Құстардың тіршілігі

ОҚО  Сарыағаш ауданы  Жемісті ауылы 

№14 Алыбай батыр атындағы жалпы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Сатинбекова Гүлжан

 

Тіл дамыту пәнінің ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЫ               

 

Сабақтың тақырыбы: Құстардың тіршілігі.

Сабақ негізделген

оқу мақсаттары:

 

Құстардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру. Сабақ барысынды орындатылған тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтан күтілген

         Нәтиже:

1-деңгей (білу, түсіну):

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Құстар жайлы біледі, түрлерін таниды.

 

            2-деңгей

 (қолдану, талдау):

Оқушылардың басым бөлігі мынаны орындай алады: Құстардың топтарын ажыратады.

 

            3-деңгей

(жинақтау,бағалау):

Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады: Құстардың тіршілігін  ету жағдайын әңгімелейді. Олардың адам өміріндегі маңызын жинақтап айтады.

Тілдік мақсаты:

Қыс-зима,Құстар-птицы.

Ресурстар:

 

Дала құстар және үй құстардың суреттері,  «Аквариумдегі алтын балық», «Кезбе тілші»әдістері.

Үнтаспаға жазылып алынған құстар үні, смайликтер.

Пәнаралык

Байланыс:

Тіл дамыту,  сауат ашу, математика.

Алдыңғы оқу:

 

Құстар жайлы біледі.

                                                                                       Сабақ жоспары

  Сабақ барысы және

      жоспарланған

              уақыт

 

        Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер.

          Бағалау

     критерийлері

      және жұмыс

           түрлері

       Ұйымдастыру

             кезеңі

 

 

Балаларды дөңгелене тұрғызып төмендегі өлең жолдарын айтқызу

арқылы жағымды ахуал орнату

Кел балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік.

Құстардың суретттері бойынша 4-топқа біріктіру

1-топ. Қарлығаш.

2-топ. Аққу.

3-топ. Көгершін.

4-топ. Үйрек.

 

       Өткен сабақты

             бекіту

«Аквариумдегі алтын балық» әдісі арқылы сұрақ-жауап.

Қазір қай жылы мезгілі?

Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

Қыс мезгілдегі ай аттарын ата?

Қазір қыстың қай айы?

Қыс мезгілінде қандай ойын түрлерін білесің?

Қыз мезгілінде қандай мерекелер тойлаймыз, оларды атап бер?

Қыс мезгілінің ерекшелігі қандай?

Жаңа жыл туралы қандай тақпақтар білесің?

 

Сергіту сәті

 

         Жаңа сабақ

 

 

 

 

Тыңдалым.Үнтаспадан құстардың дыбыстарын естірту.

-Балалар бұл ненің дыбысы?

- Бүгінгі сабағымыз «Құстардың тіршілігі» деп аталады.

-Балалар, құстар екі топқа бөлінеді; дала құстары және үй құстары.

Дала құстары: торғай, көгершін, қарға, бұл-бұл, құр, көкек, тырна, қарлы-     ғаш, тоқылдақ, сауысқан, үкі.

Ал үй  құстарына: тауық, көрке тауық, қаз, үйрек, әтеш.

Құстардың табиғатқа келтіретін пайдасы өте көп. Олар өсімдіктерді, ағаштарды зиянды жәндіктерден құрт-құмырсқадан тазартады.Дала                  құстар табиғатта өздігінен тіршілік етеді. Олар орманда , далады ,таулы жерлерде, су жағасында мекен етеді.

-Ал енді үй құстарының қандай пайдасы бар?

Дұрыс  айтасыңдар,  үй құстарының пайдасы өте көп. Олардың етін         жейміз, жұмыртқасын аламыз , жүнінен аналарымыз көрпе жастық     жасайды.   Олар адамдардың қамқорлығында болады.

Қыс мезгілінде көп құстар жылы жаққа ұшып кетеді . Ал кейбір құстар     қыстап қалады 

-Қыстайтын қандай құстарды білесіңдер?

Сауысқан, тоқылдақ, торғай, қарға.

-Дұрыс айтасыңдар, олар өздерінің туған жерлерінде қыстайды.     Адамдардың  мекеніне жақын келіп қыстайды. Қыста құстардың тіршілігі қиындай түседі. Сондықтан адамдар құстарға көмек көрсетулері керек.

-Ал балалар, сендер құстарға қандай көмек көрсетесіңдер?

 

Топтық жұмыс

1-топ. Қарлығаш.     Дала құстары мен үй құстарды ажырату.

 

2-топ. Аққу.              Суретке қарап сөйлем құрастыру.

3-топ. Көгершін.         Бірнеше сөздерден дыбыстық  талдау жасау.

 

4-топ. Үйрек.               Құстар туралы білетін өлең жолдарын жатқа айту.

 

Сергіту сәті

Жаңылтпаш айту

Ала қарға қарға қонды,

Қара қарға жарға қонды.

 

      Сабақты бекіту

 

 

 

 

 

«Кезбе тілші»әдісі арқылы сұрақ –жауап.

1.       Қандай құстар қыстап қалады?

2.       Өзің білетін жыл құстарын ата?

3.       Құстар немен көректенеді?

4.       Біздер құстарға қандай қамқорлық жасауымыз керек?

«Басбармақ»

         Мадақтау

 

Балаларға жұлдызшалар үлестіру

 

     Кері байланыс

 

 

Сабақтан алған әсерлерін смайликтер жапсыру арқылы білдіреді.

«Басбармақ»

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив