Керқұла атты Кендебай ертегісі

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

пәні: қазақ әдебиеті

мектебі: «№11 Қоскөл жалпыорта білім беретін мектебі» КММ

тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің маңызы

күні:

мұғалімнің есімі: Әбдіғамит Жазира Қонақбайқызы

сыныбы: 5

 

қатысқаны:

қатыспағаны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

5.Б/С2. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау

 

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар мәтіндегі негізгі ойды өзара талқылайды, өз көзқарасын

ұсынады

Оқушылардың басым бөлігі бас кейіпкер бейнесін шынайы өмірмен

салыстыра бағалайды

Кейбір оқушылар ертегідегі тұлпарды шынайы өмірдегі тұлпарлармен

салыстыра баға береді

Бағалау критерийі

1. мәтіндегі негізгі ойды өзара талқылайды, өз көзқарасын ұсына алады,

2. кейіпкер әрекетін шынайы өмірмен салыстыра бағалай алады, кейіпкер бойындағы қасиеттерді құндылықтарға саралай алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар: ертегіні талдауда өз ойын айта алады; қанатты сөздер, дәйексөздер қолданады; ойын еркін жеткізуге дағдыланады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында...

самұрық, алтын науа, жәдігөй, т.б.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар: ертегінің қай тұсын «Батырлық білекте

емес, елін сүйген жүректе» мәтелімен түйіндеуге болады деп ойлайсың?

Ат – ердің қанаты екенін немен дәлелдейсің?

Жазылым бойынша ұсыныстар: Кебістің бетінде жазу бар екен.

Меніңше, кебіс бетінде ... деп жазылған сияқты, себебі ...

Құндылық -тарға баулу

Қайырымдылық. Жақсылыққа жақсылық – әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық – ер адамның ісі.

Алдыңғы оқу

«Керқұла атты Кендебай» ертегісіндегі тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, шешендік иірімдер, қайталау) мағынасын анықтай алады

Кезеңі,

уақыты

Жоспарланған жаттығулар, ескертпелер

ресурстар

Басы

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру. «Ой шақыру» әдісі қолданылады.

-   2017 жыл қандай айтулы оқиғалармен айшықталған?

- 2017 жыл – Алаш үкіметінің 100 жылдығы. (Алаш үкіметінің ұранын жазған Сұлтанмахмұттың «Мен – қазақ!» өлеңінің бірінші шумағы арқылы 4 топқа бөлу әрі көңіл күй ауаны арқылы жағымды ахуал туғызу)  

   Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

   Ұранға Алаш деген атты аламын.

   Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім қазақ,

   Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!

 

Лирикалық шегініс. ТЖ. Шығармадағы кейіпкерлерге қатысты көркемдеуіш құралдарды тауып, көркемдік түріне сай кестені толтырады.

эпитеттер

теңеулер

әсірелеулер

шешендік сөз

 

 

 

 

 

 

Дескрипторлар: білім алушы

 

1. ертегіден кейіпкерлерге қатысты көркемдеуіш құралдарды

табады;

2. көркемдік түрін ажыратады;

3. ойын дәлелдейді.

ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек»

Қосымша 1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 2

 

 

 

 

 

 

 

Ортасы

 

25 минут

Тапсырма 1. ТЖ. Мәтіннен Кендебайдың бойындағы үлгі боларлық қасиеттерді талқылайды, маңыздылығына қарай қасиеттерді жазады, әр топқа таратылған «Пирамида» сызбасымен ұсынады

Дескрипторлар: білім алушы

1. үлгілі қасиеттерін мәтінен табады;

2. тобымен кеңеседі, маңызына қарай сызбаға салады;

3. топ атынан тапсырманы ұсынады, дәлелдейді.

ҚБ. Әр топ бір-біріне ауызша кері байланыс ұсынады.

 

Тапсырма 2. «Егер мен...» болжау әдісі бойынша «Кендебайдың орнында мен болсам... не істер едім?» тақырыбында пікір алмасады.

Дескрипторлар: білім алушы

1. кейіпкер бейнесін шынайы өмірмен салыстырады;

2. ойын топ талқысына салады;

3. ортақ мәмілеге келеді.

ҚБ. Әр топ бір-біріне ауызша кері байланыс ұсынады

 

Тапсырма 3. ТЖ. Оқушыларға тапсырма беріледі. Олар тобымен кеңеседі. Қабілеті жоғары оқушылар ертегідегі емес, шынайы өмірдегі тұлпарларға мысал келтіреді. «Ер қанаты – ат» тақырыбында бүгінгі күннің Керқұлалары төңірегінде ментальді карта жасайды.

Дескрипторлар: білім алушы

1. тақырып аясында кеңесе отырып ой шақырады;

2. өздеріне таныс ақпарат бойынша тұлпарларды анықтайды;

3. пікірін дәлелдейді, баға береді.

ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек»

Қосымша 3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

таймкипер:

2 минуттан

 

 

 

 

 

 

 

Флипчарт, маркерлер

Соңы

 

10 минут

Кері байланыс. Оқушыларға сабақты қорытындылауға арналған «5-5-1» тәсілі ұсынылады. Шарты: оқушылар сабақ барысында нені меңгергендігі жайлы 5 сөйлем жазады. Сонан соң жазылған сөйлемдерін негізгі 5 тірек сөзге дейін қысқартады. 5 сөзді 1 сөзге дейін тағы да шегереді. Әр оқушы өзінің түйінді сөзімен бөліседі.

 

Үй тапсырмасына «Құпия сөз» әдісі бойынша кебістің бетіндегі жазудың сырын ашуға байланысты зерделеу жұмысы беріледі. Кебістің бетінде жазу бар екен. Ол біз үшін құпия. Меніңше, кебіс бетінде ... деп жазылған сияқты, себебі ...

 

Қосымша 4

Қосымша ақпарат

 

 

Саралау

- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлар едіңіз?

- Анағұрлым қабілетті оқушыларға Кендебай көмектескен Мергенбай батырдың баласының атынан Кендебайға алғыс айтып, хат жазуды тапсырамын.

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

 

 

 

Өзара кері байланыс, топтар бір-бірінің жауабын дескрипторлар арқылы бағалайды.

 

ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек»

 

 

Пәнаралық байланыс

қазақ тілі, өзін-өзі тану

 

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

 

АКТ-мен байланыс

 

Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

 

 

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін байқай алдым ба?

         

 

Қосымша 1. «Алаш арыстары» видео, МП-4;

Қосымша 2. Көркемдеуіш құралдар (сызба-кесте);

Қосымша 3. «Пирамида» сызбасы (парақшалар);

Қосымша 4. (Үлестірмелі материалдар, 189-бет );

Флипчарттар, маркерлер, құмсағат, т.б.

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив