Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылық жолы. «Қашықтасың туған жер», «Бауырым қанша сүйгенмен» өлеңдері

Сабақтың тақырыбы:  Әл-Фарабидің    өмірі  мен  шығармашылық жолы. «Қашықтасың туған жер», «Бауырым қанша сүйгенмен» өлеңдері

Сабақтың мақсаты:  Ислам  әдебиетінің  көркем  мәдениетін  әлемге танытып, оның ежелгі дәстүрін дамытуға  үлес  қосқан  ақынның шығармашылық  мұраларын  таныта отырып, ақын өлеңдерінің  идеясын  меңгерту, халық даналығын насихаттау

Күтілетін нәтиже: Ақын  ғалымның өмірі мен шығармашалығы   бойынша   білімдерін кеңейтеді. Әдебиет тарихындағы елеулі орны туралы  өзіндік ой-пікірлерін ортаға салады, шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.  

Негізгі идеясы :Ұлыларды ұлықтау.

Сілтеме:  1. «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық»  39-43 б.б.

                  2. «Әдебиетті  оқыту әдістемесі»   81-82 б.

                  3. 8-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы.  Авторы: С.Мақпырұлы, А. Қыраубайқызы, К. Құрманбай.

Бағалау критерийлері:

 

Оқушылардың

 аты-жөні

Білу, түсіну

І деңгей

Оқулықпен, қосымша деректермен жұмыс

Талдау, Қолдану

ІІ деңгей

Топтық   іздену жұмысы

Жинақтау

ІІІ деңгей

Шығармашылық жұмыс

Рефлексия

Суммативті,

формативті

бағалау

Дескрипторлар

 

-          Оқулықпен жұмыс

-          Жуан - жіңішке сұрақтар.

-          Ізденіс бағытындағы  тапсырмалар 

-          Топтық жұмыс

-          Постер қорғау

«Дербес пікір»  алаңы

Өз бағасы.

Топ жетекшісі.

Мұғалім бағасы.

 

«5»  - қатесіз, нақты, толық жауап беру

«5»  - қатесіз, нақты, толық жауап беру

«5»  - қатесіз, нақты, толық жауап беру

Ортақ баға шығару

Дұрыс  жауап  беруіне  бағыт  көрсету, қателерін  түзеп, жұмыстарын  толықтыру, іздену,оқу, тапсырмаларды  тапсыру   талап  етіледі.

 

Сабақтың типі:  Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Инновациялық сабақ

Сабақтың әдісі: Деңгейлік курс бағдарламасы, СТО негізінде өз беттерімен  білім алу, түсіндіру, ізденушілік, талқылау, ой түю.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І   Ұйымдастыру: Психологиялық дайындық.  Топқа бөлу.   
ІІ  Үй тапсырмасын тексеру.

Ислам  дәуіріндегі  әдебиет     

 


 

ІІІ.  Жаңа сабақ

Сабақтың барысы

Модульдер

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Білу, түсіну

 

І деңгей

СТО

Ой шақыру.

(Өз бетімен реттелетін оқу)

 

 

 

АКТ

 

 

Оқулықпен алдын ала жұмыс. 

«Әл-Фараби жайлы не білеміз?»  сұрақтарына  жауап  іздейміз
1. «Жуан - жіңішке сұрақтар»     

-          Әл-Фараби  кім?

-          Әл-Фарабидің толық есімі  қандай еді?

-          Қай  қалада  дүниеге келген?

-          Әл- Фарабиді  неліктен  «Әлемнің екінші ұстазы»  деп  атады?

-          Әл-Фарабидің қандай шығармаларын  білесіздер ?                            

2.   М. Шахановтың  «Арман» өлеңі  оқылады, оқушыларға  материалдар таратылады                                                                                                            

Балалар,  өлеңнің  авторы кім?   Өлеңде  кімдер  жайлы  айтылған ?

Ұлы баба, бірақ менің арманым 
Парыз бенен махаббаттан құралған. 
Шамын жақсам ғылым менен өнердің, 
Елімді зор мерекеге бөлермін, - деген кімнің сөзі ?                                          

Оқулықпен жұмыс  жасайды, негізгі білім көздерін дәптерлеріне түсіреді. Толық, дұрыс жауап бергенге дейін оқулықтан, қосымша материалдардан ізденеді.

Оқушылар өз білгендерін ортаға салады, ой бөліседі

Талдау,

Қолдану

 

ІІ деңгей

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері

Топтық  жұмыс

1-топ:  Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы

2-топ:  Әл-Фараби  - ғалым, зерттеуші

3-топ:  Әл-Фараби – философ

 

Берілген тапсырмалар бойынша  топтық жұмыс

жүргізеді, ізденеді,  теориялық білімдерін қолданады

Жинақтау

ІІІ деңгей

Дарынды және талантты балалармен жұмыс

 

 

Сабақты

қорытындылау

1-топ: Әл-Фарабидің  өлеңдеріндегі өмірдің  мәңгі  еместігін, өмір сүрудің  мәнін  қалай суреттеген?  Бүгінгі  күн  тұрғысынан ғұлама-ақын өлеңдері несімен  өзекті?

 2-топ: «Қашықтасың туған жер», «Бауырым қанша сүйгенмен» өлеңдеріне  сатылай  кешенді  талдау жүргізіңіздер.

3- топ: «Егер мен әл Фараби сияқты көп тіл білген энциклопедист  ғалым  болсам, не істер  едім?»  деген  сұраққа  қалай жауап бересіздер?                             

«Мәңгі  лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға»                                                                                                               

Берілген  тапсырмалар  блогын орындайды. Өлең  шумақтарына сатылай кешенді  талдау жұмыстарын жүргізеді,  басқа  топ  оқушыларымен  ой  бөліседі, білгендерін  ортаға  салады.

Рефлексия 

Формативті, Суммативті бағалау

Екі жұлдыз, бір  тілек                                                                                                          

Күнделіктеріне бағаларын қойдырады.

Үйге

ДжТБЖ

«Әл-Фараби – екінші ұстаз» тақырыбында эссе  жазу                                                                                                                                                                                                                                    

Үй тапсырмасын  алады.

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив