Мейірімділік – асыл қасиет

Сынып: 1 «Ә»

Пән: Өзін-өзі тану

Мектеп: Еңбекші ауылындағы орта мектеп

Мұғалім: Тлеулиева А.Б

Қатысқандар саны:  25          Қатыспағандар саны:-

Сабақтың тақырыбы

  «Мейірімділік – асыл қасиет»

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту; ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білу. мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіну.

 

Сабақтың мақсаттары

Барлығы:Жаңа білімді түсінеді.

Көбі: Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды.

Кейбірі: Анық және толық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы.

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ертеңгілік шеңбері

Таңғы шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен «Сәлем!» деп амандасады.

Мұғалім:

-Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)

Қуанасың сен де, (көршісін көрсетеді)

Қуанайық достарым, (қолдарынан ұстайды)

Арайлап атқан күнге. (қолдарын көтереді)

Мұғалім:  -Балалар бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп қол соғып қояйық.

 

 

 

 

Шаттық шебері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

8 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы 8 минут

 

Жаңа сабақты түсіндіру

Жаңа сабақ:   -Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Мейірімділік-асыл қасиет»,

 Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі , сол туралы білеміз.

«Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атар өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер?

– Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен.

– Адамзат ненің,кімнің  мейіріміне бөленген?

– Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөленеді.

Ендеше мына «Мейірімді адам» бейне ролигін көруге шақырамын. сұрақтарға жауап беріп көрейікші:

«Мейірімді адам» дегенді қалай түсінесіңдер?  Қандай адамды мейірімді адам деп айтасыңдар? Балалардың жауаптары тыңдалады.

Мұғалім:   -Балалар жаңа өздерің  көргендей адамдар бір-біріне адал, қамқор,мейірімді болуды үйретіп жатыр, ал сендерге балалар жақсы болуды, мейірімді болуды кім үйретеді?(оқушылар жауабы)

– Дұрыс балалар, сендерге мейірімді болуды мектепте ұстаздарың, үйде  аналарың үйретеді. Ендеше сол  өзіміздің  аналарымыз туралы айтайық, ол қандай адам? (баяу музыка ойнап тұрады)

«Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру.

Жақсы адам, ақкөңіл,  жаны таза, шыдамды, бауырмал,жылы жүректі, қамқоршы, кішіпейіл, мейірімді, бауырмал, сыпайы. Ана кешірімді, әдепті,  жақсы,  жанашыр.

Тыныштық сәті (Үнтаспадан арнайы әуен естіледі) Балаларға мейірімділік сезімін сезіну мақсатында тыныштық сәті ұйымдастырылады.

Мұғалім: Балалар, көзімізді жұмып, біраз демалып жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз.

Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісті. Бәріміз сол әлемге қарай қадам басайық. сүйспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге қонып, жан – дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады. Адамдар бір – біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап жатса, қандай жақсы болар еді!

Қайтатын уақыт жетті, сиқырлы әлеммен қоштаса отырып, мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік. Енді балалар көздеріңді ашыңдар

Мұғалім: Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

 «Болады-болмайды» тренингі.

(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды).

-Мейірімді болуға …. (болады),               Кешірімді болуға …. (болады),

Қатыгез  болуға …. (болмайды),              Тәртіпті болуға …. (болады),

Әдепті болуға …. (болады),                     Ұрысқақ болуға…. (болмайды),

Сыпайы болуға …. (болады),                   Қайырымды болуға …. (болады),

Бұзық болуға …. (болмайды),                  Бауырмал болуға …. (болады),

Ақылды болуға ….. (болады),                  Мақтаншақ болуға …. (болмайды),

Шыншыл  болуға …. (болады),                Арам болуға …. (болмайды),

Маман болуға …. (болады),                     Жаман болуға …. (болмайды),

Айтпақшы,                                             Жаман болуға ….! (болмайды).

Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)

Күлімдеген …. мейірімді. (күн)      Кіршіксіз ақ ….  мейірімді! (қар)

Таза мөлдір….  мейірімді!  (су) Бәрімізді көтеріп түрған  …. мейірімді!  (жер)

Аяулы …. мейірімді! (анам)            Қадірлі …. мейірімді! (әкем)

Әлпештеген …. мейірімді! (әжем)   Еркелеткен ….  мейірімді! (атам)

Жылы жүзді  …. мейірімді! (ұстазым)   Тату-тәтті …. мейірімді!  (достарым)

Жағдаяттарды шешу:

1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?

2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай  шықты , сен не істер едің?

3-жағдаят: Сенің  анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?

4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?

Мұғалім:  -Балалар  сендер өздеріңді мейірімді баламын деп санайсыңдар ма? Ендеше  бәріміз бірге «Мейірімділік ағашын» өсірейік, ол үшін сендер өздеріңді не үшін мейірімді санайтындарыңды айтып, «мейірімділік ағашына»  жемістерді ілеміз.

Бағалау:  -Балалар сіздер бүгін сабаққа  барлығыңыз өте жақсы қатыстыңыздар, сондықтан мен сендерге алғысымды айтып, «мейірімділік гүлін» сыйлағым келіп тұр. (оқушыларға  түрлі-түсті қағаздардан қиылған гүлдер беріледі)

Жүректен- жүрекке   Мұғалім: «Жылы сезім жүректерде сақталады, Мейірімділік тек жүректен басталады».- деп балаларды жүректен жүрекке шеңберіне шақырдым. Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір – біріне деген жақсы тілектерін білдіреді , мысалы «Ажар сен ғажайыпсың, Абылай  сен ақкөңілсің т.б.

 

 

 

 

 

Сұрақ парақшалары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сызба парақшалары.

(Т)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Ұ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Т)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Ұ)

 

Сабақтың соңы

2 минут

 

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді  бас бармақ саалынған суреттер  арқылы бағалау.

 

Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

 

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

Сөйлеу-речи-speeches

 

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

 

Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

 

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

       

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив