Тақрыбы:Су тіршілік көзі

             « Су  - тіршілік көзі».

 

Мақсаты.  Жыл мезгілдерінің айырмашылығы туралы білімдерін бекіту,

                    балалардың су туралы түсініктерін кеңейту, судың қажеттілігін,

                    оның адамның,құстың, жануарлардың және өсімдіктердің

                   тіршілігіндегі маңызы туралы  түсіндіру.су табиғаттың баға

                   жетпес сыйы  екенін  айтып, судың ерекшеліктері туралы

                   түсініктерін дамытып, ойлау, елестету, қиялын жетілдіру.

                  Суды     үнемдеп жұмсауға,ластамауға,барлық

                   тіршілік иесі ауасын жұтып, суын ішіп отырған  табиғат  - ананы

                   қорғап, аялауға тәрбиелеу.

Әдіс –   тәсілдер. Көрсету, түсіндіру, тәжірибе жасау, сұрақ - жауап,жұмбақ,

                   мақал -  мәтел, мадақтау.

Көрнекілік. Глобус, слайд, су,қант,тұз, сүт,гуащь бояу,қасық, суреттер,аңыз..

Сөздік жұмысы. Түссіз,дәмсіз,иіссіз,

Блин .сөздік.  су – вода- wаter , иіс-  запах - smell,   дәм -  вкус- taste.

Сабақтың барысы.

                      Шаттық шеңбері.

                                            Көк аспанда күн күлсін,

                                            Бірге күлсін бүлдіршін.

                                            Ұл қолында ту жүрсін,

                                            Қыз қолында гүл жүрсін.

                                           Бейбітшілік, шат күнде

                                           Амандықты үзбейік,

                                           Сәлем беріп сіздерге

                                           Төрімізді ұсындық.

                   

    Сәлеметсіздер ме?

                    -   Балалар,бүгінгі  жаратылыс тану оқу іс әрекетіміз табиғат туралы

болғандықтан мына сұраққа жауап беріңдерші, осы табиғатты екіге бөлеміз, қандай - қандай табиғат деп бөлеміз?

- Қанша жыл мезгілі бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыстың алдында қай мезгіл өтті?

-Күз бен қыстың айырмашылығы бар ма?

-Қазір қайсы ай?  Аптаның қай күні?

Рахмет балалар, енді  оқу іс әрекетімізді бастамас бұрын менің жұмбағымды

шешіп көріңдер?

                                   Дәмі, иісі мен түсі жоқ,

                                   Ол болмаса табиғатта

                                   Тіршілік пен өмір жоқ.

Дұрыс балалар, әрине   су.  Бүгінгі  оқу  іс  әрекетіміздің  тақырыбы  « Су  -тіршілік көзі». Алдымен , ақын  Тұрсынзада Есімжанов атамыздың  су

туралы мына өлеңін тыңдаңдар.

                                    Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

                                    Су жоқ болса тіршілік тамам бауырым.

                                    Судың біз біле тұра маңызын

                                    Көп болған соң ұмытамыз қадірін.

-Балалар, су қалай пайда болады деп ойлайсыңдар?

/слайд судың табиғаттағы айналымы/

-Жер бетінде құрғақ жерге қарағанда су көп. Мынау жердің өте кішірейтілген

макеті  - глобус. Глобус - латын тілінен аударғанда - жер шары деген мағынаны білдіреді. Глобуста қандай түс көп,балалар? Бұл көк түс – сулар.

Су жер шарының 70%  алып жатыр , адам ағзасында 60-70% су бар,  өсімдіктер  құрамында  90%  су  бар екен.

 

Тыныштық сәт.       /Слайдта су сылдыры, құстар әні естілед\

            Айналада сайраған құстар дауысы, судың сылдыры, бейне бір әуендей естіледі. Тоқылдақтың тоқылдатқан дыбысы естіледі.  Жап - жасыл қарағайлар, ақ қайыңдар желмен тербеліп, билеп тұрғандай елестейді, таза ауа тынысыңды  ашады. Биік төбеде бүркіт қалықтап, шаңқылдайды.Бетіңе таудың самал желі келеді.  Гүлдердің хош иісі мұрынға келеді.

-Балалар, не естіп қандай әсер алдыңдар?

 Таза ауа ,самал жел көңілді жайландырып, тынықтырады.

   «Қайырымды құмырсқа» аңыз әңгімесін саханалау.

Өткен заманның бір жылы жер бетінде,жаңбыр жаумай, құрғақшы-

лық болып, жан жануарлар,құстар, өсімдіктер қурап, адамдардың

егіндері өспей судан өте қысылыпты. Өзен - көлдердің сулары тартылып, өсімдіктер сарғайып,құстардың сайраған дауысы азайып, жан- жануарлар көлеңке жер іздеп сабылыпты.

Сондай күндердің бірінде су іздеген құмырсқа  тау ішінде кішкене ғана бір бұлаққа кездеседі, Бұлақ суы аз ғана, алысқа ұзамай жерге

сіңіп, ауылдарға жетпей тоқтап қалады екен. Құмырсқа су ішуге

бұлаққа жақындай бергенде;

-  Көмектесіңдер, кім бар?  - деген дауыс естиді.

Құмырсқа бұлақты жағалап, ары - бері жүреді, бірақ ешкімді көре

алмайды. Біраздан соң жаңағы көмек сұраған дауыс тағы шығады.

Құмырсқа не істерін білмей тұрған кезде   су патшасы Сүлеймен

тау арасынан шығып, құмырсқаға:

  • Оу, жарқыным ,неге сонша жан таппай зыр жүгіріп жүрсің?, дейді.
  • Армысыз, су патшасыСүлеймен! Мәртебелі патшам, естисіз бе?

судың арғы бетінен бір қиналған жанның дауысы естіледі. Көмектесейін десем,мына судан өте алмай жүрмін,- дейді.

Су патшасы кіп -кішкентай құмырсқаның  мейірбандығына риза

болып,

  • Мөлдір бұлағым, мейірімді жанға жол бер,-  деп таяғын сілтеп қалады. Сол кезде бұлақ суы ортадан ашылып, су тоқтап қалады.

Қуанып кеткен құмырсқа жүгіріп,арғы бетке өтіп,дауыс шыққан жерді іздей бастайды. Дауыс тағы қайталанады.

-Кім бар көмектесер?

 Құмырсқа үлкен  тас  арасынан шыққан дауысқа жақындап:

  • Сен кімсің ?, дейді.
  • Су,- дейді  әлсіз дауыс  иесі.

Құмырсқа жан- жағына қарап, шидің сынығын тауып алып, бұлақтан су тасып гүлге құяды. Гүл басын  көтеріп, бойын түзеп,

  • Ух, рахмет достым, сен болмасаң өмірім қыл үстінде еді. Биыл

жаңбыр болмай, күннің ыстығы  тіршілік  иелерін қинады. Менің

де тамырым қурап, гүлім солып, әбден шөлдеген едім, рахме

саған, - деп құмырсқаны құшақтайды.

« Сусыз – өмір жоқ » -  деген рас екен. Судың қадірін білу керек

екен достар!

Гүл  қандай  мақал айтып кетті, балалар?                                                            «Сусыз - өмір жоқ». «Судың қадірін біліңдер!»

                                  Сергіту жаттығуы.

                         Сағынамыз жаз мезгілін,

                         Шомыламыз,жүземіз.

                         Жүгіреміз,күлеміз.

                         Су астынан қолменен

                         Балықтарды сүземіз .

- Өзен,көлдерде,теңіз бен мұхиттарда нелер тіршілік етеді?

- Олар сусыз өмір ала ма?

- Адамдарға су не үшін қажет?

- Жануарлар, құстарға ше?

/Слайд  суды табиғаттағы пайдалануы/

Сендер су туралы жаттаған өлең, тақпақтарың естеріңде ме? Мақал білесің –

дер ме?

Шернияз                 Сылдырлайды мөлдір су

                                  Мөлдір суға қолыңды жу.

                                  Жуынсаң сен әрдайым

                                  Таза бетің, маңдайың.

                                  Тазалықтың досы

                                  Су дегенің осы.

      Аружан.         Су бергеннің сауабы бар,

                               Су төккеннің жауабы бар.

       Алуа.              Судың да сұрауы бар.

Балалар осы суды күнделікті пайдаланған судың ерекше қасиеттері бар екен.

Судың үш қасиеті бар, қандай қасиет деп ойлайсыңдар?

Сұйық, қатты, бу. Неге бу шығады,неге ериді?            /балалар ойланып жауабын өздері айтады./

Ал ,пішіні бар ма оныда тәжірибе жасап көрейік./ стакан,тарелка,кесе/

Демек, оның пішіні жоқ,қандай пішінді ыдысқа құйсаң сондай пішінде

болады екен.

Мына екі стакандағы не деп ойлайсыңдар?

Мен екеуіне қасық салдым, қайсысындағы қасық көрініп тұр, қайсысындағы қасық көрінбей тұр? /балалар жауабы/

Демек ,судың түсі бар ма екен? /мөлдір,түссіз/

Енді, дәмі,иісі, бар ма екен,көрейік. Алдымен судан ұрттап көріңдер, дәмі

бар ма?

/балалар алдарындағы стакандардағы суға  қант,тұз тәжірибе жасайды./

Балалар ,біраз шаршадыңдар ойын ойнап жіберейік.

Ойын . « Кімдерге және нелерге қажет?»

Сөздік жұмысы.         Иіссіз, дәмсіз, түссіз.

Блингвальді сөздік.  Су  - вода -  water , иіс –запах - smell , дәм  - вкус –

                                             taste.

Тыйым сөздер.                Су ішкен құдығыңа

           А.Айлин.                 Ағын су жолын табады,

Ақ адам оңын табады.

           Аяулым.             Сумен ойнама батарсың,

                                        Отпен ойнама жанарсың.

Осы мәтел тыйымдарды ұмытпай,есте ұстап,табиғаттың берген  байлы -

ғын қорғап,сақтауымыз керек.

 Қортынды  сұрақтары .

                  - Сусыз тіршілік бола ма екен?

                -  Судың  қанша қасиеті бар?

                 - Су қандай табиғатқа жатады?

                -  Ал, судың денсаулыққа қандай пайдасы бар?

Міне, балалар  су туралы көп нәрсе білдік. Енді мына кесте бойынша бүгінгі

оқу іс  әрекетінен  түсінгендеріңді сөйлеммен баяндап беріңдерші?

Су туралы мнемотехникалық кестемен жұмыс.

     Асия.                   Су табиғат байлығы,

                                   Өзен,көлге барғайсың.

                                   Кемі екі рет күніне

                                  Суға шомылып алғайсың.              

      Каусар.              Білгін мұны балалар,

                                  Сусыз құрғақ далалар,

                                 Сусыз қараң қалалар.

                                 Ескертеміз  бар ұлға,

                                 Ескертеміз  бар қызға,

                                 Суды босқа  ағызба.

Қандай мақал, тыйым сөздер  үйрендік балалар ?

          «Сусыз - өмір жоқ», «Судың да сұрауы бар», «Су  ішкен құдығыңа

            түкірме», «Су бергеннің  сауабы бар, су төккеннің жауабы бар».

Сонымен , су табиғат байлығы, оны ластамай, қорғап, үнемдеп жұмсау

0 пікірлер

Пікір қалдыру