Оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары.

Коучинг сабағының тақырыбы: Оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары.
Жалпы мақсаты -Топтық жұмыстарды ұйымдастыру - оқушылардың ҰБТ-ға дайындық түрлерін тиімді жолдарын түсіндіру.
-Топтық жұмыс түрлерін меңгерте отырып, мұғалімдедің тәжірибесін жетілдіру.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері Кәсіби дағдыларды қалыптастыратын жаңа мүмкіндіктер туындайды;
-ұбт-ға дайындаудың тиімділігі артады;
-сабаққа дайындалу деңгейі артады;
- оқу үдерісін қызықты етеді;
-шығармашылық деңгейі шыңдалады;
-оқушының терең білім алуына көмектеседі;
-бірлескен оқуды,жекежәне топтық ұйымдастырудың мәнін түсінеді.
-мұғалімдер сабақ үрдісінің белгілі бір кезеңінде топтық жұмысты тиімді қолдана отырып, оқытуды бағалауды үйренеді.
Сабақта туындаған негізгі идеялар Оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдарын талдай отырып оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер пайдала отырып инновациялық педагогикалық көзқарастарын дамытуға немесе жетілдіруге көмектеседі.
1.Жағымды психологиялық ахуал туғызу.
Мұғалімдер шаттық шеңберіне шақырып------------------------------------- тренгі ойнатылады. Шарты:
Көрсетілім.

Негізгі бөлім:
Ұлттық бірыңғай тест – бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. Мектептiң даму сапалы бiлiмдi, толерантты және ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын жеке тұлға болады деп күтiледi. Ал саналы бiлiм беру тiкелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалiмнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн арттыру басты назарда. Өйткенi, бiлiмдi ұрпақ – бiлiмдi ұстаздардан, бiлiктi маманнан.
Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасында бiлiм сапсын көтерудiң басты құралы есебiнде Ұлттық Бірыңғай Тестiлеу енгiзiлгенi белгiлi. ҰБТ - ның мақсаты – мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi төрт пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау.
Бағдарлама - мемлекеттiк құжат. Оны толық меңгеру оқушының, меңгерту - мұғалiмнii ең басты мiндетi. Мектеп сол арқылы баланы ертеңгi өмiрге даярлайды, оқушының болашақта белгiлi бiр мамандық иесi болуына жағдай жасайды.
ҰБТ білімді тексерудің бір түрі. Түлектер жақсы көрсеткіштерге жету үшін, мұғалімдерге қойылатын ең басты міндет, оларды психологиялық жағынан дайындау: қиын сұрақтарға тосылмай, біріншіден жеңіл сұрақтарға жауап беріп, кейін сол қиын сұрақтарға көшу керек.
Ең бастысы оқушыларды емтиханға тек тест арқылы емес, сонымен бірге барлық – оқу бағдарламасымен жауаптарды сезіне білуге үйрету.
ҰБТ - ге дайындауға әдістемелік ұсыныстар
ҰБТ - ге қатысушылардың дайындығы үшін, мектепте комплекстік дайындық бағдарламасын құру керек. Ол үшін мынадай бағдарламаны ұсынамыз:
1. Психологиялық
2. Ұймдастырушылық
3. Технологиялық
4. Ақпараттық
Психологиялық дайындауда - оқушылар, ата - аналар және мұғалімдер көп уақытты талап етеді, сондықтан қазірден бастап жұмыс жасау керек. 11 сынып мұғалімдерімен және сынып жетекшілерімен семинар өткізу ( яғни ҰБТ - ті ұйымдастыру және өткізу ережелерімен таныстыру)
Ұйымдастырушылық дайындауда - ҰБТ - ке байланысты бұрыш ұйымдастыру( ереже, бұйрық, нұсқау және өткен тестін қорытындысы)
Мамандық таңдауға дайындау, ЖО орындарымен, колледждермен байланысты нығайту.
Технологиялық дайындауда - оқушылардың тестпен жұмыс жасау жүйесін дайындау.
- педагогтардың ЖБИ курстарына қатысуы
- тест жасау теориясын меңгеру
- күнделікті және бақылау сабақтарында тесттерді үнемі қолдану
- оқушылардың тесттен алған бағалары тек алға талпындыратын бағалар болу керек, олардың тестке деген жаман көзқарастарын қалыптастырмау.
Ақпараттық дайындауда - мұғалімдерді үнемі ғылыми - әдістемелік және тест орталығының құжаттарымен, ақпараттық басылымдарымен таныстыру.
«Су жиегінде тұрып, жүзуге үйретуге болмайды», дегенді ескере отырып, мұғалімдер тест технологиясын оқу жүйесіне енгізулері керек.
Тақырыптық тест жинақтарын қолдана отырып, оқушылардың материалды меңгеру деңгейлерін бағалау және олардың тест тапсырмаларын орындауға дағдыландыру. осындай тестік жаттықтыру жұмыстары ҰБТ - ті тапсыру кезінде оқушыларға балын жоғарлатуға көмектеседі. Тест тапсырмаларының құрлысын білетін оқушы уақытын ережемен танысуға бөлмейді. Осындай жаттықтыру кезінде, олардың психо - техникалық дағдылары, өзіндік қадағалаулары және өзіндік бақылаулары қалыптасады.
Дегенмен де жұмыстың негізгі бөлімін дәл емтихан алдында емес, өтілген тақырыптар бойынша, жеке бөлімдерін қарастыра отырып сынақты алдын - ала өткізу, бірақ ҰБТ - тапсыру кезіндегідей оқушылардың бойында қобалжу болмау керек.
Оқу процесінде оқушылардың алған психотехникалық дағдылары, тек ҰБТ - ке дайындығын жоғарлатып қоймайды, сонымен бірге емтихан тапсыру барысында, олар өздерін жетістіктерін көрсете алады, ойлау дағдыларын дамытады, шешуші сәттерде өзінің эмоциясын бір қалыпта ұстауға үйретеді.
Практикалық жұмыс.
І топ. «Оқушылардың ҰБТ-ға дайындалуы » постер қорғау
ІІ топ. «Оқушылардың ҰБТ-ға жұптасып дайындалуы» постер қорғау
ІІІ топ «Оқушылардың ҰБТ-ға топтасып дайындалуы»
Әзірленуге – 10 минут; қорғауға – 5 минут

Екі топ бірін-бірі екі жұлдыз, бір ұсыныс, қол белгілерімен бағдар шам арқылы бағалайды.
Сергіту сәті..

Ырғақты әнге жаттығулар жасау
Қорытынды.
Рефлексия
Білемін Білгім келеді Не үйренгім келеді?

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив