Жаңа жыл келді. Қыс қызығы.

16 – оқу іс – әрекеті

 

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Жаңа жыл келді. Қыс қызығы.

         Мақсаты: 1. Балалардың қыс мезгілінің белгілері туралы түсініктерін арттыру.

2.Қыста ойналатын ойындар қыс қызығын арттыра түсетінін түсііндіру.

3.Қысқы оындардың падасын түсіндіру арқылы спортты сүюге баулу.

Сөздік жұмыс: қар кесегі, аққала.

 

Іс – әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

«Сырғанақ» өлеңі оқылады.

 

Сырғанаққа мығмбыз,

Шыныққанбыз, шымырмыз.

Таудан төмен сырғанап,

Біз тебеміз сырғанақ.

Балалар бірге қосылып айтады.

Ізденістер.

Ұйымдастыру.

1.Педагогтің тапсырмасы:

- Аспанды сұр бұлт қаптап, жерді ақ ұлпа қар басты. Өзендерде мұз қатып, айнала ертегідегідей тыныштыққа бөленді. Күннің суығына қарамастан блалар шана, коньки теуіп, қар атысып ойнап жүр. Қай мезгіл туралы айтылады?

2.Педагог қыс мезгілінде болатынқұбылыстарға тоқталады. Әр айдың ерекшелігін айта келе, қысқы ойындар туралы түсінік береді.

Мысалы:

-         Қаңтар мен ақпан айында ауа райы суық болады. Қаңтар қыс шатыры. Қыстың үш айы қандай суық болған күнде де адамдар мұзайдында конькимен сырғанайды, шаңғы, шана тебеді. Қар кесектерін домалатып, аққала жасайды.

3.Қысқы ойындар дидактикаылық ойыны. Шарты: балалар бір-бірден қоржын ішінен суреттерді алады. Суреттердің ішінен қысқы ойын түрлері бейнеленген суретті тауып, оны тақтаға жапсырады. Сонан соң сурет бойынша қысқы ойын түрлері туралы әңгімелейді.

 

4.Сергіту сәтін өткізу.

 

Боарн соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Суық өтер қолғаптан.

 

5.Қысқы мереке туралы әңгіме өткізу.

·        Жаңа жыл мерекесі

·        Шыршаны безендіру

 

6.Жұмбақ шешу.

 

Қыста шыны боп қатады,

Жылыда су боп жатады.

                              (Мұз)

Балалар қыс қызығын өз беттерінше әңгімелейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қыс мезгілі туралы пікірлерін айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет бойынша әңгімелейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлең жолдарын қайталап, жаттығу жасайды.

 

 

Сұрақтарға жауап береді. Шыршаны ойыншықтармен безендіреді.

 

 

 

Жұмбақтың жауабын айтады.

Қорытындылау

Пысықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Қыс мезгілінің айларын ата.

2.Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атап бер.

3.Қандай қысқы ойындарды білесіңдер?

4.Қыс мезгілін не үшін жақсы көресіңдер? Пікірлеріңді білдіріңдер.

Балалар қыстың ерекшелігіне тоқталады.

        

Күтілетін нәтиже:қыс мезгілінің ерекшелігін білуі.

Білуі тиіс:жаңа жл мерекесі туралы білімдерін толықтыру. Қардың қайдан пайда болғанын білу.

Түсінігі:табиғатты аялау, қорғау керектігін түсіну.

Көрсете білуі:суретке қарап әңгіме құрай білу.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив