М.Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы

 

              Сынып - 8         Пәні - қазақ  әдебиеті

Сабақтың тақырыбы

М. Мақатаевтың   «Аққулар ұйықтағанда»  поэмасы

Мақсаты

М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы айта отырып, поэманың мазмұнын меңгерту, талдату.

Күтілетін нәтижелер

Ақынның өмірі, шығармашылығы туралы біледі, поэманың мазмұнын меңгеріп, талдау жасай алады.

Негізгі дереккөздер, құрал-жабдықтар

Оқулық, білім ланд  ресурстары ,  интерактивтік тақта,  флипчарт,  маркер.

Оқыту әдістері

«Ақылдың алты қалпағы» әдісімен топтық  жұмыс

Сыни ойлау сұрақтары

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасын орнату

 

«Сәттілік шеңберін құру»

- Балалар, шеңбер болып тұрып, мына әдемі гүл шоғын бір- бірлерімізге жақсы тілек тілеп берейік.

 

Түрлі түсті кағаздар арқылы топқа бөлу

- бүгінгі сабақтарыңыз сәтті өтсін;

- сабақта «5» деген баға ал;

- жақылық тілеймін;

- денсаулық тілеймін, – деген сияқты сөздермен бір-біріне сәттілік тілейді.

Жасыл, сары , ақ, көк,қызыл, қара түстер арқылы 6  топқа бөлініп отырады.

Мотивациялық  кезең

Білім ланд  ресурсын (тест) пайдалана отырып, Т.Ахтановтың  «Күй аңызы»  әңгімесін қортындылату.

М. Мақатаев кім, ол туралы не білесіңдер?

Тест бойынша сұрақтарға жауап береді, білімдерін қорытындылайды.

Операциялық  кезең

Білім ланд ресурсы. (Бейне таспа)

М. Мақатаевтің «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы туралы шығарылым.

Оқушыларға тақырыпты өз беттерімен оқытып меңгерту және мазмұндату.

Талдау сұрақтары:

Поэма қалай басталады?

Ананың аққуды атуына не себеп болды?

Аққуды атқан ана қандай қасіретке ұшырады?

Поэма қандай мәселені көтеріп отыр?

«Кие» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Жетімкөл неге жетімсіреп қалды?

 

 

 

Оқушылар поэманы өз беттерімен оқиды, меңгергендігін шолу мақсатында мазмұндайды, талдау сұрақтарына жауап береді.

 

 

 

Рефлексиялық  кезең

 

 

 

 

 

 

 

Эдвард  де  Бононың  «ақылдың алты қалпағы»  әдісімен шығармаға 6 түрлі бағытта талдау жасайды.

Ақ қалпақ: Жырдың белгілі немесе қажетті тұстарына тоқталады, балалардың  назарын сол идеяларға аударуға жұмыстанады.

Сары қалпақ: Бұл қалпақпен сіз жырдың жағымды жақтарын зерттейсіз және өз назарыңызды, күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз.

Қара қалпақ: Бұл- «әзәзілдің қорғаушысы» жырдың жағымсыз жақтарымен мақтана аласыз,оны өз беттеріңізше қорғауға әрекет етесіз.

 Қызыл қалпақ: Сезімге ерік бересіз, жыр туралы болжамды және ішкі өз түйсіктеріңді білдіресіздер.

 Жасыл қалпақ: Жыр кейіпкерлерінің мүмкіндіктеріне, олар бақытты болуға лайықты жол таба алатындығына, жаңа идеяларға бағытталады.

Көк қалпақ: Ойлау үдерісін басқарады. Бұл бақылаушы тетік, ол барлық алты қалпақтың бағыттарын бақылауға кепілдік береді. Алты топтың айтқандарының сәтті, сәтсіз шыққандығына тоқталады.

 

Оқушылар жұптасып отырады, жыр мазмұнына сай «ақылдың алты қалпағы» әдісі бойынша берілген тапсырманы орындайды,  бар білімдерін  топпен талқылап, ортаға  шығып, тапсырманы таныстырылым арқылы қорғайды және өз пікірлерін ортаға салады, бір-біріне түсіндіреді.

 

Бағалау

 

«Бас бармақ »  әдісі

Кері байланыс. «Бір минуттық эссе»

-           Сен бүгінгі сабақтан нені білдің? 

-           Сенде әлі түсініксіз сұрақтар бар ма?

Фармативті және қалыптастырушы бағалау

Үй тапсырмасын беру

 

Поэманың мазмұны, ұнаған жерінен үзінді жаттау

 

 

 

 

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив