Натурал сандардың 2, 3, 5, 9, 10 сандарына бөлінгіштік белгілер

Сыныбы: 5 «Ә»
Пәні: математика
Пән мұғалімі: С.М.Рахимбаева
Сабақтың тақырыбы: Натурал сандардың 2, 3, 5, 9, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері


Мақсаты:
Білімділік: Натурал сандардың 2, 3, 5, 9, 10 бөлінгіштік белгілерін тез есептеуде, мәтін есептерді шығаруда, дәлелдеуде орынды, жүйелі қолдана білуге қол жеткізу.Санның бөлінгіштік белгілерін оқып үйрену.
Дамытушылық: 2, 3, 5, 9, 10 бөлінгіштік белгілерін қолданып қандай есептер шығаруға болатынын анықтау.Бөлінгіштік белгілерін қолданып есептер шығару.
Тәрбиелеу: Өзін-өзі бақылау, жауапкершілік сезімін тәрбиелеу; есте сақтау қабілетін, өздігінен ойлауды дамыту, математикалық тілде сөйлеу, ойларын нақтылы сөздермен баяндауды үйрету.
Көрнекіліктер: Слайд, карточкалар
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Әдісі: сұрақ-жауап, қайталау
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
ІІІ. Еске түсіру стратегиясы.
«Кім жүйрік?» ауызша жұмыс
1. 2, 3, 12, 23, 45 сандарының қайсысы жай, қайсысы құрама? (Ережесін келтіріңдер).
Ереже. 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сан жай сан деп аталады.
Жауабы: 2, 3, 23 – жай сандар; 12, 45 – құрама сандар.
2. 30 және 12 сандарын жай көбейткіштерге жіктеп, олардың ЕҮОБ-ін және ЕКОЕ-ін табыңдар.
Жауабы: 30 = 2 • 3 • 5, 12 = 2 • 2 • 3, ЕҮОБ( 30, 12)= 6, ЕКОЕ(30, 12)=60.

Миға шабуыл.
Бос торкөзге төмендегі сандарға бөлінетіндей цифр қою керек.

5869
2
3
5
9
10

1) 18 санының бөлгіштерін ата
Ереже. Натурал а санының бөлгіші деп а саны қалдықсыз бөлінетін натурал санды атайды.
Жауабы : 1,2,3,6,9,18.

2). 18 санының бірінші үш еселігін ата.
Ереже. Натурал а санының еселігі деп а санына қалдықсыз бөлінетін натурал санды атайды.
Жауабы: 18,36, 54.

3. 200, 350, 211сандарының қайсысы 10-ға бөлінеді?
Ереже. Жазылуы 0 цифрымен аяқталатын натурал сандар 10-ға бөлінеді.
Жауабы :200, 350.

4. 2-ге бөлінетін алғашқы бес натурал санды ата.
Ереже. Жазылуы жұп цифрмен аяқталатын натурал сандар 2-ге бөлінеді.
Жауабы: 2,4,6,8,10.

5. Қандай сандар 5-ке қалдықсыз бөлінеді?
Ереже. Жазылуы 0 цифрымен немесе 5 цифрымен аяқталатын натурал сандар 5-ке бөлінеді.

6. 64 332, 1881153, 1100 100 сандарының қайсысы 3-ке, қайсысы 9-ға бөлінеді?
Ереже. Цифрларының қосындысы 9-ға бөлінетін натурал сандар 9-ға бөлінеді.
Цифрларының қосындысы 3-ке бөлінетін натурал сандар 3-ке бөлінеді.
Жауабы : 64332, 1881153,1100 100 сандары 3-ке бөлінеді;
1881153 саны 9-ға бөлінеді.

ІҮ.Ойды дамыту стратегиясы
1. Амалдарды орындамай берілген қосынды 2, 3, 5, 9, 10 –ға бөлінгіштігін анықта 855+1005+9090.
Жауабын берілген кестеге толтыр
855 1005 9090 855+1005+9090

2-ге - - + +
3-ке + + + +
5-ке + + + +
9-ға + - + -
10-ға - - + +

2.Берілген қосуды орындамай қосындының
а) 2-ге 10213+21255
б) 3-ке 42154+1357
в) 9-ға 964+32059+4121
г) 5-ке 13291+226*13515+10000 бөлінгіштігін анықта.

Ү.Оқулықпен жұмыс

ҮІ. Сергіту сәті.Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар.(Әдебиетпен байланыс)

1.Бір адамға қадірің жүрмесе, 2.Екі жақсы қас болмас
Екі адамға күлкі боларсың. Екі жаман дос болмас.

3.Бір жылы сөз бір күнге азық.

4.Жұмысқа үш жылда үйренеді, жалқаулыққа үш күнде үйренеді.



5.Бес саусақ бірдей емес. 6. Бес бармақ жиналса, жұдырық болады.

7. Бір тал кессең, он тал ек. 8. Тойған жерге тоғыз кел.

9. Он бала бір әкеге жүк болмайды,
Бір әке он балаға жүк болады.

10. Он рет айтқанынан бір рет көрсеткені артық.

Жұмбақтар.
От ішінде – үш таяқ,
Үшеуі де күшті аяқ.
Ортасында ілгегі,
Ілгегінде ілгені. (Мосы мен шәугім)

Бір жыланды таяққа іліп алдым,
Ерге қона, пайдасын біліп алдым.
(Қамшы)

Өмірде аса қажет он белгі анық,
Біледі оны жастан барлық халық.
Қосылып бір-біріне кете берсе,
Болады қиял жетпес ол бір алып.

Бір малға екі бала мінгеседі,
Айлап-жылдап түспестен күн кешеді.
(Түйенің өркеші)

Үш-төрт қана тісі бар,
Шөп көтерер күші бар.
(айыр)

Егіз қайың,
Бой-бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес-бестен.
(Қол)


ҮІІ.Ойды қозғау. Слайд бойынша жұмыс (ауызша есептеулер.)

а) 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінетін сандарды тап: 45, 90, 210, 306, 505, 715, 104, 800, 1100, 7001, 33000.

б) 278, 1003, 126, 119, 820, 650, 1151 сандарының қайсылары 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінеді.



в)



9-ға бөлінетін сандарды көрсет 513
702
963
516
9326
8568
1009
315
396
г)


9-ға бөлінетін сандарды көрсет 27344
303
205
100
1033
12351
5673
735

ҮІІІ. Шығармашылық тапсырма
5 пен 9-ға бөлінетін және бірдей цифрлардан тұратын әр түрлі үш таңбалы екі жұп сан жазыңдар. Олардың ЕҮОБ және ЕКОЕ табыңдар.
Жауабы: 180 и 810 (ЕҮОБ = 90, ЕКОЕ = 1620); 270 и 720 (ЕҮОБ = 90, ЕКОЕ = 2160); 360 и 630 (ЕҮОБ= 90, ЕКОЕ = 2520); 450 и 540 (ЕҮОБ = 90, ЕКОЕ= 2700).

ІХ. Ойды қорыту стратегиясы
1.2-ге бөлінетін сандарды ата.
2. 3-ке бөлінетін сандарыды ата.
3.9-ға бөлінетін сандарды ата.
4.15-кебөлінетін сандарды ата.

Х. Үйге тапсырма беру
ХІ. Оқушыларды бағалау
ХІІ. Рефлексия. Оқушылардың не үйрендік? Не білдік пікірлерін білу?

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив