Зәбен Жарылғасовтың "Ұстазым" күйін талдау

Т.Құлтумиев атындағы № 1 Құлсары балалар  саз мектебі

               Тақырыбы:

Зәбен  Жарылғасовтың «Ұстазым» күйін талдау

 

Мұғалім:    Ибрашева Жанаргүл Қыдырбайқызы

Құлсары қаласы

2017 жыл

 

     Оқушы: Жұмағалиев Мейрамбек Бекболатұлы

     Аспабы:  Домбыра

     Сыныбы:  3

     Күні:    13 желтоқсан2017 жыл

    Уақыты:  915-1000

 

    Сабақтың тақырыбы:

       Зәбен Жарылғасовтың «Ұстазым»   күйін талдау.

 

Сабақтың мақсаты:

Оқушыға жергілікті композитор Жарылғасов Зәбен Жарылғасұлын таныстыра отыра шығармашылығын дәріптеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: Домбыра,кітаптар, слайд,сурет жинақтары.

 

Сабақтың жүрісі

 I.Ұйымдастыру бөлімі

а) Мұғалімнің алғашқы сөзі

б) Оқушыны таныстыру

в) Оқушының отырысын қадағалау

г) Домбыраның құлақ күйін келтіру

   1.Үйге берілген тапсырманы қарау

           а)  «Ерке сылқым » Ә.Желдібаев

           б) «Көктем » А.Жайымов

II.Негізгі бөлім

  1. Жаңа сабақ

Зәбен Жарылғасовтың  «Ұстазым»   күйін талдау. Композитордың өмір баянымен таныстыру «Ұстазым» Зәбен  Жарылғасовтың  күйін талдап,композитордың осы күйді кімге?- арнап шығарғанын айтып түсіндіру.Жергілікті композитор Зәбен Жарылғасұлының өмірбаяны.Зәбен Жарылғасұлы 1935 жылы қазан айының 10-шы жұлдызында Жылыой ауданының Ұялы ауыл советіне қарасты «Киров» колхозында қазіргі «Жаңа таң» елді мекенінде қарапайым қара шаруаның отбасында дүниеге келді. Зәбен Жарылғасұлы алты жасынан бастап мектеп табалдырығын аттап,сол мектеп қабырғасында жүргенде болашақ сазгердің өнерге деген құштарлығы оянады. Мектеп қабырғасында жүріп Тоқсанбай Құлтумиев басқарған мектептің көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып,музыкалық аспаптарды жете меңгеріп алды. Зәбен Жарылғасов Орал қаласында А.С.  Пушкин атындағы мемлекеттік педагогикалық институтқа оқуға түсіп,оны 1956 жылы бітіріп,физика-математика пәнінің мұғалімі мамандығын алып шыққан.Институт қабырғасында жүргенде де ол қолынан домбырасын тастаған жоқ. Өнерден қол үзбей оркестрге қатысып,студент С.Дәулетияров басқарған үйірмеге араласты.Пединститутта «Үлгілі домбырашы» деген куәлікпен марапатталды. «Жігітке жеті өнерде аз »- дегендей ,студент Зәбен Жарылғасов спортты да жолына серік етті. Шахмат,дойбы,жеңіл атлетика,акробатикамен айналысты. Бұл салада да тым жақсы көрсеткішке жетіп,бірнеше марапаттауға ие болды. Жоғары орнын тамамдаған Зәбен Жарылғасов еңбек жолын 1956 жылдың 1 қыркүйегінен бастап сол кездегі Қазақстан совхозының орталығындағы В.Г. Жданов атындағы оқу орнынан ,қазіргі №3 мектептен бастады. Оқушыларға сапалы білім берумен қатар ,ол дарынды балаларды даралап өз бойындағы өнерін дамыта білді. Атап айтқанда ,сабақтан тыс уақытта оқу орнынан домбыра үйірмесін ұйымдастырып,оқушыларды өзі меңгерген спорттық барлық түрлеріне баулыды. Ауыл жастарын жұмылдырып шағын оркестр құрды. Олардың өнерін аудандық байқауларда сынады. Өзі де киелі өнермен бірге өсіп, өркендеп өнегелі өмір сүрген. Зәбен Жарылгасов дүлділ  домбырашы.дәулескер күйші Тоқсанбай Құлтумиевтің құрған аудандық ұлт- аспаптар орестрінің құрамында өнер көрсетті. Ол уақытта Зәбең Құлсары поселкесіндегі А.Н. Островский (қазіргі №7 Е.Халықов атындағы орта мектеп)  атындағы білім ордасында еңбек етіп жүр еді. Таңдаулы өнер иелерімен бірге сол уақыттағы Гурьев қаласындағы Сейілхан Құсайынов дирижерлік еткен Дина Нұрпейісова атындағы оркестрдің белді мүшесі болды. Ол дүлділ домбырашы ғана емес ,өз жанынан ән-күй шығарған сазгер де. 1957 жылы ақ жаулықты анасына арнап «Ана » күйі өмірге келді. Бұл шығармасы Қазақ Республикасының 40 жылдығына арналған әдебиет пен музыкалық шығармалар байқауында екінші орынға ие болды.  1958 жылы туған «Бақытымның елесі» атты күйі өзінің студенттік өміріне арналса ,1961 жылы туған «Космосқа » туындысы Дүние жүзі бойынша  тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің ғарышқа ұшу құрметіне бағышталды. Өнер жолында ұстазы Т.Құлтумиев өмірден өткеннен кейін оның рухына бағыштап 1965 жылдың қатарында  «Ұстазым» күйін шығарды.Бұдан басқа күйлер мен әндер жазған. Зәбен Жарылғасов актерлік шеберлігімен де танылған жан. Ембі халық театрында әртүрлі кейіпкерлер образын сомдап, облыстық, республикалық сахналарда өнер көрсетті.                                                 1970 жылы «Халық театрының әртісі» деген арнайы куәлікке ие болған.Зәбең еңбегіне қарай жеке орындаушылардың облыстық жастар байқауларына қатысып,1968 жылы I дәрежелі ,ал 1972 жылы II дәрежелі дипломмен марапатталды. Өнермен өрнектелген өнегелі  өмір деректері Құлсарыдағы қазіргі №7 Е.Халықов атындағы жалпы білім беретін орта мектепте математика мен физика пәнінің мұғалімі болып, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берді. Үздік өнерпаздығымен қатар ауданға ұлағатты ұстаз ретінде танылды. Осындай сегіз қырлы ,бір сырлы жан қамшының сабындай ғана қысқа ғұмыр кешті. 1977 жылдың 26 сәуірінде 42 жасқа қараған шағында дүние салды. Соған қарамастан ол артында ұрпаққа рухани –азық боларлық мол мұра қалдырды. Оның өскелең  ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі тындырған игі ісі талай толқынға өнеге болары анық. Әсіресе өнер жолында бағындырған арман асулары аудан мәдениетінің өркендеуіне зор үлес қосты. Шығармалары Жылыой өңірінің ,қала берді Атырау аумағының  алтын қорында сақталып қана қоймай ,ел ертеңінің қажетіне жарарлық құнды дүниелер санатына жатады. Олай болса шығармалары да ұрпақтан ұрпаққа жалғасып,өнер сүйер жас таланттарды арман таудың асқар шыңына алып шығары хақ.

         а)  Оқушыдан өлшем бірлігін,қағысын,кілт белгісін сұрау.

б) Оқушыға З.Жарылғасов туралы мағлұмат беру.

в)  Мұғалім өзі ойнап көрсету

г) Күйді оқушымен бірлесе отырып,талдау.

III.Қорытынды бөлім

  1. Сабақты қорытындылау

Оқушының жақсы көрсеткіштерін ерекше айтып,қателіктерін ескеру.Өткен тапсырмаларды қайталау керек екендігін айту.

  1. Үйге тапсырма

а)  «Ұстазым» берілген жерге дейін дайындап келу.

б)   Оқушыны бағалау

 

Т.Құлтумиев атындағы № 1 Құлсары балалар  саз мектебі

 

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив