Туылған күніңмен

 

2.Торгаева Гауһартас         7-сынып оқушысы

Туылған күніңмен

Туылған күніңде кәусар жырымды ұсынып,

Ыстық пейілдің ақ көгершінін ұшырып,

Көктемнің нұрлы шуағына бөлендім

«Анашым менің ең асыл жан» деп ұғынып.

            «Жаны жаздай жарқырасын әркез» деп тілеп,

            Алдағы өмірі бұдан да болсын тәттірек.

            Балапандарың риза сізге, анашым,

            Атынан ұл-қыз арнаймын тағы ақ тілек.

Әкем мен анам – айым  мен күнім білерім,
Өздерің барсың, жауқазын гүлдей түледім.

Немере сүйіп, шөберенің де қызығын

Жұптарыңыз жазылмай көру менің тілерім.

            Құшағында жүрсем де әркез шаттықтың,

            Арайын төккен әрбір таңнан бақ күттім.

            Алақаның ыстық жұмақтай маған, анашым,

            Керегі жоқ тақ пен байлық, жақұттың.

Туған күніңмен құтықтаймын, анашым,

Жалғайтын талмай береке, ырыс арасын.

Сүттей ұйыған жарасымның «сақшысы»,

Бойыңызға Алла мейірі әркез тарасын!

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив