Математика әлеміне саяхат

Математика әлеміне саяхат
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математика

Тақырыбы: «Математика әлеміне саяхат»


Мақсаты: Математикалық білім мен ұғымдар негізінде балалардың ақыл – ой қабілеттерін қалыптастыру.5 көлемінде сандық есептеу дағдыларын дамыту.Заттың аз тобына қосу немесе көп заттың тобынан кеміту арқылы екі тәсілмен теңсіздікті анықтай білуге үйрету.
Өзінің айналасындағы заттардың арасынан (оң,сол,алдында,артында,ортасында,жоғарыда,төменде,алыс,жақын) ұғымдарын анықтауға үйрету. Жыл көлемінде меңгерген білімдерін бекіту.

Әдіс-тәсілдері: ойын технологиясы, ақпараттық технология,сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: видио-проектор, асықтар,қуыршақтар, ноутбуктар,санағыштар,жолақшалар,
қорапшалар, табиғат көріністері (ағаштар,гүлдер,бұлттар, су),музыкалық орталық

Өткізілетін тобы: «Кәусар» ортаңғы сәбилер тобы

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы кезең (Балалар табиғат аясында серуенде жүреді.)
-Міне балалар,бүгін біз күнделікті айтып жүрген табиғатымызды өз көзімізбен көріп тамашалап жүрміз.Табиғат қандай керемет.Жер қандай түске енген?
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қандай ай?
-Көктем айларын атаңдаршы?
-Гүлдердің исі қандай керемет.Қане иіскейікші.
(Осы кезде ауа-райы күрт өзгереді.)
-Балалар,ауа-райы өзгеріп кетті,не байқадыңдар?
-Қандай бұлт?
-Бұлттан соң не жаууы мүмкін?
(Осы кезде найзағай ойнап,жаңбыр сіркірейді.)
-Балалар жаңбыр қатты жауып кетуі мүмкін.Топқа барамыз дегенше үстіміз су болатыны анық.Мына жақын маңайдағы есікке кіре салайықшы.
(Бәрі сол есіктің алдына келеді. Есікте бір қағаз ілулі тұрады.Тәрбиеші алып оқиды)
-Балалар мында тапсырма беріліпті,не істейміз,тапсырманы орындап көреміз бе?
-Жол ұзын ба,қол ұзын ба?
-Қасық ұзын ба? Асық ұзын ба?
-Алма үлкен ба,түйме үлкен бе?
-Аю үлкен бе,қоян үлкен бе?
-Шаш ұзын ба, қас ұзын ба?

-жасыл

-көктем
-мамыр

-наурыз,сәуір,мамыр
Бәрі гүлдерді иіскейді.
-Аспанды бұлт торлады.
-Қара бұлт
-Жаңбыр

-Иә

-Жол
-Қасық
-Алма
-Аю
-Шаш
Ұйымдастыру-ізденімпаздық (Есік ашылады,барлығы ішке кіреді)
-Балалар,,міне керемет,біз қайда келдік,мұндай ғажайып бар екенін білмеппін?
(Экран қосылып,қуыршақ сөйлейді)
Қуыршақ:
-Сәлеметсіңдер ме балалар!Мен «Бал бала» қуыршағымын.
Сендер математика әлеміне келдіңдер.Сендерге дайындап қойған тапсырмаларым бар.Сол тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар топтарыңа оралуларыңа көмектесемін.
Қане бәрің бөлменің оң жағынан не көріп тұрсыңдар?
-Дұрыс сол қоржындарды сандық ретпен ашыңдар,ішінде қызықты тапсырмалар бар.
Тәрбиеші:
-Ал балалар, қай қоржыннан бастаймыз?
-Ол қайда тұр?
Қоржын ашылады.
1-тапсырма.
«Бәйге»
2-тапсырма.
«Қуыршаққа асық үлестір»
«Көбелектерді өз орнына қой»
Сергіту сәті.
Санамақ арқылы сергіту сәтін орындайды
3-тапсырма
«Тоғызқұмалақ»
4-тапсырма «Соқыртеке»
5-тапсырма «Ғажайып пішіндер»

-Қоржындар

-бірінші
-Төменгі оң жақта

Рефлексивті коррекциялау Қуыршақ:
-Ой,неткен ақылды балаларсыңдар,қалай жылдам орынап тастадыңдар.Қазір мен сендерге барамын.
Тәрбиеші:
-Балалар,қане бүгін біз қандай тапырмалар орындадық?
-Қандай ұлттық ойындар түрлерін білдік?
-Қандай математикалық ұғымдарды білдік?

-Жарайсыңдар,балалар.Біз «Бал-бала» қуыршағының тапсырмаларын жақсы орындап шықтық.Енді тобымызға қайтамыз.
(Қуыршақ топқа келеді)
-Ой,балалар,мен сендерді уәдем бойынша өз топтарыңа апарып тастауға келдім.
Жарайсыңдар,сендер тамаша балаларсыңдар.
Жүріңдер,балалар.
(Бәрі қуыршақтың ізіне еріп шығып кетеді)






-қызықты

тоғызқұмалақ,бәйге,соқыртеке

-артық,кем, оң жақ,ол жақ,жоғары,төмен,ортасы


Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек:.5 көлемінде сандық есептеу дағдыларын дамыту.Аз,кем ұғымдарын танып,ажырату. Өзінің айналасындағы заттардың арасынан
(оң,сол,алдында,артында,ортасында,жоғарыда,төменде,алыс,жақын) ұғымдарын ажырату.


Нені жасай біледі: 5 көлемінде сандарды тура,кері санай біледі.Аз,кем ұғымдарын ажыратады. Өзінің айналасындағы заттардың арасынан
оң,сол,алдында,артында,ортасында,жоғарыда,төменде,алыс,жақын ұғымдарын ажыратады.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Берілген тапсырмаларды тиянақты орындап,қойылған сұрақтарға жауап бере алады.


Математика әлеміне саяхат

0 пікірлер

Пікір қалдыру