Білім беру жүйесін жаңғырту факторы ретінде азаматтықты, отансүйгіштікті және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру

Білім беру жүйесін жаңғырту факторы ретінде азаматтықты, отансүйгіштікті және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру
Білім беру жүйесін жаңғырту факторы ретінде азаматтықты, отансүйгіштікті және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру

Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттердің бірі- өкілдері бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі, бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп атап көрсетті.
Алдымызға қойылған міндетті жүзеге асыру барысында ҚР 2011-2020жж арналған мемлекеттік Бағдарламаны негізге алып жұмыстанамыз.Бағдарламаның «Тәрбие жұмысы және жастар саясаты» бөлімінде мақсаттар мен міндеттер айқындалған. Ең басты мақсатымыз жастар бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.Бұл мақсатқа жету үшін аудан бойынша тәрбие саласында шаралар кешені іске асырылуда.
Амангелді орта мектеп-балабақшасында бұл бағыттағы жұмыстар жүйесі қалыптасқан.
Ардагерлермен,Ақсақалдар алқасымен кездесулер
Мейірімді жүрек тобының жұмысы
Мектеп театры, тәрбиелік іс-шаралар
Аналар алқасы, әкелер кеңесімен жұмыс
Жол қозғалысы жас инспекторларының жұмысы
«Ұлан» жас сақшы клубы
Әскери-патриоттық шатырлы лагерлер
Атап айтқанда оқушылар бойына азаматтық пен патриотизмді қалыптастыру алдымен тілін, салт-дәстүрін, тарихы мен мәдениетін, мемлекеттік рәміздерін құрметтеуден, халықтар достығы идеясынан басталады.
Патриоттық сезімін тарих қойынауын зерттеуден, тәуелсіздікке жету жолынан бастап Төл мерекеге арналған «Тарих толқынында» драмалық қойылымы мектеп театрының рухты көтеретін тамаша үлгісі болды.Сонымен қатар мемлекеттік нышандарды құрметтеуді оқушылар бойына сіңіру біздің үлкен парызымыз.Осы бағыттағы кездесулер, дәрістер өз мақсатына жетуде.
Жас ұрпақ бойына Отансүйгіштікті қалыптастырудың ең тиімді және әсерлі жақтары ол- ардагерлермен кездесу. «Отан үшін отқа түс-күймейсің» деп батыр бабамыз айтқандай патриоттық сабақтар, ақсақалдармен кездесулер оқушылар бойына Отан алдындағы жауапкершілік пен парыз не екенін түсінуге бағыттайды.

Сонымен қатар, әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан, өз елінің азаматтарын сыйлайтын, құқық нормаларын сақтайтын,тәртіпті тұлға қалыптастыру барысында мектепте «Мейірімді жүрек» тобы жасақталып, ауылдың тыл ардагерлері, жалғыз басты қарияларына көмек көрсетуде.Бұл оқушылар бойына жауапкершілік пен қамқорлықты ұялатады, үлкенді құрметтеуге бағыттайды.
Сондай-ақ оқушылар бойына азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру бағытында Жол қозғалысы жас инспекторларының жұмысы тиімді деп ойлаймын. 2005-2013 жж аралығында мектептің «Жалын» жас жол инспекторлар тобы нәтижелі жұмыстанып, аудан, облыс бойынша жеңімпаз атануда. Балабақша бүлдіршіндерінен бастап тәртіп сақтауға, өзге адамдардың өмірін қадірлеуге үйретеді.Сонымен қатар азаматтық жауапкершіліктің тағы бір бағыты «Ұлан» жас сақшы клубының жұмысы. Жасөспірімдерді Ата заңды құрметтеуге,мемлекеттік құндылықтарды сақтауға,құқықтық көзқарасын кеңейтуге, қоғамдық тәртіпті сақтап, құқықбұзушылықтың алдын- алуға бағыттайды.Жас сақшы тобы бірнеше рет облыстық жарыстарда жеңімпаз атанды.
Оқушыларды патриотизмге, азаматтыққа тәрбиелеуді біз үнемі назарда ұстаймыз.Сондықтан жазғы демалыс кезінде оқушыларды әскери-патриоттық лагерлерге қатыстырып, шекара қызметкерлерімен бірігіп, алғашқы әскери дайындық курсынан өткізу жұмысы жүйелі жүргізіледі.Атап айтқанда 2011жылы ЖББ Амангелді орта мектеп- балабақшасында бастама алған “Жұлдызай” әскери патриоттық лагері 2014 жылы жалғасын тауып аудан бойынша 9 мектеп біріккен екі әскери патриоттық далалық лагерлерге ұласты: ІІ Шежін селолық округінде ұйымдастырылған “Айбын”, Достық ауылындағы «Сұңқар» лагері. Шекара қызметкерлерімен бірігіп құрылған жұмыс оқушылар бойына адамгершілік пен патриоттық сезімді ұялатуға арналды және алғашқы әскери дайындықтан тәжірибе жинады.
Қорыта айтқанда
 Өсіп келе жатқан жас буынның бойына азаматтық пен отансүйгіштікті және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруда мектеп , отбасы, қоғам арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы арқылы ойдағыдай жүзеге асады.Өскелен ұрпақ бойына жауапкершілік, адамгершілік,сыйластық пен еңбексүйгіштік және үлкенге құрмет деген түсініктерді қалыптастырсақ , болашақта балаларымыз елін,жерін сүйетін, қамқор, шыншыл болып өседі деп сенеміз және осы бағытта жұмысымызды жалғастырамыз.
Владимирова Ж.В.
Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданы

Білім беру жүйесін жаңғырту факторы ретінде азаматтықты, отансүйгіштікті және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру
/тамыз кеңесіне арналған баяндама/

Баяндаушы:Владимирова Жадра Владимировна
Мектеп директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары


2014-2015 оқу жылы

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив