Үздік топ жетекшісі-2014

Үздік топ жетекшісі-2014
Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті
Мақат мұнай және газ технологиялық
колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Дадахова Асия Қайыржанқызы

«Үздік топ жетекшісі-2014»





2014 жылғы «Үздік топ жетекшісі-2014»
байқауын өткізу
Е Р Е Ж Е С І

І. Жалпы ережелер

1. Байқаудың мақсаты:
Байқау қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттыру, жалпы білім беру жүйесіндегі тәрбие үрдісін жетілдіру, тәрбие субьектілерінің құзырлығын дамыту мақсатында ұйымдастырылады.
2. Байқаудың міндеттері:
-ізгі, толерантты ахуал туғыза білетін кәсіби деңгейі жоғары, шығармашыл және талантты тұлғаны анықтау;
-топтың тәрбиелік тәжірибесін басқару субьектісі ретінде топ жетекшілерінің шығармашылық зертханасын айқындау арқылы тәрбие жүйесінде озат педагогикалық тәжірибені насихаттау және тарату;
-тәрбие беделін, әлеуметтік және адамгершілік маңызын арттыру, қоғамдық құндылығын таныту;
-тәрбие жүйесінде инновациялық және шығармашылық идеяларды ашу.
3. Байқаудың мазмұны:
3.1. Байқау барысында колледждегі шығармашылықпен жұмыс істейтін топ жетекшілері анықталады.
3.2.Байқау кезеңдерінде қазылар үміткердің деңгейін төмендегі бағыттар бойынша бағалайды;
-топ жетекшісі жұмысының жүйесі, тәрбиелеу және дамыту жұмыстарындағы технологиялар;
-жеке тұлғалық қасиеттері /шығармашылығы, ерік-жігері, интуиция, ұйымдастырушылық қабілеті, қарым-қатынас жасау қабілеті, өзіндік белсенділігі/.
3.3.Қатысушының педагогикалық қасиетінің тиімділігі мен нәтижелілігін төмендегі көрсеткіштер бойынша анықталады;
-педагогикалық, психологиялық және жалпы дидактикалық білімі
-тәрбие жұмысының әдістемесі және тәрбие теориясы бойынша білімі
-топ сабақтарының сапасы; сыныптан тыс іс-шаралар, олардың қазіргі талапқа сай болуы
/ сыныптан тыс іс-шаралар/
- адамгершілік-әдептілік сапалары, педагогикалық такт;
-жалпы мәдениеті мен білгірлігі, педагогикалық дүниетанымы-шешендік өнері, сөйлеу және жұртшылық алдында өзін-өзі ұстау мәдениеті
4. Байқау төмендегі ретпен өтеді:

-Байқауға қатысушылардың визит картасы (өзін-өзі таныстыру, өзінің тәрбие жұмысындағы шығармашылық ізденісі, жаңалығы, қол жеткізген нәтиже көрсеткіші) слайд -5 минут
-Эссе-шығармашылық жұмысы: «Үздік педагогикалық идеялар»-5 минут
-Ашық тәрбие сабақтары – 45 минут
- Жаңа үлгідегі инноватциялық жұмыстарының жинағы ( сырттай талданады)
-«Мен және топ жетекшім» эстафеталық ойындар

5. Ұйымдастыру комитетіне құжаттарды ұсыну тәртібі:
.Байқауға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне төмендегі құжаттар ұсынылады. (ұсынылатын уақыты: 10-11 ақпан 2014жыл)
- байқаудың ұйымдастыру комитетіне топ жетекшінің жеке өтініші ( аты-жөні толығымен, пед.өтілі , қай топқа топ жетекші)
- кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттері туралы жазылған мінездеме.(әріптесінің, ата-ананың,оқушының/біреуін алуға болады/)
-Жаңа үлгідегі инноватикалық жұмыстарының жинағы ( сырттай талданады)
- ашық тәрбие сағатының сценарийі (қағаз жүзінде және электронды түрде)
-Шығармашылық жұмысы. (қағаз жүзінде және электронды түрде)
( Сырттай талданатын құжаттарды аталған мерзімнен кешіктірмеуіңізді сұраймыз)
6. Байқауға қатысушыларды марапаттау
1. Байқаудың бас жүлдесі және «Үздік топ жетекшісі» атағы;
2. Бірінші орын және «Білікті тәрбиеші» атағы;
3. Екінші орын және «Жаңашыл тәрбиеші» атағы;
4. Үшінші орын және «Шебер тәрбиеші» атағы;
Жүлделі орын алған және берілген номинацияларда жеңіске жеткен байқауға қатысушылар колледж директорының, кәсіподақ комитетінің дипломдары, сыйлықтарымен марапатталады.
Ескерту:
Қатысушының төс белгісі ( бейджик) міндетті түрде болуы тиіс.
Өткізілетін шаралар төмендегі бағыттар бойынша бағаланады;
-тәрбие жүйесінің жеке-даралығы, өзіндік ерекшілігі
- тәрбие жүйесін құру барысында білім берудің мүмкіншіліктерін тиімді пайдалану
- озық және жаңашыл тәжірибені тиімді қолдануы

«Үздік топ жетекшісі-2014»
байқауына қатысуға
СҰРАНЫС

1. Қатысушының аты-жөні:----------------------------------------------------------------
2. Қатысушының туған жылы:------------------------------------------------------------
3. Білім беру мекемесі атауы:-------------------------------------------------------------
4. Тұрғылықты жері (мекен-жайы, байланыс телефоны):-------------------------
5. Топ жетекшісі ретіндегі еңбек өтілі -------------------------------------------------
6. Қазіргі тобымен еңбек өтілі:-----------------------------------------------------------
7. Ашық топ сағатының тақырыбы, түрі:----------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------------------------------


«Тәрбие туралы монолог» аяқталмаған қысқа үзінділер (фраза) /аяқтау/

1. Жақсы колледжде әрқашан .................................................................................
.................................................................................................................................
2. Мектеп керек, себебі ............................................................................................
.................................................................................................................................
3. Менің тобымда бәрінен де бағалысы .................................................................
.................................................................................................................................
4. Менің тобымда бәрінен де көп талқыға салынатын .........................................
.................................................................................................................................
5. Менің жұмысымда мені шамдандыратыны, ол .................................................
.................................................................................................................................
8. Жақсы топ жетекші болу үшін, ............................................................................
......................................................................................................................................
9. Оқушылардың ата-аналары – олар ......................................................................
......................................................................................................................................
10. Менің тобымдағы оқушыларды ерекшелейтін, ол ...........................................
......................................................................................................................................
11. Кейде маған шынымен қажетті болатын, ол ....................................................
......................................................................................................................................
12. Студенттер қабілеттерін дамытуға қажетті ......................................................
.......................................................................................................................................
13. Табысқа жету үшін, .................................................................................... қажет
.......................................................................................................................................
14. Өмірдегі ең маңызды ............................................................................................
.......................................................................................................................................


Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы:
10 ақпан
15 00 – 16 00 – Таныстыру
16 00 – 17 00 «Үздік педагогикалық идеялар» эссе –
шығармашылық жұмыстар
Өткізілетін ашық тәрбие сағаттар

11 ақпан

12 00 – 12 45 –«Армысың кең дүние» 174 топ
15 00 – 15 45 – «Қыз-қызғалдақ, әйел-гүл,ана-өмір» 169 топ
15 50 – 16 35 – «Жаныңда жүр жақсы адам» 176 топ
16 40 – 15 25 – «Арманы асқақ-азат ел». 165 топ

12 ақпан
11 05 – 11 50 – « Қарым-қатынас жарастығы» 163 топ
12 00 – 12 45 –«Дінді қалай түсінеміз». 164 топ
15 00 – 15 45 – –«Қылмыс жасау білместік пе?». 167 топ
15 50 – 16 35 –«Ұлы жол отбасынан басталады» 175 топ
16 40 – 17 25 – «Махаббат- өмір өзегі» 168 топ

13 ақпан
15 00 – 15 45 – «Адам өмірі-басты құндылық». 170 топ
15 50 – 16 35 – «Мен және менің топ жетекшім»
эстафеталық ойындар
16 40 – 17 25- Жаңа үлгідегі инновациялық жұмыстарының жинағы (сырттай талқыланады)

14 ақпан
15 00 – 17 00 – Қорытынды

Сайысқа қатысушылар тәрбие бере отырып студенттеріміздің шығармашылық қабілеттерін дамытуда өздерінің ең үздік идеяларын көрсете білді. Осы мақсатта , үздіксіз білім беру, ұстазбен оқушы арасындағы байланысты жетілдіру, үздік педагогикалық идеяларды сарапқа салу, білім беру жолындағы ізденістер сияқты мәселелер қамтылды
Барлық қатысушыларға қызықты және мазмұнды жұмыстары үшін алғыс білдіре отырып,
Сайыстың Таныстыру, «Үздік педагогикалық идеялар» туры бойынша қорытындылау Мереке Құсымқызына беріледі.
Атақты жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген өте терең мәнді әдемі нақылы бар. Ол еліңнің ертеңі – жас ұрпағыңды жақсылап өсір деген сөз ғой. Осы міндеттің көп салмағы топ жетекшілерге түсетіні аян. Сондықтан , Ян Амос Каменский айтқандай: «Мұғалім- мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл – әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын, тынымсыз лаулаған жалын иесі»
Ендеше, нұр құйып, тынымсыз лаулаған жалын иелерін, яғни «Үздік топ жетекші-2014» байқауына белсене қатысушы топ жетекшілердің ашық топ сағаттарын қорытындылау әділқазы мүшесі Назымгүл Берекетқызына береміз.
Біздің халқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» – деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, салауатты өмір салтын ұстауға шақырған. Осы орайда сайысымыздың «Мен және менің оқушым» тақырыбында өткен эстафеталық ойындарды қорытындылу кезеңі бойынша сөз кезегі Баян Қайыржанқызына беріледі.

Келесі бөлімде сырттай өткізілген «Жаңа үлгідегі инновациялық жұмыстар жинағын» қорытындылау үшін сөз кезегі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Асия Қайыржанқызына беріледі.
Мұғалім деген- ерекше тұлға дар шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Мұғалім деген-аяулы адам асыл жан,
Шәкірт кәңілінде күн болып жайнап жанатын.
. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматта тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз.
Сол ұстаздарымыз бүгін міне сайыстың шешуші сәттерін тағатсыздана күтуде.
Білім көшін жылжытып келе жатқан осы сайысқа қатысушы ұстаздар қауымын құрметпен қол соғып ортаға шақырайық!
Келесі жүлдегерлерді анықтау сәті. Сөз кезегі әділқазы мүшесі Орақ Әбуұлына береміз.

Үздік топ жетекшісі-2014

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив