Байқоңыр

Байқоңыр
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Бегалиев орта мектебінің
мектепалды дайындық тобының
І-санатты тәрбиешісі
Уразалина Сара Жексенбайқызы

Байқоңыр
э

Амансың ба Алтын күн!
Амансың ба Көк аспан"
Амансың ба Достарым!
Сендерді көрсем қуанам!

Білімділік: Байқоңыр жайлы түсіндіру.

Дамытушылық: “Ғарыш әткеншегі” ойынын ойнату арқылы
Күн жүйесіндегі ғаламшарлар туралы
мағлұмат беру.

Тәрбиелік: Балалардың ғылымға деген ынталарын ояту
білімпаз болуға баулу.

Құрал: слайд, әліппе-дәптері, түсті қарындаштар, кубиктер,
кеспе әріптер және сандар т.б.

Әдісі: көрсету, сурет салу, кеспе әріптерден сөздер, кеспе
сандардан өрнектер құрастыру, сұрақ-жауап.

Байқоңыр - ғарыш алаңы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 ж. қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған.

Лайка — ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.
1957 жылдың 3-қарашасында ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы «Спутник-2» ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен, 5-7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стресстің салдарынан өледі. Сынақты ұйымдастырушылар о бастан-ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуық уақыт өмір сүруі керек болатын.
Аты әлемге тарап, атаққа кенелген Лайканың құрметіне әндер жазылап, сигарет шығарылды. Тіпті, топтарының атын өзгерткен әншілер де болды. Ғарыш күніне орайластырылып әр түрлі ашық хаттар әзірленді.

Байқоңыр

0 пікірлер

Пікір қалдыру