Келе бер, көктем

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Келе бер, көктем.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Көктем мезгілінде болатын өзгерістер жайлы балаларға түсіндіру. Табиғаттағы құбылыстарды бақылай отырып, сүйіспеншілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Шуақты, жер көйлегі.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Көктем мезгілінің суреттері.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Бастаушы: Күн, Күн, сен неге күлімдейсің?

Балалар: Көктем келді.

- Жаңбыр, жаңбыр, сен неге сыртылдайсың? (Жауынның жауған дыбысы)

- Көктем келді.

- Бұл ақ, бұл ақ, сен неге сылдырайсың? (Судың дыбысы)

- Көктем келді.

- Құстар, құстар, сендер неге сайрайсыңдар? (Құстардың сайраған дыбысы)

- Көктем келді.

Балалар бір-біріне: «Досым, біз де күлімдейікші», - деседі.

Педагог:

- Көктем мезгілі неше айдан тұрады?

- Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Көктем мезгілінде ең алғаш өсетін гүлді білесің бе?

Дәптермен жұмыс: Н. Мұқатовтың көктем мезгіліне арналған өлеңін жаттау.

Күншуақты кез келді,

Көп көрініс көзде енді.

Жерге сіңіп қалың қар,

Жер көйлегі өзгерді.

Педагог:

- Көктемде қандай өзгерістер болады?

- Қар еріп, қайда сіңеді?

- Жер қандай түске өзгереді?

- Жерде не өседі?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Тыныштық сәті: Баяу әуенмен балалар көздерін жұмып, терең тыныс алады. Жасыл желек жамылған шөптерді, бүршік атқан ағаштарды, сайраған құстарды, гүлге қонған көбелектерді көз алдарына елестетеді. Гүлдердің иісі қандай әдемі! Иіскейді. Терең тыныс алады.

Дидактикалық ойын: «Гүлдер».

Ойын шарты: Тақтаға гүлдердің суреті ілінеді. Балалар көздерін жұмады, көздерін ашқанда гүлдердің біреуі жоқ бола­ды. Қай гүлдің жоқ екенін табу.

Сергіту сәті:

Шаршағанда ырғалып,

Гүлге ұқсап дем алам.

Қанатымды бір қағып,

Гүлдей болып жайқалам. (Қимылмен көрсетеді).

Дәптермен жұмыс: «Көктемгі еңбек» суреті бойынша әңгіме құрастыру. Жұмбақтың шешуін тап.

Күн ұзарып, қар еріп,

Су сайларға толады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл  қай кезде болады? (Көктемде)

Қорытынды:

- Көктем мезгілі несімен ерекшеленеді?

- Ауа райын бақыла.

- Ағаштар қалай өзгереді?

- Көктем мезгіліне арналған өлең айтыңдар.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив