Міржақып Дулатұлы «Оян ,қазақ!», «Шәкірт» , «Таза бұлақ» өлеңдері

Қазақ әдеб. 11 сынып рус. кл. Тақырыбы 4

Міржақып Дулатұлы

«Оян ,қазақ!»,  «Шәкірт» ,  «Таза бұлақ» өлеңдері

Мақсаты

М. Дулатовтың «Оян қазақ»  «Шәкірт» жинағы туралы, өлеңдерінің тақырыптары мен мазмұнын әңгімелеу, идеялық ерекшеліктерін таныту, ақын лирикасын талдай отырып түсіне білуг; түсініп оқуға ,түсінгенін әңгімелеуге, ойын толық жеткізе білуге үйренеді,тапсырманы топпен орындауға дағдыланады

 

Жалпы мақсат

Тақырыпты  түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру

Күтілетін нәтиже

Тақырыптың ерекшеліктерін меңгереді.   Топтық жұмыс арқылы бір-бірімен шешімге келіп ынтымақтасып жұмыс істеуге үйренеді.Өз ойын тұжырымдап, қорытынды шығарады.

7 модульдің қолданылуы

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін  бағалау және оқуды  бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”,  “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

 

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Кім шапшаң, Крестиктер-нөлдіктер,Инсерт

Қолданылатын ресурстар

Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тренинг

Оқушыларды сапқа тұрғызып, 1-4 дейін санау арқылы  топқа бөлу

Алтын ереже құру  қажеттігі туралы айту.

Әр топқа бағалау парағын таратып беру.

Фигуралармен бағалау әдісімен бағалау үшін фигуралар  таратып беру

«Сандарды бейнеле» ойыны

арқылы психологиялық ахуалды жақсарту

Оқушылар топқа бөлініп, өз топбасшыларын сайлайды.

Топ ішінде тәртіп ережелері талданып , сол арқылы сыныптың алтын ережесін құрады.

Бағалау парағы арқылы топбасшылар өз топ мүшелерін бағалап отырады.

Фигуралар  арқылы топтар өзара бағалайды.

Әртоп өздеріне берілген сандарды дене мүшелерімен,қимылымен бейнелеу.

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білім

 

Қызығушылық

тарын  ояту

Өткен тақырықа қатысты сұрақ- жауап

Кім шапшаң әдісі бойына

1. А. Байтұрсынов өмірбаян жайында қысқаша мәлімет

 2. А. Байтұрсыновтың қандай шығармаларын білесіңдер?

 3. А. Байтұрсыновтың «Қырық мысал» атты кітабы қазақтың ұлттық сана сезімінің оянуына қалай әсер етті?

 4. А. Байтұрсыновтың қандай аудармалары бар?

 5. «Маса» кітабындағы басты сарынды атаңдар.

 6. А. Байтұрсыновтың мақалында қандай мәселелер қозғалған?

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру

Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен  тапсырманы орындау

Оқушылардың мұндағы мақсаты топтасу санау арқылы  өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу

Түсіну

Тақырыпты  түсну үшін  тапсырмалар пайдалну мақсатында «Крестиктер-нөлдіктер» әдісін пайдаланамын

Топ мүшелері кестеден бір бөлігін таңдайды және сол бөліктегі тапсырманы бірлесе орындайды, жауап дұрыс болмаса басқа топ жауап беріп отырды.  Бұл әдісте сұрақ қоюдың техникалары пайдаланылды

Міржақыптың даңқын қазақ арасы ғана емес, Ресейдегі түркі әлеміне тұтас жайған «Оян,қазақ!» кітабы 1909 жылы Уфада шығып, 1911 жылы Орынборда екінші рет басылды. Бұл – қазақ әдебиетінің тарихындағы ең көп қудаланған шығарманың бірі.

 Азаттық мүддесі жалындағы күреске халықты шақыру, ояту, еңсе көтеру ісіне Міржақып өз уақытының мүмкіндігіне қарай баспасөзді жақсы пайдалана білген. «Қазақ», «Серке», «Айқап» және татар, орыс тіліндегі басылымдарға да жиі шығып тұрды. Елді ояту, саясатқа тарту мүддесіндегі саяси жұмыс болатын. Ол Алаштың табынды күрескері болды. Міржақыптың « Серке» газетінің 1907 жылы 2 басылған « Біздің мақсатымыз» атты мақаласы кешірім жасауға болмайтын саяси үгіт деп саналып бұл газет конфискеленсін деген шешім қабылданды.

Топ бойынша тапсырмаларды орындау арқылы тақырыпты кеңінен талдап шығады

Қолдану

Топпен жұмыс    «Инсерт әдісі» арқылы жалпы бүгінгі сабақта не үйренгендерін тексеру   арқылы  тақырыпты жинақтау

Берілген әдіс бойынша оқушылар бүгінгі сабақтан не үйренгендігін білу үшін  оқушылар өз ойларын айтады.

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, өзара пікір алмасады, топпен, жек дара  тапсырмаларды орындайды

1 топ «Оя қазақ» өлеңді талдау.

 Өлеңнің идеясы 1731 жылғы Ресей патшасының бодандыққа алуы,1868 жылы қазақ жерін ата баба қонысын түгелдей қарамағына алуы. Қалың қазақ ордасын атамекен қонысынан шұрайлы жерінен айырған.

 Шумақ саны – 13

 Тармақ саны – 52

 Бунақ саны – 2-3

 Қара өлең ұйқасы (а-а-б-а)

 Көркемдегіш құралдан: Метафора. Әділдік саясында.

 Теңеу. 1. Ішім оттай 2. көзден жас көлдей болып, ағасың да

 Тұрақты тіркестер:

 Халық билеген, назар саласың ба,

 Көз жасыңа қаласыңба?

 Ішім оттай жанасың ба?

 Сөздік

 1. Үнерсіз = өнерсіз – араб сөзі

 2. Һәммәсін = барлығын түгел мағынасы, араб сөзі

 3. Фәкіл – ақылмен деген мағынада парсы сөзі

 4. Мұжық = мужик – орыс сөзі шаруа мағынасы

 5. Кафадан = қападан мағынасы – араб сөзі

 6. Ғаділдік = әділдік араб сөзі

 7. Нәсіліңнің = ұлтыңның – араб сөзі

 2 топ «Таза бұлақ » өлеңі сөздікпен жұмыс

 1. Әйбат = әдемі сұлу – араб сөзі

 2. Шүбәсіз = сенімді – араб сөзі

 3. Масқұдыңа = мақсатыңа - парсы сөзі

 4. Пәкілік = адалдық - араб сөзі

 5. Ғибрат = үлгі - араб сөзі

 Тұрақты тіркес дегеніміз не? Өлеңнен тұрақты тіркесті табамыз.

 Таңдай қатқан -

 Мейірімі қанған -

 Жан жайнаған-

 3 топ «Шәкірт » Ой толғау жазу.

 1928 жылдың аяғында бір топ қазақ зиялылырмен бірге қамауға алынады да, 10 жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.

 Қазақ халқының ұлы перзенттері А. Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ш. Құдайбердиев 1988 жылы ақталды.

 IV. Қорытынды сұрақтары:

 1. М. Дулатов өмірі туралы не білесіңдер?

 2. «Оян қазақ!» кітабына енген өлеңдерін атаңдар.

 3.М. Дулатовтың қандай шығармаларын білесіңдер?

 

 

Сергіту сәті

«Балапандар биі» атты жаттығу жасау

Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды.

Талдау

Міржақып Дулатұлы

туралы жаңа тақырыпқа байланысты постер әдісін пайдалану

 

Топтарға жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында өз пікрлерін  сурет арқылы қорғайды, ол үшін конвертке салынған сұрақтар таратылады. Мектеп  туралы өз ойларын суретке салады

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, тақтаға шығып тапсырманы қорғау

Жинақтау

Кім жылдам

 арқылы  сабақты  жинақтайды

Топқа тапсырмалар тарату, тақырыпты жинақтау

Топтар өзара жарысады, ойларын ортаға салады, тақырыпты жинақтайды

Бағалау

Өзін-өзі бағалау (2 мин)

Бағдарша, бағалау парақшалары

Бағалау парақтарын таратады

Бір-* бірін бақғалауды қадағалау

Топты бағалау

Өзін өзі бағалау

Рефлексия. www.sabaqtar.kz

Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойынын стикерге жазып, тақтаға іледі (2 мин)

ББҮ кестесін толтыру

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив