Мен кіммін жəне қандаймын? Кел, танысайық! Сөйлеу

Картотека№7

Өткізілетін күні:  04.10.2017ж.             Тәрбиеші: Қасенова К.А

Білім беру саласы:  Комуникация

Ұйымдастырылған оқу  қызметі:  Сауат ашу

Тақырыбы: Мен кіммін жəне қандаймын? Кел, танысайық! Сөйлеу

Дидактикалық ойын: «Не естідің?»

Ойын шарты: аудиотаспадан жануарлардың дауыстарын және бір заттың  дауысын тыңдатып, ненің дауысы екенін ажырату.

-Сонымен, балалар, естіген дауыстарды тағы қалай айтуға болады?

Дыбыстар әртүрлі болады. Мысалы: а-а-а деп, а дыбысын созып айтуға болады. Дауыс еркін шығады. Ал енді кейбір дыбыстардың айтылуы қысқа болады. Мысалы: д дыбысы. Кәне, бәріміз осы екі дыбысты жеке-жеке айтып көрейік.

Дыбыстар 2-ге бөлінеді: дауысты және дауыссыз дыбыстар. Дыбыстардан сөз құралады.

«Кім көп біледі?» дидактикалық ойыны.

Шарты: ойынның бірінші кезеңінде балалар дыбыстарды айтып жарысады. Екінші кезеңінде дыбыстардан сөз құрастырып айтады. Көп сөз құраған бала жеңімпаз атанады.

Дәптермен жұмыс:

Тапсырма № 1:

Суреттерді ата.

Тапсырма № 2:

Үзік сызықтарды қос.

Сергіту сәтін өткізу:

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жолына.

Оңға қарады, солға қарады,

Үлкен тау деп ойлады.

0 пікірлер

Пікір қалдыру