Кітапхана

Кітапхана
Кітапхана
Кітапхана
— мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады. Кітапхана атқаратын міндетіне, кітап қорының құрамына және жұмыс әдісіне қарай екіге бөлінеді: а) көпшілік; ә) ғылыми және арнаулы
.
Көпшілік кітапхана — оқырманға қоғамдық-саяси, кәсіптік, жалпы білім беретін басылымдарды ұсынады.

Ғылыми және арнаулы кітапханалар ғылым салалары мен белгілі бір ұйымдарға (мекемелер, оқу орындары, т.б.) қызмет етеді. Кітапханалар жазба ескерткіштердің қоғамдық қоймасы ретінде ерте заманда пайда болған. [1]Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырдың ортасында Ассирия патшасы Ашурбанипалдың сарайында қыш тақталарға жазылған жазбалар жинағы сақталған. Көне кітапханалардың ішінде Александрия кітапханасы әлемге әйгілі. 9 — 11-ғасырларда Бұхара, Самарқанд, Отырар, Үргеніш,Мерв қалалары ғылыми және әдеби кітап қорларымен аты шықты. Ұлы ғұлама әл-Фарабидің туған қаласы Отырарда Александриядан кейінгі әлемдегі екінші ең ірі кітапхана болған деп есептеледі. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында барлығы 11300 кітапхана (2003) жұмыс істейді. [2]
Кітапхана ісін жоспарлау
Кітапхана ісін жоспарлау - кітапхана ісін басқарудың кұрамды бөлігі - белгілі бір кезеңге кітапхана ісін жетілдіру, оларды жүзеге асырудың құралдары мен даму көрсеткіштерінің мақсатын ғылыми анықтау.
Кітапхана ресурстарын жоспарлау
Кітапхана ресурстарын жоспарлау - белгілі мерзімге кітапхана ресурстары дамуының тенденциясы мен болашағын анықтауда аймақтың (мекеменің) тұрғындарының белгілі қажеттерін зерттеу арқылы жүзеге асатын жоспарлау.

0 пікірлер

Пікір қалдыру