Көрікті көктем

22-оқу іс-әрекеті

 

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Көрікті көктем.

Мақсаты:

  1. Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстар, өсімдіктер мен жануарлардағы маусымдық өзгерістер, адамдардың көктемдегі пайдалы іс-әрекеттері туралы мғлұмт беру.
  2. Үлкендер еңбегімен бақылау арқылы бағалай білу, бақылағандарын есте сақтай білу дағдыларын қалыптастыру
  3. Еңбексүйгіштікке, табиғатқа деген қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: ұя, жер, егін, гүлзарлар.

 

Іс – әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту.

Балалрды дөңгелендіре тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын оқиды:

Жаңбыр, жаңбыр жауасың,

Жанымызға дауасың.

Біз ойнайтын ауланың

Тазартасың ауасын.

Балалар педагогпен бірге өлеңді қайталайды.

Ізденістер.

Ұйымдастыру

1.Педагог көктем мезгіліндегі маусымдық құбылыстар, жануарлардың өміріндегі өзгерістер, өсімдіктердің өсуі туралы түсіндіреді. Түсіндіру барысында көрнекіліктерді пайдаланады.

-Көктем мезгілінің айларын атаңдар.

-Көктемнің алғашқы айы – наурыз. Бұл айда күн жылынып, қар еріп, жылғалардан су ағады. Сай-сала суға толады.

Сәуір айында жер беті көгеріп, ағаштар бүршік атып, айнала құлпырып кетеді. Жаңбыр жиі жауады. Мамыр айында дала жасыл желек жамылады.

Мамыр айын «Ән айы» деп атайды. Өйткені құстар балапан басады, тоғай, гүлзарлардың ішінде, көл жағасында құстардың сайраған дауыстарын естисің.

Сондықтан көктем – жылдың ең тамаша мезгілі.

Жер жыртады, егін, бау-бақша салады. Гүлзарларды гүл егуге дайындау, ағаштардың түптерін қопсыту, құстарға ұя жасау сияқты жұмыстар жүргізіледі. Ең алғаш дәнмен қоректенетін құстар ұшып келеді. Мысалы, ұзақ, шұбар шымшық, таңшымшық, қараторғай сияқты құстар. Ал жәндіктермен қоректенетін құстар – қарлығаш, ұзынқанат қарлығаш, көкек, бұлбұл сияқты құстар сәуірдің аяғы, мамыр айларында ұшып келеді.

 

2.Сергіту сәтін өткізу.

 

Қанат жаям жалма – жан,

Талпынғандай ұшуға.

Иіліп келіп қол созам

Аяғымның ұшына.

 

3.Әліппе-дәптермен жұмыс жүргізу:

а)Б.Қозыкеевтің «Көктем» өлеңін дауыстап оқиды.

4. «Бұл қай кезде болады?» дидактикалық ойыны. Шарты: педагог жыл мезгілдері бейнеленген суреттерді көрсетеді,сол бойынша әңгіме өткізеді.

Балалар тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

Өздері білетін тақпақтарын қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлең жолдарын қайталап, жаттығу жасайды.

 

 

 

 

Суреттер бойынша жыл мезгілдерін анықтайды. Өлеңнің мазмұнына қарай көктемде болатын өзгерістерді әңгімелейді.

Қорытындылау.

Өзін-өзі бағалау.

Тапсырмалар:

Көктем мезгілінің ерекшеліктерін ата. Көктем айларын ата.

 

Сабақта алған білімдері сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады.

Балалар белсенділікпен жауап береді.

 

         Күтілетін нәтиже: көктем мезгіліндегі табиғат құбылыстары туралы түсінігі болуы.

         Білуі тиіс: көктем мезгілінің ерекшеліктерін білу.

         Түсінігі: адамдардың көктемдегі пайдалы іс-әрекеттерін білу.

         Көрсете білуі: суретті ретімен орналастыру.

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив