Отан отбасынан басталады

Тренинг

                                                           Отан отбасынан басталады      
Тақырыбы: «Отан отбасынан басталады»
Мақсаты: Оқушылар арасында жағымды қарым – қатынас орнату, сыйластықты арттыру, отбасының өмірдегі ең басты құндылық екенін түсіндіру.

Тренинг ережесі: Сенімділік, Сыйластық, Жақын араласу
Барысы: Ата – аналар шеңбер жасай тұрады.
1. Сәлемдесу Бір күнгі танысыңа қырық күн сәлем дегендей біз бүгін
дәстүрден тыс амандасу түрлерін жасаймыз.
Алақанымыздың ішін және сыртын тигізіп бір – бірімізге күлімсірей қарайық
Бір – бірімізге маңдайларымызды тигізіп сәлемдесеміз.
Оң және сол жақ иықтарыңызды тигізіп сәлемдесу.
Сәлемдесу кезінде қандай әсерде болдыңыздар?
2.Сөйлемді аяқта” әдістемесі.
— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі….
— Отбасы бұл…
— Отбасым бақытты болу үшін…
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі…
— Мен қалар едім отбасымның…
— Мен үшін бақытты отбасы……
— Өз отбасыңа көңілің тола ма?
— Отбасының ұйытқысы кім?
—Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?

3.Ия құрметті оқушылар  біз сіздермен бірінші «Бақыт» деген сөзге жауап іздеп көрейік.

Тақтаға « Бақыт» сөзі ілінеді  оқушылар сол сөзге теңеу тауып жазады.
Б.Момышұлының пайымдауында бақыт дегеніміз…………………..
Бақыт әркімнің өзіне , өмір сүрген ортасына жағдайға байланысты. «Бақыттымын» деп паңданып, аяғын еріне басып жүрген көп кісілердің бақытсыз екенін өздері сезбеген.Тарихта дәулетке, атаққа паңданып мәз болып, өмірін ақымақтықпен өткізгендер аз емес…
Бақыт дегеніміз — өмірді өз орнында, өз қалпында шамасы келгенше үлгілі өмір сүру. Адал болу, майдалықтан, іштарлықтан, қашық болу. Мұршасы әлі жеткенше өз заманын түсіне білу , өз қоғамымен бірге алған мақсатқа қопарыла шын көңілмен адал қызмет істей білу. Ар намысты қорғау –бақыттың шыңы, қиыншылықтармен санаспастан, азаматтық міндетті орындап шығу-ол да бақыттың шыңы. Жеңсең бақыт.

4.Әңгімелесу:

Сіз үшін отбасы құндылығы не деп ойлайсыз?

Сіз үлгілі отбасын құру дегенді қалай түсінесіз?

Отбасын құрғанда  кездескен қиыншылықтарды қалай жеңіп келесіз?

Сіз өзіңізді қандай келінмін деп есептейсіз?

“Қара шаңырақ” дегенді қалай түсінесіз?

Жолдасыңызбен бақытты өмір сүру дегенді қалай түсінесіз?

  1. Мақал-мәтелдерді аяқтау

1)Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.
2) Ананың сүті — бал, баланың тілі — бал.
3) Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді,
Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді.
4) Ұлға отыз үйден тыю,
Қызға қырық үйден тыю.
5) Әкені көріп ұл өсер,
Шешені көріп қыз өсер.
6) Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.
7) Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны алады.
8) Балаға байқап сөйлесең,
Ақылыңа көнер,
Байқамай шайқап сөйлесең,
Көрсетер бір «өнер».
9) Ата — асқар тау, ана — бауырындағы бұлақ,
бала — жағасындағы құрақ.
10) Қарға баласын «аппағым» дейді,
Кірпі баласын «жұмсағым» дейді.
11) Жаста берген тәрбие —
Жас қайыңды игендей.
12) Аға әдепті болса, іні әдепті,
Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.
13) Әке көрген — оқ жонар, шеше көрген — он пішер.

7.Дидактикалық ойын «Отбасылық махаббат үйі»
Ал енді қазір сіздермен «отбасылық махаббат үйі» атты ойын өткіземін.
Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй жақсы көріп және күтетін жер болу керек. Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше материал қажет. Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес, ал адамның негізгі қасиеттерімен саламыз. Олар: Мейірімділік, күлкі, түсінушілік, шыдамдылық, көмектесу.
Үстел үстінде кірпіштер жатыр. Соларды алып үй саласыздар, бірақ салғанда жай салмайсыздар, артында тапсырмалар жазылады соны орындай отырып үй құрамыз. Ойлануға бір екі минут беріледі.
Ойын тапсырмалары;
1.«Парасатты» кірпіші Қағазды екі қатарға бөліп бір жағына ата-аналарынды қуантатын жылы сөздер, екінші жағына ренжітетін сөздерді жазамыз. 2.«Достық» кірпіші «Үй» деген сөзді қалай түсінесіз?
Мысалы: менің қорғанысым, күтетін жер, отбасылық ұйытқысы
3. «Махаббат» кірпіші: Мимика жест арқылы өзіңің ата-анана бауырларына  деген махаббатыңызды жеткізесіз.
4. «Тапқырлық» кірпіші: Бақыт сөзінің әрбір әрпінен отбасылық құндылықтарды айтып шығамыз.
5«Түсінушілік» үйдің есігі берілген. Есіктің артында тату-тәтті отбасы үшін баланың бойындағы жақсы қасиеттерді атап шық.

  1. 2 терезесі.

1 терезесі. Ана туралы мақал –мәтел

2 терезесі. Әке туралы мақал-мәтел

Менің ойымша отбасы- бұл махаббат үйі, ал бала –бақыт. Сондықтан ата ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығын, жолын ашады. Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды. Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

9.Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз кім? (ата-ана, бауырлар)
Көрсетілген оқиға бойынша «Отбасы бақыты» тақырыбында кластер жасау.
Құндылықтар
Өмірде үш нәрсе…………..
Өмірде үш нәрсе ешқашан қайта оралмайды: уақыт, сөз, мүмкіндік.
Өмірде үш нәрсе ешқашан жоғалтпау керек: сабырлық, үміт, намыс.
Өмірде үш нәрсе құнды: махаббат, достық, сүйіспеншілік.
Өмірде үш нәрсе тұрақсыз: арман, сәттілік, байлық.
Өмірде үш нәрсе адамды құртады: шарап, өзімшілдік, ашу.
Өмірде үш нәрсе адамды сипаттайды: еңбек, шыншылдық, жетістік.

10.Отбасылық құндылық ағашы»
Нұсқау: Үлкен ағаштың суретін салу керек. Бұл сіздің отбасылық құндылық ағашыңыз. Алдын-ала дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оларды ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастыру керек. Тамыры сіздің ең негізгі отбасылық құндылық болып есептеледі, ағаштың діңіне орташа құндылықтарды, ал бұтақтарына отбасыңызға маңызды бірақ, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылықтарды орналастыру керек. Берілетін уақыт 7-8 минут.
Берілетін отбасылық құндылықтар:
1. Мықты денсаулық
2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік
3. Ауызбіршілік
4. Ортақ қызығушылық
5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау
6. Қамқорлық
7. Тәртіп
8. Бос уақытыңызды бірге өткізу
9. Сенімділік
10. Ата-ананың сөзі заң
11. Ата-ана отбасының үлгісі
12. Әлеуметтік жағдай
13. Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас
14. Махаббат
15. Мейірімділік
16. Шынайылық
17. Сырт көзге үлгі болу
18. Береке
19. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет
Тамырларыңыз тереңге жайылып, жапырақтарыңыз жайқалып, балаларыңыздың жемісін көріп, саялы бәйтерекке айналыңыздар.

Қорытынды бөлім:
6 –бөлім «10+5+4+1» әдісі.
Алдарыңыздағы ақ қағаздарға сіз үшін өміріңізге қажетті құндылықтарды жазыңыздар. Саны — 10. Мысалы, ақша, денсаулық, білім…
Енді бесеуін сызып тастаңыздар, тағы төреуін сызыңыздар. Қолдарыңызда біреуі қалды, соны оқысаңыздар. Сол құндылық өміріңіздегі ең маңызды құндылық болып табылады.

                                                                                

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив