Қысқы еңбек.

17 – оқу іс – әрекеті

 

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Қысқы еңбек.

         Мақсаты: 1. Балалардың қыс мезгілінде орындалатын еңбек түрлері туралы түсініктерін толықтыру.

         2.Қысқы еңбек түрлерінің пайдасын түсіндіру.

         3.Қысқы еңбектің пайдасын түсіндіру арқылы еңбексүйгіштікке баулу.

         Сөздік жұмыс: қарды күреу, қар тоқтату, құрғақшылық, ылғал.

 

Іс – әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту

1.Шеңбер жасап тұрып, музыканың сүйемелдеуімен «қар күреу» жаттығуын орындатады.

Жаттығуды би қимылына келтіріп орындайды.

Ұйымдастыру. Сезімді ояту

2.Педагогтің жаңа сабақты түсіндіруі.

Қысқы еңбек түрлерімен таныстырады және оларды кімдер атқаратынын айтып түсіндіреді.

-         Қыстыгүні көше мен аулалардың қарын күреп тазалау, ал ауылда егістік алқаптарында қар тоқтату жұмыстары жүргізіледі. Қала көшелерінде машиналардың жеңіл әрі жылдам жүруі үшін адамдар арнайы машиналармен қарды күреп тазалайды. Құрғақшылық жиі кездесетін амаақтарда қар тоқтату әдісі қолданылады. Қар тоқтату – топырақта ылғалдық біршама қорын жинап, егіс өнімділігін арттыратын жұмыс түрі.

3.Сурет бойынша «Қысқы еңбек» тақырыбында балаларды қатыстырып, әңгіме жүргізеді.

4.Сурет бойынша малды күтіп-баптау жұмыстары туралы түсіндіреді.

5. «Артығын тап» дидактикалық ойыны. Шарты: суреттен еңбек құралдарын тауып, оларды қошап сызады. Артық зттарды тауып айтады: шна, шаңғы, малақай.

Мұқият тыңдайды, түсінбегендері бойынша сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді. Сурет бойынша қысқы еңбек қар күреу, ауылда малды күту жұмыстары жайлы әңгімелейді. Дәптермен еңбек құралдарын тауып, оларды қорщап сызады.

 

 

 

 

 

Сурет бойынша қысқы еңбек түрлері туралы әңгімелейді, сұрақтарға жауап береді

 

Заттардың не үшін артық болып қалғанын айтып дәлелдейді.

Қорытындылау

Сабақта алған білімдерін пысықтайды.

Қысқы еңбек туралы қойылған сұрақтарға жауап береді.

 

Күтілетін нәтиже:қыс мерзімінде атқарылатын жұмыс түрлерін білуі.

Білуі тиіс: қысқы еңбек түрлерін атап беруі тиіс.

Түсінігі: қысқы еңбек пайдасын білу.

Көрсете білуі: ауланың қарын күреу, үй жануарларына қамқорлық жасау.

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив