30 тамыз – Конституция күні!

30 тамыз – Конституция күні!
30 тамыз – Конституция күні!
Ата Заңым – ардағым!
Еліміздің Ата Заңы 1995 жылдың 30 тамызында қазақстандықтардың тікелей дауыс беруі арқылы бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Ол – мемлекеттің бет-бейнесін көрсететін, көп ұлтты халқымыздың шынайы еркі мен ертеңгі күніне деген сенім беретін құқықтық құжат. Сондықтан бас құжаттың басты қағидаларымен мұқият танысу, әрбір әрпінің астарында аса зор мән-мағына барын түсіне білу кез келген қазақстандық азамат үшін өте маңызды.

Қазақ елінің мызғымас алтын қазығы, басты құндылығы адам болса, мемлекет өз халқының жағдайын жақсартып, оқу-біліммен, жұмыспен қамтамасыз етуді басты назарда ұстауда. Бүгінде қазақ елінің бір ортаға тоғысып, бейбітшілік пен бірлікті ұран еткені әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналып отыр. Еліміздің азаматтары қай елде жүрсе де, олардың құқықтары заңмен қорғалады. Азаматтар тегін орта білім алуға, мемлекет кепіл берген тегін медициналық көмек алуға толық құқылы. Адамның жеке өміріне, қадір-қасиетіне қол сұғылмауы, әркімнің өзінің және отбасылық құпиясының болуы, абыройы мен ар-намысының қорғалуы нақты бекітілген.
Конституция әр адамның бүгінгі қоғамға бейімделуіне, қоршаған ортада емін-еркін өмір сүруіне кепілдік береді. Ең бастысы, ол әрбір қадамның бастаушысы болып табылады. Тарихы тереңнен бастау алатын қазақ елі өз жерінде тәуелсіз мемлекет құрып, ел аумағында еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген азаматтық қоғам құра білгенін мақтан тұтып айта аламыз.
Берік тәртіп орнаған мемлекеттің болашағы зор, игілікті ісі де мол болмақ. Біздің Астана қаласының Әділет басқармалары кез келген мемлекеттік орган секілді, қызмет барысында Конституцияны басшылыққа ала отырып өз жұмысын үйлестіреді. Ұдайы тұрғылықты халыққа заңгерлік кеңестер мен құқықтық көмек көрсетіліп келеді. Жыл басынан бері АХАТ саласы бойынша тікелей Әділет мекемелерімен 15 мыңнан астам, ал Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы келіп түскен азаматтардың өтініштеріне сәйкес 24 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетіліп отыр. Айта кету керек, егер әр азамат тек заңмен жүріп, конституция белгілеп берген құқығын біліп, заң алдында жауапты болған кезде ғана өз құқығын сақтай алады. Ендеше, Ата Заңымыз анықтап берген демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетімізде әрқашан татулық пен бірлік, бейбітшілік пен тұрақтылық болғай!Мемлекетіміздің арқауы болған, мәні мен маңызы жоғары, ел тыныштығының кепілі – Ата заңымыздың мерейін үстем ету, дәріптеу біздің борышымыз.

30 тамыз – Конституция күні!

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив