Жаратылыстану 1 сынып: 5.5.Электрлік (Электр)

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 1-сынып

Күні:                                                                                

Бөлімше тақырыбы/дағдылар:

 5.5.Электрлік (Электр)

Мұғалім:Жашенова Дария Максутовна

Оқу мақсаттары (ОМ) ұзақ мерзімді жоспардан

 1.5.5.1.адамның күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіндіру.

Сабақ мақсаттары:

Барлығы: электр тоғының адамның күнделікті өміріндегі маңызын біледі.

Көпшілігі: электр энергиясын басқа да құралдардан алуға болатынын түсінеді.

Кейбіреуі: электр тоғын үнемді пайдалану қажеттігі жайында, электр тоғын пайдалануда қауіпсіздік техникасы ережелері жайында ой қорытындылайды.

Бағалау критерийлері

Адамның күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіндіреді;

Электр тоғымен жұмыс істейтін және батереямен жұмыс істейтін заттарды ажыратады.

Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология:

Электр – электр - еlectr

Батарея – батарея - battery

Жазылым және диалог үшін пайдалы сөздер мен сөз тіркестері:

- Балалар, суреттерден не көріп тұрсыңдар?

- Бұл құралдарды біз не үшін пайдаланамыз?

-   Оларды бір сөзбен қалай атауға болады?

-   Жылытқыш құралдарын іске қосу үшін бізге не қажет?

-   Тоқ дегеніміз не?

 

- Балалар, сендер жана сыныптағы электр тоғы арқылы жұмыс жасап тұрған барлық құралдарды атаңдыңдар. Ал сағат қалай жұмыс жасап тұр?

- Батереяны да электр көзі деп атауға бола ма?

- Батереяның қуаты таусыла ма?

- Оны қайта қуаттауға бола ма?

- Батареямен жұмыс жасайтын қандай құрылғыларды білесіңдер?

Құндылықтар

 

Электр тоғының адам өміріндегі маңызы мен алатын орны жайында қорытынды жасай отырып, электр тоғын үнемді пайдалануға баулу. Электр тоғының қауіптілігі туралы айта отырып, оны қолданғанда қауіпсіздік техникасын сақтап, үлкендерсіз электр құралдарын қосуға болмайтынын үйрету.

Ресурстар

 

 Иетербелсенді тақта, таныстырылым, ұялы телефон, батареялы ойыншықтар, батареялар, тоқ көзі, т.б.

Интернет ресурстар: электрдің адам өміріндегі маңызы туралы, бу машинасының жұмысы жайлы бейнефильм

http://pikabu.ru/story/esli_byi_ne_byilo_yelektrichestva__280100,

Қауіпсіздік шаралары жайындағы бейнежазба https://www.youtube.com/watch?v=1hTprETszT8, https://www.youtube.com/watch?v=4xPNYP4Ogw8

Сабақтың жоспарлау кезеңдері

Оқыту әдістері

Бағалау әдістері

Саралау тәсілдері

Сабақтың басы

 1-5 минут

Ұ. Психологиялық ахуал.

«Үш көмекші» жаттығуы

Мынау менің жүрегім

Барлық істі бастаған.

Мынау басым ақылды,

Барлық істі басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым

Барлық істі атқарған.

 

Ұ.Т. Топтастыру

Оқушыларға жылытқыш құралдардың суреттері бар қима парақшалар таратылады. Оқушылар суреттерге байланысты топтарға бөлінеді. Бір топта әр түрлі суреттер жинақталу керек.

Ø  Жылытқыш

Ø  Шәйнек

Ø  Микротолқынды пеш

Ø  Шаш кептіргіш

 

Ұ. «Лездеме сұрақтар» әдісі арқылы алдыңғы материалды өзектендіру, ширату.

- Балалар, суреттерден не көріп тұрсыңдар?

- Бұл құралдарды біз не үшін пайдаланамыз?

-   Оларды бір сөзбен қалай атауға болады?

-   Жылытқыш құралдарын іске қосу үшін бізге не қажет?

-   Тоқ дегеніміз не?

ОМ ашып алу.

Мадақтау сөздері арқылы бағаланады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құралдардың ортақ атауын айтады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құралдардың электр тоғы арқылы жұмыс жасайтынын айтады.

Сабақтың ортасы

6-40 минут

Т. «Фишбоун» әдісі (Оқулықпен жұмыс)

Оқушыларға постерде «балықтың сүйегінің» дайын сызбасы беріледі.

Тапсырма: Оқулықтың 66-бетіндегі суреттерді салыстыр. 1-суреттен не байқадың, соны балықтың жоғарғы сүйектеріне жаз. 2-суреттен байқағандарыңызды балықтың төменгі жақ сүйегіне жазыңдар. Ал балықтың құйрығына осы екі суретті салыстырудан жасаған қорытындыны жазыңдар.

           
     
 
       
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Дескриптор: оқушылар үңгірдегі адамдардың не үшін от жағып отырғанын білді, түсінді, жазды. Екінші суретті сипаттап жазды. Салыстырудан қорытынды жасады.

Қ. топ спикерлері қорғаған соң, топтық жұмыс «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

 

МК. «Түртіп ал» әдісі

Ертеде адамдар түні бойы жанып тұрған оттың жарығын пайдаланған. Одан кейін таяқтың басына шүберек байлып, соны жаққан. Осылайша «факел» пайда болған.

 
   

 

 

 

 

 


 Кейінірек адамдар кішілеу ыдысқа май құйып, оған жіптен немесе мақтадан жасалған білтелерді матырып жағып қойған. Осылайша «май шамдар» пайда болған.

               
               
 

 

 

 

 

 


Бір заманда адамдар ақылының арқасында электр шамын ойлап тапқан. Ол тиімді, әрі дұрыс пайдаланса қауіпсіз болып есептеледі. Электр тоғын үлкен «Электр станциялары» шығарады.

 
   

 

 

 

 


Табиғатта да электр заряды бар. Ол «Найзағай» деп аталады.

МК. «Ойлан!» әдісі

Проблемалық сұрақ: Түнде үйде электр жарығы өшіп қалса, не болар еді?

Оқушылардың жауабы тыңдалған соң мұғалімнің толықтыруы.

Оқулықпен жұмыс. Есте сақта! Адамдар электрдің көмегімен бөлме ішін жарықтандырады, үйді жылытады, ас әзірлейді. Электр көптеген тұрмыстық құралдардың арнайы жабдықтардың жұмыс істеуі үшін қажет.

Проблемалық сұрақ: сынып бөлмесінде қандай құралдар электр тоғының көмегімен жұмыс жасап тұр. Оларды атаңдар.

Дескриптор: сынып бөлмесіндегі электр құралдарын атайды.

Қ. мадақтау сөздері арқылы бағаланады.

 

Т. «Сиқырлы лента» әдісі

- Балалар, осы электр құралдарымен жұмыс жасағанда бізге абай болу керек пе?

- Олай болса, сендер өз беттеріңмен электр тоғымен жұмыс жасаудағы қауіпсіздік ержелерін құрастырып көріңдер.

          Топтық жұмыс үшін мұғалім әр топқа түрлі-түсті  жолақ болып қиылған «лента қағаздар» мен маркерлер таратады. Оқушылар топпен ойланып, әр лентаға электр тоғын пайдаланудағы қауіпсіздік ержелерін жазады. Тапсырманы орындауға уақыт шектеулі болады.

 

«Эстафета» ойыны.

Ойынның ережесі: уақыт аяқталған соң әр топтан бір оқушы тұрып, бір ережені оқып береді де тақтаға лентаны іледі. Осылайша келесі топтар кезекпен бір-бір ережеден оқып, тақтаға іліп отырады. Бірақ бірінің ойын бірі қайталамаулары қажет.

Дескриптор: электр тоғын пайдаланудағы қауіпсіздік ережелерін біледі, құрастырады, жазады.

Қ. «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылар әр топтың жауабын ойын барысында бағалайды.

 

МК. Оқушылардың ойларын толықтыру мақсатымен бейнебаян көрсетіледі.

https://www.youtube.com/watch?v=1hTprETszT8

МК.

Проблемалық сұрақ.

- Балалар, сендер жана сыныптағы электр тоғы арқылы жұмыс жасап тұрған барлық құралдарды атаңдыңдар. Ал сағат қалай жұмыс жасап тұр?

- Батереяны да электр көзі деп атауға бола ма?

- Батереяның қуаты таусыла ма?

- Оны қайта қуаттауға бола ма?

- Батареямен жұмыс жасайтын қандай құрылғыларды білесіңдер?

Мұғалімнің толықтыруы.

 

Т. Зерттейік

Әр топқа батареямен жұмыс жасайтын ойыншықтар (қуыршақ, машина, жұмсақ ойыншық) мен түрлі өлшемдегі батареялар таратылады. Оқушылар ойыншықтың батарея салынатын жерін анықтайды, ол жерге дәл келетін батареяның түрін анықтайды, оны дұрыс салып, ойыншықты іске қосады. Зерттеу жұмысы біткен соң, әр топтан бір оқушы ортаға шығып, ойыншықты қалай іске қосқандарын, оны іске қосу үшін қандай өлшемдегі батарея қолданғандарын айтып береді.

Дескриптор: ойыншықтың батарея салынатын жерін анықтайды, дәл келетін өлшемдегі батареяны таңдайды, батареяны дұрыс салып, ойыншықты іске қосады.

Қ. «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағаланады.

 

«Сен білесің бе?» айдары

Эврика мен Негештің диалогы аудиожазбадан тыңдалады.

Негеш: Эврика, батареямен жұмыс жасайтын ойыншық машинаны білеміз. Ал электр тоғымен жүретін нағыз машиналардың бар екенін білесің бе?

Эврика: Әрине білемін, балаларға да айтып берейін. Оқулыққа назар аударыңдар. Электрмен жүретін автомобильдер электромобильдер деп аталады. Олар тіпті 1841 жылы пайда болған. Алғашқы электромобильдер электр моторы бар арба сияқты болған.

МК. EXPO жайында қысқаша мағлұмат беру.

Балалар, көрдіңдер ме адам баласы неше түрлі құрылғыларды ойлап табады. Оны барлық әлемге көрме арқылы көрсетеді. Ондай көрме EXPO деп аталады. Біздің елімізде де EXPO көрмесі өтіп жатыр. Биылғы көрменің тақырыбы «Болашақ  энергиясы». Яғни, бүгінгі біз өтіп жатқан электр тоғын алудың жолдары, электр тоғымен жұмыс жасайтын құрылғылар туралы барлық әлемнен неше түрлі өнертапқыштар келіп жатыр. Сендердің де өнертапқыш болғыларың келе ме? Ол үшін не істеу қажет?

 

Ұ. Сергіту сәті «Поезд» ойыны

Кәне кімнің бойы ұзын

Паравозы ол поездың.

Қатар, қатар тұрайық

Поезды біз құрайық.

Ал паравоз баста алға!

Бәрімізді басқар да.

Пш, пш, пш біз кеттік,

Жүрісті тым үдеттік.

 

Қ. Ө. Дәптермен жұмыс

Оқу мақсаты:  1.5.5.1.адамның күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіндіру.

Бағалау критерийі:

Ø    Электр тоғымен жұмыс істейтін және батереямен жұмыс істейтін заттарды ажыратады.

Ø    Электр құрылғыларының атауын біледі, ой қорытындылайды.

Ойлау дағдысының деңгейі: білу, түсіну, қолдану.

1-тапсырма. Розеткаға қосылатын құралдардың суретін боя.  Батарея арқылы жұмыс істейтін құралдардың суретін қоршап сыз.

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор: Білім алушы

ü    Розеткаға қосылатын құралдарды анықтап, суретін бояйды;

ü    Батареямен жұмыс істейтін құралдарды анықтап, суретін қоршайды.

 

2-тапсырма. Әрбір суреттің астыңғы жағына суретте көрсетілген құралдар атауының бірінші әрпін жаз. Осы әріптерді кестедегі тиісті нөмірдің астына жаз. Сол кезде бұл құралдар не арқылы жұмыс істейтінін білетін боласың.

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Дескриптор: Білім алушы

ü Суреттегі құралдың атын атайды, алғашқы әрпін жазады;

ü Әріптерді кестеге толтырып, сөзжұмбақты шешеді;

ü Электр туралы қорытынды жасайды.

 

Қ. Оқушылардың жұмысы смайликтер арқылы бағаланады.

 «Бас бармақ» арқылы бағаланады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мадақтау сөздері арқылы бағаланады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағаланады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағаланады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мадақтау сөздері арқылы бағаланады

 

 

 

 

 

 

 

Смайликтер арқылы бағаланады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттерді салыстырып, өз ойларын айтады, қорытынды жасайды, спикер болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өз ойларымен бөліседі, дәлелдейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қауіпсіздік техникасының ережелерін құрастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрастырған ережені қорғайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Батарея жайында мағлұматтар айтады, қолданылу аясын еске түсіреді.

 

 

 

 

 

 

 

Ойыншықтарға дәл келетін өлшемдегі батереяны таңдайды. Батареяны дұрыс салады, ойыншықты іске қосып, спикер болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өз пікірлерін білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

41-45 минут

Т. «Кубизм» ойыны

Ережесі: 1-айналымда әр топ кубикты лақтырып, өздеріне сұрақ таңдайды. Мұғалім қағазға жазылған сұрақты топқа береді. Барлық топ сұрақ таңдаған соң, екінші айналым басталады. Яғни, бірінші топтан бастап сұрақтарға жауап тыңдалады.

Сұрақтар:

1.    Электр тоғы не үшін қажет?

2.    Электр тоғымен жұмыс жасаудағы ұстанатын қауіпсіздік техникаларын атаңдар.

3.    Батареяның адамға қандай пайдасы бар?

4.    Электр энергиясы болмаса, оны немен алмастыруға болады?

Дескриптор:

ü Электр тоғының пайдасын айтады;

ü Электр тоғымен жұмыс жасаудағы ұстанатын қауіпсіздік техникаларын атап береді;

ü Батареяның пайдасы туралы әңгімелейді;

ü Электр энергиясы болмай қалған жағдайдағы іс-әрекеттерін айтады, өз ойларын дәлелдейді.

Қ. Әр топтан бір спикер сұраққа жауап берген соң, топтың жұмысы «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

 

Кері байланыс.

«Үш көмекші» әдісі арқылы сабаққа кері байланыс ұйымдастырылыды. Әр оқушыда үш стикер болады. Бірінші стикерге білім алушылар бүгінгі сабақтан не сезінгендерін жазады да жүректің астына іледі, екінші стикерге білім алушылар сабақта бастары арқылы не ойланғандарын жазып, бастың астына жазады, үшінші стикерге сабақта қолдары арқылы не істеді, не істеп үйренді соны жазып қолдың астына іледі.

   

 

Жүрегің арқылы сабақта не сезіндің?

 

Басың арқылы нелерді ойлап таптың?

Қолың арқылы сабақта қандай жұмыстарды орындай алдың?

 «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұраққа жауапты қорытындылайды. Өз ойларын дәлелдейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген сабақ бойынша мұғалімнің рефлексиясы  

1) ОМ жеткен және жетпеген оқушылар саны

2) Егер жетпесе, себебі не?

3) Жоспардан қандай ауытқулар болды, неге?

 

Жалпы баға

ОМ жету үшін қандай әдіс – тәсілдер тиімді болды?

Сабақтың жақсы өтуіне не әсер етуі мүмкін еді?

 Келесі сабақта неге көңіл қою керек (сыныптың, оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктері)?

           

 

Жашенова Дария Жаратылыстану

 

 ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫН ЖҮКТЕУ

Назар аударыңыз! Жасырын (толық) мәтінді көру үшін сайтқа тіркелуіңіз қажет.

1 пікірлер

0 "04 март 2019 22:01" КульзадаҚонақтар

Керемет жазылған! Еңбегіңіз жансын!

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив