Көшпенділердің киіну мәдениеті ҚМЖ

 

 

Пәні: қазақ тілі  5/1-сабақ           Мектебі: М.Ломоносов мг

Сабақтың бөлімі: 2-бөлім Көшпенділер мәдениеті 

Сабақтың тақырыбы: Көшпенділердің киіну мәдениеті

Күні:

Мұғалімнің  аты-жөні: Жорабекова С.Ж.

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

7.Т/А3.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.

7.Ж1.Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру.

7.ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану.

Бағалау критерийі

 

1. Мәтін мазмұнын түсінеді, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата алады.

2. Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құра  біледі.

3. Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдана алады.

Ойлау деңгейі

Білу, түсіну.  Қолдану.

Сабақ  мақсаттары

 

 

 

 

Барлық оқушылар орындай алады:

1. Мәтінді оқиды, мазмұнын түсінеді.

2. Өлеңдегі екпінді анықтай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

1. Мәтін мазмұнын түсініп, басқаларға түсіндіре алады.

 Берілген ақпараттан факті мен көзқарасты ажырата алады.

2. Өлеңді кідіріс жасай отырып интонациямен  мәнерлеп оқи біледі.

Кейбір оқушылар орындай алады:

1. Мәтін жанрына сай күрделі жоспар құра алады.

 

Тілдік мақсат

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Сақ, ғұн, түркі тайпалары, Түркі қағанаты, Орхон-Енесей ескерткіштері,  Ұлы Жібек жолы, киіз, былғары, көшпелі.

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: сақ киімдері, көшпелі өмір салты, сақ көсемі, түтікшелі бұрым, сауда-саттық байланыстар, киім кию мәдениеті, сапасы жоғары материал, Қытай монахы, Қазақстан территориясы, бас және сырткиім үлгілері.

Талқылауға арналған сұрақтар: «Күнделікті өмірде ұлттық киімдерді киіп жүрер ме едің?»

Құндылықтарды дарыту:

Киім кию мәдениетін ұғыну, сөз өнерін түсіну.

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет, тарих, технология.

Алдыңғы оқу:

Көне түркі жазуы

                                            Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Педагогикалық әдіс-тәсілдер Жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин.

 

 

 

 

Психологиялық дайындық

Шеңберде тұрған оқушылар жанындағы  оқушының киіну мәдениетіне байланысты жылы сөздер айтады.

Топқа бөлу

Қима қағаздарда жазылған сөздерден сөйлем құрау арқылы топтастыру: Көшпенділердің киіну әдебі - өмір салтына ыңғайлы. Көне мәдени үлгілерді этнографиялық музейлерден көреміз. Руна жазуы- түркілердің тұңғыш әріптік жазуы.

І топ: «Білім»

ІІ топ: «Әдеп»

ІІІ топ: «Мәдениет»

 

Үй тапсырмасын тексеру

«Көне түркі жазуы»

Әуен ойнап жатқанда бір-біріңізге сәлемдеме жіберіп, әуен тоқтағанда бір қабатын ашып, сұраққа жауап беріңіздер.

Тақырыпқа қатысты сұрақтар:

1.Көне түркі Орхон-Енисей әліпбиінде неше әріп бар?/35

2. Жазудың бағыты қалай қарай жүреді? /оңнан солға

3. 8 дауысты фонема қанша әріппен белгіленеді? / төрт

4. 16 дауыссыз фонема қанша әріппен белгіленеді? / 31

5. Екпін сөзін қандай тіркестерде, сөйлемде қолдана аласың? /Жел екпіні. Судың екпіні қатты. Дауысы екпінді. Оқу екпіндісі.

6. «Неткен қуаныш, мен Астанаға ЭКСПО2017 көрмесіне барамын!» сөйлемін рөлге еніп айтыңыз. / Екпін түсіре, интонациямен айтады.

 

ҚБ. «Басбармақ» арқылы бағалау

«Шаттық шеңбері»

 

 

Топтастыру

 

 

 

 

 

 

 

«Сәлемдеме жіберіңіз» әдісі

 

 

 

 

Кеспе қағаздар

 

 

 

 

 

Әуен

Сабақ ортасы

25 мин.

 

 

 

 

Ойқозғау

-Түрлі стильдегі түрлі кезең киімдерінің суреттерін анықтап, көшпенділер кезеңіндегі киімдерді «ішкі шеңберге» орналастырыңыздар.

 

-«Ішкі шеңбердегі» суреттерге қарап, бүгінгі сабақ тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?

 

1-тапсырма

Мәтінмен жұмыс «Көшпенділердің киіну мәдениеті»

Берілген мәтін бөліктерін оқып, топта талдаңыздар және келесі топқа түсіндіріңіздер.

І топ:  Көшпелі өмір салтына ыңғайлы  сақтар мен ғұндар киімі

ІІ топ: Өзгеше бөрк және түтікшелі бұрым қап

ІІІ топ:  Түркі қағанатының сауда-саттық байланыстары

 

ҚБ.  «Бағдаршам»  арқылы бағалау

 

2-тапсырма  

Мәтінмен жұмыс  «Көшпенділердің киіну мәдениеті»

Мәтінді оқып, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты анықтаңыздар.

 Т кестесіне салып айырмашылығын дәлелдеңіздер.

 

Дескриптор: 

1. Мәтінді түсініп оқып, топта талдайды.

2. Бір айналым жасап басқа топқа таныстыра алады.

3. Мәтіннен факті мен көзқарасты анықтайды.

4. Өз ойын дәлелмен жеткізе біледі.

 

3-тапсырма

«Көшпенділер мен өркениеттің  арасындағы мәдени байланыс» тақырыбында  әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін күрделі жоспар құрыңыздар.

І топ – Әңгіме

ІІ топ - Ертегі

ІІІ топ – Аңыз

 

Дескриптор:

1. Таңдалған тақырыпшалар басты тақырыптың мазмұнын ашуға бағытталатын күрделі жоспар құрады.

2. Шығарма бөлімдері мен бөліктерінің тақырыптары көркем, тиянақты тілмен жазылады.

 

ҚБ. «Тілек» стикері арқылы бағалау

 

4-тапсырма

Ақын Н.Айтұлының «Мәңгілік ел белгісі» атты өлеңіндегі  логикалық екпінді дұрыс анықтап, кідіріс жасай отырып интонациямен  мәнерлеп оқыңыздар.

 

Дескриптор:

1. Өлеңдегі сөздерден екпін түрлерін дұрыс анықтайды.

2. Мәнерлеп оқуда эмоциялық-эстетикалық әсерін сезіндіре алады.

3. Ойдың ара жігін ескеріп, дауысты құбылтып, сөздерге реңк беріп оқиды.

 

ҚБ. «Қол шапалақтау» арқылы бағалау

 

«Ішкі-сыртқы шеңбер» әдісі

 

 

«Болжау» әдісі

 

 

 

Топтық жұмыс «Джигсо» әдісі

 

 

 

 

 

 

 

Т кестесі

Дәптермен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Оқиға тауы»

Жұптық

жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сахналық оқу

Өлеңмен жұмыс

Суреттер

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ соңы

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыпты бекіту

«Күнделікті өмірде ұлттық киімдерді киіп жүрер ме едің?» Қойылған мәселе төңірегінде өз көзқарастарыңызы білдіріңіздер.

 

Үйге тапсырма

 «Көшпенділер мен өркениеттің  арасындағы мәдени байланыс» тақырыбында мәтін жазып келу.

І топ – Әңгіме

ІІ топ - Ертегі

ІІІ топ – Аңыз

 

Рефлексия  Кері байланыс

Сабақтан алған әсерлеріңіз бен ұсынысыңызды жазбаша ұсыныңыздар.

«Пікірлер сызығы» әдісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Стикер

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырма ны  қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалай

жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

денсаулық жəне қауіпсіздік,

АКТ-мен байланыс.

құндылықтармен байланыс

(тəрбие элементі)

Оқушылардың белсенді оқытуын дамыту  мақсатында «Джигсо», «Оқиға тауы» , «Сахналық оқу» , «Болжау»,  «Пікірлер сызығы» әдістерін  таңдап алдым.

Оқушылар тақырып бойынша болжау жасайды, талдайды, өз пікірлерін айтады,  тауып  талдайды, күрделі жоспар құрады.

 

 

 

Таңдап алынған тапсырмаларға сай дескриптор құрып,   толықтыру мақсатында кері байланыс  жасап отырамын. «Басбармақ», «Бағдаршам», «Қол шапалақтау»  арқылы оқушылардың қазақ тілі пәніне қызығушылығын  арттырамын.

Бүгінгі өткен сабағым  әдебиет, тарих, технология сабақтарымен байланысты. Себебі, көшпенділердің мәдениеті  тарихпен, ал киім материалдары, оның тігілу ерекшелігі технология сабағымен, өлең әдебиетпен байланысты.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері

орындалды ма? Бүгін оқушылар

не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта

берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Қандай екі нəрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту

мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі

сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1:

2:

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив