Махаббат қызық мол жылдар!

"Махаббат қызық мол жылдар"
1. Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!


2. Жүргізушуі: "Махаббат қызық мол жылдар" атты дөңгелек столымызға қош келдіңіздер.


1. Жүргізуші:
Құдай-ау, қайда сол жылдар
Махаббат қызық мол жылдар?
Ақырын-ақырын шегініп,
Алыстап кетті-ау, құрғырлар

2. Жүргізуші:
О, Махаббат аяулы асыл сезім,
Арнамаған бар ма екен саған сөзім
Мекендеген жер үстін жан иесін
Баурамаған бар ма екен сірә кезең

"Слайд" көрсетіледі


2.Жүргізуші: Дөңгелек столымыздың тақырыбына арқау болып отырған "Махаббат" атты ұлы сезімнің боз бала мен бойжеткеннің психологиясына қаншалықты әсер ететінін студенттеріміздің ойларымен бөліссек.

1. Жүргізуші: Махаббат жастар психикасына әсер ете ме? Осы сұраққа сіздердің көзқарастарыңыз қандай?

Асылбеков Ерланның орындауында Мұқағали Мақатаевтың «Шын ғашықпын» өлеңін қабыл алыңыздар

2. Жүргізуші: "Махаббат" - өте қасиетті ұғым. Бірақ бүгінгі жастардың бұл ұғымның кері әсері тиіп жатыр "Суицид", "Нашақорлыққа", "Жезөкшелікке"- баруларына әкеп соғады? Осыны қалай түсінесіздер?

1. Жүргізуші: Қазіргі қоғамда махаббаттың алатын орны қандай деген сұраққа. Біздің студенттеріміздің берген жауабын экраннан тамашаласақ. Экранға назар аударыңыздар.

2. Жүргізуші: Құрметті студенттер, қонақтар қазір сіздермен шағын ойын жүргізсек. Ойынның барысы қораптың ішінде түрлі ситуациялық сұрақтар жасырылған. Сол сұрақтарға жауап беру арқылы жүректің пішінін құраймыз.



Біздің студенттеріміз дайындаған шағын көрінісін тамашалаңыздар.

1. Жүргізуші:
О, махаббат, сен әлі тірі ме едің?
Көзімнен ғайып болған күнім едің!
Гүлім едің,
Елтіген түнім едің.

2. Жүргізуші:
О, махаббат сен әлі тірі ме едің?!
Мен сені ұмытқанмын
Жылытқаның есте жоқ, суытқаның,
Суып қаным,
Жинағам құрып хәлім.

1. Жүргізуші:
Құлаған отауымның уықтарын,
Содан бері мен сені ұмытқанмын.
О, махаббат, сен әлітірімеедің?

2. Жүргізуші:
Тірі болсаң, мен де енді тірілемін
Ақ періште алдына жүгінемін,
Қолдай гөр, ғашықтардың пірі мені!

1. Жүргізуші: Ат салысып қатысып, өз ойларыңызды ортаға салғандарыңызға рахмет. Алда әсем ән, сау саламатта болыңыздар.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив