Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері

Тақырыбы

Сабақ 16

 

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері

Күні,айы:

Мұғалімнің аты-жөні: 

5 сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.1.5

натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу;

5.1.2.8

натурал сандардың бөлгіштерін табу;

5.1.2.9

натурал сандардың еселіктерін табу;

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Оқушыларға натурал санның бөлгішін,еселігін таба білуді және оны есептерді шығаруда пайдалана білуге үйрету.

Оқушылардың басым бөлігі:

Топтық жұмыста белсенді

Оқушылардың шығармашылығы дамиды

Анықтаманы есептер шығаруда қолдана алады

Кейбір оқушылар:

Мәртебесі төмен және жоғары сұрақтар қойып үйренеді, қарсы сұрақ қоя біледі;

-Оқушының сыни ойлауы қалыптасады.

                                                                      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы(2-5 минут)

(а) Оқушылардың назарын сабаққа
аудару

Ұйымдастыру бөлімі:Оқушылармен амандасу,түгендеу,3 топқа бөлу.

Үй тапсырмасы:

1.Барлық натурал сандар бөлінетін санды атаңдар.

2.24 саны бөлінетін натурал сандарды жазыңдар

3. 45 саны бөлінетін натурал сандардың ең үлкенін жазыңдар

4.3 санына қалдықсыз бөлінетін алғашқы төрт натурал санды жазыңдар. (Әдісі:Ассоциация 5 минут)

Өткен сабақты қайталау:

1. Қандай санды берілген натурал санның бөлгіші деп атайды?

2. Қандай санды берілген натурал санға еселік деп атайды?

3.Берілген натурал санға еселік санды қалай табады?

 

 

Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК,Ұ)

 

 Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап.

(Топтар арасындағы диалог) Интербелсенді тақтадан сұрақтар көрсетемін.Жаңа сабақты өз бетімен меңгерту тапсырмалары

 Танымдық деңгей

                               Тапсырма 1

1)      7-нің еселіктерін табыңдар

2)      9,14,32,37,45 және 75 сандарының әрқайсысының барлық бөлгіштерін жазыңдар

3)      №149 есеп Бірі екіншісіне бөлгіш болатын сандарды теріп жазыңдар.мыс:5 және 45

                      Тапсырма 2

1)      120-ның бөлгіштерін табыңдар

2)      8,11,15,25,40 және 100 сандарының әрқайсысының еселіктерінің алғашқы төртеуін жазыңдар

3)      №150 есеп мыс:берілген сандардан 21-дің бөлгіштерін теріп жазыңдар

                Тапсырма 3

1)      2 және 1;3 және 6;5 және 25; 99 және 9 сандарының қайсысы еселік , қайсысы бөлгіш?

2)      5,9,15,21,24,50 және 60 сандарынан 120-ң бөлгіштерін теріп жазыңдар

3)      №151 есеп.мыс:2 және 3 сандарына еселік болатын ең кіші натурал санды жазыңдар

. Алгоритмдік деңгей.

(Әр топқа бір сұрақтан беріледі)

Егер натурал m саны натурал n санына қалдықсыз бөлінсе, онда:

1)      m саны n санына   .....

2)      n саны m санына    ......

3)      Натурал сандардың бөлгішін,еселігін қалай табамыз?

. Эвристикалық деңгей.

А) Математикалық жәрмеңке.

(Деңгейлік тапсырмалар)

45,50,70,75,90,100 және 120 сандарынан 25 –тің еселіктерін теріп жазыңдар. (5 ұпай)

15 және 21 сандарына еселік болатын ең кіші натурал санды жазыңдар (10 ұпай)

45-ке бөлгіш 5-ке еселік (15 ұпай)

42 асықты әрбір үймедегі асық саны тең болатындай етіп,3,5,7,9 үймеге бөлуге бола ма?Егер болса ,әр үймеде неше асықтан болуы мүмкін? (20 ұпай)

 

Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1.  4; 8;9; 12; 13; 18; 20; 29 сандарынан 1) 4-ке еселік болмайтын; 2) екі бөлгіші ғана болатын сандарды теріп жазыңдар.

2.  10; 14; 23; 28; 45; 47; 80; 83; 95 сандарынан 1)5-ке еселік болатын; 2) Құрама сандарды теріп жазыңдар.

3. 2; 3; 5; 11; 14; 15; 25; 42; 89; 91 сандарының ішінен

           1) Жай сандарды;

           2) Құрама сандарды;

           3) 75-тің бөлгіштері болатын;     

          4) 7-ге еселік болатын сандарды теріп жазыңдар.

4.  48; 75 сандарының барлық бөлшектерін кему ретімен айтып беріңдер.

5. 1) 18=3∙6; 2) 22=2∙11; 3) 57=3∙19 теңдіктерінен шығатын қорытындыны “бөлінді”, “санның еселігі” және “санның бөлгіші” деген сөздерді қолданып айтып беріңдер.

ІІ деңгей тапсырмалары

1.    1) 13-ке еселік;   2) 80-нің бөлгіштері болатын барлық сандарды жазыңдар. 13-тің еселіктері мен 80-нің бөлгіштерінің саны шектеулі ма әлде шектеусіз ба?

2. 1-ден 25-ке дейінгі сандар ішінен 2-ге де, 3-ке де еселік болатын сандарды атаңдар.

3. 1030 санына еселік болатын барлық төрттаңбалы сандарды жазыңдар.

ІІІ деңгей тапсырмалары

  1. 1) 69 туристен;   2) 72 туристен  3) 76 туристен 4)119 туристен тұратын топты үш орынды каюталарға бос орын қалмайтындай етіп орналастыруға бола ма?

Жауабы: 1) иә  2) иә 3) жоқ 4) жоқ

2. Данияр қағаздан ұзындығы 21см, ені 15 см тік төртбұрышты қиып алып, оны қалдық қалдырмай бірдей квадраттарға бөлді. Әр квадраттың қабырғасы неше сантиметр? Неше квадратқа бөлінді?

Жауабы: Квадраттың қабырғасы 3 см, 35 квадратқа бөлінді.

                     Топтық жұмыс. Оқушылар екі топқа бөлініп төмендегі есепті шығарады.

 

 

      

Оқулық

 

Аудиодиск:                                                              1.1.1 :  1.1.2: 1.1.3:

А4 форматты ақ қағаз,қарындаштар

і

Қосымша тапсырма:1.1.

 

Сабақтың соңы( 41-45мин)

 

Топтық жұмыс. Оқушылар үш топқа бөлініп төмендегі есепті шығарады.

Әрбір оқушы кез келген натурал санның бөлгіштері мен еселіктері болатындығы туралы ой қорытады.

Екі шартты да қанағаттандыратын екі санды әрбір тор көзге жазыңдар. Кестені толтырыңдар.

 

Сан

15-тің бөлгіші

18-дің бөлгіші

32-нің бөлгіші

6-ның бөлгіші

 

 

 

12-нің бөлгіші

 

 

 

24-тің бөлгіші

 

 

 

 

Сан

3-ке еселік

5-ке еселік

11-ге еселік

4-ке еселік

 

 

 

7-ге еселік

 

 

 

13-ке еселік

 

 

 

 

“Ребусты шешіп көр” ойыны

 

Ендеше , бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе , өз жұмысымызға қошемет білдіріп,қол соғып қоялық және бағалау жүргізейік

      Бағалау критерилері

«5»-21 балдан жоғары

«4»-13-20 балл

«3»-6-12 балл

«2»- 0-5 балл

Үйге тпасырма:ІІ тарау.2.1 №153,№148а),№158

                       Рефлексия

Оқушыларға стикерлер таратылады.

-          Сабақ маған түсініксіз

-          Тақырыпты түсіндім,бірақ есептеген кезде қиналамын

Маған сабақ ұнады.Тақырыпты меңгердім

 

                                                                Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

2.Жүргізген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?

 

 

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1.

2.

           

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив