Физика пәнін оқытуда мақал - мәтелдерді пайдалану

Физика пәнін оқытуда мақал - мәтелдерді пайдалану
Физика пәнін оқытуда мақал - мәтелдерді пайдалану
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
1. 1. Халқымыздың салт - дәстүр, әдеп - ғұрып элементтерін физика сабағында қолдану
1. 2. Ұлттық ойындар – физика сабағында
1. 3. Мақал - мәтел – халық даналығының айғағы

3. Қорытынды

Кіріспе.
Табиғаттағы тіршілік атаулының өсіп - өнуі, даму көзі – оның тамыры, адам баласының санасының даму көзі – оның тілі. Тамырсыз өсімдік атаулы көктемейді, ана тілінсіз ұрпақ жетілмейді. Ана тілінің уызына қанбаған, оның бұлағынан нәр алмаған ұрпақтың баршасының бойынан ізгіліктің нышандарын табу мүмкін емес, өйткені жастарымыз халықтық педагогикадан, ұлттық салт - дәстүрімізден, рухани байлығымыздан қол үзіп кеткен ұрпақтың өкілі.
Қайта құру еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың ұлттық сана - сезімін дамытуға жағдай жасады. Ұлттық мәдениеттің, тілдің, дәстүрдің қайта өрістеуіне қуатты серпін берді.
Қазақ халқы өзінің бүгінгі күнін бағалай отырып, өткен өміріне көз салу, тарихи тәжірибеден сабақ алу, мәдени дәстүрлерін, озық әдет - ғұрпын, өмір салтын зерттеу, оларды ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп жеткізу мәселелерімен ұстаздар қауымы да мұқият шұғылдана бастады. Халықтың тірнектеп жинаған оқу - тәрбие ісінің бай тәжірибесін аса тиімді, шығармашылықпен қолдана білу – әрбір ұстаздың міндеті.
Халықтық педагогикалық негізгі көздер мақсаты – өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты еңбекке, өнер – білім машықтарын меңгеруге, отбасы, ауыл – аймақтың, Отанын сүюге, ар - намысын қорғауға және тағы басқа да ізгі адамгершілік қасиеттерге баулу.
Қоғамымыздың ертеңгі болашағы – мектеп жасындағы жас жеткіншектер. Оларды халықтық салт - дәстүрді, әдеп - ғұрыптарды қастерлеуге, құрметтеуге үйреткен абзал. Өз халқының мол мұрасын, ұлттық ерекшеліктерін білудің адам болып қалыптасуына берер пайдасы зор. Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Онсыз өсіп - өну, ілгерілеу жоқ. Халықтық оқу - тәрбие ісінің негізгі мақсаты – жалпы адамды, ең алдымен баланы сұлулық хабардар ете отырып тәрбиелеу. Оқу мен тәрбие алдында ата - ана да, тәрбиеші мен ұстаз да, адамды қоршаған ұжым да, тіпті көшедегі кездейсоқ халық та жауап береді. Сол себепті физика пәнін оқытудағы мысалды алыстан іздемей - ақ халқымыздың пайдаланып келген ұлттық құрал - саймандарын, ұлттық атауларын қолдануға болады.
Халықтық педагогика мен халықтық психология тағылымдарын пайдалану, физика пәнінің әр тарауларынан өткізілген сабақ түрлері оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тарауларды пысықтау кезеңін сапалы өткізуге, материалды толық меңгеруге көмектеседі.

Халқымыздың салт - дәстүр, әдеп - ғұрып элементтерін физика сабағында қолдану.
Қазақтың әдеп - ғұрып, салт - санасында кездесетін кейбір элементтерді физика сабағында қолдануға болады. Біз осыдан жазу - сызуы болмаған халқымыздың табиғат құбылыстарын дұрыс түсіне білгендігін, көргендігін, данышпандығын аңғарамыз. Мысалы, 7 - сыныпта «Диффузия құбылысы» тақырыбын өткенде айран ұйыту, құрт қайнату, нан ашыту қалай орындалатынын айтып кеткен орынды. Айран ұйытқанда немесе нан ашытқанда судың жылы болуы, температура жоғары сайын молекулалардың бір заттан екінші затқа өтуі шапшаң жүретінін көреміз. «Қысым» тақырыбын өткенде бабаларымыздың ағаш қазықтың ұшын неге үшкір етіп жасағанын түсіндірген тиімді.
8 - сыныпта «Жылу өткізгіштік» тақырыбын оқытқанда малдың, аңның терілерінен тіккен киімдердің жылуды жақсы сақтайтынын білгенін, байланысты тұлып, ішік тігіп кигендерін түсіндіру керек.
Сондай - ақ 9 сыныпта «Ньютонның қозғалыс заңдарын» өткенде қазақтың ұлттық спорт ойындары – «Арқан тарту», «Күш сынау», тағы басқаларын айтса, сабақтың мазмұны байып, құндылығы артады, оқушылардың білімі молаяды.
9, 11 сыныптарда «Механикалық толқындар» тарауын өткенде домбыраның қалай дыбыс шығаратын аспап екенін айта кету керек. Алдымен тыныштықта тұрған ішекті тепе - теңдігін бұзып тербелтеміз, екіншіден ішектің тербелісі ауаға беріліп, ол арқылы дыбыс бізге жетеді, үшіншіден домбыраның беттік тақтайы да тербеліске түседі. Домбырамен бірге қобыздың қалай дыбыс шығаратынына тоқтала кеткен жөн.
Енді 10 - сыныпта «Броундық қозғалыс» тақырыбына келейік. Бұл сабақта да тартымды етіп өткізудің сан алуан жолы бар. Нақты дәлелге жүгінсек, күбіге айран піскенде майдың түсуі, қатты дене бөлшектерінің сұйықтағы қалықтаған қозғалысы екенін жатық тілмен әңгімелеген жөн.
11 - сыныпта «Спектрлер» тақырыбы туралы. Мұнда ақ және қара түстерді қалай пайдалану керектігін жан - жақты ұғындырған ұтымды.
Ұлттық ойындар – физика сабағында.
Оқушылардың басым көпшілігі физика пәнін тек қаптаған жалаң формулалар, заңдылықтар деп түсінеді. Осы себептен де физика сабағында халықтық педагогика негізінде ұлттық салт - дәстүрлерді уағыздап, жас ұрпақ санасына дарытуды, осы арқылы пәнге қызығушылығын арттыруды мақсат еткен жөн. Халықтық педагогиканың бір саласы – ұлттық ойындар. Біріншіден ойын сергіту сәті болса, екіншіден оқушылар ойынға қатысу үшін өз білімдерін үнемі толықтырып отырады.
Ойында әр түрлі бағытта жүргізіліп отырады. Мысалы, бірде оқушы жалпы өтілген теориялар мен анықтамалар бойынша жарысқа түссе, тағы бірде ұлы физик ғалымдардың өмірі жайлы айтысады. Ойындар оқушылардың білім деңгейін көтеріп қана қоймай бір - бірімен достыққа, жолдастыққа, адамгершілікке тәрбиелейді, ұлтына деген ыстық ықылас пен сезімін оятады.
Жалпы ойынның уақыты 5 - 10 минуттан аспауы керек. Сондай - ақ бір оқушы немесе мұғалімнің өзі оқушылардың жауабының дұрыс не бұрысын белгілеп отырса, оқушы алатын баға әділ шешіледі.
Енді осы ойындардың қалай өтуіне тоқталайық:
1. Аңшылар.
Ойынға 12 оқушы қатысады. 2 оқушы аңшы, 10 оқушы үйрек болады. Үйректер аңшыларға сұрақ қояды. Егер аңшы дұрыс жауап берсе, үйректі атып алғаны. Әр аңшыға 10 сұрақ қойылады. Егер аңшы
10 үйрек атып алса – 5;
8 не 9 үйрек атып алса – 4;
4 не7 үйрек атып алса – 3;
1 - не 2 үйрек атып алса - 2 деген бағалар қойылады. Ойын 10 минуттан аспауы керек.
2. Аламан бәйге.
Бұл ойынға сыныптағы барлық оқушы қатысады. Әрбір оқушы қағазға физикалық теориялар мен анықтамалар жазады. Ойынға 5 не 7 минут беріледі. Уақыт біткенде кімнің көп жазғанына байланысты баға қойылып, қорытындыланады.
Сонымен қатар басқа да, мысалға, орамал тастау, теңге алу, сақина салу, арқан тарту сияқты ойындарды ұйымдастыруға болады.
Мақал - мәтел - халық даналығының айғағы.
Белгілі бір тақырыпты өткен кезде мысал ретінде қажетті мақалды келтіре отырып, оның тәрбиелік және физикалық мәніне түсінің берген өте пайдалы. Мысалы, 8 - сыныпта «Кебу және конденсация» тақырыбын өткенде «Аузы күйген үрлеп ішеді» деген мақалды оқушыларға айту керек. Мақалды тәрбиелік мәні, жіберген қатені екінші рет қайталамай дер кезінде қорытынды жасауға меңзесе, физикалық тұрғысынан ыстық нәрсені үрлесек, кебу процесі тездетіліп, оның температурасының төмендейтінін ұғуға болады. Осы сияқты басқа да мақал - мәтелдерді тақырыпқа сай айтып отырса, оқушылардың ұлттық сана - сезімін оятуға, дамытуға берер әсері көп.
Баланың ойлану, танымдық, білімділік ұғымдар мен түсініктерді ой елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуде тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін байқау үшін жұмбақ шешкізудің маңызы зор. Мысалы,
Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньютонға келеді. (Күш)

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ
Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив