із қалдырды.

5- слайд Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамьның білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В. В Григорьевпен жақын танысып алды.

 

  • - слайд Өзінің мінез - құлқы жағынан Қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғүрлым көбірек біле түссем деп армавдады. Алған білімін өз халқының пайдасына асыруға талпынды.
  • - слайд 1860 жылы Алтынсаринге облыстық басқарма Орьшбор бекінісінде /Торғайда/ қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды. Өзін осы мектепке орыс тілінен мүғалім етіп тағайьшдайды. Осыдан бастап Алтынсариннің ағартушылық - педагогтік қызметі басталады. Бірақ мектеп үйі, оқу қүралына қаражат болмайды. Облыстық басқарма мектеп ашуға салқын қарайды. Бірақ Алтынсарин бүған мойымайды. Ауылды аралап, халыққа мектептің пайдасы туралы эңгіме жүргізеді. Жүрттың окуға ынтасын арттыру үшін біраз балаларды өз үйінде оқытады. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салғызады. Ыбырайдың арман еткен мектебі тек 1864 жылы ашылады. Осыған байланысты үлкен той болады. Мектеп жанынан интернат ашылады.

 

8 - слайд 1879 -1883 жылдар аралығывда Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласывда қолөнер мектебі ашылды Ол қазақ даласындағы техникалық білім беретін түңғыш оқу орны болды.

9 -10 - слайд   Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет - салттарға қарсы күрестің бір жолы есебінде қарайды. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – оның  ағартушылық аса зор еңбегі.

11 - слайд Ыбырай балаларды мазмұнды олардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды... қазақтың өз тілінде... басып шығару керек деп білді. Өзі 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды. "Бұл кітапты қүрастырғанда мен» - деп жазды. Қазақ даласында мектептер санының артуына байланысты Ыбырай мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды қолға алды.

 

1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды.

12 - слайд Орынборда 1879 жылы Алтынсариннің түңғыш оқу құралы «Қазақ хрестоматиясы» шықты. Бұл қүралды орыс алфавиті негізінде жариялады. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын» балаларға арналған өлеңдер мен шағын эңгіме -новеллалардан құрастырды. Олардың бірқатарын өзі жазды.

«Қазақ хрестоматиясы» балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме -новеллалардан құрастырылды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін де іріктеп кіргізді

13 - слайд Жоғарыда біз Ыбырайды аудармашы дедік. Ендеше ол кімдердің шығармаларын қазақ тіліне аударған? Ол Ушинский, Л. Толстой, И. Крылов, И. Паульсонның шығармаларын қазақ тіліне аударған.

14 - слайд Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы 48 жасында қайтыс болады. Қазақ даласында жарқ еткен жұлдыз сөнгенімен артында мәңгі өшпес мұралары мен шәкірттері халқына қызмет етіп келеді.


15-16 слайд Ыбырай есімі берілген аудан, ауылдар, оқу орындары, көшелер, жер атаулары Қазақстанның түкпір - түкпірінде кездеседі. 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив