Сын тұрғысынан ойлау

Апта күні -

Күні:

Тренер: Сыдыкова А.С.

Өткізілетін орны:№ 60 ЖББОМ

Тақырыбы

Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану.Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға арналған әдістерді жоспарлау

Мақсаты

Сын  тұрғысынан ойлаудың маңызы мен өзектілігі  туралы тұжырым жасау, оқу үдерісінде сын тұрғысынан ойлауды дамытудың негізгі әдістерін анықтайды

Нәтижесі

Өз сабақтарында мұғалімдер сын тұрғысынан ойлауды дамытудың тәсілдерін әзірлейді. Мұғалімдер өз пәні бойынша сын тұрғысынан ойлауды дамытуға ықпал ететін үш түрлі тапсырма әзірлейді

Түйінді идея

Сын тұрғысынан ойлау,бақылау,тәжірбие, толғану нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну,бағалау,талдау,синтездеуде қолданылатынәдіс,әрекет жасаудың негізі.

Оқыту барысы

1-сабақ

9.00-10.30

1. Психологиялық ахуал туғызу:

«Ақ тілек»  тренингі. ЭКСПО-2017 көрмесіне бару үшін билеттер тегін үлестіріледі. Билеттерді таратып алғаннан соң Астана қаласындағы маршрутымызды белгілеп алу үшін  билетке мектепке,табиғатқа, ғылымға, өнерге қатысты 1 сөзден жазады Мысалы: пар.. ,  ф........з   жазылса қатысушы парта, фотосинтез деп жазады, жазылған  сөздерді қосып көршісіне тілек жолдайды. Сөздерге байланысты 4 топқа бөлінеді:

1-топ: мектеп мұғалімдері

2-топ: өнер қайраткерлері

3-топ: ғалымдар тобы

4-топ: табиғат зерттеушілер

Экраннан сурет көрсетіледі

-суреттен нені көріп тұрсыздар? Неше бейне көріп тұрсыздар? заттың суреті?

-бұл заттар нелер және бұл заттарды көргенде ойымызға қандай ой  келу мүмкін?

-бұл 4 түрлі суретті топтауға бола ма?

-Топтасаңдар қандай атаулар қояр едіңдер?

Топтардың атауы мысалы: табиғат, мектеп, өнер, ғылым т.б.

4 топқа бөлініп отырамыз?

-          Осы суретті біз топтарға бөліп қарастыруға да болады екен, ал енді осы төрт бейнеден бір ұғым шығарып көрейікші, қалай атауға болады?

Миға шабуыл әдісі: Сурет арқылы

1топ сұрақтар қояды, 2,3 топтар топтар жауап береді, 4-топ бақылайды.

Мысалы: -  Бала кімді ойлап тұр ?

-Бала әке-шешем қайда деп ойлап отырған шығар деп ойладық .

-Ертең не істеймін деп ойланып отыр ?

-Ертең нанымды қалай тауып жеймін деп ойлап отырған шығар себебі тұрмыс тіршілігі нашар елдің баласы сияқты .

-Қай ұлттың баласы ?

-Бұл қара нәсіл баласы сияқты .

- Неге қолын аузына салып тұр ?

- Себебі оның қарны ашып тұр .

-Бала қолына неге жіп байлап алған ?

-          Бұл сол елдің салт-дәстүріне байланысты таққан шығар .

-          Бұл бала аш па, әлде тоқ па ?

-          Әркімге бір қарап жаутаңдап қараған аш бала сияқты деп ойлаймыз .

-          Бұл жылдың қай мезгілі ?

-          Бұл  мезгілді көктем деп ойладық себебі баланың  сол мезгілге  сай киінген .

Тренер: -Біз қалай ойладық?

-Сыни ойладық

-Олай болса бүгінгі тақырып – «Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану.Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға арналған әдістерді жоспарлау» деп аталады.

ІІ. Мәтінмен жұмыс

Қолдану:  

1-топ: «Мектеп мұғалімдері» тобы : Сын тұрғысынан ойлау әдіс-тәсілдері. 1 әдісті алып қолданып, телешоу дайындайды.

Талдау:

2-топ: «Өнер қайраткерлері» тобы : «Инсерт»  әдісін  қолданып, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту әдістерін анықтайды.

Жинақтау:

3-топ: «Табиғат зерттеушілері» тобы: «Ашық микрофон»  әдісімен сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану маңызы туралы сұрақ-жауап құрастырады, әдісімен көрсетеді.

4-топ: «Ғалымдар» тобы: «Топтық поэма» (Буриме) әдісі арқылы сын тұрғысынан ойлау туралы не білгендерін жинақтап өлең түрінде құрастырады, ролдік ойын ұйымдастырады.(ақындар мүшайрасы)

Сергіту сәті: «Балауыз шамы»

1) 5-жасар баланың көзімен балауыз шамы

2) Мектеп түлгінің көзімен балауыз шамы

3) Мектеп директорының көзімен балауыз шамы

4) ХХІІ ғасыр адамының көзімен балауыз шамы

2-сағаты:

«Алты қалпақ» әдісі:   Тақырыбы: «ЭКСПО-2017 көрмесі»

1) «Ақ қалпақ» статистикалық (проблемаға қатысты талассыз деректер келтіреді)

2) «сары қалпақ» сәттілік :(сәтті жақтарын айтады)

3) «қара қалпақ» сәтсіздік: (сәтсіз жақтарын айтады)

4) «Көк қалпақ» аналитикалық :(талдау жасайды,Не үшін, неге,неге байланысты)

5) «жасыл қалпақ» шығармашылық (ақылға сиымсыз идеялар мен болжамдар айтады)

6) «қызыл қалпақ» сезімтал: (өздері бастан кешірген сезімдерін жеткізеді)

Бағалау:  «Қалам столдың ортасында» әдісі

Барлық қатысушылар өз қаламдарын столдың ортасына қояды, тренер қай қалам көтеріп, кімнің қаламы екенін сұрайды, сол қаламның иесі сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға арналған әдістерді жоспарлау туралы баға береді.

Кері байланыс: «Білім теңізіне қайықты жіберіңіз» 

А-4 қағаздың жартысы көлеміндей қағаздар таратылып беріледі, содан қайық жасайды, қайыққа өз есімін жазады, сыни ойлауға, оның  әдістеріне байланысты өзі білетін нақыл сөздер т.б. сөздерді жазып, жақсы меңгергендер қайықтарын білім теңізіне жібереді, түсінбегендер ереже шығанағында қалдырады.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив