Тәуелсіз Қазақстан.

13 – оқу іс – әрекеті

 

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан.

         Мақсаты:

  1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы турал түсінік беру.
  2. Отанымыздың байлығы туралы, жеріміздің үлкендігі туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  3. Балалардың Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сөздік жұмыс: Отан, карта.

 

Іс – әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

Күлімде, күн күлімде,

Жер жасарып көгерсін,

Кешегіндей бүгін де,

Қанатқақсын өгершін.

Балалар шеңбер жасап тұрып қайталайды.

Ізденістер.

Ұйымдастыру.

1.Педагог сұрақ – жауап және көрнекілік әдістері арқылы Қазақстан Республикасы туралы түсіндіреді, әңгімелейді. 16 Желтоқсан – ліміздің ең үлкен, ең басты мерекесі. 1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. 2011 жылы тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 20 жыл толды.

Осы тәуелсіз Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатайұлыы, Ләззат Асанова сынды қазақтың батыр, қаһарман ұл – қыздарының арқасында келді. Олардың тәуелсіздік жолындағы ерлігі, қайсарлығы біз үшін өнеге болмақ.

 

2.Б. Исаевтың «Тәуелсіз елім бар» өлеңі оқылады.

3.Сөздік жұмысын жүргізу.

Тәуелсіз толық еркі бар,

Ерікті, бағынышты емес.

Егемен-өз билігі, бас бостандығы өзінде, тәуелсіз.

 

4.Отан туралы мақалдың мағынасынашып, оны жаттатады.

 

Халықтың ортақ үйі – Отаны.

 

4.Сергіту сәтін өткізу.

Отан әнін тыңдату.

 

5.»Жылы сөздер» дидактикалық ойынын ойнату. Шарты: Отан туралы пікірлерін білдіру.

 

6.Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындатады.

Балалар Отан туралы ойларын әңгімелейді.

Үлгі жауап:

Мен Отанымды жақсы көремін. Менің Отаным – Қазақстан...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлеңді тыңдайды, сұрақтар қояды.

 

 

 

 

 

 

Мақалдың мағынасын қалай түсінгендерін айтады.

 

 

 

Әнді қосылып орындайды.

 

 

 

 

«Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында сурет салады.

Қорытындылау.

Өзін – өзі бағалау.

Сабақта алған білімдерін пысықтайды.

Сұрақтар:

1.    Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?

2.    Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.

3.    Біздің елордамыз қай қала?

4.    Тәуелсіздік монументі қай қалада орналасқан?

Сұрақтарға жауап береді.

 

         Күтілетін нәтиже: Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау керектігін түсінуі.

         Білуі тиіс: Отанын, атамекенін ардақтау керектігін.

Түсінігі: өз Отанын мақтан ету.

Көрсете білуі: салған суреттері бойынша әңгімелеу.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив