Гүл формуласы.Гүлшоғырлар.

Қызылорда облысы. Арал ауданы.

Жаңақұрылыс елді мекені.

Аманғали   Гүлнар  Аманғалиқызы.

 №74  орта  мектебінің  химия-биология  пәнінің  мұғалімі

Қысқа  мерзімді  жұмыс  жоспары.    

 

Сабақтың  тақырыбы

Гүл формуласы.Гүлшоғырлар.

Сілтеме

МАН. Биология 6-сынып

Жалпы мақсаты

 А) өсімдіктің генеративті мүшесі – гүл, оның құрам бөліктерін, құрылысын еске түсіре отырып «гүлшоғырлар» деген сөздің мағынасын және оның түрлері мен маңызы туралы  ақпарат  беру

Б) Гүлшоғырлардың биологиялық маңызын мысал кетіре отырып оқушы тұлғасына жете түсіндіру.

С)Өзара бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже

  Өсімдіктің генеративті мүшесі – гүл, оның құрам бөліктерін, құрылысын еске түсіре отырып «гүлшоғырлар» деген сөздің мағынасын және оның түрлері мен маңызы туралы  ақпарат  алатын  болады.

 Гүлшоғырлардың биологиялық маңызын мысал кетіре отырып оқушы тұлғасына жете түсінетінболады.

Өзара бірлесіп жұмыс жасайтын болады.

Негізгі  идеялар

Гүл мен гүлшоғырдың адамзат үшін маңызы зор.Гүлдің аңқыған хош исіне,реңіне,пішініне байланысты әртүрлі салада қолданылады.

Дерек көздер

дәптер, «Гүлшоғырлар» электронды көрсетілім, гүлшоғырлардың кеппе шөптері

Тапсырмалар

Ой  толғау

«Мағынаны тану» бөлімі. Жаңа сабақ.АКТ(анимациялық  слайд)

Топтық  жұмыс «Постер қорғау»

Жұптық  жұмыс «Кесте толтыру»

Жеке  жұмыс . З.ж

 

 

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру       (     2  минут)

1.Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу (психологиялық  дайындық)

Менің көңіл – күйім жақсы

            Мен сабақты жылдам орындаймын

            Мен сабақты жақсы оқимын

            Менің тәртібім жақсы т.б.

2.Топқа бөлу      (  3  топқа бөлінеді) .   1. Гүл     2. Жеміс     3. Тұқым

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау .«Ақылды доп» ашық сұрақтар (7 минут)

       1. Гүл дегеніміз не?

2. Гүлдің негізгі бөліктерін атаңдар.

3. Гүлсерігі деп қандай бөліктерін айтады және олар қалай бөлінеді?

4. Аналықтың құрылысы?

5. Аталықтың құрылысы?

6. Тостағанша жапырақша?

7. Күлте жапырақша?

8. Жай гүлсерік мысал келтіру.

9. Қос гүлсерік мысал келтіру.

                                                             (Бағалау түрі;Мадақтау)

 

ІІІ «Мағынаны тану» бөлімі. Жаңа сабақ.

АКТ(анимациялық  слайд)

(  3  минут)

Іздену (нені білгіміз келеді?)

ІV. Топтық  жұмыс «Акпарат  алу»  Постер  қорғау (  10   минут)

I   топ   Қос және дара жынысты гүлдер? Гүл формуласы?  беті  корсету

II   топ   Гүлшоғыр? Жай гүлшоғырлар?

III  топ   Күрделі гүлшоғырлар?  Гүл мен гүлшоғырдың маңызы?

«Топтардың өзара бағалауы» (критерий  арқылы   3  минут)

Бағалау критерийлері

І-топтың жұмысы

ІІ-топтың бағалау жүргізуі

1.Тапсырманың эстетикалық талғаммен орындалуы

 

2.Ақпараттардың  нақтылығы

 

3.Тапсырманың  орындалу ерекшелігі

 

 

V. Жұптық  жұмыс  «Ой қорыту (нені білдік?)» (7 минут)

 

шашақ

 

жай

масақ

 

 

собық

 

 

 

күрделі

шоғыр

 

жай

шоғыр

 

күрделі

шашақ

 

себет

 

күрделі

масақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. жүгері 2. жолжелкен 3. тары 4. наурызшешек 5. бидай   6. мия

7. балдырған 8. өгейшөп 9. күнбағыс10. қараған11. пияз12. гүлшетен13. сәбіз14. гүлкекіре15. қарабидай

Бағалау критерий 

Толық  тапсыраманы орындағаны – 2  балл

Тапсырманы жартылай орындағаны – 1  балл

Тапсырманы орындамағаны – 0 балл

Сергіп  бір  алайық  (2  минут)

 

VI. Жеке  жұмыс.   №13-зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Жай және күрделі гүлшоғырлармен танысу.

Мақсаты: жай және күрделі гүлшоғырларын салыстырып зерттеу.

Құрал-жабдықтар: бидай, күріш масақтары, жүгері собығы, күнбағыс немесе түймедағы себеті, сұлы масағы, сәбіздің гүлшоғыры, мия гүлшоғырлары, асбұршақ (горох), жолжелкен, балдырған гүлшоғыры, т.б.

Жұмыстың барысы:

1. Алдымен алдарыңа үлестірілген гүлшоғыр түрлерінің кеппешөбін жай және күрделі гүлшоғырға бөліп алу.

2. Жай гүлшоғырлардың түрлерін талдап өсімдіктің атын жазып оқулықтағы суретпен салыстыру, суретін салу.

3. Күрделі гүлшоғырлардың түрлерімен танысу, талдау, өсімдіктің атын білу, жай гүлшоғырларына ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарау.

Нәтижесі:              Төмендегі жай және күрделі гүлшоғырлардың аттарын жаз:

 

       

1.

2.

3.

4.

 

       

5.

6.

7.

8.

 Қорытынды:

1. Гүлшоғыр дегеніміз не?________________________________________________________

______________________________________________________________________________

2. Жай гүлшоғырынан күрделі гүлшоғыр несімен ерекшеленеді?_______________________

______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

Бағалау түрі:Жеке жұмысты бағалау (дайын жауап үлгісі арқылы)

 VII. Кері байланыс (сабақта не туралы болды, не ұнады, не қиын болды тақырыбында кері байланыс парақшасы толтыруға таратылды)  (3  минут)

 

Кейінгі тапсырмалар 

Жай және күрделі гүлшоғырларды тауып қысқаша хабарлама жазыңдар.

Кейінгі оқу

Гүл формуласы.Гүлшоғырлар.

 ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив