жеңіс туы желбіре

Сабақтың тақырыбы: Жеңіс туы желбіре
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд
Сабақтың жүру барысы: Құрметті қонақтар, балалар !Сіздерді келе жатқан Ұлы жеңістің 70 жылдық мерей тойымен шын жүректен құттықтаймыз! Баршаңызға мықты денсаулық,ұзақ өмір,отбасытарыңызға бақыт, бірлік,береке тілейміз.

Жеңіс күні,Жеңіс жыры
Асқақтата шырқалсын.
Ардагерлер қалауы
Мәңгі өшпесін алауы.
Желбіресін жеңімпаздар жалауы,-дей отырып осы жеңіс күніне арналған«Жеңіс туы желбіре»атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Биыл –Ұлы жеңіске 70 жыл толып отыр.Тарих көші үнемі жаңаланып отырады.Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысының қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін, батыр аталарымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкімде, ешқашан ұмытқан емес, ұмытылмайды да.1941жылы 22 маусым фашистік Германия елімізге басып кірді.
Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 870 мың қазақстандықтар болған.
Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана баласын сағынып , бала әкесін сағынып. Бала әкесін күте берді, күте берді. Әкесін сағынған бала
Көрініс.
Жанерке: Әке,әке! Тілдесші менімен әкешім!Әлде хат жазуға уақытын жоқпа? Хат неге жазбайсың әке ? Тым болмаса аманмын, немістермен мына жерде шайқасып жатырмын деп бір хабарласшы әке?Сағындым сені әке!Бұрын ерлер тыңдыратын жұмысты қазір аналар,қарттар, тіпті біздер де істеп жүрміз. Бәріде майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!-деп еңбектенудеміз.Сендер Отан үшін, біздер үшін,болашақ ұрпақ үшін соғыста жүрсіңдер. Аянып қалма әке! Мен үшін,еліміз үшін,үйге жеңіспен қайт. Сағындым сені!
Ақтілек:Сүйінші, халқым,сүйінші!Неміс фашистері тізе бүгіп,жеңілгендерін мойындапты.Жеңіс,Жеңіс!Біз Жеңдік!
Мұғалім:
Бекнар
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама.
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі көп балаға.

Мұғалім
Алаулап от жалындар,
Отқа ораған далалар.
Жарты ғасырөтседе,
Естенкетпессолжылдар.
Би : Катюша
Мұғалім:1941 жылы Алматыда генерал И. В. Панфилов 316-атқыштар дивизиясын жасайды. Осы дивизияны 28 панфиловшы-батырлары Мәскеу қаласын қорғауда өшпес ерлік көрсетті.Волоколомск жолын қорғаған 28 панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді.
Сағи Жиенбаевтың «Жиырма сегіз» өлеңі.
1-оқушы Ақзат
Тастар көкке атылды
Орман шулап, тау құлап
Жиырма сегіз батырды
Жеңе алмады жау бірақ
2-оқушы Нияз
Жамылды жер тұманды,
Өрт ішінде қалды бақ
Жиырма сегіз батырды
Жеңе алмады жау бірақ
3-оқушы Аружан
Оқ астында зулаған
Туған жермен бір болып
Жау алдында тұрды олар
Жиырма сегіз шың болып
4-бала Ақтілек
Жау жеңілді ақыры
Атты бейбіт таң күліп
Жиырма сегіз батырын
Ұмытпайды ел мәңгілік
Жүргізуші: Олардың ерліктері ешқашанда ұмтылмайды. Ендеше осы батырларымыздың құрметінеән орындаймыз.
Ән «Ұрпағымыз батырдың»
Бейбарыс
Жеңіс күні құтты болсын,
Құтты болсын аталар
Ұмытпайды ешқашан
Жауынгерді балалар
Мұғалім:Жеңіс күні адамзат аңсап күткен қастерлі күн.Бұл Жеңісоңайлықпенкелген жоқ. Қазақтың қос жұлдызы Әлиямен Мәншүк есімін,аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлын және осы соғыста ерлік көрсеткен ата-апаларымыздың,әкелеріміздің есімін қашанда мақтанышпен айтамыз.


Жаннұр
Әлияны бұл күнде,
Барлық бала біледі.
Әлия-аты көңілде,
Әпкеміз деп жүреді.
Ұлжан
Мәншүк апай батырқыз,
Ардақтаймыз атын біз.
Ұқсап Мәншүк апайға,
Өсіп келе жатырмыз.
Ақзат
Бауыржан атам ардақты
Алды биік атақты
Жетелеп алға қазақты
Жеңіске жолды бастапты
Мұғалім:Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т.б.және де өз жерлестеріміз де бар.Ол кісілерге құрметпен бас иеміз.
Ән «Әрқашан күн сөнбесін»
Жанерке
Отан – көкшіл туымыз.
Отан біздің еліміз,
Отанды қорғап жүреміз
Туып өскен жеріміз.

Барлығы: Біз Отанның ұланымыз,
Біз Отанның қыранымыз.
Ән: «Елімді мен сүйемін»

Мұғалім: Ұлы Жеңіс – барша халықтың жеңісі. Сондықтан да кешегі жауынгер, бүгінгі ата-әжелеріміздің жеңіске жетер жолда тындырған ұлан-ғайыр істері біздің жадымызда мәңгі сақталатын дастандай жалғаса береді.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив