Экологиялық сокпақ. Оқу іс-әрекетінде пайдалануға болатын қосымша материалдар

32-оқу іс-әрекеті

 

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік сала.

Білім көздері: Экология негіздері.

Тақырыбы: Экологиялық сокпақ.

Мақсаты: 1.Балалардың санасына экология деген түсінікті қалптастыру.

2.Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау керектігін түсіндіру арқылы эстетикалық талғамдарын дамыту.

3.Табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: саяхат, соқпақтаар, шартты белгілер.

 

Іс – әрекет бөлімдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Ынталандыру.

Сезімді ояту.

Қуаныш шеңберін ұйымдастыру.

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.

Өлең жолдарын айтып шеңберде бір-біріне қуана қарайды.

Ізденістер

Ұйымдастыру

Экологиялық соқпақ – дегеніміз арнайы таңдалған бағытпен табиғат аясында, табиғатты қорғауға байланысты ұйымдастырылатын іс-шара.

 

Ә.Дүйсенбиевтің «Жорық жыры» өлеңі оқылады.

 

Ауласында бақшаның

Айналада-нұрлы өмір.

Далабүгін тым жақсы,

Тым тамаша гүлді өңір.

Көкте күліп күміс күн,

Қуанышқа кенелдік.

Әнге бөлеп жер бетін

Жорыққа біз жөнелдік.

 

Балаларға қайыңның белгісі көрсетіілген аялдамаға келу, қайыңды суреттеу.

Одан кейін ескірген құлап жатқан ғашқа келу, оның қуысындағы көптеген жәндіктердің тіршілігін бақылау. Балалардың танымын одан әрі дамыту мақсатында экологиялық нысандарды өзгертіп отыру керек.

 

Сергіту жаттығуын өткізу

 

Орнымыздан тұрайық,

Құстай қанат қағайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық.

 

Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындатады.

 

«Саяхат» дидактиалық ойыны. Мақсаты: Таныс өсімдіктердің атауы бойынша соқпақты табу. Кейбір ағаштар мен бұтақтарды сыртқы көрінстеріне қарап ажырату

 

 

 

 

 

 

Балалар өлеңді мұқият зейін қойып тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар бағытбойынша аялдамаларды аралап жүреді, кездескен табиғаттың бөлшектеріне түсінікпен қарап, керек жерінде көмек көрсетеді.

 

 

 

 

Өлең жолдарын айтып, қимыл қозғалысын жасайды.

 

 

Әліппе-дәптермен жұмыс жасады.

 

Ойынға барлық бала белсене қатысады.

Қорытындылау

 

Балабақшада, мектепке экологиялық оқпақ ұйымдастыру. Ағаштар, гүлдер отырғызу, құмырсқаның илеуін қорғау, т.б.

Экологиялық соқпақьардың мақсатын түсінеді.

 

         Күтілетін нәтиже: балалардың экологиялық сопақтар туралы түсініктерін қалыптастыру.

         Білуі тиіс: экологиялық саяхаттың мақсатын білу.

         Түсінігі: соқпақтағы шартты белгілерді түсіну.

         Көрсете білуі: дидактикалық ойында ағаштарды, бұтақтарды дұрыс ажыратып көрсету.

 

Оқу іс-әрекетінде пайдалануға болатын қосымша

материалдар

 

         Қазақстан Республикасы қысқартылған атауы ҚР).

         Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-ыншы орын алады (2 724 900 км). Батысы Орталық Азияда орналасқан, батыстан шығысқа,яғни Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс – Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь – Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ – Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан ең үлкені.

         Бес мемлекетпен көршілес, солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Түркіменстан,Өзбекстан және Қырғызстан, ал Шығысында Қытаймен шектеседі. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстікте Арал теңізімен шайылады.

 

         Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

         Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі. Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекітілген  тұста – ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек – алтын түсті. Тудың ені ұзындығының жартысына тең.

 

         Қазақстан республикасының Мемлекеттік Гербі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негізі – шаңырақ. Шаңыырақ мемлекеттің түп-негізі – отбасының бейнесі. Шаңырақ киіз үйдің күмбезі – көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар дада дүлділі, ер азаматтың сайгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жіердің, қажымас қайраттың,мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Олұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кеәпі.

 

         Әнұран (гимн) туралы

         Әнұран – бұл дыбстқ рәміз, әлеуметтік – саяси бірігуде және еліміздегі азаматтарды этномәдени ббіртұрпаттылықта айтарлықтай мағына береді. «Гимн» терминінің өзі гректің «gimneo» сөзнен алғанда «салтанатты ән» дегенді білідреді.

         Кез келген халықтың тарихында музыкалық шығармалар бар, ол тарихтың белгілі бір уақытында халықтың гимні болған. Осындай ән қазақ халқында да бар. Ол Жоңғар шапқыншыылығы кезіндегі қазақ халқының ауыр тауқыметін көрсетуге арналған «Елім – ай» әні, оны XVIII ғасырдың атақты батыры, ақын-саазгер Қожаберген жырау Толыбайұлы жазған.

         2006 жылы жааңа Мемлекеттік нұран қабылданды.

         Жаңа әнұранның негізі өткен ғасырдың екінші жартысының елуінші жылдарындағы бақытты өмірді жырлаған, халыққа танымал патриоттық ән – «менің Қазақстаным». 2006 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Мемлекеттік нышандар туралы» Жарлыққа түзулер енгізілді.

 

         Елорда тарихы.

         Астана Қазақстан Республикасының елордасы. 10 желтоқсан 1997 жылы ҚР-ның президенті жарлығымен 1997 жылдың 20 қазаннан бастап ҚР-ның қолдауымен Астана қаласы елорда болған. Қазақстанның жаңа елордасы болған Астананың халықаралық ашылуы 1998 жылдың 10-шы маусыымында болд.

         Қала Қазақстанның орталық бәлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жаазықтығында орналасқан.

         Тарихы

         Астана 1830ж.Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әсерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.

         1862 ж, Ақмола қала мәртебесін алады.

         962 ж.қалаға Целиноград атауы берілді.

         1997ж. Егемен Қазақстанның Президенті Н.Назарбаев Жарлығымен елорданың Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.

         1998 ж .6 мамыр жаңа елорданың аттау Астана болып өзгертіледі.

         1998 ж. ЮНЕСКО – ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғаары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этниааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әртүрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.

         Соңғы жылдары қалада мәдени-ағарту мекемелері желісі едәуір көбейді. 3 театр, 23 ктапхана, 5 музей, 2 сарай, 3 балалар музыка мектебі, өнер мектебі, көркемөнер мектебі жұмысістейдіі.

         Астана қаласының назар аудараралық орындары.

  • Суыл-Жасыл бульвар – Астана орталығындағы жаңа көше.
  • Ақ-Орда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.
  • Бәйтерек Астананың басты символы.
  • Тәуелсіздк сарайы – мемлекеттік ресми іс-шараларды, форуумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады.
  • Хан –Шатыр Астананыың ең үлкен ойын сауық орталығы.

 

Қазақстанның қызыл уітабы.

         Қазақстанның Қызыл кітабнда сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалаодың 87 түрінің және өсімдіктердің 303түрінің қазіргі таралуы, санының жай-күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.

         Қызыл кітапқа ресми енгіізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Адамдар мыңдаған жылдарбойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және өзінің жан-жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойғанжоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлерің өмір суру жағдайларына әсер етті. Осының нәтижсінде жербетінде өсімдіктер мен жанууаарлардың кейбір түрлерінің жойылу үдерісі басталды.

         Табиғатта пайда болған әрбір түр өзншее бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы – орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе – теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.

 

         Қазақстан жануарлары

         Қазақстан жерінде жануарлар әлемі алуан түрлі және саны жағынан өте көп. Тек жәндіктер түрлерінің өзі-ақ 30 мыңнаан асады. Қзақстанның солтүстігіндегі орманды далада бұлан, елік, ақ қоян, сұр тышқан, су егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақ кекілік, көл айдындарын су құстары аққу, қаз, үйрек,шағала, тарғақ, қасқалдақ мекендеген. Еділ өзенінің жағалауынан Алтай тауы бөктеріне дейінгі аймақта суыр, дала алақоржыны, сүйірбас сұр тышқан, кәдімгі сұр жылқышы, сұңқар т.б. кезедседі.

         Едәуір бөлігін Жайық өзенінің аңғарындағы орман алып жатқан далалық белдемнің батыс бөлігін бұлан, елік жайлаған, мұнда қара күзен, жұпартышқан, орман сусары да кездеседі. Бұдан 200 жыл бұрын түгелдей жойылуға жақын қалған құндыз қайта пайда бола бастады. Қосмекенділерден Жайық, т.б. өзендердің аңғарында тарбақа, орман бақасы, т.б. кездеседі. Ақбөкенде сондай-ақ 20ғасырдың 40-50 жылдарында қарақұйрық та көптен кездесетін. Бұл белдемде құстан дуадақ,, шіл, қылқұйрық, бозторғай, т.б. бар. Қыста қр тоқтап, көктемде қар суы жиналатын Үстірт пен Маңғыстау жартастрының арасында кездесетін үстірт арқары жұтаң кірпі, шөл сілеусіні – Қарақал кездеседі.

         Сауыр, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) Алатауы тауларында марал, елік, арқар, сібір таутекесі, қоңыр аю, саршұнақ мекендейді. Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауы мен Талас Алатауында көкшіл суырдың орнына қызыл суыр және өте сирек кездесетін Мензбир суыры жерсіндіріле бастады. Қазақстанның оңтүстік-шығыс тауларында жыртқыш құстардан қозы құмай, тазқара, бүркіт тіршілік етеді.

 

         Өсімдіктер

         Қазақстанда өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар.

         Қазақстанның жазық бөлігі орманды далалық, дала, шөлейт және шөл белдемдерінде (аймақтарға) ажыратылады. Орманды далалық аймақта жылауық қайың, талдың бірнеше түрлері, бұталардан: итмұрын, тобылғы, далалаық шие, т.б. бар. Сондай – ақ қайыңды теректі және терек ормандары басым.

         Далалық аймақта қау (боз), бетеге, тобылғы, қарағай, аласа бадам сияқты өсімдіктер өседі.

         Шөлді аймақта жусан, изен, сексеуіл және басқа да бұталы өсімдіктерді кездестіруге болады.

         Еліміздің таулы аймағында өсетін шырша, қарағай, самырсын, қайыңды теректі ормандарды атап өтуге болады. Сонымен қатар арша, қылша, бетеге, сарыкүйік сияқты өсімдіктер кең тараған.

         Қазақстанның өсімдіктер әлемі – пайдалы өсімдіктердің қайнар көзі.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив