Жолаушылар таситын кеме.

22-сабақ. Құрастыру.

Тақырыбы: Жолаушылар таситын кеме.

Мақсаты: Көлік түрлерімен таныстыру. Құрылыс материалдарынан сызба үлгіге қарап жолаушылар таситын кеме құрастыруға үйрету. Құрастыру барысында ойлау қабілетін дамыту. Балалардың қызығушылығын арттырып,, белсенділік іс-әрекетке тәрбиелеу.

Керекті  құралдар: құрылыс материалдары. Үлгі суреттер, ұшақтар, кемелер, әскери жолаушылар, жүк таситын кемелердің суреттері.

Әліппе-дәптері.

Әдіс-тәсілдер: құрылыс материалдарымен жұмыс жүргізгенде

әдіс-тәсілдер пайдалану, түсіндіру. Кеме құрылысын талдау, әңгімелесу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: суда жүретін көлік түрлері жай­ында сурет бойынша әңгіме құрату. Қимылды ойын. "Теңіз толқиды".

Сабақтың барысы: тәрбиеші бірнеше көлік түрлерін пайдаланып, олардың ерекшеліктері жайында әңгімелетеді. Аспанда ұшатын, суда, жерде жүретін көліктердің суреттерін әліппе-дәптердегі үлгілерін көрсетіп, балалардың әңгімесін тыңдайды. Әскери кеменің ұзынша, жеңіл, жүк таситын көліктің жалпақ, ауыр, т.б. бөліктерін атап, қалай орналасқанына назар аударады. Құрылыс материалдарының көлемі, пішіні, түр-түсіне қарай бір-біріне үйлестіріп орналастыру ұсынылады. Кеменің көлеміне қарай өздігінен дербес, шығармашылықпен жұмыс істеуге бағыт беріледі. Балалар құрылыс жасауда екіден, төрттен бірігіп бір кеме жасауларына болады. Кеме жолаушылар тасуға арналғандықтан, адамдар кемеге қалай отырады? Ол үшін қалай құрастыруымыз керек?" — деп, балалардың ойланып әрекет жасауына бағыт, қажет болған жағдайда көмек беріледі. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан соң балалармен бірлесіп талдау жасалады, жақсы жұмыс мадақталады. Орын­дарын жинау ескертіліп, жұмыс барысы "Теңіз толқиды" ойынымен жалғасады.

 

 

 

 

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру