​Қоғам белсенділері ЭКСПО-ға ақ тілектерін жаудыруда

Халықаралық ЭКСПО көрмесінің ашылуына да бір күн қалды. Айтулы оқиғаның қарсаңында қазақстандық белгілі тұлғалар ақжарма тілектерін жеткізіп, елді мемлекеттің беделін көтерер шараны абыроймен атқаруға шақырып жатыр.


 
Танымал журналист, қоғамдық омбудсмен Дина Елгезек: «Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын деген қазақпыз. Жаңа ғана "Орел и решка" бағдарламасының Қазақстанға арналған түсірілімін көріп отырып, Ақберен екеуміз бір суып, бір ысыдық. Мақтаса марқайдық, жамандаса балаша бұртидық. Қанымызды бір көтеріп, бір түсірткен ұлттық намыс қой. Айтпағым, ертең xалықаралық "ЭКСПО" көрмесі ресми түрде есік ашады. Көрегенді ұлт екенімізді танытатын шақ қой... Жақсы өткізейікші... Ел игілігіне жаратар, ұрпаққа ескерткіш болып қалар ғажап ғимараттардың салынғанына қуанбасам ренжімедім өз басым... Әйтпесе, дәл осы ақшамыз "Панамаларды" паналап кетер еді тағы бір жаққа...» - деп жазған.
 
Журналистің бұл сөзін ақын Ауыт Мұқибек те қостап, осы шараның шикіліксіз өтуі үшін «жаны қалмай» жүргенін жеткізді. «А, Құдай, елімнің беделі биік болса екен, абыроймен аман-сау өтсе екен деп, жанымыз қылпылдап жүрміз!»-дейді ақын.
 
 Ал, Алладан Алашқа абырой сұрап: «Төрткүл дүниеге танылар тағы бір шақ туды! Аллам абырой бере көр! Дос дұшпанға таба, абыройға таңба түсіре көрме! Намазыма қосып тілеп отырмын!»-деген Малика Абдалиеваның тілегіне дән риза болдық.
 
Өз кезегінде: «Үш айлық ЭКСПО үш күндей өтсін»-деген белгілі саясаттанушы Айдос Сарымның сөзін желі қолданушылары жаппай қолдап жатыр.
 
Белсенділер мен бұқараның бұл тілегіне біз де қосыламыз! 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив