Қазақстан – ортақ үйіміз.

29-оқу іс-әрекеті

 

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Қазақстан – ортақ үйіміз.

Мақсаты:1.тәуелсіз еліміз туралы білімдерін толықтыру.

2.Көпұлтты республикамызда татулық, дочстық орын алғандығын түсіндіру.

3.Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: ұлт, достық, тілек, т.б.

 

Іс – әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту.

Шаттық шеңберін құру.

Балалар дөңгелене тұрып, көздерін бір минуттай жұмып тұрады. Сонан соң көздерін ашып, бір – біріне қарама – қарсы тұрып, жылы лебіздер білідіреді.

Ізденістер

Ұйымдастыру

1.«Қай ұлт?» дидактикалық ойыны.

Шарты: педагог әр ұлт өкілдері бейнеленген сурет не ффотоны көрсетеді, балалар оның қай ұлт өкілі, оны қалай білгенін айтады.

2.Педагогтің түсіндіруі:

-Қазақстанда жүзден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері бір қолдың саласындай, бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Мысалы: жергілікті ұлт – қазақ халқы және сонымен қатар орыс, корей, түрік, ұйғыр, т.б. Сондықтан Қазақстан Республикасын көпұлтты мемлекет дейміз. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

 

3.С.Оспановтың «Тілейміз – бейбіт күн» деген өлеңін мәнерлеп оқиды. Мазмұнын түсіндіреді.

Өлеңдегі «Дос құшағын елге ашқан» деген жолдың мағынасын түсіндіреді:

-Қазақ халқы – бауырмал халық. Біздің елімізде тұрып жатқан орыс, корей, түрік, т.б. біздің жерімізге көшіп келген кезде, оларға байтақ жерімізден жер беріп, жылы құшақпен қарсы алған.

Балалар сурет бойынша Қазақстан Республикасында тұратын ұлт өкілдері туралы әңгімелейді.

 

         Күтіілетін нәтиже: көпұлтты республикамыздың тыныс – тіршілігі туралы ұғымдарының қалыптасуы.

         Білуі тиіс: әр ұлт өкілдерімен тату – тәтті қарым – қатынаста болу керектігін.

         Түсінігі: достықты қадірлеу керектігі.

         Көрсете білуі: әр уақытта айналасындағы адамдарды алаламай, сыйластық қарым-қатынаста болуы.

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив