Ұстаз туралы ой



Павлодар облысы Ақтоғай ауданы
Шұға ауылы
Х.Шаяхметов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 
бастауыш сынып мұғалімі Сеилханова Гүлнар Амангелдіқызы  

«Ұстаз туралы ой»


Ұстаз болу-жүректің батырлығы, Ұстаз болу-сезімнің ақылдылығы.Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,Ұстаз болу- адамның асылдығы, Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкірт жандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық.Олай дейтінім мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден ,үнемі оқушылармен тығыз байланыста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек.Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді,Керемет мұғалім көрсетеді,Ұлы мұғалім шабыттандырады,-дейді.Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару,өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді.

Себебі қазіргі жас ұрпақ –еліміздің келер күнгі келбеті.Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты-саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны қалыптастыру»,-деген тұжырым жасады.Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік-дарынды талант емес,үйрену,ізденулің нәтижесі.Мұғалімнің шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес.

Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтар болады.Мен үшін сол сұрақтың бірі –Мұғалім деген кім?Алдымен мұғалімге тән бірінші қасиет-баланы құрметтеу.Оның адамшылық ар-ожданын,намысын,тұлғасын жасына қарамай сыйлау,құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады.

Ал, ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болу керек?Әрине ,ол өз кәсібінің майталманы , осы мақсатқа рухани күш-жігерін , парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті.Бұл – әркімнің қолынан келе бермейтін,ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.Сондай-ақ ұстаз күнбе-күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп және оның оң шешімін табуға дайын боуға тиіс.

"Ұстаз" сөзінің 2 түрлі сипаты бар.Бірі –белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі-жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз-баланың екінші ата-анасы ,болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы.Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі .Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентектікті жуасытып,небір еркені сабасына түсіреді,тәртіпке шақырып,есейтіп ержеткізеді.Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды.Осы тұста

Абайдың:
Ақырын жүріп,анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға ,-деген өлең жолдары еріксіз ойға келеді.Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып,ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен терең адал еңбектің ақталғаны емес пе?!Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты проблема-жаңа форматты жаңашыл мұғалім қалыптастыру.Жаһандану дәуірі –әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі болып саналады.

Мұғалімнің басты мақсаты –рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып саналады.Қазіргі заман мұғалімі ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек.Оқушыны объкт ретінде қарастырып, оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, Мен менталитетін қалыптастыру, білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау-бүгінгі таңдағы мұғалімнің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті.ХХІ ғасыр ұстазының тұлғасы мен ісәрекетін жүйелі түсіну үшін оған жаңа теориялық методологиялық негізде талап қойылуы тиіс.

Жаңашыл ұстаз –бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары ,интеллектуалдық ,шығармашылық әлеуеті мол тұлға.Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін ,оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық – ізгілік бағыттылығы жоғары,педагогикалық шеберлікпен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті ,оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз.

Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы , жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.

ХХІ ғасыр –білімділер ғасыры.Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.Ұстаз жолы қиынырақ басқадан, сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.Шаршаса да осы жолдың бойында , қандай рақат, шын бақытын тапса адам.

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив