Геометриялық фигуралар және оның жіктелуі

Сабақ жоспары

Пәні: математика                     Мектеп:Сәтбаев қаласы «№ 3 ЖОББМ»КММ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Күні:                                                   Мұғалімнің аты – жөні: А.Т. Булегенова

 

Сынып: 1                                           Қатысқандар саны: 20

                                                             Қатыспағандар саны: 0

 

   Сабақ тақырыбы:          

Геометриялық фигуралар және оның жіктелуі

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.3.1.2. Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы затттармен сәйкестендіру

 

Сабақ мақсаттары:

    Барлық оқушылар:                                        Геметриялық фигураларды анықтай  алады        Көптеген оқушылар:

     Берілген фигуралардың қабырғаларын өлшеп,     салыстырады.     

    Кейбір оқушылар:

     Бірнеше бөліктерге бөлініп, әр бөліктің ішіне    мысалдар жазылған шаршының суретін    құрастырады

Бағалау критерийлері

-         Жазық (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) фигураларды және кеңістік ( куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) денелерін ажыратады

-         Геометриялық фигуралар мен қоршаған ортадағы заттардың пішініне ұқсастығын анықтайды

 

Тілдік мақсаттар

1. Геометриялық  фигура – геометрические

     Фигуры -  qeometriq fiqure.

  2. цилиндр – цилиндр

3. конус - конус

 

Сыныптағы диалог – тыңдалым және айтылым дағдылары

Талқылауға арналған сұрақтар: Неліктен үшбұрыштың үш бұрышы, төртбұрыштың төрт бұрышы болады?

 

 

Құндылықтарды дарыту

Күнделікті өмірде математиканың қажеттілігін   түсіндіру.  Ойлау, іздену дағдыларын   қалыптастыру.

 

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, еңбек, бейнелеу өнері

АКТ қолдану дағдылары

Флипчарт

Бастапқы білім

  1.3.1.2. Жазық  фигураларды (үшбұрыш,

 дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және                                         кеңістік фигураларды ( куб, шар, пирамида

  тік бұрышты параллеппипед) тану және  қоршаған ортадағы заттармен сәйкестенді

  ру  

 

 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал орнату   2 мин

 Шаттық шеңбер: «Жүректен - жүрекке» бір біріне жылы лебізін, арман тілегін білдіреді.

 

  «Сұрақ – жауап» әдісі арқылы өткенді пысықтау және кеңістік фигураларға шолу жасау

 

Топқа бөлу: Геометриялық фигуралар арқылы бөлемін

( үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш)

 

Ойыншық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түрлі түсті қима қағаздар

Сабақтың ортасы

Сабақ мақсатына орай геометриялық  фигуралар     үшбұрыш, шаршы, төртбұрыштың қабырғасын

  өлшеп салыстырады. 

 

«Миға шабуыл» әдісі: Алты шірпіден бес үшбұрыш құрастыру

1.     Тапсырма.    Жазық фигураларды қызыл түспен, ал кеңістік фигураларын көк түспен бояңыз және фигураларды атаңыз

 

Дискриптор:

-         Жазық фигураларды табады?

-         Кеңістік денелерді анықтайды және көк түспен бояйды

Тамаша! Жарайсыңдар!

 

2.     Тапсырма: Кеңістік фигураларының атауын оқыңыз, оларды суреттегі ұқсас заттармен сәйкестендір

Дискриптор:

-         Цилиндр пішіндес заттарды анықтайды және фигурамен сәйкестендіреді

-         куб пішіндес заттарды анықтайды  және фигурамен сәйкестендіреді

-         шар пішіндес заттарлы анықтайды және фигурамен сәйкестендіреді

Сергіту сәті:   1 мин

-         Оқулықпен жұмыс 1 бөлім 52 бет

Оқушылар бүгінгі сабақта кеңістік фигураларымен танысады. Цилиндр, пирамида, конус және шар кеңістік фигуралары деп аталады. ( Сурет бойынша жұмыс) Суреттен кеңістік фигуралары пішініндегі ғимаратарды табу

53 бет бойынша: ( Зерттеу жасау) сыныптан кеңістік фигураларын тауып, біреуінің суретін салу, осының қайсысы домалайды

«Бас бармақ» әдісі бойынша бағалау

Топпен жұмыс:Оқушылар фигураның әр түсімен танысу үшін әрбір топқа ашықхаттар топтамасын, журналдар мен кітаптарды, альбомдарды дайындап қою. Оларда геометриялық формаларды анық көрсететіндей заттар бейнеленген болу керек.

1 топқа: цилиндрге ұқсайтын формалары бар заттар: ағаштардың діңдері, зауыттың мұржалары т.б табу керек

2 топқа: Конусқа ұқсайтын заттарды табады: мұз сүңгілер, балалардың пирамида тәріздес ойыншықтар т.б.

3 топқа: Шарға ұқсайтын денелерді табу: доптар, күн, шарлар осыған ұқсас заттарды табу

4 топқа: Жазық фигураларды табу

( шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш )

Жарайсыңдар, балалар!

Егер оқушылар пішіндердің атауларын білмесе, оларға кеңістікті геометриялық фигуралардың ішінен оған ұқсасын тауып, сыныптағы барлық оқушыға көрсетіледі

«Ойлан тап» ойыны

Жүргізуші қандай да бір фигураны жасырады да, оның өзіне тән негізгі ерекшелігін айтады.  Оқушы фигураны тауып, оның айтуы қажет. Кім дұрыс тапса, сол оқушыны тапқан фигурасына ұқсас медальмен марапатталады

 

Геометриялық фигуралар

 

Пішіндер текше, шар және цилиндр түріндегі заттардың бейнелері салынған кескіндер

 

Сабақтың соңы

Сабақ соңында:

-жазық фигураларды, әрбір фигураның өзгешелігін анықтауды, жазық фигура кеңістік фигураның ізі немесе баспа таңбасы екенін біледі. Оқушыларға жазық фигураларды көрсете отырып, тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу үшін сұрақтар қою:

- кез келген жазық фигураны ата. Аталған фигураның қандай ерекшелігі бар екенін білесің бе?

- цилиндрдің табанын бастырып сызса, қандай фигура шығады?

- егер параллепипедтің жағын бастырып сызса, қандай фигура шығады?

 

-  Кері байланыс: Нені білдім? Нені үйрендім? Нені толық түсінбедім? әдісі бойынша оқушылар өздерін бағалайды

«Жетістік баспалдағымен» өзін – өзі бағалауға байланысты жұмыс өткіземін

 

кәрзеңке

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырады?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 

Кеңістік фигуралар мен жазық фигураларды анықтайды, салыстырады.

Зерттеу жасайды

 

-         «Бас бармақ», «Бағдаршам» әр топ бір – бірін, өзара бағалау, өз –өздерін бағалау, мұғалімнің бағалауы,

-         «Жетістік баспалдағы» өзін – өзі бағалау

Байқампаздық қабілетін дамытуға арналған тапсырма.

 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив