БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯ

Мақсаты:Кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру,оған деген қызығушылығын арттыру.Оқушылар мен мұғалімдерге энциклопедиялар мен анықтамалықтарды дұрыс пайдалана білуге үйрету.
Кітапханада - библиографиялық білім беру,оқу мәдениетін дамыту және ақпараттық сауаттылықты жетілдіру үшін жұмыстың әр түрлі формаларын пайдалануға болады. Мысалы: жеке және топтық кеңес, ұсыныс тізімдері, оқу жоспарлары ( план чтения), кітапханаға экскурсия, сонымен бірге кітапханалық оқуларды атап айтуға болады.
Мектеп кітапхана қорына жаңадан келіп түскен кітаптардан балаларға арналған энциклопедия ұсыныс тізімін оқушылар мен мұғалімдерге ұсынамыз.

Менің алғашқы энциклопедиям. Балаларға арналған ғылыми-көпшілік басылым. / Құраст. А.Ү.Сужикова,Ф.С.Лекерова,М.Қ.Солтанғазина.- Алматы :Алматыкітап баспасы,2012.-392б.:суретті.
Тоғыз бөлімнен тұратын бұл энциклопедияда берілген ақпараттар кіші жастағы балалардың білуге деген қызығушылығын арттырып,танымдық көкжиегін кеңейтуге көмегін тигізеді.Балалар бұл кітаптан кез-келген сұрақтарына жауап таба алады.
Балалардың жаңа энциклопедиясы. / Қазақ тіліне аударғандар:А.Ахметова,Т.Алдиева,
Қ.Жорабеков. – Алматы : Алматыкітап баспасы,2012.-304 бет,суретті.
Балалардың жаңа энциклопедиясын ашсаң,оның беттерінен балалардың сүйікті сұрақтарының жауаптарын табасың.Алып галактикадан бастап аса ұсақ бактерияларға дейін,адам жасушасынан ежелгі өркениетке дейін-мектептің негізгі пәндерінің тақырыптары осы кітапта нақты,жаңаша түрде берілген.
Бұл энциклопедияның беттеріндегі деректерімен берілген жүздеген фотосуреттер балалардың білімдерін кеңейтіп,толықтыруға көмектеседі.
Кенжеахметұлы С.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері.-Алматы: Алматыкітапбаспасы,ЖШС,2012.-312бет,суретті.
Қазақтың ұлттық тәрбиесінің алтын қазығы салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын зерттеушілердің алдыңғы қатарында болған белгілі жазушы,этнограф Сейіт Кенжеахметұлының еңбектері бір төбе.Ел есінен шығып бара жатқан «бел көтерер», «немеурін», «құттық», «қыз алар», «ақтай жоқтау», «шүлен тарату», «биеқысырамас», «қасқа жазасы» тағы басқа көптеген ұлт әдет-ғұрпының 350 түрін тауып,жүйелеп ашып көрсеткен бұл жинақты анықтамалық десе болады.Ғылыми-танымдық,көркемдік-тәрбиелік жағынан ұтымды әрі тартымды жазылған осы еңбек қазақ мәдениеті мен мінезін,тұрмыстық салт ерекшеліктерін даралап көрсетумен қымбат екенін қолға ұстаған әр оқырман толық көз жеткізеді.
Сегізбайұлы К.
Қазақы дастархан.- Алматы: «Атамұра», 2011.-192 бет.
Дастархан үстіндегі туралған қазы-қарта,қызыл күрең ірімшік,ақ сары құрт,алтын түйіршігіндей ақталған тары,қуырылған бидай,сапырылған сары қымыз бәрі-бәрі қосылғанда көз қуантар,тәбет шақырар.
Ұлтымыздың ғасырлар бойы қастерлеп келген сан түрлі тағам түрлері,оларды даярлау тәсілдері көмескеленіп бара жатқан жоқ па,осы?!
Белгілі жазушы К.Сегізбайұлының көріп-түйгендері-осы сауалға жауап беруге талпыныс.
Иващенко А.А.
Қазақстанның өсімдіктер әлемі.-Алматы:Алматыкітап баспасы,2012.-176 бет.
Қазақстанның өсімдіктер әлемі-республикамыздың негізгі ландшафт аймағында сирек кездесетін өсімдіктер дүниесі туралы мәлімет беретін басылым.Көркем безендірілген бұл энциклопедия өсімдіктердің 150-ден аса түрі жайлы мағлұматты қамтиды,бұлардың кейбіреулері Қазақстанның Қызыл кітабына енген.
Басылым мектеп жасындағы балалар мен көпшілік қауымға арналған.

Эш Рассел
Әлемнің ұлы кереметтері./ Ауд.А.Сужикова.- Алматы:алматыкітап баспасы,2013.-
64 бет,суретті.
Бұл басылымнан сіздер әлемнің ежелгі жеті және қазіргі кереметтері жөнінде оқып,тамаша суреттер мен фотосуреттерді көре аласыздар.Кітап мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілік оқырман қауымның қызығушылығын тудырады.
Паркер С.,Уильямс Б.
Сұрақ және жауап.Энциклопедия./ Қаз. тіліне ауд. Б.С.Лекерова,Б.М.Омаров.-Алматы:Алматыкітап баспасы,2012.-256 бет,суретті.
1300-ден астам сұраққа жауап береді.Айға қанша адам барып қайтты?Бізде не үшін уақыт белдеулері бар?Римдіктер билікке қалай келді?Ең жылдам ұшатын қандай жәндік?Шаштың түсі неге әртүрлі болады?Жарық жылдамдығы қандай?Ұзындыққа секіруден әлемді таңғалдырған кім? Кітаптан осы және өзге де көптеген сұрақтарға жауап табуға болады.Сегіз бөлімде жер бетіндегі тіршілік,адам денесінің құрылысы мен әлем тарихы жайлы алуан түрлі деректер қамтылған.
Дэвид Берни
Табиғат ғажайыптары.-Алматы:Алматыкітап баспасы,2012.-64 бет.
«Табиғат ғажайыптары» кітабымен Жердің ең керемет тірі табиғаты мен географиясын зерттеңіз,мұнан сіз теңдесі жоқ ерекше суреттерді табасыз.
Ең биік,ең үлкен,ең суық,ең жабайы-осының бәрі «Табиғат ғажайыптары» кітабында бар!
Пенелопа А.
Жануарлар энциклопедиясы. / орыс тілінен қазақ тіліне аударған Абдраим А.А..-Алматы:
Алматыкітап баспасы,2012.-160 бет,суретті.
Кітаптың бес бөлімі барлық жануарлардың негізгі топтары жайлы баяндайды.Жануарлар фотосуреттерде әдемі бейнеленген.Бұл қызықты энциклопедияны 5 жастағы және одан жоғары жастағы балалар білімдерін толықтырып және жаңа дағды қалыптастыру үшін пайдалануларына болады.Мектеп бағдарламасын толықтырады.
Болл Д.
Бәрі де сандар туралы.- Алматы:Алматыкітап баспасы,2012.-96 бет.
Сен сандарды жалықтыратын нәрсе деп ойлайсың ба? Тағы да ойланып көр.Нөл санының біздің дәурімізге дейінгі 600 жылға дейін болмағанын сен білесің бе? Немесе гуголплекс-соншалықты үлкен сан,егер оны жазатын болса,тұтас Әлемнің қажет болатынын білесің бе?Немесе сен 1089 санын пайдаланып адамдардың ойын оқи алатыныңды ше?Егер сен Джонни Боллға қосылсаң,автормен бірге ұшы-қиыры жоқ әлемге және оның ауқымынан тыс жасаған саяхатың нақты оқиғаларға толы болады.Онда сен кез келген шытырманнан шығатын жол таба білесің,әрі калькулятордан айлаңды асыра аласың.Математика бұрын-соңды ешқашан дәл осындай қызықты болған емес!
Табиғат.Энциклопедия. /Қазақ тіліне ауд.М.Әкімжанов.-Астана: «Фолиант» баспасы,2012.-
160 бет.
Бұл кітапта жердің жаратылуынан бастап түрлі табиғат құбылыстарына,ең ірі табиғи апаттарға дейін қызықты,танымды мәліметтер берілген.Сондай-ақ кітапта адам әрекеті салдарынан табиғатқа төнген қатерлер жайлы,табиғатты сақтап қалу жолдары туралы айтылған.Энциклопедия арқылы әлемдегі ең ірі жанартаудан әлемдегі ең кіші атолға дейін бізбен бірге қызықты саяхат жасаңыз және біздің ғаламшарымыздың ең әдемі жерлерін тамашалаңыз.
Кітап орта буын және жоғары сынып оқушыларына,ата-аналарға,мұғалімдерге және табиғатқа қызығушылығы бар оқырмандарға арналған.
Ғалам.Энциклопедия./Қазақ тіліне ауд.Д.Алипбаева.-Астана: «Фолиант» баспасы,2012.-160 бет.
«Ғалам» энциклопедиясында жинақталған материалдар ғылыми негізде құрастырылып,мектеп оқушыларына бейімделген түрде сипатталған.Жан-жақты бағытта жүйеленіп,жинақталған деректер жасөспірімдердің аспан әлемі туралы ғылыми көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.Энциклопедия түрлі түсті,қызықты безендірілген,дизайнерлік орындалу жағынан қазіргі уақыт талаптарына сәйкес келеді.Кітапта топтастырылған материалдарды мектеп пәндерін оқыту кезінде де пайдалануға болады.
Кітап орта буын және жоғары сынып оқушыларына,ата-аналарға,мұғалімдерге және табиғатқа қызығушылығы бар оқырмандарға арналған.


Ғылым.Энциклопедия./Қазақ тіліне ауд.Д.Алипбекова.-Астана: «Фолиант» баспасы,2012.-
160 бет.
Энциклопедия балаларды физикалық және биологиялық әлемді бақылаулар,өлшеулер және тәжірибелер арқылы жүйелі түрде зерттейтін білімнің бөлігі-ғылыммен таныстырады.Кітапта ғылымның категорияларына,ғалым зертханасының материалдары мен жабдықтарына жан-жақты сипаттама берілген.Қарапайым тәжірибелер көрсетіліп,баламалы жағармайлар мен су ресурстарын қорғау мәселелері қарастырылған.
Кітап орта буын және жоғары сынып оқушыларына,ата-аналарға,мұғалімдерге және осы салаға қызығушылығы бар оқырмандарға арналған.
Химия.Энциклопедия./Қазақ тіліне ауд. А.Шарипова.-Астана: «Фолиант» баспасы,2012.-160 бет.
«Химия» энциклопедиясы жасөспірімдерді заттар мен олардың өзгеруі әлеміне қызықты саяхат жасатады.Кітап металдардың ашылу тарихымен,олардың қасиеттерімен,сонымен қатар бүгінде адамға күнделікті тұрмыста қажетті химиялық заттар туралы қызықты мәліметтермен таныстырады.Сондай-ақ түрлі фотоматериалдар арқылы химиялық тәжірибелердің жасалуы жайлы түсініктер берілген.
Кітап орта буын және жоғары сынып оқушыларына,ата-аналарға,мұғалімдерге және табиғатқа қызығушылығы бар оқырмандарға арналған.
«Негеш» балалар энциклопедиясы/Дитрих А. т.б.Қазақ тіліне авторлар ұжымы аударған.-Алматы: «Атамұара»,2013.-336 бет.
Бала тілі –бал.Бал тілімен небір сұрақтар қойып,үлкендерді көп мазалайтын да сол бүлдіршіндер. Олардың жанды жадыратар тосын да тәтті сөздері қаншама. «Негеш» осынау бүлдіршіндердің сан алуан «негесіне» жауап беретін анықтама кітап.Кітап болғанда,әр жауапты ертегі тілмен жеңіл баяндай отырып,баланы қызықтыру арқылы бірте-бірте күрделірек ұғымдарды игеруге жетелейтін таным әліппесі. Кітап бүлдіршіндерге үлкендердің оқып беруіне арналған.
Ковшарь А.Ф.,Ковшарь В.А.
Құстар.Мектеп энциклопедиясы.-Алматы: «Атамұра»,2010.-352 бет.
Кітап жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің оқушыларына, биология пәні мұғалімдеріне,биология студенттеріне,орман шаруашылығы,табиғат қорғау қызметкерлеріне және туған өлке тірі табиғатының тіршілігіне қызығушыларға арналған.
Ковшарь А.Ф. және т.б.
Сүтқоректілер.Мектеп энциклопедиясы.-Алматы: «Атамұра» ,2013.-312 бет.
Бұл әдемі көркем басылым Қазақстанның жануарлар туралы көпшілікке арналған сериясының жалғасы болып саналады. «Құстар» энциклопедиясы сияқты бұл да еліміздің жетекші ғалымдарының басшылығымен дайындалды.
Кітап жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің оқушыларына,биология пәні мұғалімдеріне,биология студенттеріне,орман шаруашылығы,табиғат қорғау қызметкерлеріне және туған өлке тірі табиғатының тіршілігіне қызығушыларға арналған.
Балықтар.Қосмекенділер.Жорғалаушылар.-Алматы: «Атамұра»,2014.-480 бет.
Кітап жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің оқушыларына, биология пәні мұғалімдеріне,биология студенттеріне,орман шаруашылығы,табиғат қорғау қызметкерлеріне және туған өлке тірі табиғатының тіршілігіне қызығушыларға арналған.
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков т.б. – Алматы: Аруна.-696 бет.
«Сен білесің бе?»- мектеп оқушыларын ата тарихымызбен, Ұлы дала өркениетімен, ұлттық мәдениетімізбен, әдебиетімізбен, өнерімізбен, салт- дәстүр, әдет ғұрпымызбен әрі тарихи ұлы тұлғаларымызбен таныстыра отырып, көптеген құпия жайттар мен тарихи оқиғалардың, табиғи құбылыстардың сырын түсінуге көмектесетін энциклопедиялық жинақ. Көркем тілмен қысқа әрі нұсқа жазылған мәтіндер балалардың туған жері мен халқына, тілі мен дініне, әдебиеті мен мәдениетіне деген мақтаныш сезімдерін оятып, ұлы ата-бабаларының асыл мұраларын құрметтеуге баулиды.
Бұл жинақтың мектеп оқушылары үшін тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, жаратылыстану, т.с.с. пәндерді меңгеруге көмекші құрал бола алатыны сөзсіз.
Кенжеахметұлы С.
Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. – 2 басылым.- Алматы: Атамұра ,2013. -384 бет,суретті.
Қазақ халқының табиғат- анамен үндес тіршілік кеше отырып қалыптастырған салт-дәстүрі- «адамгершілік» деп аталатын ұлы ұғымның алтын қазығы. Алтын қазықтан адаспай, бетті соған бұрғанда ғана елдіктің іргесі бекіп, адам аты асқақтай түсетінін қазақ елінің өткен өмір жолы дәлелдеп береді.
Саналы ғұмырын осы бай мұраны жинақтауға арнап, баулып келген белгілі қаламгер, мәдениеттанушы, этнограф Сейіт Кенжеахметұлы өзінен бұрынғы тарихшы, этнограф ғалымдарды зерделей отырып, іргелі еңбек құрастырды, шашырап жатқан мол қазынаны энциклопедиялық жүйеге түсіріп, көптеген терминдердің төңірегінде қосымша мол мағлұмат ұсынды.
Бұрын көп айтыла қоймаған ырым мен тыйым, жөн-жосық, жол-жоралғы, ұлттық қағида, ғұрып, әдеп пен әдет сияқты қазақтың өмірлік үлгі , тәлім-тәрбие ережелерін саралады.
Өз ұлтын мақтан тұтатын кез келген зерделі азаматтың кітап сөресінен орын алуға лайық бұл энциклопедиялық басылым белгілі қылқалам шеберлерінің суреттерімен әсем безендірілген.
Сегизбайулы К.
Казахская национальная кухня. Традиции казахского дастархана.- Алматы: Атамұра,2011.-192 с.
Лакомые ломтики казы и карта, румяный иримшик и матовой белизны курт, подобное крупицам золота просо особой выделки и воздушно легкая жареная пщеница, тщательно взбитый желтоватый кумыс на дастархане ...- все-все вместе радует глаз, слитое воедино благоухание вожделенной пищи щекочет ноздри, вызывает здоровый аппатит.
Не забыто ли нами сегодня великое разнообразие национальных блюд и не утрачено ли взращенное веками искусство их приготовления?!
Исследование и заключения известного писателя К.Сегизбайулы- попытка ответить на эти вопросы.Давайте ознакомимся с ними, уважаемый читатель.

0 пікірлер

Пікір қалдыру