Жылдың ең үздік оқырманы

Жылдың ең үздік оқырманы
Мақат ауданы Доссор поселкесі
Мақат мұнай және газ
технологиялық колледжінің
кітапханашысы
Ахатова Мереке Құсымқызы

Жылдың ең үздік оқырманы


Мақсаты: Қазақтың көрнекті ақын жазушыларының есімдері мен қазақ әдебиетіндегі белгілі жазушылар шығармаларын насихаттау,ұлт мәдениетін,әдебиетін зерттеуге қызығушылығын арттыру арқылы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.
Жүргізуші: Армысыздар қадірменді ұстаздар, жас оқырмандар!
Бәсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіші –білім, ал білімнің кәусар бұлағы кітап екені бәрімізге белгілі. Болашақ -білімді жастарымыздың қолында. Бүгінде кітапханалар еліміздің болашағы жастардың ғылым, білім жолындағы өмірлік құлшынысына жолдама беретін мәдени-орталыққа айналып отыр.Осыған орай «Ең үздік оқырман -2014» білім сайысына қош келдіңіздер! . Бүгінгі сайысымыз сіздердің білімдеріңізді, ұшқыр ойларыңызды өрнектеп ортаға салу. Олай болса, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» деген сөз бар, ендеше , «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды» анықтау үшін сайысымызды бастайық.Ендеше сайысқа әр топтан бір-бірден 5 студенттен қатысады.
Білімменен сайысады сайыскерлер,
Алға озар ең мықтысы осы жолда.
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ,
Сұрайық шығуларын жұрт алдына –дей келе сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.
1-сайыскеріміз Амантай Райлым
2-сайыскеріміз Әміров Айбек
3сайыыскеріміз Таңатова Арухан
4 –сайыскеріміз Қаби Айберген
5-сайыскеріміз Хамитова Нұрайна

Шын жүректен шабысынан танылады
Нақты білім ,терең ой сыналады.
Шын жүйрікті танитын шабысынан,
Сайлайық әділқазы алқасын біз-бүгінгі әділқазы алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1.Әлімбаева Майра Әлкеқызы –колледж психологі
2.Дадахова Әсия Қайыржанқызы .Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3.Альмұханова Гауһар Қуанышқызы-қазақ тілі ,әдебиет пән мұғалім
Жақсылық адамдардың тілегі екен,
Тілеген жақсылықтың жүрегі екен.
Дәстүрлі қазағымның сарқылмаған
Жобасын сайыскерлер біле ме екен?
Сіздерді «үздік оқырмандар»сайысының шарттарымен таныстыра кетейін.
1-бөлім: Өздерін таныстыру.Әр оқырман өздерін таныстырып өтеді.
2-бөлім: «Мықты болсаң тауып көр» тапқырлар мен жүйріктер сайысы.
3-бөлім: «Мақал-мәтел» сайысы
4-бөлім: «Кейіпкерлермен сырласайық»берілген кейіпкер бейнеленген карточкалардан кейіпкерлерді табады.
5-бөлім Көрермендерге қойылатын сұрақтар

Ақыл көрік бойларына жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді
Мына отырған баршаңызды өзімен
Сайыскерлер таныстырып өтеді, - дей келе үздік оқырмандарымызбен танысайық. І бөлім «Әр оқырман –бір әлем» атты тақырыбымен слайд арқылы әр қатысушы өздерін таныстырады.
Ән: «Ризамын» орындайтын ІІкурс студенті Махамбетова Мархабат
Жүргізуші: Ал,үздіктер қалайсыздар,
Сіздер өтер әлі талай сын бар.
Келесі сайыс жоспарында
Түседі бәсекеге білімділік, -деп келесі сайысымыздың 2 бөлімі «Мықты болсаң тауып көр»атты тапқырлар мен жүйріктер сайысын бастаймыз.


І оқырман
1.Астана қаласы қай жылдан бастап Қазақстан
Республикасының астанасы болды? (1998 жыл)
2.Н.Ә. Назарбаев қай жылы Президент болып сайланды? (1 желтоқсан 1991жыл)
3. «Жеті жарғы» заңдар ережесін кім шығарған? (Тәуке хан)
4.Абайдың 1890-1898 жылдары жазған сюжетсіз, алуан тақырыптағы шығармалары қалай аталады? (қара сөздер)
5. «Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? (Ілияс Есенберлин)
6. Еліміздегі ең биік тау шыңы? (Хан тәңірі)
7.Қазақ халқының тарихында өткен билерді ата? (Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би)
І І оқырман
1.ҚР –да ұлттық валюта теңге қашан айналымға енген? (1993жылы 15 қараша)
2.Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан шығарма? (Мұхтар Әуезов «Абай жолы»)
3.Қазақтың көрнекті жазушыларының бірі қоғам қайраткері Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» кітабы қазақтың қай батырына арнап жазылған? (Бауыржан Момышұлы)
4 .Қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы, қазақ әліппесін жасаушы ғалым кім? (А.Байтұрсынов)
5. «Менің атым – Қожа» шығармасының авторы? (Бердібек Соқпақбаев)
6. «Бай баласы мен жарлы баласы» кімнің шығармасы? (Ыбырай Алтынсарин)
7 Қазақтың бес арысын ата? (Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек)
ІІІ оқырман
1.Халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы қалай аталады? (Шежіре)
2.Абайдың шын аты? (Ибраһим)
3. Желмаяға мініп, шұрайлы жер іздеумен өмір кешкен кім? (Асанқайғы)
4. Қыста жейтін малдың етін не деп атайды? (Соғым)
5.Сан есімнің сұрақтарын ата? (қанша? Неше?)
6. «Қыз Жібек»көркем фильміндегі Жібек пен Төлегеннің бейнесін сомдаған актерды атаңыз. (Мерует Өтекешова мен Құман Тастанбеков)
7. Соғыс кезінде қол бастаған ұран? (Ура)
ІҮ оқырман
1. Абайдың әжесінің аты кім? (Зере)
2. Шығыстың қос шынарын атаңыз? (Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова)
3.Оқушының алғашқы кітабы? (Әліппе)
4.Қазақтың тұңғыш ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)
5. 1 қыркүйек қандай күн? (Білім күні)
6.Адамдардың бір-бірімен түсінісу құралы? (Тіл)
7. Кітаптың алғы сөзі арқылы не білуге болады? (Кітаптың қысқаша мазмұнын)
Ү –оқырман
1.Әнұранның авторы кім?(Шәмші Қалдаяқов,сөзі Жұмекен нәжмеденов,Нұрсұлтан Назарбаев)
2.Қазақстан Республикамыздың рәміздерін ата? (Ту,Елтаңба ,Әнұран)
3.Исламның қасиетті кітабы?(құран)
4.Абайдың неше қара сөзі бар?(45)
5.Әр адамның шағын отаны? (Отбасы)
6.Жер бетінің қағазға кішірейтіп салынған бейнесі? (Карта)
7. «Кел ,балалар оқылық ,» кітабының авторы?(Ы.Алтынсарин)
« Қазақ биі» орындайтын ІІ курс студенті Бауыржанова Айсезім

Мақал-мәтел сайысы
І оқырман
Жыланды іннен қалай шақырады
Жауабы: Жылы - жылы сөйлесе, жылан іннен шығады.
1. Қар жана ма? (Қалауын тапса, қар жанады).
2. Инемен құдық қазуға бола ма? (Білім инемен құдық қазғандай).
3. Аппақ қарға бола ма?( Қарға баласын аппағым дейді).
4. Ең тәтті не? (сүті - тәтті, баланың тілі - тәтті).


ІІ оқырман
1. Адамның қай мүшесі - қорқақ, қай мүшесі - батыр? (Көз - қорқақ, қол -батыр).
2. Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман).
3. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай? (Шашу оңай, жинау қиын).
4. Ер неше рет, қорқақ неше рет өледі? (Ер бір өледі, қорқақ мың өледі).


ІІІ оқырман
1. Оттан да ыстық не? (Отан оттан да ыстық).
2 Білгенің қанша, білмегенің қанша? (Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз).
3 Не біліп,қалай сөйлеу керек? (көп біліп,аз сөйлеу керек)
4 Қой мен қасқыр ойлана ма?
(Қойдың ойлағаны амандық, қасқырдың ойлағаны арамдық),
ІҮ оқырман
1. Қына мен білім қайда бітеді? (Қына тасқабітеді,білім басқа бітеді)
2. Жаманның ақылы кіре ме? (Жаманның ақылы түстен кейін кіреді)
3 Отқа түсіп күймеуге бола ма? (Отан үшін отқа түс, күймейсің)
4.Жақсы мен жаманның сөзі неге шақырады?
(Жақсының сөзі ақыл шақырады, жаманның сөзі ашу шақырады)
Ү оқыран
Шетте жүрсең тарығарсың..........(туған елді сағынарсың)ъ
2.Ұланы бар елдің.........(Ұраны бар)
3.Дұшпан күліп кіріп........(күңірене шығады)
4.Кісі елінде сұлтан болғанша........(өз еліңде ұлтан бол)

Ән: «Сенім шырағы»орындайтын Жұбатова Бақтыгүл
«Кейіпкерлермен сырласайық» Бұл бөлімде сайыскерлеріміз кейіпкер бейнеленген карточкалардан кейіпкерлердің атын табады.
Сұрақтар. 1 карточка
1.Қарабай Сарыбаймен аңға шықты деп басталатын жырдың басты кейіпкерлері кімдер? (Қозы Көрпеш - Баян сұлу)
2. 8 ағасын іздеп шығатын ертегі кейіпкері.(Ертөстік)
2 карточка
1.Руы оның Жағалбайлы
Жылқысының көптігінен баға аллайды.
Оның өлгені рас болса,
Құдайым, Қыз Жібекті неге алмайды, -деп кімнің өлімін жоқтап отыр? (Төлеген)

2.Алпамыс батыр жырындағы Гүлбаршынды зорлықпен алмақ болған батыр.(Қараман)

3 карточка
1.Алдар алдап кеткен Бізбикештің әкесінің аты. (Шықбермес Шығайбай)
2.«Қарағым, айналайын кекілдім ай, Көгілдірі аққудың секілдім ай» деп жасбаланың шашын тегіс ұстарамен алып, маңдайына бір шөкім шаш қалдырады. Бұл шашты қалай атаған? (кекіл)

4 карточка
1.Көне заттар сақтайтын орынды ата? ( мұражай)
2.«Ұшқан ұя» кітабының авторы кім? (Бауыржан Момышұлы)
5 карточка
1.Жоңғар шапқыншылығы кезеңінде қазақ халқының басынан небір зобалаң жылдар,қиын замандар өткен .Ол қалай аталады. (Ақтабан шұбырынды,алқакөл сұлама)1723-1726ж
2.Атырау қаласы қандай табиғи байлығымен атақты?(Мұнай , газ, балық)
Көрермендерге қойылатын сұрақтар
2.ҚР-ның жаңа Әнұраны қашан қабылданды?(2006ж 6қаңтар)
3.Үш жұртты атаңыз? (ағайын жұрт,нағашы жұрт, қайын жұрт)
4.Жеті қазына дегенімізне?(1ер жігіт,2.Сұлу әйел,3.Ақыл ,білім.4.Жүйрік ат.5.Қыран бүркіт.6.Берен мылтық.7.Жүйрік тазы.)
5.Тұсаукесер тойының мағынасын қалай түсінесіз? (Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып,ырым)
Мақал –мәтелдер
1.Ұяда не көрсең ,...........(ұшқанда соны ілерсің)
2. Үлкенге құрмет,.........(балаға міндет)

1.Асыңа тойғызбасаңда,.......(ниетіңе тойғыз)
2.Тоқсан ауыз сөздің .........(тобықтай түйіні бар)

1.Бой жетпеген жерге .......(ой жетеді)
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң, шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң, шығарсың – дей отырып, сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін
қазыларға береміз.


Ән » орында йтын 165 топ студенті Мыңжасарова Таңшолпан
Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті өнерлі болуы керек.Ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді кітап арқылы танимыз.Ол үшін кітапты көп оқуымыз керек.
Жүргізуші:Кітап –жан айнасы. Оған қарап бойыңды да түзеуге болады.Айналадағы адамға мейіріммен қарауға үйренесің.Өмірде бір нәрсе өзгереді, тек кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай келешек ұрпақ асыл қазынамыздан нәр алып, сусындай берсін!


Жылдың ең үздік оқырманы

0 пікірлер

Пікір қалдыру