Рационал сандарға амалдар қолдану

Сариева Айслу Жауынбаевна
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану

Сабақтың мақсаты:Білімділік: Рационал сандар туралы ұғымдарын жалпылау, рационал сандарға амалдар қолдану бойынша алған білімдерін тереңдету,жүйелеу.
Тәрбиелік:топпен жұмыс жасауға,өзін-өзі бағалауға және өз қатесін өзі табуға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың білім-білік дағдыларын дамыту, белсенділігін әрі пәнге деген қызығушылығын арттыру
Түрі: қайталау және білімді жүйелеу сабағы
Көрнекілігі:интерактивті тақта,флипчарт,слайдтар
Сабақтың ұраны: Біле бер қанша білсең-тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле,біле.
Ж.Баласағұн
Есеп шығару-жүзу, шаңғы тебу немесе фортепианода
ойнау сияқты кез-келген практикалық өнер.
Д.Пойя
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру
II.Үй жұмысын тексеру
III.Қайталау тапсырмалары:
1)Таңбалар ережесі
2)Таңбалары бірдей және таңбалары әртүрлі сандарды қосу ережесі
3)Таңбалары бірдей және таңбалары әртүрлі сандарға амалдар қолдану арқылы топша бойынша мысалдар құрастыру
IV. Графикалық диктант
Дұрыс жауап үшін - , Қате жауап үшін ^
1/ -0,36+1,43=1,07 6/-3,07+16,03=19,1
2/ -0,78+(-0,22)=-0,56 7/ -5,6∙2=-11,2
3/ 31: (-6,2)=-5 8/ -13∙(-10)=130
4/ 0,62+(-3,78)=-3,16 9/ 0,05+(-0,2)=0,25
5/ -25,5:9=2,8 10/ -16,5+(-4)=-20,5
Жауабы: -^--^^--^-
Оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді.
V. «Кім тапқыр?» Берілген тапсырманың жауаптарын тауып, өсу ретімен орналастыру қажет
К.0,56+(-0,44) Р. 13/20+(- 2/5)
Е. 9,6: (-1,6) Д. -672 +(-328)
А. 3/5 ∙ 10/27 ∙ 9/10 Т. -5∙(-20)
-1000 -6 0,12 0,2 0,25 100
Д Е К А Р Т
Рене Декарт туралы қысқаша мәлімет беру.
Р.Декарт (1596-1650)- француз философы, физигі әрі математигі, классикалық рационализм өкілі, Анжудағы Ла Флеш мектебін бітірген. Декарт аналетикалық геометрияның негізін салды, қазіргі кездегі қолданып жүрген көптеген алгебралық белгілеулерді енгізді. Оның бұл саладағы негізгі жетістігі-оның жасаған координаттар әдісі болды.Оның «Әдіс туралы пікірлері» (1637), «Философия бастауы» (1644), Геометрия (1637) т.б еңбектері бар.
VI.Сергіту сәті
VII. Деңгейлік тапсырмалар
А тобы
1/Тура теңсіздіктерді теріп жаз.
-6 1/5 -11; 13>|-13|; 12<|7-10|
2/ Теңдеуді шеш: 1) х-(-13)=-5 2) 12+5х=-18
В тобы
1/ Өрнектің мәнін тап: -7а+в, а=3,5, в=4
2/ Қосуды орында:
6,5+(-0,8)+0,25 +(-0,2)+0,75+(-6,5)
С тобы
Жұлдызшалардың орнына теңдік тура болатындай таңбаны жазыңдар.
1/ (*15)+(*8)=-23 2/ (*99,9):(*0,9)=111 3/(*8,4)+(*2)=-6,4
VIII.Оқулықпен жұмыс №479(тақ), №487 (1,3)
IX. Үйге тапсырма.Оқушыларды бағалау

0 пікірлер

Пікір қалдыру