Критериалды бағалаудың тиімділігі

 

"Бекітілді"                                                                                                      Күні:  2/11/2017 ж                                                                                                       

                                                                                                                        Абилдаева Ардақ   Директордың    әдістемелік                                                                          Өмірзақова Роза
жөніндегі орынбасары:

Е.Қ.Темиров    _______                                                                                    

 

Тақырыбы: Критериалды бағалаудың тиімділігі

Мақсаты: Бүгінгі заман талабына сай, жаңа ағымға қабілетті, өзі шешім қабылдай алатын, өздігінен білім алуға ынталы тұлғаны қалыптастыру. Критериалды бағалау жүйесі арқылы оқушының белсенділігін арттыру, оқу үрдісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізу

 

Міндеті:

Мұғалімдерге нәтижеге қол жеткізу үшін және оқу және оқыту сапасын жақсарту мақсатында бағалау түрлерін қолданудың маңыздылығын ұғындыру; суммативті, формативті және критериалды бағалау түрлерін тиімді қолдануларына ықпал ету.

 

Күтілетін нәтиже

Мұғалімдер өз іс-тәжірибелерінде бағалау түрлерін пайдаланатын болады, бағалаудың бір-бірінен айырмашылығын біледі, түсінеді.

 

Негізгі идеялар

Суммативті (жиынтық) - оқу үшін бағалау, формативті (қалыптастырушы) – оқыту үшін бағалау.

Критериалды бағалау – критерийлер арқылы бағалау.

Егер оқушыларды өсімдік ретінде қарастырар болсақ, онда сыртқы (жиынтық) бағалау өсімдіктің тек бойын ғана өлшеу процесі болады. Мұндай өлшем қорытындысы салыстырып, талдау үшін қызық болғанымен, өсімдіктің өсуіні ықпалы тимейді.

Ішкі (қалыптастырушы) бағалау, керісінше,өсімдікті қоректендіріп, суарумен бірдей және олардың биіктеп өсуіне тікелей ықпал ете алады.

И.С. Фишман, Г.Б. Голуб.

 

Сілтеме

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей.
  2. Үшінші басылым,  Жартынова Ж.А., Касымова А.А., Оракова А.Ш.
  3. Ғаламтор материалдары.

 

Сабақта қолданылатын заттар

А3, А4 форматты қағаздар, фломастерлер, маркерлер, таратпа қағаздар

 

 

 

 

І. Ұйымдастыру:1. Топқа бөлуАлтын күзкөкөніс пен жемістер суреттерін жинақтау арқылы топқа бөлу .

1топ-бақта

2топ- бақшада

 

Баға деген не?

2/Бағалау дегеніміз не?

3/Бағалаудың қандай түрлерін білесіздер?

-жеке: – жұппен; – топпен; – ұжыммен. Әр топ жұмыстарын қорғайды – 5 мин.

Теория Слайдты көрсету

1/ «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіреді. Бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.

2/ Бағалаудың мақсаты:

- Оқытудың қиындықтарын анықтау;

- Жетістіктер туралы кері байланыс жасау (оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін);

- Болжау және сұрыптау;

- Стандарттарды бақылау және орындау

3/ Критериалды бағалау түрлері /Слайд/

    Қатысушыларға көбелектің суретін салуды ұсыну. Салып болған соң, өзін-өзі бағалау. Суретті ауыстырып, бірін-бірі бағалау.  (Қойған бағасының әділ екенін дәлелдеп, түсіндіру)

 

 Критерийлер

Қағазда орналасуы

Қағаздың 1/3 бөлігін ғана алып тұр-1ұпай

Қағаздың жартысында орналасқан-2 ұпай

Қағаз бетін түгел алып тұр-3 ұпай

Түстердің қолданылуы

1 ғана түс қолданылған-1 ұпай

2-3 түс ғана қолданылған-2 ұпай

3-тен көп түс қолданылған-3ұпай

Дене мүшелерінің түгел салынуы (қанаттары, басы...)

1-2 дене мүшесі-1 ұпай

3-4 дене мүшесі-2 ұпай

5 дене мүшесі-3 ұпай

Бағалау шәкілі: 7-9 ұпай  - 5

                            5-6 ұпай - 4

                            2-4 ұпай - 3

 

Бейнежазба (видеоролик) «Сынған құмыра»

Топтағы жұмысты әр топ сырттай бақылап, жеке, жұппен, топпен талқылап, « Бейне жазба туралы ой түйіндеу.

 Бағаның бала өміріне, ата-ана өміріне қаншалықты маңызды екеніне көз жеткізе отырып талдап, талқылайды.

  1. Сауалнама алу

Сауалнама

1.Сізге коучинг сабағының мақсаттары түсінікті болды ма?

Иә  Жоқ

Түсініктемелер

  1. Сізге оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер ұсынылды ма?

Иә Жоқ

Түсініктемелер

  1. Коучинг сабағы кезінде сіз қызығушылықты сезіндіңіз бе?

Иә Жоқ

Неге?

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив