“Зар заман” әдеби ағымы өкілдерінің саяси көзқарастары қандай болды?

8.3B Қазақстан Ресей империясының құрамында 

Уақыты: 8.15-8.55

Сыныбы: 8

Мектеп : Өскемен қаласы әкімдігінің «№47 жалпы білім беретін мектебі» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Шаріпханова Жансая Шаріпханқызы.

Қатысқан оқушылар саны:_______

Қатыспаған оқушылар:  _________

 

 Сабақ тақырыбы:    

 

“Зар заман” әдеби ағымы өкілдерінің саяси көзқарастары қандай болды?

Оқыту мақсаты:

Отаршылдық  саясаттың  ұлттық құндылықтарға  кері әсерін  талдау;

Қазақ мемлекеттілігі тарихындағы қазақ зиялыларының  қалыптасу алғышарттары мен маңыздылығын түсіндіру.

Жетістік критерийлері

 

Оқушы:

-          «Зар заман» әдеби ағымы өкілдерімен танысып, қандай көзқараста болғандарын анықтайды.

-          Отаршылдық саясаттың қалай күшейгенін, зар заман өкілдерінің шығармашылығынан көрініс табуын көрсетеді.

Тілдік міндеттер:

тыңдалым

айтылым

оқылым

жазылым

«Зар заман» әдеби өкілдерінің шығармаларынан үзінді тыңдайды

«Зар заман» ақындарының саяси көзқарастарын анықтап, талдайды

ХІХ ғасырдағы патша үкіметінің отаршылдық саясатына байланысты мәтінмен жұмыс жүргізеді

Оқушы сабақта алған ақпараттарын пайдаланып, берілген сұрақтарға жүйелі ой, түйінді жауап жазады.

Алдыңғы білім:

Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы барысында қандай  жаңа өндіріс түрлері пайда болды?

Сабақтың әдіс тәсілі:

 

Ой қозғау стратегиясы, ойын оқыту әдісі, сараптама

 

Уақытты

жоспарлау

Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар:

 

Дерек көздері

5 мин

Ұйымдастыру – сәлемдесу, сыныпты түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сергіту мақсатында «Сәлемдесу» ойыны ойнатылады.

-Балалар, қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, кеттік! Көзбен! Қолмен! Иықпен! Құлақпен! Тіземен! Иекпен! Өкшемен! Арқамен!

Сергіту сәті аяқталған соң оқушылар орындарына отырып, сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысады. Дәптерлерін ашып, сабақ тақырыбын жазып алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Презентация – 1 бет

5 мин

Оқушыларға зар заман әдеби өкілі Дулат Бабатайұлының «Аягөз қайда барасың?» атты өлең шумағынан үзінді ұсынып, сыныптық талқылау жүргізіледі.

Аягөз сенің бойыңда

Несібе ырыс тегіс қой,

Сай-салаң толған жеміс қой

 Қырың малдың кіндігі

Ойың өнім егіс қой.

Айтуға ауыз келе ме

Аягөз кімнің жері еді?

Жер сауырын жайлауды

Ел сауыры дер еді

Жер кімдікі дегенде

Аға сұлтан қазылар

Не деп жауап береді....?

-Балалар, берілген өлең жолдарынан қандай көңіл-күй сезіледі?

-Өлең жолдары арқылы автор нені меңзеп тұр деп ойлайсыңдар?

 

https://www.zharar.com/kz/olen/3673-kayda.html#read

 

 

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінгі дейін). Бес томдық. ІІІ т. – Алматы: «Атамұра», 2010 ж., 718-726 бб.

 

 

 

 

 

 

 

Орыстандыру саясаты

http://el.kz/m/articles/view/content-5389

 

Презентация

 

 

 

 

 

 

 

Презентация

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 мин

 

«Зар заман» әдеби өкілдері туралы ақпарат, олардың шығармаларынан үзінді және  ХІХ ғасырдағы патша үкіметінің отаршылдық саясатына байланысты  қазақ қоғамында орын алған мәселелер туралы интербелсенді тақтадан презентация көрсетіледі.

Ақпарат құрамына келесі мәселелер кіреді:

•          дін саясаты;

•          жер мәселесі;

•          орыс мектептерінің ашылуы;

•          жер, су аттарының өзгеруі.

 10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ресей империясы отарлаушыларының озбырлығы мен сұрқия саясаты Зар заман ақындарының өлең-жырларында жан-жақты суреттелгенін оқушыларға ұғындыру мақсатында, қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алып, ұрпағын аздырып, діннен аулақтату сықылды империялық пиғылдың жүзеге асуына қарсыласу қозғалысының өкілдерінің еңбектерінен  үзінділер ұсынылады. Оқушы берілген үзіндіні мұқият оқып, талдау жүргізеді.

Келесі сұрақтарға жауап жазады:

      Шортанбай, Дулат ақындар  өмір сүрген заман қандай еді?

      Ел билеу жүйесінде қандай өзгерістер болды?

      Шортанбай өз заманын  неге «зар заман» деп атады?

      Бұл өз дәуіріне риза болмай, үмітсіздіктен, түңілуден, сары уайымнан туындаған сарын ба?

      Шортанбайдың осы бір «зар заман» деген сөзі не себепті кейінгі бір тұтас дәуірдің атына айналды?

5 мин

Рефлексия: сабақтың басында қойылған сұрақтарға енді жауап бере бере аламыз ба?

Түрлі түсті стикерлер

Үйге тапсырма:

Зар заман ақындарының өмірбаяндарымен толығырақ танысу.

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив