Наурыз – жыл басы

25-оқу іс-әрекеті

 

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Экология негіздері.

Тақырыбы: Наурыз – жыл басы.

Мақсаты:1. Наурыз – жыл басы, күн мен түннің теңелуі, табиғатқа қамқорлық мерекесі екені жөнінде түсінік беру.

2.Көктем мезгіліндегі табиғаттың жаңаратынын мысалдар келтіру арқылы түсіндіру.

3.Балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: салт-дәстүр, ырым, т.б.

 

Іс – әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту.

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

 

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырасын даламыз,

Жайнай берсін қаламыз.

Балалар өлең жолдарын айтып, бір-бірімен сәлемдеседі:

-Қайырлы таң!

-Қайырлы күн!

Ізденістер.

Ұйымдастыру

-Наурыз парсы тілінде «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Ол шығыс халықтарының ортақ мейрамы, ұлыстың ұлы күні деп аталады.

Ә. Табылдының «Наурыз тойы» өлеңін оқу.

 

Күн менен түн теңелді:

Жер шуаққа кенелді,

Соны тойлар ел енді.

Наурыз тойы салтымыз:

«Көгерсін!» - деп, халқымыз

Көшеге аулаға тал егеді.

 

Балаларға жылдың басы наурыз болып саналатынын, бұл кезде күн мен түннің теңелетінін, наурызда бүкіл табиғат оянатынын әңгімелеп беру.

 

Сергіту жаттығуын өткізу.

 

Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өрілер.

Бәрімізжүрсек айналып,

Киіз үй боп көрінер.

 

Наурызда адамдар бір-біріне деген өкпесін ұмытып достасуға ұмтылады. Қазіргі кездегі экологиялық жағдайды ескере отырып, елімізде қоршаған ортаны көгалдандыруға үлкен көңіл бөледі, аулалар мен көшелерді тазалайды және оны дәстүрлі іске айналдырған. Сондай-ақ бүгінгі таңда наурыз мерекесін «Экологиялық мереке» деп атап жүр.

 

Әліппе – дәптердегі тапсырмаларды орындатады:

а)Берілген суреттегі жақсы және жаман істерді ажыратып көр.

ә)Әр қыздың ұлттық киіміне сәйкес келетін кілем түрін көрсет.

Балалар өлеңді зейін қоя тыңдайды, түсінеді, көктем мерекесін сезінеді, қуанады.

 

 

 

Наурыз мерекесінің мағынасын ұғынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлең жолдарын қайталап, жаттығу жасайды.

 

 

 

 

 

Табиғатқа қамқор болу үшін ағаш егу керектігін түсінеді. Көшеде қоқыс тастамау керектігін ұғады.

 

 

 

 

 

 

 

Әліппе дәптермен жұмыс жасайды. Түсінбеген тұстарын сұрап біледі, ұғынады.

Қорытындылау

Оқу іс-әрекеті барысында балаларды осы дәстүрлі істерді жалғастыруға, еңбек етуге, табиғатқа қамқор болуға жетелеу.

Табиғатқа, туған өлкеге қамқор болуға келіседі. Қуанады.

 

Күтілетін нәтиже: наурыздың көктем мерекесі екенін, наурызда бүкіл табиғат оянып, тазалық жұмыстары жүргізілетінін ұғынады.

         Білуі тиіс:науры жыл басы екенін білу.

         Түсінігі: күн менен түннің теңелуін түсіну.

         Көрсете білуі: наурызда ағаштар, көшеттер егіп, ауланы көгалдандыруға үлес қосады.

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив