Жылы және суық түстер

Көркем еңбек.

Сабақ тақырыбы:

Жылы және суық түстер.

Мектеп: №42

 

Сабақ: көркем еңбек,ағылшын тілі

Бөлімі: Бізді қоршаған әлем.

 

Күні :14.12.2016ж

 

Мұғалімдер  есімі: АбдижалеловаА. Зайырымбетова Н.

СЫНЫП: 1 «Ә»

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны: 3

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.2.1.1 Өз идеялары мен сезімдерін айқындау үшін   қарапайым тәсілдерді анықтап, қоршаған  ортадағы   кейбір визуалды элементтерді қолдану, түсінік беру.

1.2.2.1 Қарапайым  әдістер мен  тәсілдерді  пайдаланып, материалдарды (суық және жылы) және түстерді қолдану, эксперимент  жүргізу, түстерді танып, ажырату.

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Түстерді таниды, ажырата алады.Таныған  түстерін  қолдана  алады,түстерге сәйкес  бояйды.Жылы және суық  түстерді  сәйкестендіреді

Көпшілігі: Қоршаған ортадағы түстерді ажыратып, оларды салыстырады,түстердің  атын  біледі,жылы және суық  түстерді   анықтай алады,түстеріне сәйкес  топтайды,артық  түсті табады

Кейбірі:  Жылы және суық түстерді ажырата алады. Түстерге сәйкес  құбылыстарды біледі,Өз сөзімен ойын еркін жеткізеді.Түстерді өмірмен  байланыстырады.Түстерді жыл мезгілдерімен  байланыстырады.

Жетістік критерийлері

Қандай түстер жылы, суық деп аталатынын жылы және суық түстер қандай әсер қалдыратынын біледі.

Нені үйренулері керек

Қоршаған ортадағы және суретшілердің туындыларындағы жылы және суық түстерді танып жұмыстарына қолдануды үйренеді.Түстерді суық пен жылыға  қарай ажырату

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың табиғат сұлулығын түсініп, ондағы түстерді ажырату, әсемдікті сезінуге тәрбиелеу.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ, аудиожазба.түрлі дыбыстар

Тілдік құзіреттілік

Жылы және суық түстерді затпен  байланыстырып үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айту.

Жұмысқа қажетті ресурстар

Акварель немесе гуашь, жұмыс дәптері, қол сүртетін орамал, қар, мұз, мозайкілер,майшам,желім,қағаздар т.б.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. 2 мин.

Қане, балалар, шеңберге тұрып, алақанды беттестіріп, жүрек жылуымызды жіберейік. Бір-бірімізге жымия қарап, іштей бүгінгі күнге сәттілік тілейік.

Шаттық шеңбері.

Сабақтың ортасы. 2мин

Оқушылар топқа бөлініп, пазл әдісімен  бейнелерді құрастырып шығарады.  Құралған сурет бойынша  ерекшеліктерін табады,топ  атауына мәлімет береді

Мозайкалар.

1.Күн тобы.

2.От тобы.

3.Қар тобы.

4.Бұлт тобы.

Материалды түсіндіру.

3 мин.

- Балалар, айналамызға қарайық. Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс.

- Қыста  ауа-райы қандай? Балалар, қолдарымызды мына қарға тигізейік.  Не сезіндіңдер? (қимылмен көрсетеді) Өз ойларын айтады.

  Далада  сулар   қандай болып қалады?Оның түсі қандай?Ендеше  көк,көгілдір түстер  қыс  мезгілінде көп кездескендіктен суық тустер деп атаймыз. 

 Оқушылар суық түстерді үш тілде айтады. 

 

Слайдтан суық түстерді көрсету.

 

 

 

 

 

Ыдыспен қарды әкелу.

 

- Балалар, қолымызды бір-бірімізге жақындатып, күннің шапағын жасайық. (мұғалім майшамды балалардың қолына жақындатады) Қауіпсіздік ережесін айтып кету.

- Не сезіндіңдер?

-Оттың түсі қандай? Күннің  түсі қандай?

-Сары,қызғылт сары,қызыл-жылы түстер деп аталады.Олай болса, жылы түстерді айтайық. (үш тілде айту)  Суретшілер қызыл,жасыл,қызғылт сары түстерді жылы түстер деп атайды.

 

Майшам.

 

Дәптермен жұмыс.

2 мин.

Айтылым.

 

Ағылшын  тілінде   жылы және суық  түстерге  тоқталу.Слайд бойынша

Видеоролик арқылы  ағылшынша түстерді қосылып айту.

 

Жеке жұмыс.

Оқушылар дәптеріндегі жұлдыздардың түстеріне қарай жылы және суық түстер бойынша карандашпен қосып, ағылшын тілінде айтады.

Түрлі-түсті жұлдыздар.

 

Тыңдалым.

3 мин.

Саяхатқа  екі түйе   шығады.Түйелерді  кешкі және күндізгі түстермен  сәйкестендірейік.Жұлдыздарды  жапсыру арқылы ,күндізгі түйеге жылы түстерді,кешкі түйеге суық  түсті жұлдызды  жұппен  орындап,жапсыру

 

Жұптық жұмыс.

Жылы және суық түстерге байланысты күндізгі және кешкі түйелердің көшіне жұлдыздарды желімдеп, жұптық тапсырмалар орындайды.

Макеттер.

Сергіту сәті.

Түстер туралы ағылшын тілінде ән айтады.

Аудиожазылым. АКТ.

 

Топтық жұмыс.

Әр топқа күн және аққала салынған сурет беріледі. Оқушылар жылы және суық түстерді саусақ арқылы бояп көрсету керек.

Желтоқсан айында  қандай мерекелер бар?

-Тәуелсіз  мемлекетіміздің рәміздері қандай?

-Тудың  түсі қандай?

-Жылы түс пе,салқын түс пе?

«Не  артық?» Сынып  бөлмесіндегі  суық  түстерді табу

Түрлі түсті шарлардан  артық  түсті табу

Күн, аққала.

 

Көрме.

Тақта алдында жұмыс.

Оқушылар өз жұмыстарын тақтаға іліп, екі-үш оқушы қорғайды.

 

Сабақтың қорытындысы

Қалыптастырушы  бағалау (қазақ, орыс, ағылшын тілінде айту)

Дескрипторы:

-          Түстерді  затпен  сәйкестендіреді

-          Жылы және суық түстерді ажыратады.

Кері байланыс

 

 

Сиқырлы таяқша арқылы оқушылар өз ойларын айтады.

-          Мен не істедім?

-          Маған не ұнады?

 

           

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив