Ана – біздің гүліміз.

23-оқу іс-әрекеті

 

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Ана – біздің гүліміз.

Мақсаты:1.Отбасындағы ананың рөлі туралы түсінік беру.

2.Балалардың өздеріне аналары жайлы әңгімелету арқылы отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластық туралы түсіндіру.

3.Ананы қадірлеуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: құттықтау, тілек.

 

Іс – әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту.

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, аналары туралы жылы сөздер айтқызады.

Әр бала анасы туралы қысқаша айтады.

Мысалы: Менің анам күн сияқты жып-жылы. Менің анам – ең әдемі адам.

Ізденістер.

Ұйымдастыру.

1.Ана туралы ән тыңдату. Әннің кімге арналғаны туралы сұралады.

2.Педагогтің түсіндіруі:

-Кез-келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен алауы бізді әлдилеп жұбатады. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін - өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды,бұдан оның жаны байи,, нәрлене түседі. Ананы барынша құрметтеп, сыйлау - әрбір баланың парызы.

3.Ана туралы мақал-мәтелдің мағынасын ашу.

 

Ананың сүті –бал, баланың тілі – бал.

 

4.Дәптердегі ана туралы өлең оқылады. Өлең мәтініндегі кейбір сөздерге өздік жұмысын жүргізеді.

 

5.Дәптерге аналарына арнатып құттықтау хат дайындатады. Құттықтау хатқа не салу керектігіне кеңес береді.

Әннің мазмұны туралы әңгімелейді.

 

Мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақалдың мағынасын қалай түсінгенін айтады.

 

 

Сөздердің мағынасын қалай түсінгендерін айтады, тыңдайды. Аналарына арнап сурет салады. Бір бала гүлдің суретін, бір бала анасының суретін салуы мүмкін. Оқып – жаза алатын тілектерін жазады.

Қорытындылау.

Өзін - өзі бағалау.

1.Анашым, жүрегім, гүлім ,бақытым сөздерін қарастырып, сөйлемдер құрастыру.

2.Пікір алмасу.

1.Сөйлемдер құрастырады:

Анашым-ақ гүлім. Анам – менің кеудемдегі жүрегім. Анашым – бақытым.

2.Ана туралы пікірлерін ортаға салады.

 

         Күтілетін нәтиже: ананың аялы алақанын, жан жылуын сезіне білуі.

         Білуі тиіс: Халықаралық әйелдер мерекесі туралы түсінігі болуы.

         Түсінігі: отбасындағы ананың рөлі туралы білу.

         Көрсете білуі: Ойны жеткізіп айту.

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив