Қазақстан тарихы пәнінен сабақ жоспары: Найман, керейіт пен жалайырлардың орағасырлық саяси тарихтағы рөлі қандай?

Қызылорда қаласы,Қараөзек ауылы

№39 «Қызылөзек» орта мектебі

Тарих пәні мұғалімі

Алдоңағарова Қарлығаш

 

Қазақстан тарихы пәнінен сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер

Мектеп: № 39 «Қызылөзек»орта мектебі

Күні:  

Мұғалімнің аты-жөні: Қ.Алдоңғарова

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 

Сабақ тақырыбы

Найман, керейіт  пен жалайырлардың  орағасырлық саяси тарихтағы рөлі қандай?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

X-XIIIғғ мемлекеттерді білу  және  картаны қолданып, саяси процестерді  түсіндіру .

 

Сабақ мақсаттары

X-XIIIғғ мемлекеттердің даму ерекшеліктердін түсіндіріп ,олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

 

 

 

Бағалау критерийлері                                              

 

X-XIIIғғ мемлекеттерді біледі, атайды

Найман,Жалайыр,Кереиіттердің қоғамдық құрылысын сипаттайды

Картадан X-XIIIғғ мемлекеттер   Найман,  Керейіт,  Жалайыр  көрсетеді

Көрші елдермен қатынасындағы аиырмашылықты табады

X-XIIIғғ   Найман,  Керейіт,  Жалайыр  мемлекеттердін   саяси процестерді  түсіндіреді 

Дескриптор

 1.X-XIIIғғ мемлекеттерді біледі, атайды

2.Найман,Жалайыр,Кереиіттердің қоғамдық құрылысын сипаттайды

3.Картадан X-XIIIғғ мемлекеттер   Найман,  Керейіт,         .Жалайыр мемлекеттерінің аумағын  көрсетеді

4.Көрші елдермен қатынасындағы аиырмашылықты табады

5, .«Фишбоун»әдісі арқылы X-XIIIғғ   Найман,  Керейіт,  Жалайыр  мемлекеттердін   .саяси процестерді  түсіндіреді 

 

Тілдік  мақсаттары

Біздің анықтағанымыз...

Қорытындысында...

        Құндылықтарды

              дарыту

 

 

Ашықтық,жауапкершілік

- өзін қандай да бір ұлттың өкілі ретінде сезіну

- патриотизм

- өз елі үшін мақтаныш

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік

Пәнаралық

байланыстар

 Дүние жүзі тарихы

АКТ қолдану     

    дағдылары

Сабақ барысында интерактивті тақта мен жеке ноутбук қолдануға рұқсат етіледі...Оқушылар ақпарат толықтыру үшін персональды  компьютер кажет...

Бастапқы білім

 Наймандар,Керейіттер,Жалайырлар мемлекеті

Сабақ барысы :

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет  

 

Ресурстар

Сабақтың басы

 2 минут

5 минут

Сәлемдесу.  Жағымды ахуал орнату.

Үй тапсырмасына шолу  «Кім жылдам?»

 

1.Қарахан мемлекеті қазақстанның қай бөлігінде құрылды?

(Жетісу аимағы ,Шығыс Түркістанның бір бөлігінде)

2.Қарахан мемлекетінің орталығы?(Баласағұн)

3.Жікіл тайпасының тотемі?(Арыстан)

4.Әли Арсылан қай жылдары хан болды?(960-990)ж

5. Қарахандықтардың Орта Азияға жорығы нешінші ғасырда басталды?(10 ғасыр)

6.Шығыс Қарахандықтардың орталығы?(Орда)

7. Қарахандықтарды 1089 ж басып алды?(Селжұқтар)

8. Ханның саяси іс жүргізетін орны?(Орда)

 

Термин сөздермен жұмыс

 

1. ИХТА-жер иеленудің бір түрі

2.МҮЛІК-жекеменшік

3.ВАҚФ – діни жер иелігі

4. МУЗАРИ-алым-салық жинаушы

5.КОММЕНДАЦИЯ- әлсіз адамның өз үлесіндегі жерді күштінің қамқорлығына беру

 

 

 

Сабақтың ортасы 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 20 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А.Топқа бөліну

 . Мемлекеттердің аттары жазылған қағаздар арқылы оқушылар топ құрады.

  Б «Найман, Жалайыр, Керейіт мемлекеттері туралы»мына сұрақтарға жауап береді:

- Бұл тайпалар туралы не білеміз?

- Не естідің?

г сабақтың  тақырыбын айқындалады.

 

Топпен жұмыс «Мәтінмен жұмыс» постер қорғау

  1. Зерттеу  сұрақтары

1 топ – Наймандар.

Тайпалардың орналасуы: Бұл  тайпалардың мемлекет болып құрылуы Орталық Азияның шығысында Қазақстанмен шектес Монғолия аумағында қалыптасқан. Негізгі мекендеген жерлері – Монғолияның орта және батыс аудандары. Х ғасырдан бастап бұл тайпалар Қазақстан өңіріне қоныстана бастады.

Наймандар: Жазба деректерде ҮІІІ ғасырда «сегіз тайпа» бірлестігі Орхон өзені мен Алтай тауының аралығында өмір сүрді. Монғолша «найман» «сегіз» дегенді білдіреді.

ХІІ ғасырдың екінші жартысында мемлекеттің аты шығып, орталығы Орхон өзені бойындағы Балықты қаласы болған.

1160-1203 жылдары-Наркеш  Дайын мемлекет ханы  болды.

1201 жылы-қырғыз, меркіт, найман т.б. тайпалар құрылтайға жиналды.

1204 жылы-Монғол ханы Даян ханға қарсы жорыққа шығып, оны  біржолата жеңді.

1211 жылы-наймандар Жетісудағы билікті  қарақытайлардан тартып алды.

1218 жылы-Жебе ноян шабуылынан найман  хандығы құлады

2 топ –  Керейіттер

Керейттер: Жазба деректерде бұл тайпалар Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған. Тайпаның аты Керлин (Керулен) өзені бойында қоныстанғандықтан керілер деп аталған. Керейттердің орталығы қазіргі  Улан – Батор қаласы жанындағы Хантәңірі тауының шығыс жағындағы Битөбе деген жерде болған. Керейіт мемлекетінің шарықтау кезеңі Х-ХІІ ғасырда Маркус пен баласы  Құршақұз хандар кезі болды. Керейттер      Батысында-наймандармен,Шығысында  - татарлармен,Оңтүстігінде-таңғұттармен көрші тұрды.1202 жылы  - Керейт билеушісі Торы мен Шыңғысхан өзара жауласып, Шыңғысхан керейттерді жаулап алды. 1203 жылы-монғолдар шапқыншылығынан кейін Керей мемлекеті құлады.

3 топ – Жалайырлар

Жалайырлар: Монғол шежіресінде жалайырлар Селенгі, Хилок өзендерінің бойында, Орхон өзенінің жоғарғы ағысында, Қарақорым таулы қыратында өмір сүрген. Жамұқа 1201 жылы Аргун өзенінің бойында құрылтай шақырып өзін «гурхан» жариялап таққа отырады.Қазақтың орта ғасыр тарихшыларының бірі Қыдырғали би Қосымұлы Жалаири Шыңғыс заманында Сартақ ноян болғанын айтады. «Оның ұлы Жалайыр Саба. Оның ұрпағы – Жалайыр Тедре бек. Оның ұрпаңы – Айтөле бек. Ол атақты адам болған, Ұрыс ханның сол қолын басқарған. Ол Алаш маңы үш саны ел еді. Олардың ішінде үлкен тарақ таңбалы жалайыр» дейді.Қоғамдық құрылысы: Тайпалардың басқару жүйесі хандық билік болған.  

          Әскери басқару жүйесі ХІІ ғасырда ондық, жүздік, мыңдық, түмен (он мыңдық) бөліктерге бөлінген. Ұлыстардың ішкі істерін  шерби жүргізген. Шаруашылығы: найман, керей, жалайыр тайпалары негізінен мал шаруашылығымен айналысқан.

Керейттер жылқыны көп өсірген. Әр топ өз мемлекеттері  бойынша қосымша материалдарды, оқулықтардан алынған деректерді  зерттейді.

.Дескриптор арқылы Топтық бағалау.

 

 

Мынадай критерийлер бойынша  бағалайды

 

1.X-XIIIғғ мемлекеттерді біледі, атайды

2.Найман,Жалайыр,Кереиіттердің қоғамдық құрылысын сипаттайды

3.Картадан X-XIIIғғ мемлекеттер   Найман,  Керейіт,         .Жалайыр мемлекеттерінің аумағын  көрсетеді

4.Көрші елдермен қатынасындағы аиырмашылықты табады

5,X-XIIIғғ   Найман,  Керейіт,  Жалайыр  мемлекеттердін   .саяси процестерді  түсіндіреді 

 6.«Фишбоун»әдісі арқылы қорытындылау

 7.Жеке жұмыс  «Ашық тест »тапсырмалары

 8.«Баспалдақ» әдісі арқылы кері баиланыс жүргізу      

 

2.Картамен  жұмыс

 

 

Картадан найман, керей, жалайыр мекендеген жерлерді көрсет.

3.Бекіту тапсырмасы: «Фишбоун» әдісі «Балық сүйегі.» деп аталады.

Үш  топ осы тапсырманы орындайды.

1-топқа «Наймандар», 2-топқа «Керейлер»,

3 топ-«Жалайырлар» Фишбоун (балық сүйегі):

    1.басы – негізгі тақырып, жоғарғы сүйектері – тақырыптың негізгі ұғымдары

2.. төменгі сүйектері – ұғымдарға түсініктеме,

3. құйрығы – қорытынды, немесе  сұрақтың жауабы қысқа ұғымдар арқылы жазылуы тиісті.

 

 

 

Жеке жұмыс «Ашық тест тапсырмалары»

1.Наймандардың батыстағы көршісі қыпшақтар,солтүстікте------------қырғыздары,шығыста ------------болды.

2.12 ғасырдың екінші жартысында -------хан басқарған кезде Керейіт мемлекетінің жер аумағы өсіп нығаяды.

3.Темучин 1203 жылы----------бағындырды,ал 1204 жылы-------жеңді

4.13 ғасырдың басында-------қысымымен Наймандар мен Кереййіттер қоныс аударды.

 

 

 

 

www.nci.kz Ақпараттық білім ресурстары орталығы.

7 сынып. Қазақстан тарихы. Электронды оқулығы. 2011ж.

 

 

Сабақтың соңы 10 минут

 

 

 Кері байланыс. «Кеме» тәсілі арқылы оқушының тиісті рефлексия жасауына бағыт беремін:

Жасыл түс – осы секілді тапсырмалар көбірек болса

Сары түс – ұнады, бірақ барлығы емес

Қызыл түс – сабақ мүлдем ұнамады

 

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Берілген тапсырмаларды талдап, бағалау.

 

 

 

 

Сабақ барысында бақылау және талқылауды үйлестіру, ал сабақ аяқталғанда сол мақсатқа жеткендігін анықтау.

АКТ – оқушылар жоғарыда келтірілген сілтемелер бойынша жұмыс істей алады.

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 

 

               

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив