Музыка 2-сынып

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Армысың музыка әлемі

Мақсаты

Мақсаты: оқушыларды тапқырлыққа баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыру;

Көрнекілігі:құрал-жабдықтар, плакаттар, магнитафон;

Білімділігі: білім-біліктіліктерін дамыту;

Тәрбиелігі: тәртіптілікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Музыка әдістемесі

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Мейірімділік» тренингі.
- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
- сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

«Сергітпе»До,ре,ми,фа,соль ля,си до. Осы ноталардан сөз құрау керек. Орысша сөздерден де қолдануға болады.

Оқушылар өз ойларымен бөліседі

Музыка тыңдау

Мағынаны тану

1. Асатаяқ – ертеден келе жатқан сілкімелі аспап.

2. Дауылпаз – соқпалы, ұрмалы аспап.

3. Домбыра – екі ішекті музыкалық аспап.

4. Жетіген – көп ішекті музыкалық аспап.

5. Шаңқобыз – тілшікті аспап

6. Сазсырнай – үрлеп ойнайтын аспап.

7. Сыбызғы – қурайдан, ағаштан жасалып, үрленетін аспап.

8. Қобыз – ысқышпен ойнайтын аспап.

9.Шертер – көп ішекті аспап.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Сергіту сәті

Биле-биле, балакан,

Домбыраның күйіне.

Қане, биле, балақан,

Қосылайық биіңе,

Шапалақтап алақан.

Биле талдай бүралып,

Қанатың қақ қаз болып.

Өнеріңе қуанып,

Қол соқсын ел мәз болып.

Өлең мазмүнына карай қимыл-қозғалыстар жасау.

«Ақыл калта» бөлімі оқылып, мазмүны ашылады.

Ой толғаныс

«Әнді тап»

«Отан»

Айдын көл,

үйрек – қаз жүзетін

Жастарың —

дарқан ел,туған жер

Жарқын жаз —

кең байтақ жасыл бел

Күміс су,

жалынды жауынгер

«Ұстазым менің»

Зердемді

сыбағасыз өтер едім

Өмірден

дүниенің сырын жайып

Ғажайып

қызықтырып жетеледің.

Қияға

сен ашпасаң не етер едім?

«Айгөлек»

Көлдей шалқып жас өмір

асып жатқан шағында

Кемерінен шалықтап

өсер бала болар ма

Ойын ойнап, ән салмай

кемеліне толар ма

Күміс күлкі көрмей ол

тасып жатқан шағында

Айгөлек-ау айгөлек

ел бөбегі,кел, бөбек

Айгөлек деп ән шырқа

Айдың жүзі дөңгелек

Айгөлек деп ән шырқа

Кел,бөбек,ел бөбек

Екі жақты күнделік

Кітапта жазылған

Менің ойым

 

 

 

 

 

 


«Әнші болғым келеді» ойыны үйымдастырылады. Сыныптағы ән айта алатын балалар өз өнерлерін ортаға салады.

 

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Тақырып бойынша мәліметтер жинақтау

         

 

 

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Күй атасы-Құрманғазы

Мақсаты

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы білім беру. Күй тыңдау және ән айту барысында балалардың музыканы ести білу, есте сақтау, орындау қабілеттерін жетілдіру. Құрманғазы күйлерінің тәрбиелік мәні жайлы әңгімелей отырып, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтар

Көрнекілігі

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қ

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Қадыр Мырзағалиевтің «Нағыз қазақ - домбыра» өлеңінен үзінді оқу.
Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл - сәл кем бұра.
Қазақ - нағыз қазақ емес,
Нағыз қазақ - домбыра.

Оқушылар өз ойларымен бөліседі

Мағынаны тану

№1
Құрманғазы түрмеге түскен бір кезінде түрмеде ақ шашты, ақ сақалды бір қарияны кездестіреді. Таныса келе оладам Орда өлкесінен келген Құрманғазының жерлесі және домбырашы Салық атты азамат екен. Салық көп күй білетін өте шебер домбырашы болған. Сол түрмеде Салық дүние салады. Дүниеден өтер алдында Құрманғазыға. Балам бәлен деген жерде менің кемпірім мен қызым бар. Соларға менің дүниеден өткенімді естіртерсің,- деп аманат айтады.
№2
Құрманғазы 73 жыл ғұмырының жартысынан астам уақытын түрмеде өткізеді. Түрмеде отырып «Ертең кетем» күйін күйін тұтқындарға тыңдатқан Құрманғазы сол түні түрмеден қашып шығады.
Көрініс: «Қызыл қайың күйі»
Күйде бар басқаша құдірет!
Құрманғазының күйлерінің шығу тарихы
№3
Күйлер негізінен үш аспапта - домбыра, қобыз, сыбызғыда орындалған. Қазақтың домбыра күйлері орындаушылық ерекшелігіне, күйдің құрылымына байланысты шертпе және төкпе деп жүктеледі.
№4
«Балбырауын» халықтың сүйіп орындайтын, елге кең таралған күйлерінің бірі. Бұл ырғақты биге икемді келетін күй ауыл жастарының ойындарына, билеріне арналған.
№5
Құрманғазы Адайдың бір қызымен күй тартысып, сондағы Адай қызына шығарған күйі - «Адай» күйі. Күйші - рудың өр көкіректігін негіз етіп алып, патшаның да, хандардың да қаһарына қарсы тұрған халықтың сарқылмас күшін суреттеген.
№6
ХІХ ғасырдың 50 - жылдарында Құрманғазыға ат ұрладың деген жалған айып тағылып, түрмеге қамалады. Түрмеде жатқанда шешесін сағынып, оның көңіл - күйін ойлап, анасына «Аман бол, шешем»,«Қайран шешем» күйлерін арнайды. Құрманғазы бұл жерден қашып шығады. Осы кезеңде оның мұңды лирикаға толы «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан» тағы да басқа күйлері туады.

Әр карточкалар арқылы оқушылар мәтіндерді талдайды.

Ой толғаныс

Құрманғазы өмірінің тарихи тізбесі (хронологиялық тәртіп бойынша)
1. 1823 жылы қазіргі Атырау облысы Құрманғазы ауданында дүниеге келген.
2. 1836 - 1840 жылдары малшылықты қойып, өнер соңына түседі. Күйші Ұзақтың жанына еріп, ел аралайды.
3. 1836 - 1838 жылы. Махамбет пен Исатай көтерілісі жас Құрманғазының санасына қатты әсер етеді. Осы көтеріліске байланысты «Кішкентай» атты алғашқы күйін шығарды.
4. 1830 - 1840 жылдары композиторлық өрісі ашылып ондаған күйлерін дүниеге әкелді.
5. 1845 - 1850 жылдары Жем, Сағыз бойымен Маңғыстау, Үстірт өңірлерін аралайды. Адай жеріндегі үлкен нағашылары Төремұрат пен Нарыбайдың елінде өмір сүреді.
6. 1850 жылы Маңғыстаудан келген соң, Орынбор түрмесіне қамалады. Көп ұзамай одан қашып шығалды.
7. 1857 жылы қараша айының басында абақтыдан қашады.
8. 1857 - 1860 жылы басқа ауылдарда жасырынып жүреді.
9. 1860 - 1863 жылы елге оралады.
10. 1864 жылы абақтыдан кеткені үшін және мал ұрлады деген айыппен орда абақтысына жабылып онда 12 жыл 7 ай жатады.
11. 1868 жылы журналист Н. Салвичевпен кездеседі.
12. 1868 жылы Орал түрмесіне түседі.
13. 1870 жылы Астраханнан шақырту келіп, қайтадан түрмеге жабылады. Онда Сананжан деген қалмақпен танысып, түрмеден қашып шығады.
14. 1882 жылы Кроснояр түрмесінде жатады.
15. 1884 жылы билеуші Мақаш Бекмұхаммедовтан көмек сұрап «Ақ паспорт» алады.
16. 1885 - 1890 жылдары сахмаға көшіп келеді.
17. 1890 - 1895 жылдары Жаймашуақ өмір кешіп аң аулайды. Шәкірт тәрбиелейді.
18. 1896 жылы Астрахань облысы Володор ауданындағы «Алтынжар» деген жерде қайтыс болады.

БББ  кестесі

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Тақырып бойынша мәліметтер жинақтау

         

 

 

 

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Күй-күйші өмірінен сыр шертеді

Мақсаты

Ұлы күйші Құрманғазы шығармалары арқылы оқушыларды рухани байыту, өнер арқылы шығармашылық ойларын мақсатында және музыканы саналы түрде қабылдауға, мәнерлеу дыбысы арқылы музыканың даму ерекшелігін анықтауға.

Көрнекілігі

Музыка оқулығы

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға гүл шашылды

Қайырлы күн!

Біз нәзік қыздармыз!

Қайырлы күн!

Біз ержүрек ұлдармыз!

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Үлкендерге сіз,
Кішілерге біз.
Әдеппен бас иіп,
Сәлем бердік біз!
1. Аспаптық музыка дегеніміз не?
2. Күй дегеніміз не?
3. Күй нешеге бөлінеді?
4. Қандай күйшілерді білеміз?
5. Дәулеткерейдің күйін ата?

 

 

Оқушылар өз ойларымен бөліседі

 

 

 

 

(Балалар пікірлері тыңдалады.)

 

Мағынаны тану

Балалар музыка сабағында қандай жанрларымен танысамыз?
Сұрақтарға жауап беру?
- Ән, күй, би, жыр
- Ән, би, күй, жырлар неге жатады? Әрине өнерге.
Өнер туралы қандай мақал – мәтелдер білеміз
«Өнерлі бала-сүйкімді».
Өнерліге – өріс кең.
- Әнді, күйді, жырды, биді орындайтын өнер адамдарын не дейміз?
- Әрине әнші, күйші, биші, жыршы.
«Аман, бол шешем, аман, бол» - Құрманғазының күйін тыңдау.
- Балалар, бұл қандай күй?
- Кімнің күйі деп ойлайсыңдар?
Ұлы күйшілер жақын адамдарына арнап күй шығарған. Мұндай күйлерді «арнау күйлер» деп атайды. Соның бірі – Құрманғазының анасына арнаған «Аман бол, шешем, аман, бол» күйі. Торы атты ертіп, жолға Құрманғазы үйден шығар алдында домбырасын қолына алады да, қоштасып бір күй тартады. Шығарып салуға жиналған достары күйдің атын сұрамай – ақ білді. Өйткені, бірінші бастамасының өзі «Аман, бол шешем, аман, бол» деп айтып тұр еді.
Иә, балалар, бұл күйдің авторы – қазақтың халық композиторы, күйші Құрманғазы Сағырбаев
Әрине бүгінгі жаңа сабағымыз «Күй атасы – Құрманғазы» туралы өтеміз.
Құрманғазы Сағырбайұлы – күйші, композитор.
Құрманғазы Сағырбайұлы – Батыс Қазақстанда 1818 жылы дүниеге келген.
Құрманғазы Сағырбайұлы – алғашқы ұстазы Ұзақ күйші.
Құрманғазы Сағырбайұлы – күйлері: «Ақсақ құлан», «Адай», «Қайран шешем» т. б. күйлері бар.
Құрманғазы жасынан домбыраға әуес болды. Ол Ұзақ күйшіден тәлім алып, есейген шағында домбырашылық, күйшілік шеберлігін танытты. ХІХ ғасырдың асаи көрнекті композиторы, күй атасы. Құрманғазы Сағырбайұлы – теңдесі жоқ ұлы күйші. Ол – заманындағы қоғамдық - әлеуметтік қайшылықтарға, зорлық – зомбылыққа қарсы күресіп өткен адам. Ол 71 жасында қайтыс болады.
- Құрманғазының шәкірті кім?
- Шәкірті – Дина
Атақты күйші Динаға «Қайран шешем» күйін үйретіп отыр еді. Сырттан аттың дүбірі естілді. Құрманғазыны тұтқынға алып, ол домбырасын Динаның қолына ұстатады. «Мұрамды саған тапсырамын, халқыма жеткіз», - дейді. Құрманғазы тек күйші емес, оның шәкірті атақты күйші апамыз Дина Нұрпейісқызы.
Жұмбақтар шешу
Ұзын мойын,
Екі ішек.
Қатар – қатар текпішек.
Басып көрсең бір – бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп.
(Домбыра)
Әрине Домбыра аспабының қасиеттілігін атайықшы
Тақтаға шығып плакатқа жазады
Домбыра – еңбекқорлыққа үйретеді.
Домбыра – шежірені білуді талап етеді
Домбыра – адамның ішкі – жан дүниесін емдеп, көңілін көтереді, денсаулықты нығайтады.
Домбыра – иманды болуға жол ашады.
Домбыра – әдебиеттің дамуына ықпал етеді.
Домбыра – жарысу мен таласуға, ізденуге баулиды.
демекші бүгін үйренетің әніміз «Домбырасыз сән қайда»
Ән айтар алдыңда дауыс жаттығуларын жасайық.
Дауыс жатығуы: До, ре, ми, фа, соль, ля, си. До.

Сергіту сәті

«Нөсер».

1.                    Қолды барынша жоғары көтеріп, «У-у-у-», - деп желдің дыбысын шығару.

2.                    Жел бірте-бірте күшейіп, дауыс қаттырақ шығады, денені козғалысқа келтіру.

3.                    Қолды төмен түсіріп, тырнақпен партаны тықылдатып, жаңбырдың дыбысын шығару.

4.                    Аяқпен еденді тарсылдатып соғу аркылы нөсерді келтіру.

Ойын түрінде шулы дыбыстар туралы білімдері пысықталады. «Қайсысы қалай дауыстайды?» ойыны.

Әтеш шақырады - ку-ка-ре-ку.

Бақа бақылдайды - бақ-бақ-бақ.

Шыбын ызылдайды - ыззз, ызз.

Қой маңырайды - мә-ә - мә-ә.

Сиыр мөңірейді - мө-ө - мө-ө.

Мысық мияулайды - мияу-мияу.

Арыстан ырылдайды - ыррр.

-                       Мұның бәрі кандай дыбыстар?

Ой толғаныс

Сұрақ – жауап:
1. Бүгін біз сабақта қандай күйшімен таныстық?
2. Құрманғазының қандай күйлерін білеміз?
3. Қандай әнмен таныстық?
4. Әннің авторларын ата?
5. Әнді домбыра аспабымен айту.

Кітапта жазылған

 

 

 

 

 


Бағалау

Менің ойым

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Тақырып бойынша мәліметтер жинақтау

         

 

 

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Шертпе күйдің шебері

Мақсаты

Тәттімбет Қазанғапұлының өмірін әңгімелеу арқылы күйші композитормен таныстыру.
Сабақтың міндеті:
Күй түрлерімен таныстыру; Шертпе төкпе күйлердің орындалу ерекшелігімен таныстыру;
Музыкалық қабілеттерін ашу, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру;
Оқушыларды мейірімділікке, адамгершілікке, туған жердің табиғатын сүюге халық композиторларының күйлері арқылы тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: музыка тыңдау, ән айту. Музыкалық сауаттылық, шығармашылық
тапсырмалар, т. б.

Көрнекілігі

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Мейірімділік» тренингі.
- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
- сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Күй – күйші – күй тарихы деген сөздерді қалай түсіндіңдер?
Құрманғазының күйлері білезік буынымен ойналатын күйлер, үстірмелете, жылдам екпінде қолдың қағыс қағар тұсында бас бармақ сұқ саусаққа жақын орналасады.

Оқушылар өз ойларымен бөліседі

Мағынаны тану

Тәттімбет Қазанғапұлы – Қазақстанның орталық, шығыс, оңтүстік өңірлеріне кеңінен танымал, шертпе күй өнеріндегі ең ірі, көрнекті күйші – композитор. Тәттімбет ұлы күйші болумен бірге, өз дәуірінің көкірек көзі ашық азаматы ретінде әлеуметтік өмірге өз көзқарасын білдіріп, музыка тілімен үн қатып отырған композитор.
Күйлер орындалу мәнері мен құрылымдық ерекшеліктерге қарай төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді.
Біз танитын Құрманғазы күйші – төкпе күй иесі болса, бүгінгі танысып отырған күйші композиторымыз Тәттімбет - шертпе күйдің шебері.
Тәттімбет шертпе күйдің шебері атанған. Ол күйші, әрі ақын, сөзге шебер адам болған. Тәттімбет ел аралап, алыс сапарларда көп жүреді. Бірде Тәттімбет елін, жерін сағынып, қайтып келе жатады. Сол сапарларда бір ауылда айтысып жатқан екі ақынға кездеседі. Сонда ақынның бірі: «Бұл дүниеде не өлмейді?» - деп сұрайды, екінші ақын: «Өлмейтін тау, су, ай, күн, жер», - деп жауап береді. Ақынның жауабына риза болмаған Тәттімбет сөз сұрайды:
Асқар таудың өлгені –
Басын мұнар шалғаны,
Ағын судың өлгені –
Ағыны тоқтап қалғаны,
Қара жердің өлгені –
Үстін ақ қар басқаны,
Ай мен күннің өлгені –
Қарайып барып батқаны,
Тек өлмейтін шын асыл
Данышпан адам айтқаны.
Ақынның екеуі де Тәттімбеттің айтқан жауабын мойындады. Екі ақын Тәттімбеттің қонақ болуын сұрайды.
«Құрмет сыйларыңызға рахмет! Елім мен жерімді сағынып келем. Мені жолымнан қалдырмаңыздар», - дейді.
Тәттімбет өзінің туған жеріне арнап күй шығарған. Ол күйдің атын «Саржайлау» - деп атайды.
Музыка тыңдайық.
Тәттімбеттің күйі «Саржйлау».
Музыка сауаттылығы.
Шертпе күй – оң қол саусақтарымен шертіп орындалатын музыкалық шығарма.
Біліп ал!
Тәттімбет Қазанғапұлы – қазақтың көрнекті күйші – композиторы, шертпе күйдің шебері. Тәттімбеттің«Саржайлау»,«Сылқылдақ», «Бестөре», «Көкейкесті», «Бестөре»,
«Сылқылдақ», сияқты күйлері көпке танымал. Тәттімбеттің күйлерін атақты күйші Әбікен Хасенов жеткізген.

Ой толғаныс

Күйдің қандай түрін білесің?
Біз қандай күйшімен таныстық?
«Шертпе күй» дегеніміз не?
Тәттімбет ел аралап жүріп кімдерге кезігеді?
Тәттімбет сөзге шешендігін қалай танытады?
Тәттімбет туған жеріне арнап шығарған күйі қалай аталады?

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Қосымша мәлімет жинау.

         

 

 

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Өмірді күймен өрнектеген

Мақсаты

Ескендір Хасанғалиев ағамыздың музыка саласына сіңірген еңбегі жайлы мағлұмат беру. Өмір жолдарына шолу жасап өнерін зерттеу.
Білімділік: Оқушылардың пәнге, тақырыпқа деген, қызығушылығын арттыру.
Ескендір ағамыздың әндері арқылы оқушылардың білімдерін көтеру.
Дамытушылық: Топтық ойлау әрекетін қолдану. Алған теориялық білімдерін ойындар арқылы жинақтап ой - өрістері мен рухани мәдениетін эстетикалық талғамдарын анықтай отырып оқушылардың танымдық қабілетін арттыру. Балалардың музыканы тыңдау арқылы ырғақты сезінуі және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды музыканың өмірмен байланыстылығын түсіндіре отырып композиторлардың әндері мен музыкасы арқылы өз халқының әндеріне туған елі мен жеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Оқыту технологиясы: Ақпараттық технология, сын тұрғысынан ойлау,
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ, топтық ойлау, ойын сабақ.
Сабақтың әдісі: Ұқсас пен айырмашылық, бағалау сұрақтары, автор орындығы, бірігіп сурет салу.

Көрнекілігі

ой қозғау, топтастыру, сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: портреттер, мақал - мәтелдер, үнтаспа, топшамалар.

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Мейірімділік» тренингі.
- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
- сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту

Зейіндерін тұрақтандыру.
- Балалар мен бүгін өте көңілдімін. Сендер ше?
- Балалар бүгін бір - бірімізге жақсы тілектерімізді айтып, гүл сыйлайықшы.
- Ақылды бол!
- Инабатты бол!
- Бақытты бол!
- Білімді бол!
- Мейірімді бол!- деген тілектерін айтты.

Оқушылар өз ойларымен бөліседі

Мағынаны тану

1 жұлдызша ұяшық (Экраннан сурет көрсетіледі) Бұл суреттегі кім?
2 жұлдызша ұяшық (Роза Рымбаева) Роза Бағланова кім?
3 жұлдызша ұяшық (Қайрат Нұртас) Роза Бағланова қай жылы дүниеге келді?
4 жұлдызша ұяшық (Мақпал Жүнісова) Роза Бағланова қай халықтың әндерін орындады?
5 жұлдызша ұяшық (Асқар Жүнісбеков) Роза Бағланова халық қаһарманы атағын қай жылы алды?

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Ой толғаныс

Салыстыру

Күйші

Әнші

 

 

 

 

 

 


Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Тақырып бойынша мәліметтер жинақтау

         

 

 

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Күйге шешен-Қазанғап

Мақсаты

Қазанғап Тілепбергенұлының өмірінен әңгіме шерте отырып, халқымыздың ұлттық мұрасын қастерлеуге баулу;
Сабақтың міндеті:
Күйші күйлеріңің, шығу тарихын насихаттау; музыкалық сауатын ашу;
Күйді тыңдата отырып, оны түсінуге есте сақтай білуге тәрбиелеу;. 
Музыкалық өмірмен байланыстыра адамгершілікке, тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: музыка тыңдау, ән айту. Музыкалық сауаттылық, шығармашылық
тапсырмалар, т.б.

Көрнекілігі

Әдебиет оқулығы

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

– Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !

Күліп өмір сүрейік!

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

От басы – жылы ұямыз,
Тірегі – ата-анамыз.
Уыз сүт еміп осында,
Уылжып біздер өсеміз.

Осында үлгі аламыз,
Осында адам боламыз.
Еркелеп, ойнап, еліктеп,
Осында өсіп толамыз

Тәрбие мектеп – от басы,
Ақылды баулып, тіл ұштар.
Өрімдей тезге тартылған
Әдепті бейне дұрыстар.

Оқушылар өз ойларымен бөліседі.

 

Мағынаны тану

Күйге шешен – Қазанғап.

Қазанғап Тілепбергенұлы – әйгілі күйші композитор.Ақтөбе облысының Шалқар ауданы Ақбауыр деген жерде туып - өскен. Жасынан ән – күйге құмар болған. Оның күйлері өмірдің мәні мен сәні туралы, бүгінімен болашағы туралы толғанады.
Бойы өсіп, бұғанасы қатып үлгермей – ақ Қазанғаптың маңдайына қойшылық өмір бұйырған. Қой соңында өткізген он жылда ол домбыраны жан серігі етіп, өзінің сезім түйсігін күй тілінде шығаруды машық етті. Содан оң – солын тани бастағанда күйге біржола арнамақ болып, әке – шешесінен рұқсат алады. Төреш, Орынбай, Құрманияз, Үсен төре сияқты әйгілі домбырашылармен кездеседі. Арал алабын, Үстіріт, Маңғыстау аймағын, Ақтөбе, Ырғыз, Қостанай; Троицк, Орынбор төңірегін шарлап, ел ішіндегі күй сарындарын көкірегіне армансыз сіңіреді. Не бір додалы күй сайыстарына түсіп, өнерін шыңдайды.
Бірде Үсен төре Қазанғапты ителгі құсын аңға салып, серуендеп қайтуға шақырыпты. Бір кезде алдарынан аң қашады. Үсен төре қолындығы құсын жіьереді. Құс шүйіліп барып, аңды іле алмай көтеріліп кетеді. Сол кезде Үсен төре: «Қиту, қиту, қайт,қайт!» - деп құстың соңынан шабады. Ал құс сол ұшканнан ұшып, тоғайға сіңіп жоқ болып кетеді. Үсен төре әрі шауып, бері шауып, не істерін білмей, үйіне келіп, қайғырып жатып қалады. Осының бәрін көріп, қасында болған Қазанғап үйіне келіп: 
-Оу, Үсен аға, неге сонша қапаландыңыз? Ит пен құс тілсіз мақұлық емеспе? Баратын жеріне барсын. Одан да манағы сіздің айқайлап құсты шақырғаныңызға арнап мен бір күй шығара қойып едім, осыны тыңдап көріңізші, - деп жаңа күйді тартыпты. Бұл күй «Құс қайтару» деп аталып кетті, кейде «Қиту, қиту, қайт, қайт» деп те тартылып жүр.
Музыка тыңдау. 
Қазанғаптың күйі «Құс қайтару». Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Ой толғаныс

Ән үйрену.

Қошақаным қайда екен?
Сөзі: С.Асанов
Әні: Ә. Бейсеуов. 


Жазда атамның аулына, Тентек құлын тебер деп,
Барып едім қыдырып. Бұзаулармен бір ме екен.
Бір қошақан алдымнан Жазда және келер деп, 
Шыты ойнап жүгіріп. Мені күтіп жүр ме екен?

Қайырмасы:

Ақ маңдайлы ай ма екен?!
Арқа жүні майда екен.
Кеттім оны сағынып,
Қошақаным қайда екен?

Домбыра үйренейік. 
Домбыраның қағыстары.

П V П V Төмен – жоғары, төмен – жоғары. 

П V П Төмен – жоғары – төмен 

Қорытындылау.
Қазанғаптың қандай күйлерін білесіңдер? 

Екі жақты күнделік

Кітапта жазылған

Менің ойым

 

 

 

 

 

 


Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Тақырып бойынша мәліметтер жинақтау

         

 

 

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Күй анасы

Мақсаты

Күйшінің өмірбаяны жайлы әңгімелеу, эстетикалық қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту, дүниетанымын кеңейту. Өнер адамын құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту сабағы. Сабақтың әдісі: Баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, талдау, өз пікірлерін айту. Көрнекілігі: Күйшінің портреті, үнтаспа, тапсырмалар.

Көрнекілігі

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Армысың шұғылалы нұрлы күн!
Армысың мейірімді жер – ана!
Сәлеметсіздер ме қонақтар.
Бәріміз күндей жарқырайық!
Бәріміз тату – тәтті болайық!

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту

Музыкада неше дыбыс бар? (7-дыбыс)

Соль нотасы нешінші сызықта орналасқан? (2-ші сызықта)

 Соль деп не үшін аталған? (өзіндік тональдігі болғасын)

Соль нотасын тақтаға жазып бер. Ля нотасы нешінші сызықта орналасқан? (2-ші сызықтың үстінде)

Ля нотасын тақтаға кім жазып береді?

Мағынаны тану

(Сұрақтар арқылы мәлімет алу.) -Күйші деген кім?

 -Кімнің суретін көріп тұрсыңдар?

 -Мынаның ішінде күйші кім?

 -Неге «Күй анасы» деп атаймыз?

 -Дина Нүрпейісова атындағы оркестр қай қалада?

 -Қандай күйлерін білесіңдер?

Енді балалар топтастырайық

Топтасыру

Ана Ардақты әже Күйші Күй анасы

Мағынаны тану.

Дина Нүрпейісова (1861-1955 жж) (Мәтінді 1-оқушыға оқыту) Дина Нүрпейіс келіні Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданына қарасты, Бекетай құмы деген жерде дүниеге келген. Ол тоғыз жасының өзінде-ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Баламйсан сияқты күйшілердің күйлерін нақышына келтіре орындап «Домбырашы қыз» атанған. Әйгілі Құрманғазы Динаны өзі іздеп келіп, батасын берген. Дина тоғыз жасынан, он тоғыз жасына дейін қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Сол Дина 90-жасында Құрманғазы ның күйін шабыттана тартып, дүйім жұртты таң қалдырады. 1937 жылы 75 жасында Дина Алматыға тұңғыш келіп, құдіретті өнерімен бүкіл республикаға ден қойғызады. Ол осы сапарында халық өнерпаздарының Бүкіл Қазақстандық байқауында бірінші орынға ие болады. 1944 жылы 83-жасында Орта Азия Республикаларының қатысқан жарысында да жеңімпаз атанады. Динаның шығармашылығы жайлы С.Бақбергенов «Қайран шешем» (1963ж) атты роман жазды. Дина қазақтың күйшілік өнеріне өшпес із қалдырған біртуар дарын. Егер оның күйшілік бастау алған тегін іздеу керек болса Дәулеткерей мен Құрманғазыға қарай бұру керек. Екі ұлы күйшіден сусындаған Динаның өзіндік өрнегін тапқан күйші. Дәулеткерей мен Құрманғазының өршіл рухы Динаның қос қанатындай болған. Динаның күйлері: «Ана бұйрығы», «Әсем қоңыр», «Байжұма», «Бозшолақ», «Бұлбұл», «Домалатпай», «Жеңіс», «Жігер», «Кербез», «Қосалқа», «Тойбастар», «Шынар» т.б.

Ой толғаныс

Екі жақты күнделік

Кітапта жазылған

Менің ойым

 

 

 

 

 

 


Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Тақырып бойынша мәліметтер жинақтау

         

 

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Арнау күй

Мақсаты

1. Халық композиторларының арнау күйлері туралы оқып таныстыру;
2. Күй мазмұнындағы музыкалық бейнені көз алдына елестете білуге, мазмұнын тыңдай отырып түсінуге үйрету;
3. Оқушылардың ұлттық музыка өнеріне деген қызығушылығын арттыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: Композитордың суреті, домбыра, текшелер

Көрнекілігі

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Армысың жарқыраған күн,
Армысың жер ана!
Армысың көгілдір аспан.
Армысың апайлар,
Армысың сен және мен.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Психологиялық тренинг:
Өлең айтып, күй тыңдап,
Өнермен өссін санамыз.
Оқу оқып, сусындап,
Білімнен бақыт табамыз.

Қазанғаптың өмірі мен шығармашылығын мазмұндау.
(Ол үшін балаларға скрипка кілті берілген оқушылар Қазанғаптың өмірі туралы айтады. Ал, ноталар берілген оқушылар шығармашылы туралы айтады)
Дауысқа жаттығу:
«Ана тілегі» сөзіне бір тон көтеріп әуенмен орындату, бір тон түсіру арқылы әуенді қайталату. Жаттығуды 4 - 5 рет қайталату.
«Домбыра сазы» әнін хормен қайталатып және жеке орындауда орындату.

Мағынаны тану

Бүгінгі сабақта біздер күйші Қазанғап Тілепбергенұлы туралы айтамыз.
Қазанғап - Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында туып - өскен. Қазанғап - қазақтың халық күйшісі. Жасынан ән - күйге құмар болып өскен. Ол 1854 жылы дүниеге келіп, 1921 жылы дүниеден өткен. Күйшінің тұңғыш шығарған күйі - «Торы ат» күйі деседі. Қазанғап Ақтөбе, Қостанай, Орынбор, Тройцк, Ақтөбе облысына қарасты Шалқар, Темір мен Ойылды аралап, көптеген өнерпаздармен кездеседі. Бұл күйшінің орындаушылық қабілеті зор ықпал жасады. Күйшінің күйлерін зерттеп, күйшінің күйлерін шебер орындайтын Ақтөбелік күйші Жайлау Асылханов деген ағамыз бар. Күйлерін атап өтсем: «Қиту - қиту, қайт - қайт», «Бұраң бел Ақжелең», «Домалатпай», «Көкіл», «Жұртта қалған»,»Майда қоңыр», «Учитель», «Шыныаяқ», «Ысырма» т. б күйрелі бар.

Музыка тыңдау:
Бірде Қазанғап оңтүстік өңірінен астық алып қайтпақшы болып, сауда керуеніне ілесіп жолға шығады. Өтіп бара жатып, белгілі күйші Үсен төремен танысып, сәлем бере кетпек оймен ат басын бұрады. Үсен төре жол жүріп кеткен екен. Қазанғап сусын ішіп тыныққан соң, Үсен төренің домбырасын келініне алдырып, тарта бастайды. Әлден уақытта сырттан үйге Үсен домбырасын тартып отырған бейтаныс адамды көріп:
- Домбырамды менің рұқсатымсыз алып тартуға батылы жеткен неткен жансың? Ал, көрсет өнеріңді, әйтпесе айыбыңды төлейсің,- дейді.
- Қазанғап өзін таныстыру үшін «Көкейге түскен Көкілжан» атты жаңа бір күйін шертеді. Күй әуенінде кедей қауымның қиын тіршілігі, жанға батқан мұқтаждық жайында күңірене жөнеледі. Сай - сүйекті сырқыратқан күй сазы Үсен төрені қатты толқытады. Міне күйші Үсен төремен осылай танысады.
Бүгін «Көкіл» күйін үнтаспадан тыңдаймыз.
(күйді үнтаспадан тыңдату)
Келесі тыңдайтын күйіміз Құрманғазының «Аман бол, шешем, аман бол» күйі.
Құрманғазы туралы қысқаша түсінік беріп өтсеңіздер.
(оқушылар күйші туралы айтып береді)
Шығу тарихын тыңдаймыз.
Тағы да қудалаудан құтылмаған Құрманғазы алыс сапарға жол шегуге бел байлайды. Ардақты анасымен қоштасып, өзінің анаға деген ыстық сезімін домбыраның ішегіне түсіреді. Бұл кейін халық арасында «Аман бол шешем, аман бол» деген атпен тарайды. Басқа күйлерден айырмасы ол домбыраны шын мәнісінде «сөйлетеді»
«Аман бол, шешем, аман бол» күйін үнтаспадан тыңдату.
- Күйлерді тыңдаған сәтте көз алдарыңа нені елесте алдыңдар?
- Күйлердің қайсысы төкпе күйге жақындау?
- Күй тілімен сөйлеп көр. Күйге қосылып буындар орында.
- Мысалы: «А - ман - бол - ше - шем - а - ман - бол», «Кө - кей - ді - тес - кен - кө - кіл - күй»
Музыка сауаты:
Ақында туған жерге. Отанға, анаға арнап өлеңдер жазса, үйшілер жақын адамдарына арнап күй шығарған. Мұндай күйді арнау күй деп атайды.
(дәптерге жаздыру)

Ой толғаныс

Ән үйрену.
- Бүгін жаңа ән үйренеміз.
«Ана тілегі» Б. Исаева. Әнді орындап таныстыру. Әнді орындап беріп тыңдатамын.
Әнді фраза бойынша үйретемін.
- Ән кімге арналып тұр?
- «Арнау ән» деп айтсақ бола ма?
- Анаға арналған қандай әндер білесіңдер?
- Композитор Ш. Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін орындап, тыңдатамын. Бұл әннің де арнау әнге жататынын түсіндіремін.
Домбыра ойнау:
Перне басып үйрену. Орындыққа дұрыс отырғызып болған соң, домбыраны дұрыс қолдарына ұстауға шақырамын. Қағыстарды еске түсіру. Сол саусақтарымен перне басып үйретемін.
Бірінші жаттығу: «А - ла, а - ла». Төмен, жоғары қағыста ойнату.

Сабақты қорытындылау:
1. Арнау күй дегеніміз не?
2. Қандай арнау күйлерді білесіңдер?
3. Қазанғаптың «Көкіл» күйі кімге арналған.
4. Үйренген жаңа әнді ата?
5. Ән кімге арналған?
6. Біз бүгінгі сабақта не ой түйдік? Сұраққа жауап алу үшін берілген тор көздегі әріптерді тез, әрі дұрыс оқысаңдар ғана жауап ала аласыңдар?
«Ойлан тап»
р н а у а
2 3 1 5 4
н ә -------- ү к й --------- у а т р ы л ------і к б д і л
2 1 ---------2 1 3 --------2 4 1 3 6 5 -------2 6 1 4 5 3

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

«Ана тілегі» әнін жатқа, нақышына келтіре орындау.
Құрманғазының, Қазанғаптың күйлерін дәптерге жазып келу.

         

 

 

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Күйшілер керуені

Мақсаты

Күйші өмірінен әңгіме шертіп, халқымыздың ұлттық мұрасын жеткізу.
Білімділік мәні: Күй тарихи арқылы оқушылардың ой-өрісін өсіру, музыкалық сауатын ашу.
Дамытушылығы: Күйді тыңдата отырып, оны түсінуге, жеткізе білуге, есте сақтай білуге баулу.
Тәрбиелік мәні: Музыкалық өмірмен байланысы арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Мейірімділік» тренингі.
- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
- сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Қазақтың ұлттық биі «Қара жорғадан» үзінді тыңдалады.
- Бұл қандай әуен? Саған таныс па? Бұл әуенге қандай қимыл жасауға болады?

Оқушылар өз ойларымен бөліседі

Мағынаны тану

Ықылас Дүкенұлы атадан балаға мұра болып келе жатқан қобызшылар әулетінен шыққан. Өз әкесі Дүкенде, оның әкесі Алтынбек те асқан қобызшы болған.
Қорқыттан қалған дәстүрлі қобыз тартуды қайта жаңғыртып, жандандырған Ықыластың күй өнері Ашай, Әйкен, Сүгір сынды шәкірттері арқылы жалғасын тапты.
Ертеден келе жатқан қобыз үнін бүгінге жеткізушілердің бірі болған Ықылас – «Айрауық», «Аққу», «Асанқайғы», «Ерден», «Бозторғай», «Қасқыр», «Саржан төре», «Шақыру» сынды күйлер қалдырған ірі композитор.
Музыкалық шығарманы тыңдау:
Ықыластың күйі «Ерден», «Қасқыр», «Аққу».

Ертеде Найман елінің Ерден деген батыры болыпты. Ол тек батырлығымен ғана танылмай дәулескер қобызшы болған деседі. Ерденнің Әйменді деген жалғыз ұлы қайтыс болып қайғы жұтып, қасірет шеккен хәлі бүкіл Бағаналы елін дағдартады.
Көңіл айтуға келген Ықылас «Өлімнің жолы ауыр ғой, өлгеннің артынан өлмек жоқ, тірі адам тірлігін істейді» деп, азалы шаққа қаншалықты араша түскісі келіп төрдегі қобызды ала салады да шалып-шалып жібереді. Жай шалмайды, үш күн бойғы Ерденнің «беу, жалғызым, құлыным!» деп күрсіне егілген сөзін сөйлете сызады. Қыл қобыз ішегін тарта жылап, азалы жанның зарын төгеді.
Ықыластың осы жолы Ерден алдында тартқан көңіл айту күйі ел арасында «Ерден» деген атпен тарап кетеді.
Шығармашылық жұмыс: № 4 тапсырма.
Мына күйлердің авторлары кімдер ?
1. «Аман бол, шешем, аман бол»
2. «Топан»
3. «Сылқылдақ»
4. «Құс қайтару»
5. «Бес жорға»
6. «Сауыншы»
7. «Салтанат»
8. «Ерден»
9. «Желмая»
10. «Көңіл ашар»
Дауыс ашу жаттығулары:
* Әнді баяу, ойлана, тыңдап, сөзін анық айтуға тырысамыз.
* Мәтініне көңіл бөл, ән не туралы айтылуда?

Ой толғаныс

Әндету: Қобызым әні
Қарағайдың түбінен
Қайырып алған қобызым.
Үйеңкінің түбінен
Үйіріп алған қобызым.
Аққайыңның безінен
Айырып алған қобызым.
Қара еменді қақ жарып,
Ойып алған қобызым. О-о-о-о.
Ортекенің мүйізін
Тиек қылған қобызым.
Желмаяның терісін
Шанақ қылған қобызым.
Қылқұйрығын тұлпардың
Қияқ қылған қобызым.
Ақ түйенің сүтіне
Шылап алған қобызым. О-о-о-о.
Қарағайды қоздатып,
Бұлап алған қобызым.
Құлағыңды бұрайын,
Қияқ шалып сынайын.
Ойлағаным болмаса,
Қайырып жерге ұрайын!-
* Ықылас кім?
* Ол қандай аспапта ойнаған?
* Ықыластың қандай күйлері бар?
* «Ерден» күйін кімге арнаған?
* «Қобызым» әнін талдау.

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Әнді жаттау

         

 

 

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Қобыз және скрипка

Мақсаты

Білімділік:
Сезімділік, музыканы толғаныспен қабылдау, оны түсіну, шығарманың көркемділігін қабылдау, оны түсіну, музыкалық шығарманы тұтас қабылдау., ән айту, музыка тыңдау, қимыл - ырғақ, сурет салу, ойындар өткізу, оқушыларды музыка өнеріне баулу.
Дамытушылық: Ой қозғау, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге,
рухани - танымдық кеңістіктерін молайтуға көмектесу.
Көрнекілігі: Суреттер, музыкалық аспаптар, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың әдісі: Дамыта отырып оқыту, ойын оқыту технологиясы. Топтастыру.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүние тану, математика, өзін - өзі тану, қазақ тілі.

Көрнекілігі

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Мейірімділік» тренингі.
- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
- сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

 

«Ыстық  орындық»  стратегиясы

Оқушылар өз ойларымен бөліседі

Мағынаны тану

«Ұйқасын тап» ойыны
Менің ағам Сансызбай,
Жасады маған.......... /Сазсырнай/
Жылаған соң інімді аяп,
Жасап бердім.........../Асатаяқ/
Тоныма орап кетіп ем
Бүлінбепті............. /Жетіген/
3) Жаңа материалды меңгерту.
Көне аспаптар сыр шертеді - қобыз бен скрипка.
«Бұл қандай аспап» ойыны.
Тақтаға бір оқушы шақырылады. Аспаптың суреті отырған балаларға ғана көрсетіледі. Олар аспапты сипаттайды. Тақтадағы оқушы аспапты дәл табуы керек.
Ең соңғы екі аспап қобыз бен скрипка.
Қобыз бен скрипка аспабы – бір - біріне ұқсас аспаптар.
Қобыз ағаштан жасалды.
Ысқышпен ойналады.
Қобыздың атасы Қорқыт ата.
Скрипка қобыз аспабынан кейін Еуропада дүниеге келді. Үні нәзік, әсем сазды. Оны “музыкалық аспаптардың патшайымы” деп атайды. Оны ертеректе тізеге қойып орындаған. Дегенмен, сауықшыл Еуропалықтар билегенді ұнататын. Сөйтіп оны енді иыққа қойып ойнай отырып билеп те үлгерген екен. Содан бері оны скрипканы иыққа қойып ойнайды.
«Табиғат құбылыстары»- ойыны
Мұғалім: « Жай жаңбыр»
Балалар: Саусақтың ұшымен жай тырсылдатады.
Мұғалім: « Қатты жаңбыр»
Балалар: Саусақтың ұшымен тез тырсылдатады.
Мұғалім: «Жел тұрды»
Балалар: Ысылдайды (желдің дыбысын салады)
Мұғалім: «Боран соқты»
Балалар: Гуілдейді
Мұғалім: «Қар жауып кетті»
Балалар: Қол шапалақтайды.

Ой толғаныс

Қыс туралы әңгіме айтылады.
Дауыс жаттығулары
1. Гамма до мажор
2. Ми - и - и - и - а.
Жай бастап, дыбысты күшейтіп, қайтадан бастапқы қалыпқа келу.
Төрле, төрле, жаңа жыл!
Әні: Д. Көзмағанбетов
Сөзі: Е. Абдулла
Аппақ қылып даланы,
Аппақ қылып қаланы.
Қуандырып баланы,
Төрле, төрле, жаңа жыл!
Күлкі әкеліп өренге,
Қуанышты бар елге.
Шаттық шашып әлемге,
Төрле, төрле, жаңа жыл!
4. Сабақты қорыту.
1. Қобызға ұқсайды.
2. Еуропалық аспап.
3. Оны иыққа қойып ойнайды.
4. Біз білетін 5 түрлі ішекті аспапты ата.
5. Бұл қандай аспап? Аспаптар көрсетіледі.
Қобыз, скрипка, дауылпаз, сыбызғы. т. б

БББ  кестесі

 

 

 

 

 

 

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Тақырып бойынша мәліметтер жинақтау

         

 

 

 

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Домбыра-қомуз,шертер-балалайка

Мақсаты

Сабақтың мақсаты: Күй ерекшеліктері туралы түсінік беру. Түрлі сипаттағы музыканы тани білуге ынтасын арттыру. Музыкалык шығар- малардағы бейнені түсініп, қабылдауға үйрету.

Сабақтың міндеті:

Музыканың бейнелеушілік қасиетін ажыратуға, музыкаға сәйкес би қимылдарын жасауға үйрету.

Динамикалық есту қабілетін арттыру. Әнді әдемі сезіммен орындауға баулу.

Көрнекілігі

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Қайырлы күн, балалар!
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, 
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген, 
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз
Үлгі алсын көрген жан мына бізден
Сендердей ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларды көргеніме мен бүгін өте қуаныштымын. Ендеше, сендерде сондай қуанышты жүзбен бір - бірлеріңе
күлімсірей қарап, бас иіп амандасайық.
Балалардың амандасуы.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

«Бақыт себетін» жылы лебіздерге толы гүл шоқтарымен толтырайық. Оқушылар тілектерін айтып, себетті гүл шоқтарымен толтырады.
Аспанымыз ашық болсын!
Өміріміз күлкіге толсын!
Деніміз сау, отбасымыз аман болсын!
Әр күніміз жарық болсын!
Жұмыстарыңыз жемісті болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Жанұяларыңыз берекеге толсын!
Көк туымыз биікте желбіресін!
Бір - бірімізге мейірімді болайық!
Көңіліміз мөлдір бұлақтай таза болсын!

 

Оқушылар өз ойларымен бөліседі

Мағынаны тану

Домбыра — ертеден келе жатқан қазақ халқының ең сүйікті, ел арасына кең тараған, түрлі шежіреге бай, музыкалық аспабы. Ол ұлттың тарихында қарапайым халықтың қуанышы мен қайғы-қасіретін тең бөлісіп, қазақтың басын торлаған ауыр кезеңдерінде жұбаныш бола білген алып та ұлы аспап. Домбыра — жазу-сызу мен қазақтың қаламы мен сахнасының қызметін тең атқарған аспап. Домбыра-ішекті аспаптардың  ең көне түрі. Домбыра қасиетін жырлайтын этнологиялық аңыздар өте көп.

Жұмбақты шеш

Қос желі, үш жерінен қазығы бар,
Құбылған қоңыр желден азығы бар.
Желіні сабалайды дыңылдатып,
Байғұстың соншама не жазығы бар.
/Домбыра/.

Шертер-шанағы терімен қапталған, қазақ хыалқының ең көне музыкалық аспаптарының бірі. Шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған.Ол екі немесе үш шекті болып келеді.

Құрылысы жөнінен домбыра аспабына ұқсас келеді.

Балалайкаорыстың үш ішекті музыкалық аспабы. Алғашқыда екі ішекті болған. Жеке орындауда да, басқа аспаптармен қосылып әнді, биді сүйемелдеуге де пайдаланылған.

Музыкалық әуен немесе музыкалық дыбыстардың белгілі бір қозғалыспен, ретпен орындалуын ырғақ деп атайды. Кез келген музыканың ырғағы болады. Ырғақтың көмегімен ән – әуендерді танып, ажырата аламыз.

Дауыс жаттығуы: До,ре,ми,фа,соль,ля,си.

 

Домбыра

Өлеңін жазған:Ә.Дүйсенбиев

Музыкасын жазған:Б.Әлімжан

 

Құрманғазы «Адай» күйін тыңдау арқылы сурет салу.

Музыкалық үзіліс. (Сергіту сәті)

Домбырамен билеу.

 

Домбыра ойнау: 1-жаттығу «Алақай».

Ой толғаныс

1. Егер дұрыс тапсаң, қазақ ұлт аспабының аты шығады.

Аоыдмбр

Жұмбақ Екі желілі,

Күйдің көрігі. (Домбыра)

Жаңылтпаш

Домбыраның құлағын

Оң бүрадым,

Он бұрадым.

Қорыту.

«Домбыра» сөзжұмбағын шешу.

Шулы және музыкалық…

Түйенің төлі.

Ән, әуен, ырғақ.

Ақ қанатты, кек қанатты …

Ұлыстың ұлы күні.

Атақты күйші.

Құрманғазының күйі.

 

 

 

 

Д

Ы

Б

Ы

С

 

 

 

 

 

 

Б

О

т

А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

м

У

3

Ы

К

А

 

 

 

 

К

Ө

Б

Е

Л

Е

к

 

 

 

н

А

У

Р

Ы

3

 

 

 

 

 

 

 

Қ

¥

Р

м

А

Н

Ғ

А

3

Ы

с

А

р

Ы

А

р

Қ

А

 

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Тақырып бойынша мәліметтер жинақтау

         

 

 

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Аңшылықта хабаршы,мерекеде жаршы болған аспаптар

Мақсаты

Сабақтың мақсаты: қазақ халқының көне аспаптарының шығу тарихын есте сақтауға баулу; аспаптардың үнімен, сыр-сипатымен таныстыру; балалардың халық музыкасына деген сүйіспеншілігін арттыру; есту, есте сақтау, ырғақты сезіну қабілеттерін дамыту.
Сабақтың міндеті:
• Оқушыны сөйлеуге, ойын тұжырымдап айтуға үйрету;
• Музыканың адам өміріндегі маңызын терең түсінуге баулу;
• Адамгершілікке, әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Көрнекілігі: Аспаптардың суреті, аспаптар, композитордың суреті,.

Көрнекілігі

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Мейірімділік» тренингі.
- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
- сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Шаттық шеңбер құрайық!
Дөңгеленіп тұрайық
Жылы сөзді арнайық
Бірімізге біріміз,
Достық жырын жырлайық,
Қол ұстасып бәріміз
Шат көңілден нәр алып,
Сабаққа көңіл бұрайық!
Үй тапсырмасы: Аспаптар туралы және олардың атауын сұрау. «Домбыра» әнін қайталату.

Оқушылар өз ойларымен бөліседі

Мағынаны тану

Қазақ халқы көбіне мал шаруашылығымен айналысқан. Сол малдың қыры мен сырын жақсы білген. Малдың ішегін, тұяғын аспапқа пайдаланған. Тіпті малды аң - құстан қорғау үшін оған да аспаптар пайдаланған екен.
Асатаяқ - ертеден келе жатқан сілкіп ойнайтын аспап. Қазақ халқында ұлттық билерді сүйемелдеу үшін қолданылған Шу шығаратын музыкалық аспап. Асатаяқтың темір масағы бар. Жалпақ басы екі жағынан шебер өрнектеліп, әшекейленген. Оған металл сылдырмақ ілінген. Асатаяқтың қуыс басының ішіне бір уыс бұршақ тастап, сыртынан көн терімен қаптайды. Асатаяқты сілкіген кезде жаңағы бұрақтар өзгеше үн шығарады.
Тұяқтас - ұру арқылы үн шығаратын аспаптар тобына жатады. Ол жылқының тұяғынан жасалады, оны өңдеп, музыкалық аспап ретінде қолдануға үшін, бір немесе бір жарым жыл уақыт кептіру қажет. Сонда ғана соққанда анық, таза үн шығады. Тұяқтасты бес саусақтың ұшымен алақанға жеткізбей ұстап, екі шеткі жиегін кезекпен жартылай дөңгелетіп, алмастыра отырып соғу керек.
Қоңырау - ерте заманда қобызшылар мен бақсылардың қолданған музыкалық аспабы. Күйшілер қоңырауды қылқобыз бен домбыраның жоғарғы мойын жағына байлап, тартқанда әрлі - берлі шайқап, шылдыратып отырған. Ал шаңқобыз тартатын әйелдер саусақтарына қоңырауды киіп алып, анда - санда қағып отырып шылдырлатқан.
Даңғыра - ұрмалы - сылдырмақты, қатты дыбысты музыкалық аспап. Бұл бір жағы терімен қапталған, ішкі жағынан темір сақиналар мен сылдырмақтар ілінген дөңгелек аспап. Даңғыра - шамандық әдет - ғұрыптың бөлінбес белгісі болып табылады.
Дабыл - бұл «дабыл қағу» деген сөз. Дабыл ұрып ойналатын аспап, ол туралы қазақ ауыз әдебиетінде көп сөз болады. Даусы күркіреп шығады. Аспаптың екі жағы көн теріңмен қапталады. Ерге іліп қою үшін бүйіріне ағаш сап орнатылады.
(Аспаптардың атауын дәптерге жаздырамын)
Музыка тыңдау: Нұрғиса Тілендиев күйші - композитор. Оның халық арасында кең тараған әндері де көп. «Отырар сазы» оркестрін құрып, басқарған. Әйгілі композитордың өзі құрған оркестрдің орындауында әндері мен күйлері халыққа кең танымал болды. Н. Тілендиевтің «Ата толғауы» күйін тыңдаймыз. «Отырар сазы» оркестрдің орындауында орындалады.
Түрлі аспаптардың дыбысын анық ести аласыңдар.
- Қандай күй тыңдадыңдар?
- Қандай аспаптардың даусын ести алдыңдар?
- Күйді кім шығарған?
Ән үйрену:
Балалар шығармашылығынан бүгін жаңа ән үйренеміз. Бақытжан Байқадамовтың әні «Айгөлек». Әнді алдымен аспаптың сүйемелдеуімен орындап беремін. Ал, сендер мұқият зейін қойып тыңдайсыңдар.
(әнді фраза бойынша үйретемін, музыкалық аспапқа қосылып орындатамын)
Сергіту сәті:
«Кел, ойнайық» (ырғақты қимыл жасату)
Кәне, қызық ойын бар,
Домбыраны алыңдар.
Енді шертіп көріңдер,
Әнге салып айтыңдар.
Айгөлек - ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек!
Жайраңдасып, қуанып,
Би билейік дөңгелеп!

Ой толғаныс

Домбыра ойнау:
«Екі саусақ» жаттығуын жоғары, төмен қағыстармен орындау.
Домбыраны дұрыс ұстау, орындыққа дұрыс отыру ережелерін қадағалау.
Сабақты бекіту:
Музыкалық – дидактикалық ойын. Ұрмалы немесе ішекті аспаптарды (дабыл, асатсяқ, тұяқтас, қоңырау, домбыра, қобыз, жетіген, т. б) дыбыс ерекшеліктері арқылы айыра білуге дағдыландыру. Ойын барысында балалардың белсенділігін, қызығушылығы жоғалтып алмау мақсатымен, аспаптарды дұрыс тапқанша көрсетпеген жөн.
Кестені толтыру.
Тапсырма ------------------- Жауабы
Ұрмалы аспаптар...
Ысқышты аспаптар...
Шертпелі аспаптар...
Үрмелі аспаптар...
Сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер бөлшектенген аспапты дұрыс құрастыруға болады.
1.«Айгөлек» әнінің авторын ата.
2. Әннің әуені қандай?
3. Бүгін сабақта қандай күй тыңдадық?
4. Күйдің авторын ата.

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Тақырып бойынша мәліметтер жинақтау

         

 

 

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Сырлы сазбен үн берген

Мақсаты

Жаңа  сабақты түсіндіру

Көрнекілігі

Музыка оқулығы

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

 Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

 

«Ыстық орындық» стратегиясы

Оқушылар өз ойларымен бөліседі

Мағынаны тану

ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВ (1930 – 1992)


Қазақ халқында «Шәмші, Шәмшінің әні» десе, ішкен асын жерге қоймайтын жан жоқ. Адам жүрегін тебірентетін сезімдердің қайсысы болмасын – асыл ана, ардақты әке, мөлдір сезім, шынайы махаббат – осының бәрі Шәмші әндерінің тақырыбы десек – артық айтқандық болмас...
1930 жылдың 15 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген Шәмші Қалдаяқов – қазақтың ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын келген сазгер. 1950 жылы Сарыағаштағы Қапланбек малдәрігерлерлік техникумын бітірген Шәмші 1951 - 1954 жылдары Қиыр Шығыста әскери борышын атқарды. Шығармашылық жұмыспен 1950 жылдан бастап айналысқан ол 1955 жылы Ташкенттегі музыка училищесінің музыка теориясы факультетіне қабылданды.

Ш. Қалдаяқов – композитор және Қазақстанның халық әртісі. Оның шығармаларының тақырыптық, мазмұны кең. Шәмші шығармаларының қайсысын алмайық, олардың басты тақырыбы – елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілік. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданады. «Ақ ерке – Ақ жайық», «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Жарқырайды Жезқазған», «Қарқаралы», «Фосфорлы Жамбыл», «Талдықорған – әнім менің», «Теріскей», «Мойынқұмда», «Отырардағы той», «Өмір – өзен» т. б. өлеңдерінен кең байтақ жерімізге, елімізге деген ыстық ықылас, мейірім, сүйіспеншілік сезімдері байқалады. Ал «Бақыт құшағында», «Бәрінен де сен сұлу» сияқты әндері жастық жігер мен шаттыққа толы. 

Сазгердің «Анатуралы жыры» әрбір аналар мерекесінің, аналар тойының сәні болса, марш екпінді, мағына - мазмұны терең «Менің Қазақстаным» әні бүгінгі күні тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің әнұраны болып отыр. Ш. Қалдаяқовтың көптеген әндері Р. Бағланова, Р. Абдуллин, Б. Төлегенова, Р. Мұсабаев, З. Қойшыбаева т. б. әншілердің репертуарынан берік орын алды. Ш. Қалдаяқов 1965 жылы Республика жастар сыйлығының лауреаты болды. 1991 жылы Ш. Қалдаяқов жайлы «Жылдарым менің, жырларым менің» атты деректі телефильм түсірілді. 

Артына музыкалық мол мұра қалдырған Ш. Қалдаяқов 1992 жылы 29 ақпанда Алматы қаласында қайтыс болды. Сүйікті халқын ән бесігіне, вальс ырғағына бөлеген аса белгілі сазгерді есте сақтау мақсатымен Шымкент қаласындағы облыстық филармония мен бір көше, Алматы қаласындағы бір көше, композитордың туған өлкесі – Шәуілдір ауданындағы музыка мектебі Қалдаяқовтың есімімен аталады. Шымкент филармониясының алдына сазгердің ескерткіші орнатылған. Ал 1992 жылдан бастап жыл сайын сазгерлер мен әншілер үшін Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау - фестивалінің өтілуі – Шәмшіге деген халық ілтипатының белгісі. 2002 жылы «Шәмшіғұмыр» атты естеліктер мен мақалалар жинағы жарық көрді.

Ой толғаныс

Екі жақты күнделік

Менің ойым

Кітапта жазылған

 

 

 

 


Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Тақырып бойынша мәліметтер жинақтау

         

 

 

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Сырнай-гармонь,баян

Мақсаты

Музыкалық дыбыстың бояуы  және тембрі жайлы түсінік беру.

Сабақтың міндеті:

Музыкалық аспаптардың тембрін ажыратуға үйрету. Қоршаған орта, өмір құбылыстары жөніндегі түсінігін кеңейту. Таным деңгейін,  әнді мәнерлі орындау шеберлігін дамыту. Өнерді сүюге,  әдемілікке,   әсемдікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Мейірімділік» тренингі.
- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
- сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

 

«Қаражорға» билеу

Оқушылар барлығы бірге билейді

Мағынаны тану

 Сырнай - нәзік сазға толы музыкалық аспап

Сырнай – қазақтың музыкалық аспабы. Гармонь, гармоника (грек тілінен аударғанда «үндестік», «үйлесімдік» деген мағына береді) клавишті-пневматикалық аспапқа ұқсас. Гармоньды 1822 жылы неміс шебері Ф.Бушман ойлап тауып, 1829 жылы өзгерістер енгізіп, аспапты жасап шығарған. Бұл аспап шыққан бойда өнерсүйер қауым арасында кеңінен таралып, тіпті, өзге түрлері пайда бола бастады. Сырнайға ұқсас аспаптар көптеген халықтарда кездеседі. Үн шығаруы мен аккомпанементтік тонның көптігіне байланысты оны аккордеон, баян, гармонь, сырнай деп атайды.

Қазақта аспаптың «сырнай» деп аталуы оның дыбыстық ерекшеліктері мен жасау тәсіліне байланысты қолданылады. Шағын гармонның көрігін қатты картон қағазбен қаптап, оны «қағаз сырнай» деп атап кеткен. Дыбыс диапозоны түймелерінің санына байланысты болады.


Алғаш рет сырнай аспабын оркестрге белгілі сазгер, музыка зерттеушісі Ахмет Жұбанов енгізген болатын. Қазіргі таңда, аспап ұлт-аспаптар оркестрлері мен ансамбльдерде қолданылады. Нәзік үні бар аспапта лирикалық туындылар орындалады.

Өкінішке орай, сырнай аспабы бүгінде жеке орындауда өте сирек кездеседі. Сондықтан да, бұл аспапты назардан тыс қалдырмау мақсатында музыка зерттеушілері мен орындаушылар кеңінен дәріптеуде.

Сергіту  сәті

«Көңілді музыкант» – қимылды ән.

Домбырада мен ойнаймын: дың, дың, дың.

Қозы -лақтар би билейді: дың, дың, дың.

Мен ойнаймын қобызда: зың, зың, зың.

Ботақандар би билейді: зың, зың, зың.

Қатты ойнаймын дауылпазда: дүң, дүң, дүң.

Төлдер састы, тұра қашты: дүң, дүң, дүң.

Ой толғаныс

БББ кестесі

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Тақырып бойынша мәліметтер жинақтау

         

 

 

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Табиғатпен үндескен аспаптар

Мақсаты

Музыкалық аспаптар туралы білімдерін толықтыру.
Білім беру міндеттері: Әр баланы бірге жұмыс істетуге үйретіп, бейімдеу.
Тәрбиелік міндеттері: Оқушыларды халықтың музыкалық аспаптарын құрметтеуге,
қадірлеуге, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық міндеттері: аспаптардың тарихымен таныстыру арқылы музыкалық
сауаттылығын арттыру, ауызша сипаттама жасауға дағды қалыптастыру.
Сабақ түрі: Аралас сабақ..
Көрнекілігі: Сазсырнай аспабының көркем суреттері.
Пән аралық байланыс: Музыка әдебиеті, музыка теориясы, математика.
Қолданылатын әдебиеттер: «Музыка әлемінде» журналы.
Үйге тапсырма: Табиғатпен үндескен сыбызғы.

Көрнекілігі

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Мейірімділік» тренингі.
- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
- сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

 

Оқушылар өз ойларымен бөліседі

 

 

Аспаптар туралы білімдерін ортаға салады

Мағынаны тану

Оқулықтағы  тапсырмаларды орындау

Дәптермен жұмыс

Ой толғаныс

Саз әлемін тербетер,
Ойыңды да сергітер.
домбыраға ұқсайтын,
қызық аспап - шертер деп үйге берілген сабақты сұраймын. Шертер – қазақтың ішекті аспаптарының бірі. Үш немесе төрт ішегі болады. Құрылысы жағынан домбыраға ұқсас. Шертер аты айтып тұрғандай шертіп ойналады.
Тембр (дыбыс бояуы) арқылы әр аспаптың дыбысының алуан түрлілігін естіп білеміз. Бояулардың әртүрлі болатыны сияқты, дыбыс та әртүрлі болады. Дыбыс бояуы тембр деп аталады. Енді осы шертер аспабының орындауында халық күйі «Салкүрең» күйін тыңдалған күйлердің ішінен айырып алайық.. Білімдерін бағалап, жұмбақ шешкіземін. Сазымнан жасалған,
Өрнектеп қашалған.
Сырнайдың үніндей,
Бұлбұлдың біріндей. (Сазсырнай)
Музыкада ішекті, ұрмалы, тілшікті аспаптармен қоса үріп ойнайтын үрмелі аспаптар да болады. Үрмелі аспаптар ағаштан, саздан, темірден жасалады. Мына суреттерде үрмелі аспаптар берілген. 
1. Сазсырнай.
2. Үскірік.
3. Тастауық.
4 Сыбызғы.
Осылардың ішінен бүгін танысатындарың сазсырнай. Саздан жасалады. Алдыңғы жағынан әдемілікке қазақша ою - өрнек салынған. 4 - 5 тесігі болады. Сол тесіктерді басу арқылы әдемі сазды музыкалар шығарамыз.
Сыбызғы да үріп ойнайтын аспаптарға жатады. Көбіне қамыстан, ағаштан жасалады. 3 - 4 ойығы бар. Қамыс, қурай. Ағаштан.
Түтікше боп ысылған.
Үрмелі, ойықты,
Дыбысы нәзік сызылған.
Сыбызғы аспабында ойналатын күйлер шығарған атақты күйші – Сармалай. Ол Орал жерінде туған. Сармалайдың күйлерінде адам мен табиғат, жануарлар өте әсем бейнеленген. Сармалайдың күйі «Наридірген» Ботасынан айрылғанда түйенің дауысын естиді деп елестету арқылы күйді тыңдату. Үскірік те сазсырнайға ұқсайды, ал тастауық аты айтып тұрғандай тауыққа ұқсайды. Оны да үріп ойнаймыз.

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Тақырып бойынша мәліметтер жинақтау

         

 

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Аңыздан жаралған аспаптар

Мақсаты

Мақсаты: оқушыларды қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстыру, аспаптық музыкаға деген қызығушылығын ояту;
а) білімділік: әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік беру, жасалу ерекшелігі, дыбыс бояуың түсіндіріп, ұлттық аспап туралы білімдерін жетілдіру;
ә) дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытып, музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік: қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: музыкалық аспаптар суреті, аспаптар, кітаптар көрмесі, буклет, видео, слайд.

Көрнекілігі

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

 

 

 

Оқушылар өз ойларымен бөліседі

Мағынаны тану

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата – бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т. б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды. Сол ұмыт болған қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртып, олардың кең түрде насихатталуына мол еңбек сіңіріп, соңына қыруар мұра қалдырған Болат Шамғалиұлы Сарыбаев еді.
Болат Шамғалиұлы Сарыбаев көне аспаптарды жинауға 1960 ж. бастап кіріскен екен. Сол жылдары Алматы консерваториясының ұстазы Б. Сарыбаевтың үйі ерекше мұражайға айналды. Ол жинаған аспаптар саны 300 - ге жетті. Зерттеуші еліміздің түрлі аймақтарынан көне аспаптарды тауып, оларды зерттеп, жетілдіріп, орындау әдістерін меңгерді, шәкірттерін баулыды. 1968 жылы көне ұлттық музыкалық аспаптардан ансамбль ұйымдастырды. Б. Сарыбаев аспаптарды ойнау тәсіліне қарай мынадай түрге бөледі: үрлемелі, ұрмалы, сілкімелі, ысқышты, ішекті, шертпелі, тілшекті.
«Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл - сәл кем бұра.
Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ – домбыра» - деп ақын жырлағандай, халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылығы мен дүниетанымын дәл суреттеп жеткізе алатын қоңыр үнді домбыра екені даусыз.

Домбыра аспабының қалай пайда болғанына байланысты қазақ халқының ортасында сақталған аңыз аса мол. Солардың біразын Б. Сарыбаев, Қ. Жұбанов, Ө. Жәнібеков, А. Сейдімбеков еңбектерінде жақсы көрсеткен.
Домбыра және домбыра күйі туралы сөз қозғағанда осы зерттеушілердің еңбектеріне сүйенеміз. Ақселеу Сейдімбек «Күй шежіре» еңбегінде осы аңыздардың екеуіне ерекше назар аударады. Соның бірі Шығыс Қазақстан обылысы Күршім ауданының тумасы Арғынбек Қилыбаев ақсақалдың айтуымен хатқа түскен «Қос ішек» күйінің аңызы.

Ертеде бір аңшы жігіт болыпты. Сол аңшы жігіт биік таудың қиясын, қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы - маралды аулап, кәсіп етсе керек. Бірде жолы болып, биік таудың қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек – қарынын алып тастайды. Содан арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал жер еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі дейді. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішек - қарынын қарға - құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Оның өзі бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге бөлейді. Сол жерде аңшы жігіт «қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын» - деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады. (күй тыңдату Құрманғазы «Адай» орын: Мұрат Әбуғазы)

Шертер - қазақ халқының шертпелі музыкалық аспабы. Шертер - қазақ халқының көне ішекті музыкалық аспабы. Кей деректерге сүйенсек, бұл аспап домбыра мен қобыздың арғы тегі болып саналады.
Сырт келбеті қобызға жақын, көлемі жағынан домбырадан кіші. Шертер аспабы ағаштан ойылып, шанағы ешкі терісінен қапталған. Ішегіне аттың қылы тағылады. Ойнау тәсілі домбыра тартуға ұқсайды. Дыбыс күші қапталған тері мен ішектердің қалыңдығына байланысты. Бастапқы кезде аспапта перне болмаған. Көп ұзамай перне орналастырып аспаптың беткі жағы біраз өзгеріске ұшыраған. (бейнебаян)

Қылқобыз – қазақ халқының ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көне аспап. 9 - 10 ғасырларда өмір сүрген Қорқыт ата дәуірінен бері қылқобыздың сарыны үзілмей келеді. Қылқобыз – екі ішекті, ыспалы музыкалық аспап. Жалпы, ұлттық аспаптардың ішінде қобыз үнге бай, киелі, қасиетті деп танылады. Сонымен қатар, қанша ғасырлар қойнауынан жетсе де қобыздың бұрынғы түрі мен қазіргі түріндегі үні бір сарынды. Себебі, оның ішегі ықылым заманнан бері жылқының қылынан тартылып келді, ысқышы да. Оның қылқобыз аталуы да сондықтан. Қылқобыздың ішіндегі ең үлкен түрі – «нар қобыз». Қылқобызды халқымыз киелі аспап ретінде қастерлейді. Қазақ қобыздың үні шыққан жерге жын - шайтан жоламайды деп ырымдайды. (үнтаспа «Қылқобыз сарыны»)

Жетіген – (жеті ішекті) көп ішекті шертіп ойналатын музыкалық аспап. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тәріздес, бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Жетіген аспабының жасалуы да, ойнау әдіс - тәсілі де өте күрделі. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі - берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап жетіген аталған.

Жетіген туралы аңыз. Ерте кезде ауылда бір қария тұрады. Оның жеті ұлы болыпты. Бір жылы қатты жұт болып, адамдар тамақсыз қалады, сөйтіп қарияның үйіне қайғы орнайды. Аштықтан үлкен ұлы Қания өлгеннен кейін қария кепкен ағаштың бөлігін алып, оған ішек салып, тиек қойып, «Қарағым» күйін орындайды, Төралым деген екінші ұлы өлгеннен кейін екінші ішек тартып, «Қанат сынар» деген күй шығарады, үшінші ұлы Жанкелдіге ол «Құмарым» күйін, төртінші ұлы Бекенге «От сөнер», бесінші ұлы Хауасқа «Бақыт көшті», Жұлзарға «Күн тұтылуы» атты күй шығарады. Ең кіші ұлы Қиястан айрылған қария жетінші ішекті тартып, «Жеті баламнан айрылып құса болдым» атты күй орындайды. Аспаптан қайғыға толы көп дыбысты ала отырып, орындаушы әртүрлі әуен арқылы өзінің балаларының бейнелерін көрсетеді. Бұл шығарылған әуендер одан әрі дамытылып, аспапты орындаудағы күй - пьеса түрінде бізге «Жетігеннің жетеуі» деген жалпы атпен жеткен. «Жетіген» деген атау екі сөзден тұрады: жеті және ән» - «жетіген» деген ұғымды береді. (бейнебаян)
Адырна - қазақтың көп ішекті шертпелі аспабы. Аспаптың шанағы қуыс, беті көн терімен қапталады. Б. з. б. аңшылар ұстанған көне аспап саналады. Оның көне үлгісі әуелде садақ тәріздес болған. Кейін бұғы, марал, киік, бөкен тәрізді аңдарға ұқсастырып жасап, мүйіз бен құйрықтың екі арасына ішектер тартып ойнаған. Адырнаны тізенің үстіне қойып, басын иыққа тіреп, ішектерін іліп тартып кейде шертіп ойнайды. Адырнаның ішегі шуда жіптен немесе тарамыстан тағылады, аспаптың тұрқы 48 - 50 см., қалыңдығы 8 - 10 см, 7 - ден 13 - ке дейін ішектер тағылады. Адырна қазіргі кезде фольклорлық әуендер мен шағын күйлерді орындауға қолданылады. (бейнебаян)

Сыбызғы - қазақтың үрмелі көне музыкалық аспабы. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 - 650 см не 700 - 800см болады. 3 - 4 ойықты. Сыбызғы ойықтарынан демді жай немесе күшті шығару арқылы түрлі дыбыс әуендері туады. Сыбызғы негізінен бақташылар арасында кең тараған. Бұл аспаптың жетілдірілген түрі фольклорлық - этнографиялық ансамблдер мен оркестрлерде қолданылады. (бейнебаян)

Сазсырнай - үрлемелі аспап. Сазсырнай ысқырып ойналатын флейталар тобына жатады. Кейбір сазсырнайдың ысқырғыш тетігі болмайды. Оған қазақ халқының сазсырнайы мысал. Сазсырнайға ұқсас аспаптар көптеген халықтарда кездеседі. Атауы әр халықтың өз тілінде айтылатын аспаптың пішіні де әр түрлі. Оның пішінін шеберлер құсқа, балыққа, көп басты атқа, жұмыртқаға ұқсатып жасай берген. Сазсырнайдың дыбыс диапазоны терция, кейде октаваға шейін барады. 1971 жылы Отырарда жүргізілген қазба жұмыстарда саздан жасалған қаздың жұмыртқасындай музыкалық аспап табылған. Аспаптанушылардың зерттеуінен өткен бұл сазсырнай үш дыбыс шығарады. Олар екінші октаваның “ми - бемоль”, “фа”, “соль” ноталары. (үнтаспа)

Шаңқобыз - қазақтың көне музыкалық аспабы. Ағаштан, темірден кейде күмістен жасалады. Ағаштан жасалған шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы ортасындағы тілше тербеліп, дыбыс шығарады. Ол ашалы сым темірден немесе күмістен жасалған. Белгілі бір музыкалық әуен шаңқобыз арасында бекітілген тілін саусақпен шалып тарту арқылы орындалады. Негізгі дыбысы тілдің мөлшеріне байланысты. Дыбыс көлемі бір октава шаңқобыз тартушы тіл қимылы арқылы да түрлі дыбыстар шығарып отырады. Кейде орындаушылар саусақтарына қоңырау іліп алып та ойнайды. 19 ғасырда музыкалық аспап ретінде көбіне әйелдер пайдаланды. Шаңқобызға арналған «Қыз зары», «Қыз ұзату», «Қыздың мұңы» әуендері мен «Шаңқобыздың толғауы» сияқты күйі де бар. (бейнебаян)

Мүйіз сырнай - ескі үрмелі мүйізді аспап. Ол үш тесікті мүйізден жасалады. Сырнай - сыңсымалы дыбыспен ерекшеленеді және жол сапарларда хабар беруші аспап ретінде қолданылған.
Ұран - әскерлер қолданатын үрмелі музыкалық аспап. Ұзындығы әртүрлі екі түтікшенің әрқайсысында үш саңылау бар.
Бұғышақ. (бейнебаян)

Тұяқтас – қазақ тұрмыс салтында ежелден бар музыкалық аспап. Ұзатылатын қыз ұзатылуына 3 - 4 күн қалғанда қоштасу әнін айта бастайды. Әуенін тұяқтаспен сүйемелдеп отырады. Жаңа сойылған жылқының тұяғын кесіп алып, суға қайнатады, тұяқтың ішкі сүйегі босап, сыртқы қабығы бөлектенеді. Оны әбден ішін тазартып, күнге кептіреді. Бүгінде бұл аспап музыкалық аспап ретінде ансамбль мен оркестрлерде кеңінен қолданылады. (Бейнебаян)

Асатаяқ - тұтас ағаштан жасалған, оның басында темір теңгешелер, қоңыраулар ілінген, сілкіп ойнайтын аспап. Қоңыраулар күміс, алтын, қорғасын сияқты асыл тастардан жасалған. Қоңыраулар соғылғанда әдемі үн шығады.

Сақпан – (зырылдауық) қазақ халқының көне музыкалық аспаптарының бірі. Ертеде бұл аспапты малшылар мен бақташылар мал қайыру үшін қолданатын болған. Кейін зырылдауықтың “сақпан”, “шартылдауық”, “зымырауық” деген түрлері музыкалық аспаптарға айналды. Қазіргі кезде бұл аспаптар “Сазген”, “Адырна” көне аспаптар ансамбльдері мен әйгілі “Отырар сазы” оркестрінде қолданылып жүр. Зырылдауық аспабының жасалу әдісі күрделі болғанымен, ойнау тәсілі өте қарапайым. Ол музыкалық шығармаларда кездесетін оқыс дыбыстарды ойнау үшін қолданылады. Қазақ халық музыкалық аспаптары музейінде зырылдауықтың бірнеше үлгісі сақталуда. Олар белгілі шебер Дәркембай Шоқпарұлының шеберханасында қалпына келтірілген.

Дабыл – бұл «дабыл қағу» деген сөз. Дабыл ұрып ойналатын аспап. Даусы күркіреп шығады.
Дауылпаз – дауылпаздың бірнеше түрібар: қазандауылпаз, нардауылпаз.

Даңғыра - қазақтың көне ұрмалы - сылдырмақты, қатты дыбысты музыкалық аспап. Бұл бір жағы терімен қапталған, ішкі жағынан темір алқалар сақиналар мен сылдырмалар ілінген дөңгелек шығыршық. Даңғыра шамандық әдет - ғұрыптардың бөлінбес белгілемесі болып табылды.

Кепшік – қазақ халқының көне ұрмалы аспабы. Кепшікті тұтас ағаштан шауып жасаған. Кейінгі жетілдірілген түрлері тегенге ұқсас – дөңгелек шеңбер ағаш. Иіліп жасалған ағаш шеңберге иленбеген мал терісін айналдыра қайыс баумен байлап бекітеді. Тері әбден кепкен соң шеңбер кенересіне тартып қаптайды. Кепшіктің іші қуыс, бір жағы ғана көн терімен қапталады. Даңғыра аспабынан айырмашылығы шанағының ішіне темір теңгешелер ілінбейді. Дыбысы шаңқылдаған ащы. Кепшікте ойнау саусақ буындарының ептілігі мен икемділігін қажет етеді. Ертеде Кепшікті қыз - келіншектер бидай суырып, сұлы ұшырып, тары тазалау үшін тұрмыстық мақсатта қолданып келген. Кейін келе оны би ырғақтарын сүйемелдеуге, ал бақсы - балгерлер зікір салып, ауруларға ем жасағанда өз әуендерін сүйемелдеуге қолданатын болған. Музыкалық мақсат үшін соқпалы құрал ретінде пайдалану ісі осы бақсылардың өз дауыстарын сүйемелдеп зікір салу әрекетінен туындаған.

Ой толғаныс

Музыка тыңдату.
Дәулеткерей «Кероғлы»
Сұрақтар:
1. Қандай аспаптар бар құрамында?
2. Қандай көңіл - күйде болдыңдар, не сездіңдер?
3. Кімнің күйі?

IV. Қызығушылығын ояту. (жұмбақтар жасыру)

Тартылған екі арқаны ұзын бойға,
Сөйлеуге сондай шебер тапсаң ойла.
Әр жерде аршындалған балдағы бар,
Ойнайды он бармағың білсе қайла. (домбыра)

Созылған үні,
Сүйкімді тілі.
Үрлесең ойнайтын,
Аспаптың бірі. (сыбызғы)

Тиіп кетсе жылаған,
Даусы көпке ұнаған. (домбыра)

Бір нәрсе қараңғыда қаймалайды,
Азынаса көмейінде мал жылайды.
Құйрығын қара жерге тіреп алып,
Келеді баяғының әнін салып. (қобыз)

Жылқыда ерен жүйрік қара арғымақ,
Мойыны жануардың бунақ - бунақ.
Айылын екі жерден мықтап тартып,
Кетеді қамшы бассаң зулап - зулап. (домбыра)

Ел қорғайтын ерлікке,
Батылдыққа ерлікке.
Әуенімен шақырған,
Қандай аспап балалар. (дабыл)

Қос қазақ екі жерден шынжыр арқан,
Сылдырап әр буыны үнін қосқан.
Он адам жолдас болып еңбек етсе,
Аралап он екі үйге қонақ болған. (домбыра)

Жеті шектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең, түрлі - түрлі жыр шығар,
Бұл қандай аспап? (жетіген)

Қос желі, үш жерінен қазығы бар,
Құбылған қоңыр желден азығы бар.
Желіні сабалайды дыңылдатып,
Байғұстың соншама не жазығы бар. (домбыра)

V. Дидактикалық ойын: «Аспапты тану»
Ойын ережесі бойынша аспаптардың үні үнтаспадан тыңдатылады. Оқушылар қандай аспап екенін айтулары керек.

1. қылқобыз
2. сазсырнай
3. шаңқобыз
4. сыбызғы
5. жетіген

1. Қандай аспаптармен таныстыңдар?
2. Б. Сарыбаев кім?
3. Көне музыкалық аспаптарды қай жылдан бастап зерттеді?
4. Ойнау тәсіліне байланысты аспаптар қандай түрге бөлінеді?
5. Ертеде ішектерді неден жасаған?
6. Бүгінгі тәрбие сағаты ұнады ма?
7. Көңіл - күйлерін қандай?

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Тақырып бойынша мәліметтер жинақтау

         

 

 

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Концерт залымен танысайық

Концерт залында музыка тыңдау

Мақсаты

Жаңа сабақты түсіндіру.

Көрнекілігі

Музыка оқулығы

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

 

Өткен тоқсанда жаттаған әндерді, өтілген тақырыптарды еске түсіру

Оқушылар өз ойларымен бөліседі

Мағынаны тану

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

Дәптермен жұмыс.

Оқушылар концерт ұйымдастырады.

Ой толғаныс

Әңгімелесу.

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Мазмұндау. 

         

 

 

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Хор капелласы

Мақсаты

 1. Мемлекеттік хор капелласы туралы түсінік беру, «Наурыз тойы» әнімен танысу.

2. Оқушылардың қазақ өнеріне, әндеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту, халықтың ұлттық музыка өнерін қадірлей білуге, эстетикалық талғамы мол, өнерсүйгіш ұрпақ тәрбиелеу.

3.Әуенді айта білу дағдысын дамыту, есте сақтау, тыңдау, жатқа айту қабілеттерінмузыкалық сауаттылық пен дүниетанымын дамыту.

Түрі: дәстүрлі емес сабақ

Әдіс-тәсілдері: Рефлексия, жаңа тәсілдер қолдану, диалог, топпен жұмыс, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ қолдану.

Көрнекілігі: Презентация, бейнебаян, күйтабақ, саз аспаптары, плакат, маркер, стикер,

Күтілетін нәтиже: Оқушылар шығармашылық қабілеттерін кеңірек ашады, өз көзқарастарын еркін білдіреді, оқу үрдісінде жаңа оқыту әдістерін меңгереді, қазіргі жаңа талаптарға сай интерактив тақтамен жұмыс жасап, музыкалық-теориялық білімі қалыптасады.

Көрнекілігі

Топқа бөлу

Конфеттер  арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Мейірімділік» тренингі.
- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
- сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

 

Мағынаны тану

 

Ой толғаныс

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Тақырып бойынша мәліметтер жинақтау

         

 

 

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Көңілді дыбыстар

Мақсаты

«Музыкалық көңіл күй», «Дыбыс әлеміне саяхат» модулінің сабақ жоспары.

Сабақтың мақсаты: балаларды «Музыкалық көңіл күй» өнеріне баулудың бірден-бір жолы – олардың бойларындағы қасиеттерін түсіну, сезіну қабілеттерін байқау, музыканы қабылдай білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: ЭО, CD диск, музыкалық аспап, суреттер, ноталар

Көрнекілігі

Музыка оқулығы

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

«Мейірімділік» тренингі.
- оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
- сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

 

 

«Ыстық  орындық»  стратегиясы

Оқушылар өз ойларымен бөліседі

Мағынаны тану

Презентация бойынша  «Хор капелласы» - тақырыбы аясында  түсінік беру.

 

Хор - вокалдық музыка орындаушылар ұжымы. Хор дауыс құрамына байланысты біртектес (әйелдер, ерлер, балалар хоры) немесе аралас болып келеді. Аралас хор сопрано, альт (әйел дауыстары), тенор, бас (ерлер даусы) партияларын орындайтын төрт топтан құралады. Егер хор құрамында аталған партиялардың бірі болмаса, онда ол жартылай аралас хор делінеді. Әрбір хорлық партия хор шығармасының ыңғайына қарай бірнеше дара партияларға (1 және 2-сопрано) бөліне алады. Аралас хор құрамында ең кемінде 12 адам (яғни 3 топты құрайтын 4 партиядан: сопрано, альт, тенор және бас даусынан), ал кәсіби хор құрамында 100 — 120 адамға дейін болады. Мысалы, Қазақтың мемлекеттік хор капелласы, М.Е. Пятницкий атындағы орыстың халық хоры, т.б. 2) Хорға арналған музыкалық шығарма. 3) Ішекті музалық аспаптардың, қос, үш, т.б. бір дыбысты ішектер тобы.

Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы

Қазақстанның еңбек сіңірген ұжымы. 1939 жылы ұйымдастырылған. Оның ұйымдастырушысы және тұңғыш жетекшісі. Қазақ ССР-нің халық артисі Б. В. Лебедев (1939-1941жж.). 1954 жылы ұжым қайтадан құрылған, 1958 жылға дейін оған қазақ ССР-нің еңбек сіңірген артисі. Г. Е. Виноградова, мұнан соң ұзақ жылдар бойына ССРО-ның халық артисі А. В. Молодов басшылық жасады. Қазіргі кезде оның көркемдік жетекшісі және бас дирижері Б. Демеуов болып табылады. Ұжым репертуарында қазақтың халық әндері, күйлер, қазақ композиторларының шығармалары, орыс және шетел классиктерінің шығармалары бар. Хор капелласы үшін композиторлар Б. Байқадамов, А. Жұбанов, Ғ. Жұбанова, Б. Жұманиязов, Қ. Қожамияров, М. Төлебаев, Е. Рахмадиев, Л. Хамиди және тағы басқа шығармалар жазды.

 

·         Еділ мен Жайық», орындаған Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы

 Сен дирижер болсаңдар қандай хорды ұйымдастырушы едіңдер? (Проблемалық сұрақ)
 

Дауысқа арналған жаттығулар орындау(А-dur);                     

                    «Наурыз тойы» әнін үйрену (5-минут)

                                                                                            1-топ - І шумақ,

                                                                                            2-топ – ІІ шумақ,

                                                                                            3-топ – ІІІ шумақ.

 

Ой толғаныс

Екі жақты күнделік

Кітапта жазылған

Менің ойым

 

 

 

 

 

 


Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Тақырып бойынша мәліметтер жинақтау

         

 

 

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Хор түрлерімен танысайық

Мақсаты

1. Ән – хор айту дағдыларымен таныстыру, дауыс жаттығуын жасауға дағдыландыру.
2. Оқушыларды дауыс үйлесімділігіне баулу, музыкалық сауаттылығын дамыту.
3. Ән мазмұны арқылы туған жерін сүюге, құрмет тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ - жауап, жаттығу
Көрнекілігі: Суреттер, тірек - сызбалар
Қолданылатын технологиялық құралдар: интерактивті тақта, баян
Пәнаралық байланыс: әдебиет

Көрнекілігі

Музыка оқулығы

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлу

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

1. Ән тыңдау. «Прекрасное далеко»
Хор дегеніміз не? (Анықтама беру, тақтадан сызба арқылы түсіндіру)
Хор – әншілердің қосылып, ән салатын үлкен тобы
2. Аралас хордың дауыстарын атаңдар.
Сопрано – әйелдердің жіңішке, биік даусы
Альт – әйелдердің төмен даусы
Тенор - ерлердің биік даусы
Бас – ерлердің жуан даусы
3. Дауыс жаттығуын орындау.
А) Лад дыбыстарын жоғары, төмен гамма бойынша орындау
Ә) Жабық ауызбен жасау
Б) А, о, ля, лё, лю дыбыстары арқылы жаттығулар жасау.
В) Негізгі дыбыстарды ұстап тұру. До, ми, соль
4. Тренинг. «Мимика»
Қуанышты бет - әлпетпен айту
Ренішті бет - әлпетпен айту

Оқушылар өз ойларымен бөліседі

Мағынаны тану

1. Тыныштандыру сәті. Музыка тыңдау.
2. Ән айту ережелерін еске түсіру
3. Ән – хор айту дағдылары
1) Әнді отырып орындағанда, орындыққа жартылай, екі аяқты жерге тең басып, қолды екі тізенің үстіне қойып, түзу еркін отыру.
2) Тұрып орындағанда екі аяққа тең тұрып, қолды жанына түсіріп, еркін тұру
3) Басты тым жоғары көтермей, тым төмен түсірмей, өз деңгейінде ұстау
4) Әнді орындағанда иықты көтермей денені еркін ұстау керек.
5) Хор шығармасын біркелкі көркем орындау, үшін мұғалімнің қол қимылын түсініп, ұқыптылықпен іске асыру.
6) Хор шығармасын орындағанда әнші өзгелерден ерекшеленбей, бірін - бірі тыңдап біркелкі орындау.
4. Ән үйрену. «Гүлдей жайна Қазақстан»
а) Әнді тыңдату
ә) Авторы жайлы мағлұмат беру
Әні: И. Нүсіпбаевтікі
Сөзі: Н. Әлімқұловтікі
б) Сөзінің мағынасын түсіндіру.
5. Дәптермен жұмыс.

Ой толғаныс

1. Ән - хор айту дағдыларына нелер жатады?
2. Аралас хордың дауыстарын атаңдар. Екі жақты күнделік

Менің ойым

Кітапта жазылған

 

 

 

 

 


Әншілік вокалдық өнер -музыканы әншінің дауыспен орындауы, музыкалық шығарманың образды идеялық мазмұнын әнші дауысының мәнер күшімен жеткізу, ашу өнері. Әншілік өнерінің жеке ансамбльдік және хор түрлері бар. Әншілік өнерінің ансамбльдік түріне екі дауысты дуэт, үш дауысты - трио, төрт дауысты - квартет, т.б. жатады. Ал көп дауысты хор аспаптық сүйемелмен немесе сүйемелсіз капелламен орындалады (қ. Капелла). Әншілік өнері жанр, стиль жөнінен де дараланады. Әншілік негізінен - опералық және камералық жанрларға бөлінеді. Опералық Әншілік вокалдық өнердің барлық түрін қамти отырып, театр ойын-сауық өнерімен, әрекетпен тығыз астасып жатса, камералық әншілік ,лирикалық, әндер мен романстарды орындайтын жеке әншілерді, шағын вокалдық ансамбльдерді қамтиды. Әншілік өнері орындаушылық тәсілі (вокалдық стиль) тұрғысынан - әуенділік, декламаниялық, колоратуралық стильдерге бөлінеді. Әуенділік стилінде кен тыныстылық, алымдылық, сазды, әуезді кантилена басым болса, декламациялық стиль музыка тақпақ речитатив іспеттес сөйлеу тілімізге жақын келеді. Ал Әншілік стилінің колоратуралық түрінде ән мелодия»! мәтінмен тікелей байланысын жоғалтып, өзінің сипаты жағынан муз. аспапта ойнау техникасына жақындайды.

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Тақырып бойынша мәліметтер жинақтау

         

 

 

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Квартет

Мақсаты

Жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті дағды деңгейін анықтау. Музыкалық шығармалар негізінде қоршаған орта, табиғат туралы ой - пікірін анықтау. Балаларды әдемілікке, әсемдікке, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті:
1. Музыканың мазмұнын түсінуге, қорытынды жасауға бағыттау.
2. Музыкалық сауаттылықтарын арттыру.
3. Туған жердің, еліміздің кеңдігін, сұлу табиғатын, байтақ даласын, биік тауларын, мөлдір суларын бала жүрегімен сезіп, оны танып білуге, қадірлеуге, аялауға тәрбиелеу, баулу.

Көрнекілігі

Музыка оқулығы

Топқа бөлу

Кәмпиттердің дәміне қарай  топтарға  бөлу

 

 

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Квартет (итал. quartetto – төртінші) – 1) 4 орындаушыдан (музыкалық аспапта орындаушылар немесе әншілер тобы) құрылған ансамбль.

Квартет бір тектес не әртүрлі аспаптарда орындаушылардан құралады. Біртектес аспаптарда ойнаушылардан тұратын квартеттер: шекті аспаптар квартеті (2 скрипка, альтвиолончель), үрлемелі аспаптар квартеті (флейтагобойкларнетфагот), бұлардан басқа 4 валторнадан және 4 фаготтан тұратын квартеттер де кездеседі; әртүрлі аспаптарда ойнаушылар квартеттері фортепианолық квартет (фортепиано, скрипка, альт, виолончель); үрлемелі және ішекті аспаптар квартеті (флейта немесе гобой, скрипка, альт, виолончель). Вокалдық музыкада әйелдер немесе ерлер тобынан құралған квартеттер, сондай-ақ, аралас (сопрано, альт, тенор және бас) квартеттер де болады. Аспаптық квартеттерден кең тарағаны – ішекті аспаптар квартетті. 1973 жылы ішекті аспаптар квартеті Қазақ филармониясында, ал 1980 жылы Алматы консерваториясында(қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) құрылды; 2) 4 аспап немесе 4 әншілер дауысына арнайы жазылған музыкалық шығарма. Аспаптық квартет – ансамбльді камералық музыканың көп таралған түрі, негізінен, циклді сонаталық форма түрінде жазылады. Қазақ музыкасында алғаш квартет жазған Б.Г. Ерзакович (“Қазақ квартеті”, 1936). Композиторлар С.И. Шабельский, И.В. Коцык, Е.Г. Брусиловский ішекті аспаптар квартетіне арнап қазақтың халық әндері мен күйлерін өңдеді. 20 ғ-дың 40 – 50-жылдары бұл жанрда композиторлар Л.В. Афанасьев, Б.Байқадамов, Қ.Қожамияров, Қ.Мусин, М.Қойшыбаев, Ғ.А. Жұбанова, 70 – 80-жылдары Б.Я. Баяхунов, В.А. Новиков, А.П. Исакова, И.Г. Ғазизов, Ж.Дәстенов, Т.Мұхамеджанов, т.б. елеулі еңбек етті.

Мағынаны тану

Ой толғаныс

«Ойқозғау» сұрақ - жауап сайысы.

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Тақырып бойынша мәліметтер жинақтау

         

 

 

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Орган музыкасы

Мақсаты

а)  Орган музыкасы туралы таныстыру,оқып танысқан халық  музыкасының шығармаларын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.

ә )  есте сақтау қабілеттерін дамыту, музыкалық ұғым туралы түсініктерін кеңейту.

б )  өнерге, өнер иелеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакаттар, слайд, т.б.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Музыка оқулығы

Көрнекілігі

Топқа бөлу

Кәмпиттердің дәміне қарай  топтарға  бөлу

 

 

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

 

«Ыстық  орындық»

Оқушылар өз ойларымен бөліседі

Мағынаны тану

Оқушыларды психологиялық дайындық.  ( оқушылар өз дайындыгын суретке білдіру)

  Үй тапсармасын тексеру

  Фигуралар  тарату,сұрақтарға жауап беру, фигурадан мүсін құрастыру.

  Күннің көзін ашу,сұрақтарға жауап беру.

  Ойын ойнату сыныптың балаларымен ( соло, дует,трио,квартет.)

  Күннің шуақтарын қою (сұрақтарға жауап беру)

  Атамекен өлеңін сұрау.      

  3.Жаңа сабақты түсіндіру.

Орган- музыкалық аспаптардың ең үлкені. Органды фортепианода ойнағандай басқыштарын басып ойнайды.Орган – фортепианодай ішекті емес, үрмелі аспап.

        Органды «аспаптардың патшасы» деп атайды. Органды ойнағанда бірнеше аспап қосылып ойнап жатқан тәрізді болады. Бірақ ол олай емес.Ешқандай аспаптар да, артық музыканттар да жоқ, оларды басқарып тұрған дирижер де жоқ. Өйткені осынша аспаптардың дыбысы бір ғана органнан, бір ғана органшының ойынынан шығады.

Суретімен таныстыру.

  Органда ойнайтын музыкантты- оргоншы деп атайды.

Өте үлкен орган аспабы әртүрлі өлшемдегі түтікшелерден,ауа желпеуіштен, басқыштардан және тежегіштен тұрады.Органшы қолымен де, аяғымен де  бірдей ойнайды.

  Иоганн Себастьян Бах (1685-1750)- неміс халқының ұлы композиторы. Ол алғашында органда шебер орындаушы ретінде халыққа танымал болған.

  Органға арналған «Токката және Фуга»,ре минор (үзінді). И.С.Бах.

Аве Мария» )дауысқа және оргонға арналған).Дж.Каччини.

Сергіту сәті ( ақ мамам өлеңін айту)

           Жыл мезгілдерін сұрау.

            

                   Көктем әні

 

                                Музыкасын жазған: К.Куатбаев

                                           Сөзін жазған: Ж. Сәтібеков

Көктем келді құс келді,

Ойнаймыз біз саз илеп.

Біздің көлге түстенді,

Былтыр кеткен қаз, үйрек.           2 рет

Көк көйлегін киді жер,

Шешіп ақ қар ішігін.

Емірене сүйді жел,

Жас теректің бүршігін.              2 рет

Алақай-ау, балалар,

Қандай жақсы көктемгі ай.

Нұр жамылды далалар,

Келді ауылға көп торғай.          2рет

Сабақты қорытындылау.

 ашық                  тыныштандырады

салтанатты             Орган                асқақ

  жайлы                   лирикалық

Ой толғаныс

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Тақырып бойынша мәліметтер жинақтау

         

 

 

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Романс кештері

Мақсаты

Жаңа сабақты  түсіндіру.

Көрнекілігі

Музыка оқулығы

Топқа бөлу

Кәмпиттердің дәміне қарай  топтарға  бөлу

 

 

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

 

«Ыстық  орындық»

Оқушылар өз ойларымен бөліседі

Мағынаны тану

Романс(исп. romance) — белгілі бір музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен жеке дауыста орындалатын шығарма. Испанияда пайда болған романс алғашында испан (“роман”) тіліндегі ән деген ұғымды білдірген. Бүгінде романс лирико-эпикалық немесе лирико-драмалық мазмұнға толы бір дауысқа арналған ән жанры. Романс көбінелирикалық поэзия мәтініне құрылып, аспаптық музыкада вокалдық негізде жазылады. Романстың әннен айырмашылығы — әуеннің сөзбен тығыз байланыстылығы мен аспаптық сүйемелдеудің маңыздылығында. Романстың балладаэлегия, т.б. жанрлық түрлері бар. Романс синтетикалық, музыко-поэтикалық жанр ретінде 18 ғасырдың 2-жартысында неміс композиторларының мектебінен басталып, кейін Франция мен Ресейде жалғасын тапты. 19 ғасырдағы романтизм кезеңінде жетекші жанр рөлін атқарып, адамның ішкі дүниесінің сезімталдығын жан-жақты көрсету мен оны музыка арқылы бейнелеуді негізге алды. Романстың бұл түрі В.Шуберт шығармашылығында кеңінен орын алған. Кейін Ресей (М.И. ГлинкаА.С. Даргомыжский), Франция (Ш.ГуноЖ.Бизе), Чехия (Б.СметанаА.Дворжак), Польша (М.КарловичК.Шимановский),Норвегия (Х.ХьерульфЭ.Григ), т.б. елдердің классик композиторлары жанрды жан-жақты дамытты. 19 ғасырда әуесқой әншілерге арналған қарапайым романс стилі де бой көтерді. Қазақтың дәстүрлі ән жанрында еуропалық романстардан кем түспейтін ән нұсқалары аз емес. Мысалы, “Ардақ”, “Айттым сәлем қаламқас”, “Қорлан”, “Гауһартас”, “Алқоңыр”, т.б. Романсты қазақ композиторлары 20 ғасырдың 30-жылдары жаза бастады (М.Төлебаевтің “Май кеші”, “Қамар сұлу”, т.б.). Әр жылдары Абайөлеңдеріне жасалған ұлттық романстар жанрдың көркемдік деңгейін арттыра түсті (Төлебаевтың “Мен көрдім ұзын қайың құлағанын”, С.Мұхамеджановтың “Жарқ етпес қара көңілім не қылса да”, “Ғашықтың тілі тілсіз тіл”, М.Маңғытаевтың “Не із-дейсің, көңілім”, “Өлсе өлер табиғат, адам өлмес”, т.б.).

Ой толғаныс

БББ

 

 

 

 

 

 

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Тақырып бойынша мәліметтер жинақтау

         

 

 

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Халық музыкасы

Мақсаты

Қазақ  халқының  музыкасы  туралы әңгімелеу,аспаптар  үнің  таныту,олардың  шығу  тарихын  білуге,насихаттауға ,ұрпақтан – ұрпаққажеткізу, баланың   бойына сіңіру.

Білімділік  мәні: Халық  әндерін ,  күйлерін  тыңдау ,талдау, насихаттау.

Дамытушылығы:   Әнді сүйемелдеумен әндету әдісін дамыту,музыкалық  сауаттылығын  ашу, есту  ,есте  сақтау  қабылеттерін  дамыту.

Тәрбиелік  мәні:    Оқушыларға  халық  музыкасы  арқылыықыласын  көтеругеықпал ету,  сахна мәдениетін  қалыптастыру , ой - өрісін  кеңейту.

Сабақ типі:Жаңа сабақ,  аралас  сабақ.

Көрнекілігі: Аудио,видео,интерактивті тақта, магнитофон,карточкалар,таспалары,слайдтар.

Көрнекілігі

Топқа бөлу

Кәмпиттердің дәміне қарай  топтарға  бөлу

 

 

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

 

«Ыстық  орындық»

Оқушылар өз ойларымен бөліседі

Мағынаны тану

«Екі  ішектің   бірің  қатты , бірін  сәл- сәл кем  бұра.

Қазақ  нағыз  қазақ  емес ,

Нағыз  қазақ  домбыра.» -  деп ақын  Қыдыр  Мырзалиев ағамыз айтқандай , біз  балалар  өткен  сабақта  «Қазақтың  ұлттық  музыкалық  аспаптары» атты тақырыбымен  танысқан  болатынбыз.

(Карточка  таратамыз,  аспаптың  суреттерімен  безендірілген)

- Қанекей  қандай  қазақтың  ұлттық  музыкалық  аспаптарын  білесіндер?(домбыра, қобыз,шертер, жетіген,асатаяқ , дауылпаз , даңғыра , дабыл,шаңқобыз , сыбызғы , сазсырнай , мүйіз  сырнай , үскірік , ұран т.б)

-Аңыз  бойынша  домбыры  аспабы  қалай  пайда  болған?

«Қос  ішек»  күйінің  аңызын  балалар  кім  айтады? (  Ертеде  бір  аңшы  жігіт  болыпты.    Сол  аңшы  жігіт  биік  таудың  қиясын , қалың  қарағайдың  арасын  тұрақ  еткен  бұғы – маралды  аулап ,  кәсіп етсе  керек..  Бірде  жолы  болып , теңбіл  марал  атып  аладыда  етекке  түсіру  үшін  ішек  қарнын  ақтарып  алып  тастайды.Содан арада айлар өтеді, жігіт  баяғы  теңбіл  маралды  атқан  жерге  соқса ,  құлағына  бір  ызыңдаған  дауыс  естіледі.Ішектерді қарға -  құзғын  іліп  ұшқан  болу  керек ,  қарағайдың  бұтағына  қос  тін  болып  керіліп  қалғанын  көреді.  Ызыңдаған  дыбыстың  сол  ішектен  шығып   тұрғаныкөреді.Ішектер  жел  тербесе  ызыңдап , бірде  сарнап , бірде  сыңсып  жылағандай  түрлі  күйге  түсіреді.

Сол  жерде  аңшы  жігіт ,ішекті  үйге  алып  келеді  де,бір  аспап  жасап , тартып  көрсе , қос  ішекке  тіл   біткендей  сұңқылдап  қоя  береді.)

-Домбыра  аспабы  қандай  бөліктерден  тұрады?    (   Домбыра  аспабының  бірнеше  түрі  бар.  Екі  ішекті , үш  ішекті   болып  келеді.)

-Жанрдың қандай  түрлерін  білесіңдер?(  ән жанры,  күй  жанры,

би  жанры)

-Ішекті  аспаптарды    кім  атай  ?

- Қанекей  ,  қол көтеріп білетінімізді  ортаға  салайық..(домбыра,

қобыз, шертер , жетіген. )

-Жетіген  аспабының  тиегі  неден  жасалады.(Аспап  тұтас  ағаштан  ойылып  жасалады, шанағы  көн  теріден қапталады,

ал  күйге  келтіру  үшін  тиек  орнына  асық  қойылады.)

-Жарайсың  , Жақсы  !

-Ішекті  аспаптарға  жататын  шертер  аспабының  құрылысы  мен  түрлері туралы  кім  айтып  береді?(Құрылысы  жөнінен  домбыра , қобыз  аспаптарына  ұқсас  келеді.Шертерде  көбінесе  шертпе  күйлер  орындалады.Ол ең көне ,көне, жаңа деп  үш  түрге  бөлінеді.)

-Сілкімелі  аспаптарға  қандай  аспаптар  жатады?

( Асатаяқ , қоңырау, сақпан , тұяқтас , шартылдауық.   Асатаяқ қазақ  халқында  ұлттық  билерді  сүйемелдеу  үшін  қолданған. )

-Балалар  шаңқобызаспабы  неден  жасалады ?  Қалай  орындалады?

-Кім  біледі ?  ( Оның  ортасында сүйір  темір тілшесі  болады, күйге  келтіру тілшенің ұзындығы мен қалыңдығына байланысты.)

-Үрмелі  аспаптар  жайлы  кім  біледі?

-Не  себептен  бұл  аспаптарды  үрмелі  аспаптар  дейміз?

(Орындалу әдіс- тәсіліне  қарай  оларды  топқа  бөлеміз.Атап  айтатын  болсақ  үрмелі  аспаптарға: сыбызғы , сазсырнай ,  мүйіз  сырнай , ұран ,үскіріктер  жатады.)

-Иә,  балалар  саз сырнай , мүйіз  сырнай  неден  жасалады  екен  кім  біледі? ( Саз  балшықтан  иленіп, отқа  күйдіріліп оны  оюлармен  әшекейлеп, дыбысты  тесіктерді  жауып  ашу  арқылы  шығарады. Ал  мүйіз  сырнай  атының  өзі  айтып  тұрғандай жануарлардың  мүйізін  тазалап , кептіріп,  оған  мүштік  қойып  ойналады.)

-Ұран  аспабын  халық  қандай  кезде  пайдаланған?(Оны бұрын  жауынгерлер  көп  пайдаланатын  болған ,яғни  жаудың  келе  жатқаны  туралы  хабар  беру  үшін)

- Жарайсыңдар  балалар , үй  тапсырмасын  барлығын  орындап  келіпсіңдер, жақсы  игеріпсіңдер.

-Ал  енді  біз  жаңа  сабағымызға  көшелік.

Енді  дәптерлерінді  , қаламсаптарынды  алып  бүгінгі  жаңа  сабағымыздың  тақырыбын  жазып  коялық..Оқулықпен  жұмыс  жасаймыз  ,оқулықты  ашатын  болсаңдар тақырып  бойынша  мәтін  тұр  сол  мәтінді  мұқият  қарап  шығайық.

Оқулықта  берілгендей   біздің  бүгінгі  жаңа  сабағымыздың  тақырыбы:  Қазақтың  халық  музыкасы.

Өнер – халық  тарихының  шежіресі. Өнерде  өмір ,  тіршілік   құбылыстары ,  адамның  күйініш -  сүйініші, қуанышы  мен қайғысы бейнеленеді.

Қазақ  халқының  басынан   өткен  қилы  замандар,  тіршілігі  мен  тағдыры ,салт – дәстүрі ,өмір сүрген ортасы мен әдет – ғұрыптары ұлттық өнері  арқылы  ұрпақтан - ұрпаққа жалғысып,тарих арнасына  айналды.Соның  ішінде  музыканың   алатын  орны  ерекше.

Қазақ  музыка  өнерінің  халықпен  бірге  жасасып ,  тарихи  әлеуметтік  өмірі  мен  толғаныс - тебіреністерін  үздіксіз  баян  етіп  келе  жатқан  саласы  ән  мен  күйі.

Халық  дүниеге  келген  сәби  қуанышынан  бастап,  азамат тіршілігіндегі  оқиғалары ,  алуан  түрлі  ойларды  ән - әуенмен  жеткізе  білген.

Сондай- ақ тіршіліктің бүкіл тауқыметін, ауыртпалығын   көтере  жүріп , бесік  тербеткен  аналар да  өздеріне  алдымен әнді  серік  еткен. Қыз  ұзату, үйлену тойлары,халықтық ойын – сауықтар   барлығы да  ән – күй  аясында өтеді.

Өлімге  қарсы   күресіп,  мәңгілік  өмірді көксеген   Қорқыт , ұлы  ғұлама   ғылым  әл – Фараби ,  бейбіт , тыныш  өмірді  аңсап , Желмаясын  желдіріп,  дүниені  кезген  Асанқайғы  бабалармыз  үміт- армандарын музыка тілімен жеткізді.Одан бергі Құрманғазы,  Тәттімбет,  Дәулеткерей,  Абыл, Біржан сал,  Ақан сері,  Мұхит,  Қазанғап,  Дина,  Сүгір  және  тағы  басқа  дарын  иелері   халқының  бастан  кешкен  тауқымет – тағдырларын  музыкамен суреттеп  өтті.

Сөйтіп , халқымыздың  музыкалық  рухани  қазына,  мол мұрасы  сан ғасырлар  бойы  басынан кешкен тұрмыс- тіршілігімен  жұптаса

жалғасып  келеді. Сендер, балалар, бүгінгі күннің ұрпақтары, сол ата-бабаларымыздан қалған  асыл мұраларды көкейге  тоқып , бойға сіңіріп өссеңдер,тарих  тағлымы  жалғаса  бермек.

Ой толғаныс

БББ  кестесі

Музыкалық   шығарма  тыңдау:

Қазақтың  ұлттық  музыкалық  аспаптары.

Дәулеткерейдің  күйі  « Көрұғлы»

Музыкалық  сауат  ашу:   (ережені  жаттап  ал)

Музыкалық  жүйе . Лад.

Кез  келген  әуенде  негізгі  дыбыс  болады.  Осы  дыбыстың  басқа  дыбыстармен  арақатынасы  музыкалық  жүйе  деп  аталады.

Негізгі  дыбыс  әр  тактідегі  әлді  үлеспен  басталып ,  музыкалық  ойдың  мағынасын  білдіріп  тұрса ,  ол  негізгі  тон  деп  аталады .

Негізгі  тон әуеннің басы  мен  аяғында  анық байқалады, ал негізгі  тонға  құрылған дыбыс  қатарын  лад  деп  атайды.

Дауыс  ашу  жаттығулары:

(Қазақ халқының  мақал- мәтелдерін әуенге  келтіріп  әндеті,  дыбыс  қатары  бойынша  жоғарылатып  әндету,және төмендету.)

Ө  - нер - ді   үй - рен ,    үй -  рен -де  жи - рен.

( до -  ре -  ми- фа – соль,   соль- фа- ми –ре – до )

Әндету:

Домбырасыз  сән  қайда.

Өлеңін  жазған .Х.Талғаров.     Әнін жазған. И.Нүсіпбаев.

1.         Елдің  жырын  жырлаған ,

Қайғысын  да  толғаған .

Домбырасыз  ешқашан

Жүрекке  ем  қонбаған.

Қайырмасы:

Домбырасыз  сән  қайда ,

Домбырасыз  ән  қайда .

Ән  мен  күй  бар  өмірде

От  та  лаулап  жанбай  ма?...

2.      Құрманғазы , Тәттімбет

Домбырамен  сайраған .

Жүрекке  от  жақсын  деп ,

Елге  күйін  арнаған .

Қайырмасы:

3.  Абай , Жамбыл , сал Біржан

Таңғалдырып  ән  салған .

Жүрегінді жандырған ,

Естіген  жан  тамсанған .

Қайырмасы:

Шығармашылық  жұмыс:

Сөз  жұмбақты дұрыс   шешкенде, «қобыз»  сөзі  шығады.

1.Сілкіп  ойналатын  аспап түрі.

2.Қазақтың  ұлттық  аспабы.

3.Жауынгерлер пайдаланатын  ұрмалы  аспап.

4.Қурайдан  жасалатын  аспап.

5.Тілшелі музыкалық  аспап.

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Тақырып бойынша мәліметтер жинақтау

         

 

 

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Музыка және табиғат

Мақсаты

Жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті дағды деңгейін анықтау. Музыкалық шығармалар негізінде қоршаған орта, табиғат туралы ой - пікірін анықтау. Балаларды әдемілікке, әсемдікке, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті:
1. Музыканың мазмұнын түсінуге, қорытынды жасауға бағыттау.
2. Музыкалық сауаттылықтарын арттыру.
3. Туған жердің, еліміздің кеңдігін, сұлу табиғатын, байтақ даласын, биік тауларын, мөлдір суларын бала жүрегімен сезіп, оны танып білуге, қадірлеуге, аялауға тәрбиелеу, баулу.

Көрнекілігі

Музыка оқулығы

Топқа бөлу

Кәмпиттердің дәміне қарай  топтарға  бөлу

 

 

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

 

Көктемде келер, Құстар да жетер ән салып. Көктер де шығар, Көгілдір нұрға тамсанып. Сулар да тасар, Кетпесе екен деп тіле, Мұхиттар көлге қарсы ағып.

Оқушылар өз ойларымен бөліседі

Мағынаны тану

Оқулықтағы  тапсырмаларды орындау

Дәптермен жұмыс.

Құрманғазы Сағырбайұлы – қазақтың күйші композиторы, аспаптық музыканың (күйдің) классигі. Құрманғазының бүкіл өмірі мен өнері әлеуметтік әділетсіздік пен қанаушылыққа, озбырлыққа қарсы күрес жолында өтті. Би - болыстар мен байлардың қудалауы, түрмеге қаматуы Құрманғазыны қажыта алмады. Домбырасын қару етіп, қиындықтарға қарсы күресті.
Музыка тыңдау: Құрманғазының «Сарыарқасы» тек күй формасының шегінде қалып қоймайтын шығарма. Ой жай ғана кең де жазық даланың суреті емес. «Сарыарқа» - еркіндік іздегені халықтың жан дүниесі, тұлғасы. Тыңдаған бетте көз алдыңа қазақтың сары даласы, шежіресі, тарихы, қазақ ұлтының өмірі, тіршілігі келеді.
Сұрақтарға жауап беру:
- «Сарыарқа» күйін бұрын естідің бе?
- Күйді тыңдағанда қандай әсер алдың?
Дауыс жаттығуы:
Дауыс жаттығуы кезінде дикция таза болу үшін, дауысты дыбыстарды созып айтуды, керісінше, дауыссыз дыбыстарды барынша қысқа орындауды талап ету керек.
Ән балалардың үйренуіне жеңіл, дауыс диапазонына лайық жазылған, әдемі күйлер тыңдағаннан кейін, әнді үйрену балаларға қиындық туғызбайды.
Ән үйрену: И. Нүсіпбаевтың «Кең дала» әні көңілді, сергек, шат сезіммен орындалады. Әннің мазмұны қарапайым сөздермен жазылған, балаға үйренуге, жаттауға жеңіл. Оқулықтағы сурет бойынша әңгіме ұйымдастырып, оқушыларға туған ауылын, оның әсем табиғатын, жасыл жайлауын еске түсіріп, оны әнмен жеткізуге ынталандырамыз. Әннің ырғағын оқулықта берілген сурет бойынша, аспаптарды ұрып ойнатып, іс - қимылмен сабаққа баули алсақ, ол екі арада байланыс дами түседі. Сондықтан сүйемелдеусіз, өзіне ыңғайлы дауыс мәнері мен қимылды өздері ойлап табады.
«Ойқозғау» сұрақ - жауап сайысы.
1. Ән саған ұнады ма?
2. Ән қалай орындалды?
3. Сен жазда ауылға ата - әжеңе қыдырып бардың ба?
4. Сенің көңіл күйің қалай болды?
5. Суретке қандай ат қояр едің?
Сергіту сәті:
Қозғалыссыз өмір жоқ.
Би сүймейтін бала жоқ.
«Сарыарқа» күйіне «Жорға» биі.
Шығармашылық жұмыс:
Музыка тыңдай отырып, табиғат бейнесін суреттеу.
Сабақ соңында көңілді музыка ойнатып қойып, өздерінің қалауы бойынша әртүрлі гүлдің суретін салғызамыз. Оқушылардың салған суреттері бағаланып, ойқозғау сұрақтары қойылады.

Ой толғаныс

Табиғат  туралы түсінікті қалыптастыру.

Музыкалық шығарманың мазмұны бойынша жұмыс.
- Суретке ненің бейнесін салдың?
- Табиғат бейнесін қандай бояулармен боядың?
- Сурет салуға музыка қалай әсер етті?
- Табиғат туралы музыка қандай болуы керек?
- Табиғат пен музыканы бөліп тастауға бола ма?

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Мазмұндау.

         

 

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Ақ бұлақ

Мақсаты

Сабақтың мақсаты: музыканың кәусар бұлақ тәрізді мөлдірлігі, адамның одан сусындап, нәр алып, қуанышқа бөленетіні туралы ұғым беру, ән дыбыстарының таза бұлақ суындай шынайы орындалуына назар аудару.
Сабақтың міндеті:
1) білімділік: ән мазмұнына сәйкес дыбысты шынайы мәнерлеп орындайды меңгерту;
2) дамытушылық: ән мен сөздің мағынасын байланыстыра айтуға дағдыландыру;
3) тәрбиелік: оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, туған жер табиғатын қадірлеп, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: дауыс ашу, ән айту, музыка тыңдау, әңгімелеу, сұрақ – жауап, т. б.
Көрнекілігі: Б. Тәжібаевтің суреті, слайд, сөзжұмбақ, табиғат суреттері.

Көрнекілігі

Музыка оқулығы

Топқа бөлу

Кәмпиттердің дәміне қарай  топтарға  бөлу

 

 

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Психологиялық тренинг (екпіндете, мақалдап айту)
Өлең айтып, күй тыңдап,
Өнермен өссін санамыз,
Оқу оқып, сусындап,
Білімнен бақыт табамыз.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

«Ақ бұлақ»
Ой ашу «Бұлақ» сөзжұмбағын шешу.
1. Суда тіршілік етеді (Балық)
2. Құстың тұрағы(ұя)
3. Ешкінің төлі(Алатау)
4. Таудың аты(Алатау)
5. Түс(Қара)
Үнтаспадан судың сылдырын тыңдату;
- Бұл ненің дыбысы, қалай естіледі?
(сылдырлап аққаны) – су
«Бұлақ» туралы түсінік беру, суреті (слайд)
Осындай әдемі көрініс жерлес ақын, сазгер атамыз.
Бәкір Тәжібаевтың «Ақ бұлақ» әнінде көрініс тапқан.
Бәкір Тәжібаев өмірбаяны туралы таныстыру (слайдпен)
Бәкір Төлеуұлы Тәжібаев (15. 5. 1926, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ақбұлақ аулылы - 8. 11. 1994, Алматы) - ақын, драматург, әнші. сазгер. Алматы көркемсурет - театр училищесін бітірген (1950). 1950 - 1958 жылы Жамбыл, Шымкент облысы драма театрларында актер. 1958 - 1974 жылы Қазақ опера және балет театрында бөлім меңгерушісі. Алматы обысы халық шығармашылығы үйінің директоры. Қазақ театр қоғамында кеңесші - әдіскер болды. 1974 жылдан шығармашылық жұмыста. Алғашқы шығармалары 1956 жылы жарияланған. "Қара торғай" тұңғыш жинағына (1967) новеллалары енген. "Сал сері - Қыз қосан" (1956), "Ана жүрегі (1960), "Қарагөз қарындасым" (Ж. Жұмақановпен бірге, 1962), "Ақтау әні" (1970) пьесалары республикалық, облыстық театрлар сахналарында қойылды. Бәкір Төлеуұлы Тәжібаев -"Қамар сұлу" операсы (Музыкасы Е. Рахмадиевтікі, 1963) либреттосының, 150 - дей әннің авторы. Бірқатар әндері ("Жас дәурен", "Ақбұлақ", "Әппағым - ау, әппағым", "Гүлсің - ау", т. б.) Қытай, Монғолия, Түркия, Ауғанстан, Иран, т. б. елдерде тұратын қазақтар арасында кең тараған. Бәкір Төлеуұлы Тәжібаевтың орындауында көптеген өз әндері күйтабаққа жазылды.

Өлең жолдарында «Ақ бұлақ» көзінің қайталанып орындары табиғат пен әуен арасындағы үндестікті сабақтастырады.
IV. Ән үйрену
«Ақ бұлақ» (сөзі мен әнін жазған Б. Тәжібаев) әнін үйрену.
1. дауысқа жаттығу
2. әннің музыкалық сипатына көңіл бөлу
3. ән мазмұнын ашу
4. Әнді әуенге қосылып айтып үйрену
5. әннің интонациялық ерекшеліктерін ескеру
V. Музыка тыңдау
Шулы, музыкалық дыбыстардан иллюстрация тыңдау.
Құрманғазының күйі «Алатау»
(табиғат көріністерін еске түсіру)
«Туған жер» әні (Б. Тәжібаевтікі) – өздері орындайды;
Сергіту сәті «Жұмбақ шешу»
Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоққта жер құрғайды.

Туған жердің белбеуі,
Шұбатылып қалыпты.
Керемет – ау кернеуі,
Тасты тесіп жарыпты.

Сынаптай жылтырап,
Биіктен сырғиды,
Ән салып былдырлап,
Іздейді ылдиды.
VI. Домбыра ойнау
«Еркем - ай» әнін ырғаққа салып үйрену.
VII. Сабақты қорытындылау
«Сулы жер – нулы жер» мақалының мағынасын ашу;
Бұлақ суы қандай болады?

Бұлақ суы (сызбаны толтыру)

Мағынаны тану

Ой толғаныс

«Ақ бұлақ»
Ой ашу «Бұлақ» сөзжұмбағын шешу.
1. Суда тіршілік етеді (Балық)
2. Құстың тұрағы(ұя)
3. Ешкінің төлі(Алатау)
4. Таудың аты(Алатау)
5. Түс(Қара)
Үнтаспадан судың сылдырын тыңдату;
- Бұл ненің дыбысы, қалай естіледі?
(сылдырлап аққаны) – су
«Бұлақ» туралы түсінік беру, суреті (слайд)
Осындай әдемі көрініс жерлес ақын, сазгер атамыз.
Бәкір Тәжібаевтың «Ақ бұлақ» әнінде көрініс тапқан.
Бәкір Тәжібаев өмірбаяны туралы таныстыру (слайдпен)
Бәкір Төлеуұлы Тәжібаев (15. 5. 1926, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ақбұлақ аулылы - 8. 11. 1994, Алматы) - ақын, драматург, әнші. сазгер. Алматы көркемсурет - театр училищесін бітірген (1950). 1950 - 1958 жылы Жамбыл, Шымкент облысы драма театрларында актер. 1958 - 1974 жылы Қазақ опера және балет театрында бөлім меңгерушісі. Алматы обысы халық шығармашылығы үйінің директоры. Қазақ театр қоғамында кеңесші - әдіскер болды. 1974 жылдан шығармашылық жұмыста. Алғашқы шығармалары 1956 жылы жарияланған. "Қара торғай" тұңғыш жинағына (1967) новеллалары енген. "Сал сері - Қыз қосан" (1956), "Ана жүрегі (1960), "Қарагөз қарындасым" (Ж. Жұмақановпен бірге, 1962), "Ақтау әні" (1970) пьесалары республикалық, облыстық театрлар сахналарында қойылды. Бәкір Төлеуұлы Тәжібаев -"Қамар сұлу" операсы (Музыкасы Е. Рахмадиевтікі, 1963) либреттосының, 150 - дей әннің авторы. Бірқатар әндері ("Жас дәурен", "Ақбұлақ", "Әппағым - ау, әппағым", "Гүлсің - ау", т. б.) Қытай, Монғолия, Түркия, Ауғанстан, Иран, т. б. елдерде тұратын қазақтар арасында кең тараған. Бәкір Төлеуұлы Тәжібаевтың орындауында көптеген өз әндері күйтабаққа жазылды.
Өлең жолдарында «Ақ бұлақ» көзінің қайталанып орындары табиғат пен әуен арасындағы үндестікті сабақтастырады.
Ән үйрену
«Ақ бұлақ» (сөзі мен әнін жазған Б. Тәжібаев) әнін үйрену.
1. дауысқа жаттығу
2. әннің музыкалық сипатына көңіл бөлу
3. ән мазмұнын ашу
4. Әнді әуенге қосылып айтып үйрену
5. әннің интонациялық ерекшеліктерін ескеру
V. Музыка тыңдау
Шулы, музыкалық дыбыстардан иллюстрация тыңдау.
Құрманғазының күйі «Алатау»
(табиғат көріністерін еске түсіру)
«Туған жер» әні (Б. Тәжібаевтікі) – өздері орындайды;
Сергіту сәті «Жұмбақ шешу»
Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоққта жер құрғайды.
Туған жердің белбеуі,
Шұбатылып қалыпты.
Керемет – ау кернеуі,
Тасты тесіп жарыпты.
Сынаптай жылтырап,
Биіктен сырғиды,
Ән салып былдырлап,
Іздейді ылдиды.
Домбыра ойнау
«Еркем - ай» әнін ырғаққа салып үйрену.
VII. Сабақты қорытындылау
«Сулы жер – нулы жер» мақалының мағынасын ашу;
Бұлақ суы қандай болады?
Бұлақ суы (сызбаны толтыру)

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

«Ақ бұлақ» әнінің сөзін жаттау
«Ақ бұлақ» сөзіне сөзжұмбақ не ребус құрастыру.

         

 

 

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Музыканың бастауы-халық әуендері

Мақсаты

Білімділік мәні: көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер А Жұбановпен танысу.
Тәрбиелік мәні: бабадан - бабаға, атадан - балаға саф алтындай сақталып келген бай мұраны түсініп бағалауға, көне көзінің бағамын білуге үйрету.
Дамытушылық мәні: ойын, қиялын, сөйлеу, есту, еске сақта, ән айту қабілеттерін дамыту.
Қолданылған көрнекіліктер: музыкалық аспап - баян, көркем сурет - "музыка тамыры", композиторлардың портреттері, А Жұбановтың еңбектері, интерактивті тақта.

Көрнекілігі

Музыка оқулығы

Топқа бөлу

Кәмпиттердің дәміне қарай  топтарға  бөлу

 

 

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Музыка - жүрек тілі, ол - сезімдер мен көңіл - күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы,
А. Н. Серов
Музыка, тамшы сияқты там-тұмдап жүрекке енеді, жанды желпіндіреді.
Р. Роллан
Музыка мен ақындық сөз бір - бірімен жымдаса отырып, жүрекке жылы, ұнамды бірлік жасайды.
В. Асафъев.
Музыканы сезіну барда, түсіну бар. Оданда жақсы түсіну үшін музыкалық сауаттылық қажет - ақ. Ендеше берілген тапсырмаларды тауып музыкадағы негізгі жеті дыбысты орын - орындарына орналастырайық.
Екі орындаушы - дуэт.
Төрт орындаушы - квартет.
Ең үлкен музыкалық аспап - орган. Немесе аспаптардың патшасы.
- Біз бұданда басқа аспаптармен таныстық, қане аспаптардың дыбысталуымен дауысымызға жаттығу жасайық; та - та - та, бум - бум - бум, дың - дығы - дың. Жақсы келесі тапсырмаға назар аударайық.
Бір орындаушы - соло.
Вокалды музыканы орындаушы әншілер тобын кім дейміз?- Хор. Қане онда хормен ән шырқайық."Көктем әні","Біздің оркестр"
Түрлі концерт өтетін орын - концерт залы.
Оркестрді, хор ұжымын басқаратын адамды кім дейміз?- Дирижер. Ортадағы дирижер - композитор Н. Тілендиев атамыздың "Алатау"әнін шырқайық.
Келесі до нотасына тапсырма, жұмбақ;
Бірде былдыр - былдыр
Сәбилердің үніндей
Бірде сыңғыр - сыңғыр
Қоңыраудың үніндей
Ән сап жатқан ерінбей
Бұл не?
Бұлақ. 
Тамаша до, ре, ми, фа, соль, ля, си, до - бір октава ноталары орындарын тапты. Олай болса үйге берген шығармашылық тапсырманы қалай орындадыңдар екен?
Иә, табиғат қандай? - Сұлу, көркем, әдемі,.... Сұлулығына тамсанған жұртшылық әнге қосады т. т. Күнделікті өмірде табиғатпен біте қайнасып келеміз. Мысал келтіре отырып,"музыка тамырына"тоқталамын. Өткен ғасырда нота сауаты жоқ кезде дүниеге келген ән - жырлар өмірмен біте қайнап, ауыздан - ауызға, қолдан - қолға көшіп бізге жеткен. Сол кезде де көңіл - күйлерін, қоғамға деген көзқарастарын сиқырлы музыка үнімен жеткізіп отырған. Бірақ уақыт өте авторлары ұмыт болған. Оларды халық музыкасы деген. Олай болса халық әні"Қызыл құмды ауылым"- оқушының орындауында баян аспабында тыңдалады. Халық әні"Әлди - әлди"- тыңдалады,
- Үлкен қошемет!
"Бір бала"- тыңдалады, мағнасын ашамын және үйренеміз.
Өнердің ең жоғарғы түрі, ең саңлағы, ең сәулеттісі де - халықтың өнері, жүздеген жылдар өтсе де мұқалмай, сыны қашпай, саф күйінде сақталып келе жатқан халықтың ең асыл мүлкін ең алғаш нотаға енгізген, біздің өнер қырандарымызды жинақтаған көрнекті ғалым, әйгілі композитор, біздің жерлесіміз дирижер Ахмет Жұбанов. Арнайы бұрыштағы еңбегі мен слайдты жүргіземін.

Мағынаны тану

Ой толғаныс

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Музыканың бастауы - халық әуендері,"Бір бала"- әні.
Бағалау; өнерлі - өрге жүзер.
Сабақты А. Жұбановтың "Тәжік биі"мен қорытындылау.

         

 

 

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Атамекен-кең далам

Мақсаты

Жаңа білімді түсіндіру.

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ, әңгімелеу, талдау, әндету.
Көрнекілігі: Видио, аудио, магнитафон таспалары, әннің тексті, суреттемелер, карточкалар.

Көрнекілігі

Музыка оқулығы

Топқа бөлу

Кәмпиттердің дәміне қарай  топтарға  бөлу

 

 

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

. "Атамекен" - қазақ жүрегінің жырына айналған ән.

Қазақ әуендерінің арасында туған жерге, Отанға арналған әндер аз емес. Алайда, рухты оятып, жігер-күш беретін нағыз патриоттық әндерсанаулы-ақ. Соның бірі - әнші-сазгер, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекен» әні. Бұл ән қазақ халқының ерекше сүйіспеншілігіне бөленген. Ән басталған сәтте-ақ, барлық қазақ жатқа айтып, қосыла жөнелетін бірегей әндердің бірі.

Бар қазақ баласының аузында жүрген «Атамекен» әні 1970 жылы дүниеге келген. Ескендір Хасанғалиев шетелдерде гастрольдік сапарлармен жүрген кезде, елді сағынып, туған өлке, атамекен туралы ән жазуды қолға алады. Ұзақ толғаныстардан кейін, ән әуені жазылады. Әуен дайын болған соң, Ескендір Хасанғалиев әннің сөздерін жазуды ақын Қадыр Мырза Әліге тапсырады. Дайын болған ән Республика сарайында өткен кезекті үлкен концертте орындалады.


Ән бірден халық сүйіспеншілігіне бөленді. Қазақ жерінде емес, шетелдерде де танылды. 1970 жылы Ескендір Хасанғалиев Қазақстанның өнер делегациясымен бірге Швеция еліне барады. Стокгольм қаласында өткен концертте «Атамекен» әнін шырқаған Ескендір Хасанғалиевке жергілікті халық үлкен қошемет көрсетеді. Концерт аяқталған бойда, әншіге қандас бауырлар келіп, «Атамекен» әні туралы шынайы лебіздерін білдіріп, көздеріне жас алған екен.

Қырық жылдан астам уақыт бұрын жазылған мағыналы ән бұл күнде өз рухын жоғалтқан жоқ. Ән кез келген қазақ концертінде шырқалады. Бірде-бір мемлекеттік деңгейдегі мерекелік салтанатты жиын «Атамекен» әнінсіз өтпейді. «Атамекен» - қазақ жүрегінің жырына айналған ән.

Мағынаны тану

Ой толғаныс

Атамекен

Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев

Сөзін жазған: Қадыр Мырза Әлі

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.

Қайырмасы:
Қайда жүрсем атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны
Ұясына батады екен.

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем.

Қайырмасы: 

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауын аспаныммен астасқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем.

Қайырмасы:

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Тақырып бойынша мәліметтер жинақтау

         

 

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Қазақстан-өз елім

Мақсаты

Туған жер туралы түсінік.

Көрнекілігі

Музыка оқулығы

Топқа бөлу

Кәмпиттердің дәміне қарай  топтарға  бөлу

 

 

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

 

«Ыстық орындық» Далада әнін жатқа орындату.

Оқушылар өз ойларымен бөліседі

Мағынаны тану

Қазақстан – менің Отаным

Өз Отаныңын, өз еліңнің патриоты болғанға не жетсін! Сайын дала — атажұрт бабаларымыздың көздің қарашығындай сақтап, найзаның ұшы, білектің күшімен қорғағанының арқасында бізге жетіп отыр. Ендеше осындай алып Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ.

Қазақстан жерін ежелден қоныстанып келе жатқан ел — қазақ халқы. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз, қолбасшы батырларымыз кең-байтақ жерімізді сырттан төнген кәуіптен қорғап келді. Қазақ халқы — ержүрек, достыққа адал, бауырмал, қонақжай халық.

1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы азаттық жолындағы екі жарым ғасыр бойғы үздіксіз күрестен кейін мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді.

1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық елдің тұңғыш Президентін сайлау өткізілді, сайлау нәтижесінде мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1992 жыл 4 маусым — Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Туы, елтаңбасы және Гимні қабылданды.

1992 жыл наурыз — Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.

1993 жыл 28 қаңтар — Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды.

1994 жыл 6 шілде — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кезекті жалпы отырысында Президенттің астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысы мақұлданды.

1995 жыл 29 сәуір — Республикалық реферундумда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттік мерзімі 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылды.

1995 жыл 30 тамыз — Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды.

1997 жыл 10 қазан — Президенттің жарлығымен мемлекеттің астанасы болып Ақмола жарияланды.

1997 жыл 11 қазан — Президент Н. Ә. Назарбаев республика халқына «Қазақстан — 2030» Жолдауын қабылдады.

1999 жыл 10 қаңтар — Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Президенті болып қайтадан сайланды.

2005 жыл 4 желтоқсан — Қазақстан Республикасының президенті сайлауында Н. Ә. Назарбаев Президент болып сайланды.

2007 жыл 4 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылданды.

Елде бейбітшілік пен келісімге, тұрақтылық пен дамуға қол жеткізілді. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясы белгіленіп жүзеге асырылды.

Тәуелсіздік — ғасырлар бойы аңсаған арманын жүзеге асырып, Ұлы Евразияның төсінде егемен, тәуелсіздік мемлекетін Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзенті сезінбейінше, болашағына сенбейінше, біздің жұмысымыз ілгері баспайды.

Қазақстан Республикасы — Евразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі — 2724,4 мың шаршы км. Халқы — 16,1968 млн. Адам (2009 жылғы санақ бойынша). Ұлттық құрамы жағынан: қазақтар — 53,4%, орыстар — 30,0%, украиндар — 3,7%, немістер — 2,4%, ұйғырлар — 1,4%, корейлер (кәрістер) — 0,7%, өзге ұлттар — 5,9%.

Мемлекеттік тіл — қазақ тілі. Қазақстан Республикасы — демократиялық және біртұтас мемлекет болып табылады. Ел тұрғындары негізінен ислам және христиан дінін ұстанады. Басты қаламыз — Астана. Мемлекет басшысы — Президент. Заң шығарушы жоғарғы өкілді органы — Сенат (39 депутат) пен Мәжілістен (77депутат) тұратын Парламент. Атқарушы билік органы — Үкімет. Ақша бірлігі — теңге.

Парламент — заң шығару міндеттерін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілеттік орган болып табылады.

Үкімет дегеніміз — мемлекеттік атқару билігінің ең жоғарғы органы. Үкіметке министрліктер, агенттіктер, комитеттер, облыстық, аудандық және қалалық әкімшіліктер бағынады. Үкіметті ең басты министр — Премьер -Министр басқарады. Оны бұл лауазымға Парламенттің мақұлдауымен ел Президенті тағайындайды.

Ұлттық ақша — теңге. Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы пайдалануға 1993 жылдың қарашасында енгізілді. Ақша белгілерін — теңге мен тиындардың түрлерін Қазақстанның ең таңдаулы суретшілерін қатыстыра отырып, Ұлттық банк жасаған болатын.

Мемлекеттік наградалар болып танылатын мынадай ордендер мен медальдар бар.

Жоғарғы деңгейдегі айырым белгілері «Алтын қыран» ордені, «Халық қаһарманы» атағы.

«Отан», «Даңқ», «Айбын», «Парасат», «Достық», «Құрмет» ордендері.

Ерлігі үшін, Жауынгерлік ерлігі үшін, Ерен еңбегі үшін, Шапағат медальдары бар.

Қазақстанда 14 облыс, 87 қала (оның екеуі республикалық дәрежеде), 159 аудан, 195 аудандық деңгейдегі елді мекен, 2150 ауылдық әкімшілік округ бар. Республика аумағы батыста Еділдің төменгі ағысынан шағыста Алтайға, 3000 км-ге дейін, солтүстікте Батыс-Сібір жазығынан оңтүстікте Тянь-Шань таулы жоталарына 1600 км-ге созылып жатыр.

Қазақстан сияқты жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол. Оның ішінде хромның әлемдік қорының жартысынан астамы Қазақстан аумағында болса, одан өзге де қорғасын, мырыш, мыс, алтын мен күмістің бай қоры бар. Вольфрам қоры бойынша екінші, марганец қоры бойынша үшінші, қорғасын мен молибден қоры бойынша төртінші, темір кентасының қоры бойынша сегізінші орын алады.

Топтарға тапсырма

1-топ

Ән айту

2-топ

Музыка тыңдау

3-топ

Домбыра ойнату

Ой толғаныс

«Туған жер» суретін салу

БББ кестесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Тақырып бойынша мәліметтер жинақтау

         

 

 

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Туған жер-алтын бесік

Мақсаты

Кіндік қаны тамған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

Көрнекілігі

Музыка оқулығы

Топқа бөлу

Кәмпиттердің дәміне қарай  топтарға  бөлу

 

 

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

«Менің Отаным» әнін жатқа айту.

 

Мағынаны тану

«Біз туған ел баласы» әнін жаттау.

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

 

Ой толғаныс

Біз – туған ел баласы

Сөзін жазған Қ.Ыдырысов

Әнін жазған К. Қуатбаев

Асыр салған таласып,                        

Біз – туған ел баласы.                         

Қандай байтақ Отаным,                     

Жан-жағыңа қарашы.                         

 

Отаным кең көсілген,

Төсінде ырыс өсірген.

Қаптаған мал, алып дән,

Бәрі менің несібем.

 

Бәрін көріп келеміз,

Болашаққа сенеміз.

Жақсы оқумен, еңбекпен,

Біздер жауап береміз

 

МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕР

 

Кісіні кейде таршылық сынайды,         

Талабы жоқ жас –                     

Адам ұйымшыл

Кейде баршылық сынайды.                   

Қанаты жоқ құс.                        

Мал үйіршіл.

Адам жүрген жермен адам жүреді,      

Жұмсақ ағаш құртқа жем,        

Еңбек – адамның көркі,                         

Біреу білмегенді  біреу біледі.              

Жұмсақ адам жұртқа жем.       

Адам заманның көркі.                           

Бағалау

Бағалау парақшаларымен жұмыс

Үйге тапсырма

Тақырып бойынша мәліметтер жинақтау

         

 

 

Музыка

Мұғалім

Уақыты:

Кабинет

Сабақтың атауы

Қорытынды сабақ (концерт-сабақ)

Мақсаты

Оқушылардың жыл бойы оқып-білген тақырыптарын бақылау.

Көрнекілігі

Музыка оқулығы

Топқа бөлу

Кәмпиттердің дәміне қарай  топтарға  бөлу

 

 

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Шығармашылыққа тапсырма

1-топ

Концертке шақыру қағазын жасау.

2-топ

Кабинетті әзірлеу

3-топ

Концертті ұйымдастыру.

Мағынаны тану

Жұмбақ.

Ұзын мойын екі шек,

Қатар-қатар тепкішек.

Басып қалсаң  бір-бірлеп,

Күй шағады күмбірлеп.  (Домбыра)

Дидактикалық ойын: «Аспапты тану» 

Мақал-мәтелдің жалғасын табу, мағынасын айту.

Ой толғаныс

Оқушылардың өнерлерін тамашалау.

 

Бағалау

Көзге түскен оқушыларды марапаттау.

Үйге тапсырма

Тақырып бойынша мәліметтер жинақтау

0 пікірлер

Пікір қалдыру

Есім:*
E-Mail:
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кодты еңгізіңіз: *
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив