Құрбан айт мүбарак болсын!

Құрбан айт мүбәрак болсын!
1 - қыркүйекте Құрбан айт басталады


Биыл 1 қыркүйекте мұсылмандардың қасиетті құрбан айт мерекесі басталып, ол 3 күнге созылады. Қазір біздің елімізде Құрбан айттың бірінші күні мемлекеттік мереке болып саналады.

Ұлық Пайғамбарымыз Мұхам- медтің (с.ғ.с.) шәріп-хадисте-рінде (Айша (с.ғ.) анамыздан риуаят): «Адам баласының Құрбан айт күніндегі сауап істерінің ең жақсысы – қан шығару (яғни, құрбандық шалу). (Ол сойылған мал). Қиямет күнінде өз нәпсіңізді тазалаңыз», - деп жазылған. Ал енді Ислам діні дағуатшыларының айтуынша, бір күні Зеид ибн Аркам деген сақаба (пайғамбарға жақын жүрген адам, досы) Расул Аллаһқа: «Құрбандық шалу бабамыз Ибраһимнен қалған сүннет», - деген.

Ислам дінінің ғұлама дағуат-шысы Халифа Алтай айтады: «Құрбан шалу біздерге хазірет Ибраһимнен (ғ.с.) қалған жол. Аллаһ Тағала Ибраһимды (ғ.с.) сынамаққа: «Ұлың Исмағұлды құрбан ет», -деп түсінде аян береді. Ұлық Пайғамбар оны дереу орындау үшін баласына білдіргенде, баласы ықыласпен қабылдап, Мина тауына апарып бауыздағанда пышақ кеспейді. әке мен баланың ықыласына разы болған Алла Тағала құді-ретімен құрбандыққа қошқар жіберіп, баланы құтқарады. «Шын мәнінде ол ашық сынау еді».

Әбу Әнас ибн Мәліктен риуаят етілген хадистен: «Расуллаһ (с.ғ.с.) Мединеге келгенде қаладағы тұрғындардың ойнап-күлетін екі мейрамы болатын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бұл қандай күн?», - деп сұрады. Олар: «Иә, Расулалла, бұл біздің жаһилиет заманындағы ойнап-күлетін мейрамдарымыз еді», - деп жауап берді. Содан кейін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Шынында Аллаһ Тағала екі мейрамды бұдан да жақсы екі мейрамға ауыстырды, бұл Ораза айт пен Құрбан айт», - деді».

Аллаһ елшісінің (с.ғ.с.) хадистерінде айт мейрамына тағам жеп, сусын ішу, Аллаһты еске алу, қонақ күту тән екендігі білдірілген. Ендеше, айт күндерін құлшылығымызды кемітпестен көтеріңкі көңіл-күймен және басқа да сауабы мол істермен өткізгеніміз абзал.

Айт күнінің өзіне тән жарасымды да сауапты амалдары мол. Ерте оянып, ғұсыл құйынып, дәрет алып, таза, жаңа киім киіп, жұпар иіс сеуіп, айт намазына қатысу – сүннет. Айт мейрамында ата-ана мен қарияларға сәлем беріп батасын алу, сырқат кісілерді зиярат етіп көңілін сұрау да ізгілікті амалдарға жатады. Ренжісіп қалған кісілермен татуласып, қатынас үзілген туыстардың үйлерін аралау да ерекше маңызды. Аллаһ Тағала: «Сен, кешірім жолын ұстан, жақсылыққа бұйыр, надандықтан бет бұр» деген («Ағраф» сүресі, 199 аят). Сөйтіп, мұсылмандарды барынша кешірімді бола түсуге шақырған.

Құрбан айт амалдары 1. Ерте тұру. 2. Ғұсыл құйыну. 3. Мисуақ қолдану. 4 Хош иіс себіну. 5. Жаңа және таза, бүтін киім кию. 6. Араздасып қалғандарды татуластыру. 7. Қа- бірге зиярат ету. 8. Жүзік тағу. 9. Жылы жүзді болу. 10. Мешітке ерте бару. 11. Мешітке бара жатқанда тәкбір айту. 12. Кездескен мұсылмандарға сәлем беру. 13. Мұсылмандарды мейрамымен құттықтау. 14. Кедейлерге садақа беру. 15. Туыстарға бару. 16. Діні бір бауырластарға бару. 17. Сыйлық апару. 18. Қо- нақтарды күту. 19. Көп дұға оқу, тәубе ету. 20. Құрбандық шалу. 21. Құрбандық шалатын жағдайда пайғамбар (с.ғ.с.) сүннетіне сәйкес айт намазын оқып болғанша іші-жеуден тиылу.

Құрбан айт құтты болсын, мұсылмандар!

Айтпен құттықтау - Құрбан айт құтты болсын!
- Айтсын. Жақсылығы бірге X болсын! - Айтыңыз қабыл болсын, ниетіңіз ақ, әділ болсын!
Дастархан батасы Дастарханыңнан дәм кетпесін,
Көңіліңнен сән кетпесін.
Ұрпақ, ұлыс аман болып,
Өміріңнен мән кетпесін! Дастарханың бай болсын,
Қазан-ошағың май болсын.
Құдай пейіліңді тарылтпасын, Қуаныштан арылтпасын.
Көңілің ұлысты болсын, Өмірің ырысты болсын!
Әумин!

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив